Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Мектепке дейінгі жастағы балаларда жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің қалыпты физиологиялық төзімділігі

Жаттығу

Бұлшықеттердің қалыпты физиологиялық төзімділігі (уақыты, с)

4 жаста

5 жаста

6 жаста

Еріннің жымдасуы

динамикалық

155±10

180±10

370±14

статискалық

115±7

140±7

335±8

Тіс қатарларының жымдасуы

динамикалық

265±7

310±7

515±7

статискалық

180±6

210±7

450±7

Төменгі жақты алдыға шығару

динамикалық

265±7

310±7

515±7

статискалық

110±10

155±7

345±8

Таблица 7.4

Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесіне байланысты миогимнастиканы орындау кезінде күш

Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесі

Миогимнастика үшін уақытша параметрлер

І

Қалыптыдан 25%-ға төмен динамикалық және статистикалық төзімділіктің төмендеуі

Бастапқы төзімділіктен 50%-ға жоғары статистикалық және динамикалық төзімділік

ІІ

25%-дан жоғары динамикалық төзімділіктің, 25%-дан төмен статистикалық төзімділіктің төмендеуі

Бастапқы төзімділіктен статистикалық күш 50%-ға, динамикалық – 25%-ға жоғары

ІІ

25%-дан жоғары динамикалық және статистикалық төзімділіктің төмендеуі

Бастапқы төзімділіктен 25%-ға жоғары статистикалық және динамикалық төзімділік

ЖБА қызметтерінің патологиясы мен жағымсыз әдеттер кезінде миогимнастика

Тыныс алу қызметінің бұзылысы кезінде миогимнастика

Миогимнастика мұрын жолдары мен мұрын жұтқыншақтың патологиясын жойғаннан кейін жүргізіледі. Тыныс алуды қалпына келтіру үшін жаттығулар үш жиынтықтан тұрады.

1. Толық кеуделік және құрсақтық тыныс алуды орнықтыру. Жаттығуларды орындау кезінде басты тіке ұстау, иықты сәл артқа және төмен жіберу (шынтақ арқаға жанасуы қажет), кеудені жазу, ішті тарту, тізе буындарын түзету қажет. Тыныс алу түрін өздігінен бақылау үшін бала бір қолын кеудеге, ал екіншісін ішке қояды және әрқайсысын 5-6 рет қайталай отыра бірқатар жаттығуларды жүйелі орындайды:

  • терең аралас тыныс алу (кеуделк+құрсақтық);

  • кеуделік тыныс алу;

  • құрсақтық тыныс алу;

  • толық ұзартылған дем шығару (жүру кезінде орындалады: 3 қадамға дем алу, 4 қадамға дем шығару, қадамдар санын біртіндеп 5-6 дейін көбейтеді).

2. Мұрынмен тыныс алуды орнату. Жақ-бет аймағы бұлшықеттерін жаттықтыру үшін жаттығулар дененің екі қалпында жүргізіледі – отырып және тұрып:

  • бастапқы қалыптан (қол жоғары, аяқ жанына) еңкею кезінде мұрын арқылы дем алу және дем шығару, бұл кезде қолды жанынан төменге түсіру;

  • дем шығарғаннан кейін ауызды жабады, мұрынды қысады және онға дейін санайды, одан кейін жайлап мұрын арқылы дем алып, дем шығарады (ауызды тығыз жабады);

  • дем алу мен дем шығаруды кезекпен сол және оң танау арқылы орындайды.

  1. Еріндердің жымдасуын қалпына келтіру:

  • жымдасқан ерін кезінде ұртты үреді, содан кейін ұртқа жұдырықты басады және ақырын қысылған еріндер арқылы ауаны шығарады;

  • ерінді жымдастырады, кезекпен жоғарғы және төменгі ерін астына ауаны толтыру;

  • ерінді жымдастырады және оларды оңға және солға ауыстырады;

  • ерінді түтікке («тұмсық») тартады, төртке дейін санайды, содан кейін ерінді кең күлкіге созады;

  • кең күлкіні шынашақпен бекітеді, оларды созылған еріннің бұрыштарына қыса отырып, ерінді түтікке жинауға тырысады;

  • заттың ауысуының қашықтығына жарыса отырып столда жатқан немесе жіпке ілінген мақтаның кесегін немесе қауырсынды үреді;

  • еріндер арасында қағаз жолағын салады, ерінді жымдастырады және осылайша қағаз жолағын 10-15 мин мерзімінде ұстап тұрады;

  • бала еріндерімен пластинкалар тізілген бауды ұстап тұрады;

  • баланың ауыз қуысы кіреберісіне (жоғарғы және төменгі еріннің астына) мақталы валиктер салады және оны еріннің жымдасуын қажет ететін дыбыстарды айтуын сұрайды ([п], [б], [м]);

  • диаметрі 25-30 мм екі түймені баумен біріктіреді және бір-бірінен 25-30 мм ара қашықтықта бекітеді; бір түймені бала ерінмен алады, басқасын қолына алып және бірінші түймені ұстап тұруға тырыса отырып бауды тартады;

  • Дасса активаторымен жаттығу: бала сымды серіппемен байланысқан екі пластикалық алаңды бір-біріне жақындата ерінді жымдастыруға тырысады;

  • Шонхер пластинкасымен жаттығу: вестибулярлы пластинканы, сыртына оған тіркелген сақинаны қалдыра отырып, ауыз қуысы кіреберісіне қояды, ерінді жымдастырады; содан кейін еріндерімен оған қарсылық ете отырып, пластинканы сақинасынан шығаруға тырысады;

  • эквилибратормен жаттығу: бала пластикалық түйіндердің ауыспалы сандарымен терушілік мүштікті горизонтальды жағдайда еріндермен ұстап тұруға тырысады (ересек адам үшін қалыпты – 10 мин мерзімінде үш түйінді ұстап тұру);

  • пластинкамен жаттығу: бала ерінмен қалыңдығы 1-2 мм пластинканы горизонтальды жағдайда қысады және ұстап тұрады, оған кішкентай жүк салады (мысалы, лото карточкалары);

  • қалақты аппаратпен жаттығу: бала зырылдауыққа үреді (зырылдауықтың айналу жылдамдығы бойынша жарыс мүмкін);

  • вестибулярлы пластинкасы және иілгіш ерінаралық «сынасы» бар силиконды аппаратпен жаттығу: ерін тонусын қалпына келтіру үшін сынаның үстінде еріннің босаңсыған орналасуы мен ерінмен сынаны қатты қысуды кезектестіреді, 450 бұрышпен жоғары және төмен бағытта «сына» аймағында оны ұстай отыра аппаратты шығару әрекетінде пластинканы кіреберісте жымдасқан ерінмен ұстап тұрады.

Жұтыну қызметін қалпына келтіру үшін миогимнастика

Миогимнастиканы орындауға тілдің үзбесінің патологиясын, тілді, саусақты және т.б. сору жағымсыз әдеттерін жойғаннан кейін кіріседі. Жаттығулар тілдің алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерінің тонусын қалпына келтіруге және дұрыс жұтыну стереотипін қалыптастыруға арналған.

1. Тілдің алдыңғы бөлігінің бұлшықеттері үшін жаттығулар:

  • балаға тілдің ұшын таңдай бойымен ырғақпен ауыстыра отырып, сағат тілінің қозғалысын тілмен көрсетуін ұсынады;

  • баланы тілмен әрқайсысының вестибулярлы беткейіне кезекпен тигізе отырып тістерді «санауын» сұрайды;

  • баланы тілмен «тоқылдатуға» үйретеді; жарыс мүмкін – «кімнің аты саңғырлап, тезірек және алысырақ (50-60 дыбысқа дейін) шабады»;

  • балаға [д] дыбысын анық (бөлек) және тез қайталай отырып, шой балғасы немесе пулемет дыбыстарын айтуын ұсынады;

  • баланың тілінің ұшына резиналы сақина қояды, тілдің ұшын жоғарыға көтеруін және оны (және сақинаны) таңдай қатпарлары аймағында қатты таңдайдың алдыңғы бөлігіне жақындатуын сұрайды, тістерді қысуын, ерінді жымдастыруын және тілдің осы қалпын 1, 2, 5, содан кейін 10 мин мерзімінде сақтауын сұрайды;

  • баланы тілдің ұшын (және сақинаны) күрек тістер жанында таңдайда орнатуын, тістерді қысуын, ерінді жымдастыруын, осы қалыпты сақтай отыра, сілекейді жұтуын сұрайды.

2. Тілдің ортаңғы бөлігінің бұлшықеттері үшін жаттығулар: тілге екі резиналы сақинаны қояды (біреуін ұшына, басқасын – ортасына), баланы оларды таңдайға жақындатуын, тістерді қысуын, ерінді жымдастыруын, тілдің қалпын өзгертпей, үш рет сілекейді жұтуын сұрайды.

Сур. 7.2. Ерін мен тіл бұлшықеттерінің тонусын қалпына келтіру үшін вестибулярлы пластикалар.

3. Тілдің артқы бөлігінің бұлшықеттері үшін жаттығулар:

  • есінеу;

  • баланы аузына су толтырып, басын шалқайтып және тамағын сумен шаюын, бұл кезде «а-а-а» деп айтуды сұрайды (жаттығу бұлшықеттердің массажына және босаңсуына септігін тигізеді);

  • тілге үш резиналы сақинаны қояды (ұшына, ортасына және тілдің артқы бөлігіне), баланы сақиналарды таңдайға жақындатып және бет бұлшықеттерін қатайтпай, сілекейді үш рет жұтуын сұрайды;

  • тілдің алға жылжуын шектейтін (тілге тірек), тілдің ұшын таңдайға көтеруге ынталандыратын (моншақ) құрылғылары бар Шонхер пластинкасының қызметтері мен элементтерінен тұратын стандартты вестибулярлы пластинкалар қолданылады (сур. 7.2).

Шайнау қызметін қалпына келтіру үшін миогимнастика

Миогимнастика шайнау қызметінің бұлшықеттен тыс себебін жойғаннан кейін тағайындалады. Жаттығулар шайнау мускулатурасын – төменгі жақты көтеретін және алға жылжытатын бұлшықеттерді жаттықтыру үшін тағайындалады:

  • баланы жақтарды жабу және ашуын сұрайды;

  • балаға артқы тістерімен ағаш таяқшаны тістеуін және оны бұлшықеттердің шаршау сезіміне дейін ұстап тұруын ұсынады, содан кейін жақтарды жаба және аша отырып, таяқшаны тіс қатары бойымен жылжытуын сұрайды;

  • баланы төменгі жағын төменгі күрек тістер жоғарғылардың алдында болғанға дейін жайлап алға жылжытуын сұрайды; осы жағдайда төменгі жақты 10 с мерзімінде ұстап тұрады, содан кейін бастапқы жағдайына жайлап қайтып келеді.

Сөйлеу қызметін қалпына келтіру үшін миогимнастика

Сөйлеу патологиясының органикалық себептерін жойғаннан кейін сөйлеуді қалпына келтіру үшін миогимнастикалық жаттығуларды көбінесе логопед ұйымдастырады. Көбінесе тілдің бұлшықеттерін сергітетін жаттығулар қолданылады.

Трейнер көмегімен миогимнастика

Аралас тістесуі бар балаларда жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің тонусын қалпына келтіру үшін стандартты әмбебап эластикалық екі жақты функциональды аппараттар – преортодонтиялық трейнерлер қолданылады (сур. 7.3). Тістер үшін тереңдеулер төменгі жақты жоғарғымен дұрыс қатынаста орнатуға мүмкіндік береді, «тілшік» тілдің ұшына дұрыс орналасуын көрсетеді және оны белсенді жаттықтырады, шектегіштер тілдің бүйірлік ығысуын алдын-алады, ерін бамперлерінің сыртқы беткейіндегі жұмсақ тікенектері гиперактивті еріндердің тонусын төмендетеді. Аппаратты ең кем дегенде күндіз бір сағат және түнгі ұйқы кезінде, 6-8 ай мерзімінде киеді.

Сур. 7.3. Жақ-бет аймағы қызметтерін қалпына келтіру және оральды әдеттерді жою үшін преортодонтиялық трейнер (Myofuctional research CO).

Миогимнастика сабағын ұйымдастыру және құрылымы

Миогимнастиканы өткізудің мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім, нақты жаттығулар мен олардың орындалу тәртібін таңдау стоматологтың міндеті болып табылады. Миогимнастика жеке және топтық деңгейде ұйымдастырылуы мүмкін.

Жеке деңгейде сабақтар стоматологиялық кабинетте дәрігермен, ассистентпен және гигиенистпен, сонымен қатар баланың алдын-ала үйретілген ата-анасының бақылауымен және қатысуымен үй жағдайында өткізілуі мүмкін.

Миогимнастика бойынша сабақты өткізудің топтық түрі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін негізгі болып табылады. Стоматологиялық тексерудің мәліметтері негізінде анықталған функциональды патологияның белгісі бойынша балалар топтарын (10-12 адамнан жоғары емес) қалыптастырады: а) тыныс алу бұзылысы бар балалар тобы, б) жұтыну мен шайнау бұзылысы бар балалар тобы, в) сөйлеу бұзылысы бар балалар тобы. Топтық деңгейде сабақты өткізу үшін емдік дене шынықтырудың нұсқаушыларын, логопедтерді, стоматологиялық емханалар мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің медбикелерін, кіші мектептің мұғалімдерін тартады.

Миогимнастиканың әрбір сабағы мен курсының мазмұны және құрылымы тұтас алғанда мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың негізгі ережелеріне сәйкес келуі қажет:

  • көрнекілік («өзіне» жаттығуларды көрсету);

  • қол жетерлік (бала жасына бірдей ауырлықта жаттығуларды таңдау, ойын түрінде түсіндіру);

  • біртіндеушілік (жаттығулар ауырлығын және күштің қарқындылығын біртіндеп жоғарылату);

  • жүйелілік (3 айдан төмен емес жалғасатын ұсынылған курс мерзімінде жаттығулардың толық жиынтығын күнделікті орындау)

Сабақтың музыкалық сүйемелденуі физикалық жаттығудың әсерін жоғарылатады және шаршаудың басталуын алшақтатады қашықтатадыалыстатад

Сабақ үш бөлімнен тұрады: ! – кіріспе, ІІ – негізгі, ІІІ – қорытынды.

Кіріспе бөліміемдік-гимнастикалық жаттығуларды келесі орындауға баланы дайындау үшін тағайындалады: балаларды жұмылдыру, олардың назарын ұйымдастыру. Кіріпе бөлімі ойын жаттығуларынан («қояндар секіреді», «құстар қанаттарымен қағады») және толық кеуделік және құрсақтық тыныс алуды жаттықтыру үшін жаттығулардан тұрады.

Негізгі бөлімдежақ-бет аймағының қандай да бір бұлшықеттер тобын жаттықтыру үшін жаттығулар орындалады. Қарқынды, күрделі жаттығулар қарапайым ойын тапсырмаларымен кезектесуі қажет.

Сабақтың қорытынды бөлімігимнастикадан балалардың басқа сабақтарына біртіндеп өтуін қамтамасыз ету үшін тағайындалады. Бұл бөлімде тыныс алу және ойын жаттығуларын орындайды.

222