Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Ііі тарау. Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алудың шараларын өткізу үшін жұмыс орнын ұйымдастыру

Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алу әр түрлі жағдайларды талап ететін әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Популяциялық алдын-алу медициналық мекеме қабырғасынан тыс әкімшілік-техникалық деңгейде ұйымдастырылады. Топтық алдын-алудың шаралары (мысалы, ауыз қуысы гигиенасының сабағы) қарапайым мектеп ғимараттарында, клубтарда және тіпті ашық алаңдарда жүргізуге болады. Бірқатар арнайы процедуралар (соның ішінде инвазивті) кіретін жеке кеңестік алдын-алу медициналық мекемелерде жүзеге асырылады. Минимальды физикалық күш кезінде максимальды өнімділікпен және бұл кезде қабылдаудың барлық қатысушыларына толық техникалық, химиялық және инфекциялық қауіпсіздігі кепілімен қызметкердің жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмысшы орынды рациональды ұйымдастыру принциптерін қолдану қажет, олар өз кезегінде қатаң санитарлы нормативтерге сәйкес келеді.

Стоматологиялық кабинетті ұйымдастыруға санитарлы талаптар

Стоматологиялық емханаларды персоналға және тұрғындарға максимум ыңғайлылықтар жасайтын бөлек типтік ғимараттарға орналастырған жөн. Емхананы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың 1-2 қабаттарында орналастыру рұқсат етіледі; стоматологиялық кабинеттерді үй астындағы жай төледе орналастыру тыйым салынған. Негізгі ғимарат – бір стоматологиялық креслада жұмыс үшін қажет 14 м2 минимальды ауданы бар емдік-алдын-алу кабинеті. Әрбір қосымша кресланы орналастыру үшін кабинеттің ауданын 7 м2-қа; әмбебап қондырғысы бар кресла үшін – 10 м2-қа үлкейту қажет. Кабинеттің биіктігі 3,3 м-ден кем емес, тереңдігі – 6 м-ден аспауы қажет. Кабинеттерде стоматологиялық креслалар 1 немесе 2 қатарға жарығы бар қабырғаға параллельді орналастырылады. Бір қатарлы орналастыру жақсырақ, өйткені екінші қатарда жарықтану 3-4 есе төмендейді, бұл жасанды жарықты үнемі пайдалануды талап етеді және тері мен кілегей қабықтың түстерін ажыратуды қиындатады. Егер клиникада 4 немесе одан жоғары креслалар болса, материалдар мен құралдарды залалсыздандыру үшін ауданы 8 м2 бөлек бөлме талап етіледі. Қабылдауды күтуге арналған ғимарат бір келушіге 1,2 м2 есебінен жоспарланады.

Стоматолог-дәрігердің, әсіресе терапевттің жұмысы тексерудің, науқасты емдеудің барлық сатыларында көрудің тұрақты, айтарлықтай ынтасын талап етеді. Көру жұмысының қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету үшін стоматологиялық кабинеттерде жарық қарқындылығы бойынша жеткілікті, біркелкі болуы талап етіледі. Жарықтың спектрлі құрамының ерекше маңызы бар, ол тері жамылғылары мен тістердің түстерін өзгертпей түстерді ажырату мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Стоматологиялық бөлімнің барлық ғимараттарында табиғи жарық болуы қажет. Жұмыс орнында жарықтың айтарлықтай өзгерістерін жасайтын тіке күн сәулесінің жағымсыз әсерін алдын-алу үшін және терезелердің қызып кетуін болдыртпау үшін солтүстік, солтүстік-шығыс немесе солтүстік-батысқа бағдарлану ұсынылады. Кабинеттерде жарық коэффициенті 1:4-1:5 құрайды; жарықтану коэффициенті – 1,5%–дан кем емес. Барлық стоматологиялық кабинеттерде жалпы жасанды жарық жұмысшы беткейлерде люминесцентті лампалар кезінде 500 лк, қызу лампалар кезінде - 200 лк-ға тең жеткілікті жарықты қамтамасыз етуі қажет. Бұған қосымша әрбір стоматологиялық креслада жергілікті жарық светильниктері орналасады. Олардан жарық ағымы жіңішке, концентрирленген, ауыз қуысына бағытталған, жұмыс үшін 3000-4000 лк жарықтану қажет.

Температура және ауаның ылғал дәрежесі белгіленген нормадан аспауы қажет: 200С және 40-60%. Стоматологиялық кабинеттерде ауаның гигиеналық жағдайын ұстап тұру үшін орталықтандырылған келу-сору желдеткіші болуы қажет (ауа алмасу – келуі бойынша 1 сағатта 2 рет, сору бойынша 3 рет). Кабинетте жасанды желдеткіштің болуына қарамастан форточкалар немесе фрамугалар болуы қажет, оларды жұмыс күні аралығында жүйелі түрде ашу қажет. Ауаның сауықтыруын бактерицидті лампалар көмегімен жүзеге асырған жөн.

Кабинетте жұмысты ұйымдастыру

Кеңселік алдын-алу барысында бірнеше ұйымдастырушылық сатыларды ажыратады, олардың әрқайсысы жұмыстың сәйкес жағдайларын талап етеді:

  • науқаспен алдын-ала әңгімелесу;

  • стоматологиялық тексеру;

  • алдын-алу процедураларын өткізу;

  • науқасты үйдегі процедураларды өткізу әдістемесіне үйрету.

Науқаспен әңгімелесу стоматологиялық кресладан алыс басталуы мүмкін. Науқас пен дәрігер (гигиенист, медбике) әңгімелескенде бір-бірінің «жеке кеңістіктеріне» физикалық жақындамағаны дұрыс. Ол үшін созылған қол арақашықтығында науқастан алыстау қажет. Тәжірибелік әңгімелесу зонасы столмен бөлінген екі ұқсас орындық немесе кресламен көрсетілуі мүмкін.

Жұмысшы зонаның минимальды және оптимальды жабдықталуы

Науқасты стоматологиялық клиникалық тексеру және кеңселік алдын-алу процедуралары арнайы жабдықталған жұмысшы зонада жүргізіледі. Алдын-алу көмегі стоматологиялық қызметтің тұрғындарға ең қолайлы, бірінші бөлімі ретінде қарастырылады. Стоматологиялық көмек бүгінде су- және электрожабдықталуының, канализацияның сәйкес деңгейін талап ететін қымбат бағалы жабдыққа негізделетіні белгілі. ДДҰ стоматологиялық шаралардың біріншілік алдын-алуының тұрғындарға максимальды жақындауын талап етеді, бұл көп жағдайда техникалық жабдықталудың рациональды шектелуі жағдайында ғана жүзеге асады. Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды (далалық жағдайда) және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы ұсынылған (табл.3.1).

Эргономиканың талаптары

Жұмыс орнында дәрігер мен ассистенттің эргономикалық рациональды ережесі манипуляциялар кезінде қимылдың максимальды дәлдігін қамтамасыз етеді және минимальды күштенуді талап етеді. Тепе-теңдікті ұстап тұру өзінің дене салмағын бірнеше тірек нүктелеріне: жамбас пен табанға тарата отырып дәрігер отырғанда оңай. Сандары еденге параллельді (оны орындықтың биіктігін ыңғайға келтіріп қамтамасыз ету қажет), сирақ – санға перпендикулярлы болуы қажет. Табан бүкіл ауданымен еденде болуы қажет, сондықтандәрігердің аяқ-кимі төмен тақада болуы керек. Дәрігердің кеудесі науқасқа сәл еңгейген болуы мүмкін, орындықтың арқасына сүйенуге тек демалыс уақытында болады.

Жұмысшы алаң (науқастың басы, оның ауыз қуысы) дәрігердің оптимальды көру зонасында болуы қажет, яғни саусақ терісінің капиллярлы суреті жақсы ажыратылатын дәрігер көзінен арақашықтықта 30-35 см. Басқаша айтқанда, науқастың басы дәрігердің жүрегі деңгейінде орналасуы қажет. Дәрігердің қолы аз шаршап, ал саусақтары максимальды бос болуы үшін иықтары төмен түскен, ал шынтақтары кеудеге жақын және шынтақшаға сүйенбеген, білек пен қол ұшы бір жазықтықта («тіке білек»), ал саусақтары құралдарды толық тыныштық жағдайын қайталай отыра «ұйқыдағы қол ұшына» сәйкес өзара орналасуында ұстайды.

Таблица 3.1