Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау

Балалардың денсаулық топтары

Критерийлері

Онтогенез

Физикалық дамуы

Нервті-психикалық дамуы

Резистенттілік

Функциональды жағдайы

Созылмалы аурулары және ақаулары

І топ. Сау

Қолайлы

Ауытқулары жоқ

І, ІІ топ

Жоғары, орташа

Қалыпты

Жоқ

ІІ топ. Шартты сау

ІІа

Ауытқулары бар

Ауытқулары жоқ

І, ІІ топ

Жоғары, орташа

Қалыпты

Жоқ

ІІб

Ауытқулары бар

Ауытқулары бар

І, ІІ, ІІІ топ

Төмендеген

Бұзылған

Жоқ

ІІІ топ. Ауру (компенсирленген)

Ауытқулары бар

Ауытқулары бар

І, ІІ, ІІІ топ

Төмендеген

Бұзылған

Жоқ

ІV топ. Ауру (декомпенсирленген)

Ауытқулары бар

Ауытқулары бар

I, II, III, IV топ

Төмендеген

Бұзылған

Бар

Науқастың соматикалық денсаулығына әсер ету мүмкіндіктері санитарлы ағарту жұмыстармен шектеледі. Жүкті әйелдермен, ата-аналармен және балалармен қабылдауда да, арнайы кездесулер кезінде де стоматолог әңгіме құрып, науқастың денсаулығы жағынан жүріс тұрысты дұрыс бағалап, науқастың адекватты жасына және науқастың жағдайына сәйкес сауатты ұсынымдар беруі керек. Басты назарды жоғарыда аталған қауіп факторларына аудару керек, осымен байланысты босануды, акушер-гинекологтың тіркеуіне уақытында тұруды, ұсынымдардың қатаң түрде орындалуын, педиатрмен баланы тұрақты бақылауын, баланы қоректендірудің ережелерін қадағалауын, оның денсаулығын нығйтуды, салауатты өмір салтын ұстануды жоспарлауға ұсыным берілуі тиіс.

Өмір анамнезі жағынан, науқастың соматикалық денсаулығына қатысты науқастың стоматологиялық алдын-алу көмегін жоспарлау кезінде қарастыру қажет: анамнез қаншалықты қолайсыз болса, көмек соншалықты қарқынды болуы керек.

5.4.2. Тістер жегісінің жүйелі алдын алу әдістерімен жегіге резистенттілікті қалыптастыру және ұстану жағдайларын оптимизациялау мүмкіндіктері.

Кальций препараттарын жүйелі алдын алуды қодану

Кальций, негізгі массасы фосфаттар ретінде минерализданған тіндерде жиналатын маңызды элементтернінің бірі болып табылады (апатиттер, фосфориттер). Бірақ та қандағы кальцийдің қалыпты деңгейін ұстану бірінші кезекте өмірге маңызды болып келеді, өйткені бұл гемостазды қамтамасыз ету үшін, бұлшықеттік жиырылуларға нерв импульстарын өткізу үшін, клеткалық мембараналардың тұрақтылығы үшін және т.б. қажетті. Сондықтан элементтің жетіспеушілігі кезінде ағза тістердің пайдасына тигізбей, бар кальцийді қайта реттейді.

Резистенттілігі төмен болатын эмаль қалыптасатын жағдайларда ағзада кальцийдің қажеттілігі және оның тіндер мен ағзаларға түсу арасындағы сәйкессіздіктің салдарынан туындайды. Тамақ өнімдерімен бірге ағзаға кальцийдің түсу қажеттілігінің орташа деңгейі Са 1500 мг, D витаминінің түсуі жүретін тәулігіне 400 МЕ/тәул. құрайды. Кальцийдің көзіне сүтті тағамдар жатады (табл. 5.17), сондықтан рационның ерекшеліктерімен байланысты бұл элементтің тәуліктік түсуі 0,2 г-нан 15 г-ға дейін ауытқуы мүмкін.

Таблица 5.17