Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

5.4.4. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері

Эмальдың кариесогенді әсерлерге қарсы тұру қабілеттілігі зерттеушінің де, сонымен қатар клиницисттің де мұқыия назарының объектісі болып табылады. Тіс жегісін біріншілік алдын-алуының өрлеуі үшін келесі сұрақтарға жауаптар алу қажет:

  • Эмальдың қандай сипаттамалары оның тіс жегісіне тұрақтылығы үшін маңызды? Бұл сипаттамаларды қалайша жақсартуға болады?

  • Әсер етудің қандай тәсілдері тиімдірек болып табылады?

Тәжірибелік дәрігер үшін әрбір нақты науқаста тіс жегісіне тұрақтылықтың деңгейі қандай екенін білуі маңызды – бұл білім тіс жегісін біріншілік алдын-алудың шараларын рациональды түрде жоспарлауға мүмкіндік береді. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылық деңгейін анықтаудың қазіргі заманғы әдістемесінің негізінде тіс жегісіне төзімді эмаль тіс жегісіне тұрақсызға қарағанда қышқылдарда төмен ериді, өйткені кальций мен фтордың салыстырмалы жоғары құрамы бар тығыз кристаллды құрылымы болады деген тезис жатыр. Осы тезиске сәйкес қазіргі кезде қолданылатын эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері зерттейді.

  • тіс жегісіне тұрақтылықтың клиникалық симптомдары (жоғарыда талқыланған, тіс жегісі қарқындылығының индекстері – КПЖС, КПЖТ, IS);

  • қышқылды ерігіштігі (химиялық тұрғыдан – CRT әдісі, физико–химиялық тұрғыдан – ТЭР, ТЭРИ әдістері, эмаль және оның басының профилометриясы, бұдырлықты өлшеу – физикалық тұрғыдан);

  • кристаллды құрылымның тығыздығы (электр өткізгіштік белгісі бойынша – электрометрия, оптикалық тұрғыдан – лазерлі рефлектометрия);

  • витальды биопсия көмегімен тіндердегі макро– және микроэлементтердің абсолютті және салыстырмалы құрамы, эмаль күлінің сандық талдау әдістері және т.б. (қара табл. 5.22).

Тіс жегісіне тұрақтылықтың клиникалық белгілері эмальдың бұрынғы жағдайы туралы дәлелдейтінін атап өту қажет, бұл зерттеу кезінде оның жағдайына әрқашан сәйкес келмейді. Параклиникалық және зертханалық әдістер тіс жегісі патогенезінің бөлек аспектілерін ғана көрсетеді, ал зерттеу нәтижелері бұл үрдіс білімінің бүгінгі жағынан түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан аталған әдістердің болжамдық құндылық деңгейі орта есеппен тек 50% жетеді. Бұл әдістер стоматологиялық ғылымға, сонымен қатар тәжірибеге үлкен пайда әкеледі, мысалы ТЭР әдісі көмегімен БР–да 4 жыл бойы мектепке дейінгі жастағы балалар рационында фторланған тұзды қолдану сүт тістер эмалінің қышқылдық ерігіштігінің 32,27% төмендеуін қамтамасыз етті; алынған ақпарат осы әдістің әсер ету механизмі тіс жегісін жүйелі алдын–алу бұзылыстарына, тістердің тұрақтылығына көмектесетінін түсіндіреді (тіс жегісінің өсу редукциясы 40-60% құраған). Тіс жегісі қарқындылығы туралы ТЭР, электрометрия мәліметтері тәжірибеде қаупі жоғары топты бөлу үшін, диспансерлік бақылау ұйымы үшін, топтық және жеке алдын–алуды рациональды жоспарлау үшін негіз болып табылады.

Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістерін зерттеу барысында тесттер бағасына дұрыс бағдарлау қажет:

  • тіс жегісіне тұрақтылықтың төмендеуі ТЭР, ТЭРИ сандық мағынасының жоғарылауын дәлелдейді;

  • CRT-дағы түсті реакция уақытының көбеюі, тіс жегімне тұрақтылық жоғарлауы туралы дәлелдейді;

  • рефлектометрия кезіндегі диффузды компоненттің көбеюі тіс жегісіне тұрақтылықтың төмендеуі туралы ақпарат береді.

Параклиникалық зерттеулерді талдау мен жоспарлау кезінде жақында жарып шыққан тістің кез келген жағдайда жетілген тіске қарағанда тіс жегісіне тұрақтылық көрсеткіші нашар болатынын есепке алу қажет.

Таблица 5.22