Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

5. Флюоризация

Тістің тіндері қышқылмен өңделуіне байланысты, герметикпен кездейсоқ жабылмаған химиялық зақымдалған зонаның реминерализациясы туралы ойлау қажет. Ол үшін кептірілген тісті фторқұрамды лак қабатымен жабады немесе фторқұрамды гельмен аппликация жасайды.

6. Герметиктермен жабылған тістердің жағдайын бақылау

Герметизацияланған тістердің жүйелі зерттеулері силанттың, сонымен қатар тістің жағдайын бақылау және уақытында жағдайды дұрыстау үшін жүргізіледі. Бұл зерттеу аббревиатурлы атау ССС: colour(түс) – coverage (жабу) – caries.

Герметиктері бар тістерді герметизациядан кейін 6 ай (жойылған герметиктердің пайызына қарағанда өте қиын мерзім), 12, 18 және 24 айдан соң қарау көрсетілген.

Көзбен және тактильді зерттеуді келесі сызба бойынша жүргізеді:

  1. тісті тазарту;

  2. тісті кептіру;

  3. тіс және силант беткейін қарау: көзбен (бес есе лупаның көмегімен) және тактильді, силанттың эмальмен байланысуының мықтылығын тексере отырып силант жиегін іліп алатын өткір зондтың көмегімен, сонымен қатар потенциальды жегіленген эмальдың ақауларын зерттейді.

Силант пен тіс тіні жағдайының әр түрлі нұсқалары 5.27 таблицада көрсетілген. Силанттың жойылуы төменгі молярлардың ұрттық шұңқырларынан, жоғарғы күрек тістердің таңдайлық шұңқырларынан және жоғарғы молярлардың дистальды фиссураларынан болуы мүмкін. Bis-GMA-силанттың айқын жойылуынан кейін оның бөлшектері қышқылмен уланған эмальдың микросаңылауларында сақталады және сол арқылы тіс жегісі дамуын тоқтатады деген мәліметтер бар. Дегенмен бұл әсер силант бөлшегінің мөлшерімен байланысты, сондықтан алдын-ала болжау қиын. 6-12 ай мерзімінде ӘИЦ-силанттың жойылуы ондай Тәжірибе ӘИЦ-силант астындағы эмаль минерализациясының дәрежесі 10-20%-ға жоғарылағанын көрсетеді. Минерализация эсерін фторқұрамды Bis-GMA-силанттан да күтеді. Дегенмен, тәжірибеде жойылған силанттарды қалпына келтіру көрсетілген. Регерметизацияны герметиктің аппликациясынан кейін бірінші 6-12 айда герметиктің жойылуы жағдайында ең міндетті процедура және бүкіл өмірінде қажетті деп есептейді. Силанттың жойылуы кезінде оның астында болған тіндерді мұқият зерттейді және жағдайға сәйкес әдістердің бірімен герметизацияны қайталайды немесе дамыған тіс жегісін емдейді.

Силанттың толық сақталуы жақсы жиектік жанасуды, яғни эмальдың жақсы механикалық қорғанышын білдіре бермейді. Сондықтын боялған немесе тактильді анықталатын жиектік жанасуының ақаулары бар силанттарды алып тастау және регерметизация жүргізу көрсетілген.

Таблица 5.27

Герметик жағдайының нұсқалары

Параметр

Жағдайының нұсқалары

Тісте силанттың сақталу дәрежесі

толық сақталған;

жартылай сақталған (бөлек тереңделулерде);

тістің беткейінде анықталмайды

Сақталған силанттың сапасы

Жиектік боялу:

боялу жоқ,

аздап боялу бар,

қатты боялу бар

Анатомиялық тозуы:

тозудың белгілері жоқ,

аздап тозу бар,

қатты тозу бар

Жиектік адаптацияның сапасы:

ақау жоқ,

аздап ақау бар (зонд кідіреді),

айқын ақау бар (саңылау)

Эмальдың жағдайы

Тіс жегісінің белгілері жоқ;

Эмальдың жегісі;

Дентиннің жегісі

Егер зондпен бақылаған кезде силанттың бір бөлігі алынып, ал қалған бөлігі эмальмен жақсы ұсталынса – оны сақтауға болады. Дегенмен «бұрынғы» силанттың беткейі сілекеймен қатынаста болғанын ескерген жөн, бұл силанттың жаңа порциясының мықты қосылуына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан силанттың «бұрынғы» бөлігін оның беткейін жұқа ақ таспен немесе орташа абразивті тазартушы сықпамен өңдей отыра «жаңартады». Содан кейін «бұрынғы» силант пен эмальды қышқылмен өңдеп, жуып, кептіріп және зерттеуден кейін ақау зонасы мен силант қалдығын материалдың жаңа порциясымен жабады.

Науқастың әрбір қаралуы кезінде ауыз қуысы гигиенасы, тағамданудың жеке рационы бойынша нұсқау беріледі, фторқұрамды препараттармен аппликация жүргізіледі.