- •І тарау. Медицинаның аймағы ретінде стоматологиялық ауруларды алдын-алу
- •Іі тарау. Ересектер мен балалардың стоматологиялық ауруларын біріншілік алдын-алуда санитарлы ағарту мен тәрбиелеу
- •Өмір салты және стоматологиялық денсаулық
- •Тұрғындардың субъективті стоматологиялық қажеттіліктерінің деңгейлері
- •1. Проблеманың
- •2. Проблеманың пайда болу себептерін және оны жоюдың принципті мүмкіншіліктерін бейнелеу
- •3. Алдын-алудың нақты әдістерін бейнелеу (демонстрация), тренинг
- •Ііі тарау. Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алудың шараларын өткізу үшін жұмыс орнын ұйымдастыру
- •Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы
- •Стоматологиялық алдын-алу қабылдауында ең қауіпті инфекциялар
- •IV тарау. Алдын-алу қабылдауында стоматологиялық тексеру
- •Уақытша және тұрақты тістердің шартты сандары
- •Тістер жағдайының шартты белгілері
- •5 Тарау. Тіс жегісін біріншілік алдын-алу
- •5.1. Тіс жегісінің этиологиясы мен патогенезінің теориялары. Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі бағыттары
- •5.2. Тіс жегісінің статистикасы
- •Тіс жегісімен аурушаңдылықты бағалау көрсеткіштері (ддұ бойынша)
- •«К», «п» және «ж» категориясында тіс сауыттарының қосылу ережелері
- •Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы
- •Кид мәндері бойынша тіс жегісі белсенділігін бағалау
- •Әртүрлі жас топтарында кпжс (кпжскпжс, кпжс) әр түрлі мәндері кезінде тіс жегісінің белсенділігі
- •5.3. Тіс жұғындылары тіс жегісінің этиологиялық факторы ретінде
- •5.3.1. Кариесогенді тіс жұғындыларының құрамы, құрылымы, түзілу механизмдері және биохимиясы
- •5.3.2. Тіс жегісін алдын–алуда тіс жұғындыларын сандық және сапалық бағалау
- •Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері
- •Pfri шкаласын бағалау
- •5.3.3. Қызылиектүстілік жұмсақ тіс жұғындыларының қалыптасуын сақтандыру әдістері, химио алдын-алу мен химиотерапия
- •5.3.4. Тамақтану тіс жұғындыларының белсенділігін және тістің қатты тіндерінің жағдайын анықтайтын жергілікті факторы ретінде
- •Арасында тағамдану үшін жиі қолданылатын тағамдардың кариесогенділігі
- •Стефан тәжірибесінде әртүрлі тағамдардың кариесогендігі
- •Қантты қолдану жиілігі мен тәуліктік мөлшеріне диета кариесогенділігінің салыстырмалы байланысы
- •Жемістер мен көкөністерде қанттың құрамы
- •5.3.5. Жұмсақ тіс жұғындыларын механикалық бақылау: ауыз қуысы гигиенасының бұйымдары мен заттары, гигиеналық оқыту.
- •Полимерлі қылдың қаттылығы
- •Щеткалар қаттылығының сипаттамасы
- •5.4. Тіс жегісіне резистенттілік
- •5.4.1. Тіс жегісіне резистенттілік қалыптасуының табиғи жағдайлары
- •Тістер тіндерінің қалыптасу мерзімдері
- •Тістердің тіс жегісі резистенттілігі қалыптасуының критикалық кезеңдері
- •Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау
- •5.4.2. Тістер жегісінің жүйелі алдын алу әдістерімен жегіге резистенттілікті қалыптастыру және ұстану жағдайларын оптимизациялау мүмкіндіктері.
- •Кальцийдің жоғары құрамы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі
- •Фторидтің тәуліктік түсуінің консервативті деңгейлері
- •Ауыз қуысы сілекейінің құрамы мен қызметі
- •Тыныштық кезінде және стимуляцияланған сілекейдің негізгі мінездемесі
- •Гипосаливациның себептері
- •5.4.4. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері
- •Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын зерттеу әдістері
- •5.4.5. Тіс жегісіне тұрақтылықты ұстап тұру және қалыптастыру үшін жергілікті алдын-алу заттарын қолдану
- •Фторқұрамды сықпаларды қолдану бойынша Еуропа Ассоциациясы балалар стоматологтарының ұсынымдары
- •5.5. Тіс жегісін алдын-алуда тістердің шұңқырлары мен фиссураларының герметизациясы
- •Фиссуралар мен шұңқырлардың мүмкін формалары
- •Тістердің шұңқырлары мен фиссураларында тіс жегісін біріншілік алдын-алудың бағыттары және қауіп факторлары
- •1. Жағдайды бағалау. Стратегияны анықтау
- •Шұңқырлар мен фиссуралар аймағындағы тіндер жағдайын зерттеу
- •2. Герметизацияға тістің алдын-ала дайындығы
- •Өңделген жегі қуысына сәйкес шұңқырлар мен фиссураларды толтыру технологиясының нұсқалары
- •3. Силанттың аппликациясы
- •4. Герметизация сапасын бақылау
- •5. Флюоризация
- •6. Герметиктермен жабылған тістердің жағдайын бақылау
- •Герметик жағдайының нұсқалары
- •7. Фиссуралар мен шұңқырлардың герметизациясының клиникалық тиімділігін зерттеу
- •VI тарау. Периодонт ауруларын біріншілік алдын-алудың принциптері
- •6.1. Периодонт ауруларының этиологиясы мен патогенезі, алдын-алудың негізгі бағыттары
- •Периодонтопатогенді микроағзалар
- •Периодонт патологиясын біріншілік алдын-алудың принципиальды сызбасы
- •6.2. Периодонт жағдайын клиникалық және эпидемиологиялық бағалаудың әдістері
- •6.3. Периодонт ауруларын алдын-алуда ауыз қуысының гигиенасы
- •VII тарау. Тістесу патологиясын біріншілік алдын-алу
- •7.1. Әр түрлі жас топтарында жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыпты жағдайы. Тістесу жағдайының индексті бағалауы
- •Dai индексі
- •Патологиялық тістесу қалыптасуының қауіп-қатер факторларымен басқару принциптері
- •7.3. Тістесу патологиясын алдын-алуда миогимнастика: мақсаттары, әсер ету механизмдері, әдістері, сабақтарды ұйымдастыру
- •Мектепке дейінгі жастағы балаларда жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің қалыпты физиологиялық төзімділігі
- •Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесіне байланысты миогимнастиканы орындау кезінде күш
Фторқұрамды сықпаларды қолдану бойынша Еуропа Ассоциациясы балалар стоматологтарының ұсынымдары
Жасы |
Фторид құрамы (ppm) |
Қолдану жиілігі |
Саны |
6 айдан 2 жасқа дейін |
≤500 |
дәрігердің тағайындалуымен |
Іздері |
2–ден 6 жасқа дейін |
500 |
күніне 2 рет |
бұршақ мөлшерінде, шынашақ тырнағы |
6 жастан жоғары |
1000-1450 |
күніне 2 рет |
щетканың 1/3 басындай |
Фторқұрамды тіс сықпаларды күн сайын таңертең және кешкісін тістерді щеткамен, жіппен немесе Шығыстағы елдер дәстүріндегідей ағаш таяқшасымен тазартқанда ұсынылады. Фторқұрамды сықпаларды толық қолдану үшін:
тістерді тазарта бастағанда, сықпаны барлық тістер беткейіне жағып, тісаралық кеңістіктерге басты назар аудару керек;
тістерді тазартқаннан кейін сықпаны шаю керек (ауыз сұйықтығымен) «тістер арасымен» - тістердің проксимальды беткейлеріне фторидтердің енуін қамтамасыз ету;
ауызды сумен шаю;
сықпаны қабылдағаннан кейін бірден ішуге болмайды;
кешкі уақытта тістерді ұйықтар алдында тазарту (сілекей бөлінісінің жылдамдығының физиологиялық төмендеуі көмегімен сықпаның фторидінің клиренсі төмендейді).
Кәсіби фторқұрамды сықпалар тіс жұғындыларын кәсіби тазарту кезінде қолданылады. Бұл сықпаларды ротационды щеткалар және резиналы басшықтармен жағылатындықтан, жұмыс істегенде қызылиек жиегі мен тісаралық емізікшелерді жылжытатындықтан фторидтердің сіңуі кең ауқымды жүреді. Кәсіби сықпалар жоғары абразивті болғандықтан, олар тістің беткейінен минерализацияланбаған қақтың барлық қабаттарын (соның ішінде пелликуланы) алып тастайды, сондықтан фторидтер эмальмен тасымалдаушысыз тікелей байланыста бола алады. Кәсіби гигиена процедурасы сирек жүргізіледі, сондықтан тіс жегісі тұрақтылығына әсер етпейді.
4. Лактар - ауыз қуысында бірнеше сағат (тәулік) бойы сақталуға қабілетті, бірден ісініп ауыз сұйықтығында баяу фтор иондарын бөлетін құрғақ, таза эмаль беткейіне бекитін желімді композиция.
Лак құрамына ([F¯]=0,05-тен 6% дейін) концентрациялы әр түрлі фтор қосылыстары жатады.
Фторлакпен жабу процедурасы тістерді тазартудан, құрғатудан және сілекейден оқшаулаудан басталады. Арнайы кисточка-аппликатор көмегімен немесе пластмассалы бір ретті шпатель көмегімен тістерге жағып, 10-20 минут лак сорбциясына қалдырады, одан кейін ауа ағынымен құрғатады. Оптимальды жағдайда процедурада ассистент белсенді қатысады. Минимальды жағдайда лакты кептіру үшін тұрмыстық фендерді қолданады, лакты жабуды тіласты аймағын ([F¯]=1-2%) сілекеймен толтыруға дейін төменгі жақ тістерден бастайды.
5. Фторқұрамды пломбалық материалдар. 1960 жылдары алдын-алу препараттардан және ауыз қуысынан фторидтердің тез бөліну проблемасын молярлар және премолярлардың фиссураларын герметизациялау мен тістерді реставрациялау үшін қолданылатын қатаятын материалдар қолданып шешілуде. Bis-GMA негізіндегі композитті материалдарды фторидтермен байытады, бұл тіс тіндеріне жанасатын герметик (пломба) микроэлементттерінің біртіндеп эмиссиясына әкеледі. Әйнекиономерлі цемент алғашында 20% фторидтерден тұрған (кальций фториді, натрий, алюминий фториді) және жақсы минерализациялық әсерді береді.
6. Жергілікті қолдану үшін фторидтердің басқа тасымалдаушылары. Қазіргі уақытта тығыз қоры-тасымалдаушы қолдану пікірі қарқынды даму үстінде, ауыз қуысында 30-180 тәул. бойы фторид концентрациясын жоғары деңгейін ұстайтын тістің фторқұрамды дәрілері, кополимерлі мембраналар мен фторқұрамды әйнекті тасымалдаушылары жасалып шығарылуда. Мұндай заттарды қолдану үй жағдайында және кеңселік фторлы алдын-алу шараларын қолданбайтын тіс жегісіне тұрақсыз адамдарға ұсынады. Фторид тасымалдаушылары ретінде фториді бар шайнау сағыздарын қолданылады. Бірақ фторланған шайнау сағыздары тіс жегісіне қарсы тиміділігі ксилит және кальций қосылыстары бар сағыздардан біршама қалады. Фторланған шайнау сағыздарын қолдануының маңызды шектеуіне фториді мөлшерінің асу қауіптілігі: өйткені шайнау сағызы дәрі емес, кондитерлік өнімі болып есептеледі, оның тәуліктік мөлшерін қабылдауын бақылау мүмкін емес.
Этилцеллюлоза негізіндегі шайнауға арналған фтор таблеткалардың қолданылуы фтор ионын бөлетін дәрілік формада фторидтің жүйелі түсу проблемасын шешеді. Қантты фтормен қанықтыру әдістемесі құрастырылуды, 5 ррm F- фторид концентрациясы буылтықтың қышқыл түзу деңгейін төмендетпейді, бірақ эмаль деминерализациясын болдыртпайды.
Қазіргі уақытта келесі жергілікті алдын-алу стратегиясы қабылданған. Фторқұрамды тіс сықпаларын күн сайын қолдану әрбір адамға ұсынылады. Қосымша жергілікті фтор заттары – үй шайғыштары, жоғары концентрациялы препараттар (ерітінділер, гельдер, лактар) тіс жегісіне қауіп дәрежесіне байланысты қолданылады. Герметизация мен реставрацияға материалдар таңдауда фторқұрамды препараттарға ерекше мән бөлінеді.