Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Фиссуралар мен шұңқырлардың мүмкін формалары

Сызбасы

Фиссуралар сипаттамасы

Кездесуі, %

Өзегі және түбіне дейінгі тұрақты диаметрі: жіңішке (I-тәрізді)

19

Өзегі және түбіне дейінгі тұрақты диаметрі: кең (U-тәрізді)

14

Өзегі кең және негізі тар, оларды ашық деп атайды: “конус тәрізді”=”өткір ұшты” (V-тәрізді)

34

Жарты сфера (науа)

40

Өзегі тар және негізі кең, оларды жабық деп атайды: (тамшы тәрізді, қапшық тәрізді, кері Y, жіңішке тамағы бар колба, полип тәрізді)

26

Тіс жұғындыларының жиналуы үшін ең қолайлы жағдай тістің жарып шығу кезкңінде қалыптасады: премолярлар қызылиек беткейі үстіне төмпешіктерінің бір ұшы шыққаннан окклюзионды жазықтыққа қосылғанға дейін 1-2 айда жолды өтеді, молярлар – 12-18 айда.

Сонымен, тістердің жарып шығу кезіндегі фиссура эмалінің төмен минерализациясы, ауыз сұйықтығымен контакттің шектелуі нәтижесінде бәсең дамуы, кариесогенді жұғындылардың ұзақ уақыт ретенциясы эмаль шұңқыры мен фиссуралар аймағында тіс жегінің дамуына бейімдейді.

Фиссуралар жегісі ережеге сәйкес өзек аймағында, оның қабырғаларында және сирек - түбінде басталады. Үрдіс эмаль–дентинді шекара бойымен тез таралады, эмальды “жуып өтеді” және дентиннің жұмсаруын тудыра отырып, дентинге белсенді енеді.

Инициальды (бастапқы) тіс жегісі микроскопиялық қуыстар түзілуінің алдында болады және эмальдің көзге көрінбейтін өзгерістері терең дамуы мүмкін. Кейде тіс жегісінің басталуынан, оның клиникалық көрінуіне дейін 18 айдан көп уақыт өтеді.

Фиссуралардың жегіленген эмалінің көзге көрінетін өзгерістері оның түсіне байланысты: бор тәрізді, сары, қоңыр, қара. Жақында жарып шыққан тістерде фиссураның қоңыр түсі - тиісті тіс жегісінің индикаторы. Ересек адамдардың тістеріндегі қара фиссуралар созылмалы үрдіс туралы немесе тіпті реминерализация туралы дәлелдеуі мүмкін. Бірақ осындай “қолайлы” жағдайларда да пигменттелген эмаль микроағзалармен қаныққан, ал тиісті дентин айтарлықтай өзгерген.

Фиссураларды, шұңырларды зондтау және олардың нәтижелері интерпритациясының ерекшеліктері бар. Біріншіден, өзекте эмальдың механикалық ақауының (“зонд тірелмейді”) болмауы тіс жегісінің жоқтығын білдірмейді, ол зондтау зонасында аз өзгерген астында да, сонымен қатар зондтауға келмейтін фиссуралардың тереңдігінде де дамуы мүмкін. Екіншіден, зондтың тірелуі бұзылыспен байланысты болмауы мүмкін, ал тіндердің жетілмеуімен байланысты болуы мүмкін (металлды үшкір зонд эмальдің гипоминерализацияланған құрылымын қайтымсыз зақымдайды, сондықтан төмен мықтылықтағы “жас” эмальдан төмен мықтылықтағы, ағаштан ұшы бар зонд қолдану ұсынылыды).

Рентгенологиялық зерттеу окклюзионды беткейлер тіс жегісі диагнозын нақтылайды, бірақ ол тек дентинде орналасқан кезде. Электрометрия фиссуралардың жегіленген (деминерализацияланған) және жетілмеген (гипоминерализацияланған) тіндерін ажыратуға мүмкіндік бермейді. Микробты массада лазерлі жарықпен индуцирленген флюоресценцияны өлшеуге негізделген диагностика әдісі сау эмаль туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ Диагнодент аппаратымен фиссураның тереңіндегі тіс жегісінің анықтау үлесі жақсы жағдайда 70% жетеді.

Қарапайым клиникалық жағдайда, айна мен ауалы писталетті қолданумен жақсы жарықтану кезінде жегіленген шұңқыр мен фиссураларды анықтауға 20-50% шынайы санын есептеуге болады.

Окклюзионды беткейлердің тіс жегісінің диагностикасы және клиникасы, патогенезінің ерекшеліктері

Эмальдың шұңқырлары мен фиссуралары тіс жегісінің жоғары жиілігін осы зоналардың тіс жегісіне төмен тұрақтылығымен және әсіресе кариесогенді микрофлораның жоғары белсенділігімен байланыстырады, ол үшін фиссураларда ыңғайлы жағдайлар жасалады.

Тіс жарып шыққаннан кейін фиссуралар мен шұңқырлар эмалінің минерализациясының салыстырмалы жоғары емес деңгейі боады. Фиссуралар бірнеше жылдардан кейін жетіледі, бірақ терең фиссуралар негізі тіндердің микроқаттылығы эмальдың басқа бөліктеріне қарағанда әрқашан төмен, ал органикалық компоненттерінің үлесі жоғары. Гипоминерализациясы әсіресе орташа статистикалық мерзімдерден бұрын немесе кеш жарып шыққан тістердің эмалінде, сонымен қатар басқа критерийлердің жиынтығы бойынша тіс жегісі дамуының жоғары қаупі бар балалардың тістерінде айқын.

Фиссуралардың тіс жегісіне ұшырауының болжамы минерализация дәрежесін көрсететін жарып шыққан тістің электрометриясы негізінде жасалуы мүмкін:

  • ЭОМ≤8 мкА → қаупі төмен;

  • ЭОМ=9-20 мкА → тіс жегісі дамуының 50% ықтималдығы;

  • ЭОМ>20мкА → тіс жегісі дамуының 100% ықтималдығы.

Фиссуралардың эмалі бәсең және қиын жетіледі. Көбінесе жетілу қарқыны сілекейдің минерализациялық потенциалына және оның фиссуралар (шұңқырлар) эмалінің беткейімен контакт жасау мүмкіншіліктеріне байланысты.

Фиссураның тереңдігіне (Z) сұйықтықтың (сілекейдің, герметиктің) ену дәрежесі капиллярлы күштермен анықталады және фиссураның еніне (S), сұйықтықтың беткейлік тарылуына (γ), θ беткейінің сулану бұрышына, сұйықтықтың тұтқырлығына (η) және уақытына (t) байланысты:

Ашық фиссуралардың эмалі минералдарды жоғары емес тұтқырлығы бар сілекейден, ал жіңішке және терең фиссуралардың эмалі – тек дентин арқылы алады, бұл айтарлықтай төмен тиімді. Сілекейдің жоғары тұтқырлығы кезінде фиссуралар эмалінің минерализация мүмкіншіліктері төмендейді.

Шұңқырлар мен фиссураларда эмальға жақын микроағзалардың тағам қалдықтарының және қақтың басқа компоненттерінің қарапайым механикалық ұсталуы (ретенциясы) үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Егер эмальдің тегіс беткейінде микробты қақты жасау үшін S.mutans ерекше адгезивті қабілеттіліктері қажет болса, онда фиссуралардағы кариесогенді қақ L.acidophilus, L.casei, A.viscosus, S.salivarius, S.sanguis, A.naeslundii, A.israeli адгезивті емес микроағзалардың тіпті моноинфекциясымен жасалуы мүмкін. Әрбір фиссурада өз экологиялық жүйесі қалыптасады, оған сыртқы «тазартушы» күштер (тістердің, тағамның, тіс щеткасының қажалуы және т.б.) кіріспейді.

Тістердің шұңқырлары мен фиссураларында тіс жегісін біріншілік алдын-алудың стратегиясы

Шұңқырлар мен фиссуралардың тіс жегісін алдын-алудың негізгі бағыттары жоғарыда көрсетілген оның патогенезі, клиникасы, диагностикасының ерекшеліктеріне сәйкес келеді (табл. 5.25).

Бұл әдістердің әртүрлі клиникалық және экономикалық тиімділгі бар, сәйкес кең қолданысты табады: олардың кейбіреулері тарихи аспектіде ғана маңызды, басқалары окклюзионды тіс жегісін алдын-алудың қазіргі заманғы бағдарламалараның негізі болып табылады.

Эмальдың минерализациясы. Судың оптимальды фторлануы бар аймақтарда окклюзионды тіс жегісінің екі жылға кідіруі байқалатыны белгілі: құрамы 1,0ppmF суы бар жерлерден сегіз жастағы балалардың құрамы 0,3ppmF төмен суы бар аймақтардан 6-жастағы балалардағыдай сонша фиссуралардың тіс жегісі бар. Дегенмен, фиссуралы тіс жегісіне қатысты суды фторлау тиімділігі оның редукциясының тек 20%-на сәйкес келеді.

Кейбір мәліметтер бойынша, фторлакпен, кальций глюконаты ерітіндісімен, «сілекей-эмаль» гельдерімен жүйелі аппликациялар тіс жарып шыққаннан кейін жақын жылдары фиссуралардың шамамен 8%-ын «жабуға» және окклюзионды тіс жегісінің өсуін 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді; осы препараттардың тиімділігі терең емес фиссуралары бар балалар тобында екі есе жоғары құрамында 1700-2800ppmF фторы бар тіс сықпалары күнделікті қолдану кезінде 2 жыл мерзімінде тіс жегісі өсуінің 11-20% редукциясын қамтамасыз етеді. Терең фторлау – герметиктерге экономикалық жағымды альтернатива ретінде талқыланатын тағы бір әдіс.

Таблица 5.25