Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Стоматологиялық алдын-алу қабылдауында ең қауіпті инфекциялар

Ауру

Тасымалдаушы

Орта, берілу тәсілі

Вирустар

В гепатиті

HBV

Қан

С гепатиті

HCV

Қан

D гепатиті

HDV

Қан

E, F гепатиттері

Қан

ЖИТС

АИВ

Қан, сілекей (?)

соның ішінде ауыз қуысында көбірек

Ұшықты стоматит,

Herpes labialis

Herpes simplex

Тері, АҚКҚ, сілекей, қан

Белдеме теміреткі

жел шешек

Herpes zoster

Тері, АҚКҚ, сілекей, қан

Герпангина

Coxaki A

Тері, АҚКҚ, сілекей, қан

Инфекциялық мононуклеоз

Эпштейн-Барр

Тері, АҚКҚ, сілекей, қан

Бактериялар (көзі – аурудың оральды белгілері бар науқастар

Мерез

Treponema pallidum

Тері, АҚКҚ, сілекей, қан (тікелей қатынас жолымен)

Гонорея

Neisseria gonorrhoeae

Тері, АҚКҚ, сілекей, қан

Туберкулез

Mycobacterium tuberculosis

Ауа-тамшылы, алиментарлы, қатынасты (қан, сілекей, тері, АҚКҚ) жолдары

Санитарлы тәртіп дезинфекция мен залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістері мен заттарын қолданумен ұйымдастырушы шаралардың көмегімен персоналдың, науқастың, қоршаған ортаның инфекцияға қарсы қорғанышын жорамалдайды.

Бет пен қолдың терісі, ауыз қуысының кілегей қабығы, аыз сұйықтығы және науқастың тіс жұғындылары, жөтелу және түшкіру кезінде шығарылатын мұрынжұтқыншақты секреттің аэрозолі патогенді инфекцияның потенциальды резервуарлары болып табылады. Өзін қорғай отыра, медициналық қызметкерлер жарамен және тінмен, қанмен, секреторлы және экскреторлы бөліністермен немесе осы биологиялық субстраттармен ластанған заттармен тікелей қатынастан құтылуға мүмкіндік беретін қорғанудың жеке заттарын қолданылуы қажет. Манипуляцияларды орындау кезінде медициналық қызметкерде халат, бас киім болуы қажет. Бетті және көздің, мұрынның және ауыздың кілегейін қорғанышы үшін қорғаныш көзілдіріктер және маскалар (төрт қабатты дәкелі маска жаңаға әрбір 3 сағат сайын ауыстырылады немесе таза жуылған және үтіктелген; бір реттік маска алты сағат мерзімінде қолданылады) немесе бүкіл бетті жауып тұратын пластикалық экрандар қолданылады. Қолдың терісі қолғаппен қорғалады, киюден бұрын бар микрожарақаттарды пластырьмен жабу қажет және

АИВ-инфекциясы таралуының өсуіне байланысты терінің, кілегей қабықтың кез келген зақымдалуы, олардың медициналық көмек көрсету кезінде науқастың биологиялық заттарымен ластануы құрамында АИВ немесе инфекциялық аурудың басқа агенті бар материалмен мүмкін болатын қатынас ретінде қарастыру қажет. Сондықтан зақымдалған тері немесе кілегей қабықтың науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қатынасының әрбір жағдайында бірқатар сақтық шараларын қолдану қажет.

  • Мұрынның кілегей қабығына қан немесе сілекей түскен кезде 20-30% альбуцид ерітіндісін (сульфацил-натрий) тамызу; көзге биоматериалдар түскен кезде - көзді сумен жуып (таза қолмен), 20-30% альбуцид ерітіндісін тамызу.

  • Ауыз қуысы кілегей қабығына биологиялық сұйықтық түскен кезде - ауызды 70% спиртпен шаю.

  • Дәрігер қолының зақымдалмаған терісіне (қолғап) биологиялық сұйықтық түскен кезде:

  1. теріні дезинфектанттардың бірімен өңдеу қажет (70% спирт, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі);

  2. қолды ағын судың астында сабынмен жуу қажет;

  3. теріні қайта 70% спиртпен өңдеу қажет.

  • Егер биологиялық сұйықтықпен қатынас тері жамылғысының тұтастығының бұзылуымен болса (шаншу, кесу), онда зақымданған адам:

  1. жұмысшы бетін ішке қаратып қолғапты шешу қажет;

  2. жарадан қанды

  3. зақымдалған орынды дезинфектанттардың бірімен өңдеу қажет (70% спирт, кесілген кезде 5% йод тұнбасы, шаншу кезінде 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі); қолды ағын судың астында сабынмен жуу қажет;

  4. теріні қайта 70% спиртпен өңдеу қажет

  5. жараны лейкопластырмен қорғап, қолға арналғанды кию, жұмысты жалғастыру қажеттілігі кезінде жаңа қолғап кию қажет.

  • Егер науқастың биоматериалы персоналдың киіміне түссе, онда оны дезинфектанттардың біріне (матаны ірітетін 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі мен бейтарап кальций гидрохлоридінен басқа). Ластану орнының астындағы қолдың және дененің басқа бөліктерінің терісі 70% спиртпен өңделеді, сумен жуылады, содан кейін қайтадан спиртпен өңделеді.

  • Қызметкердің ауыз қуысы кілегей қабығына немесе ауқымды жаралы беткейге көп мөлшерде қанның немесе биологиялық материалдардың түсуімен байланысты апаттық жағдайлар апатты тіркеу журналына тіркелуі қажет. Көрсетіледі:

Зақымданған адамның аты-жөні, апат күні және уақыты, апат кезінде орындалған жұмыс түрі, апаттың сипатын баяндау, мүмкін жұғу көзін бейнелеу және оны АИВ-ке тексеру. Осы және басқа да мәліметтер негізінде медициналық қызметкерде АИВ анықталған жағдайда, жұғу кәсіби болып табылады ма сол шешіледі. Болған апат және жүргізілген шаралар туралы мекеменің бастығына хабарланады. Медициналық қызметкердің АИВ-инфекцияға тексеру нәтижелері қатаң болып табылады. Бірінші тексеру апаттан кейін бірден жүргізіледі. Оң нәтиже қызметкердің бұрын инфицирленгенін дәлелдейді және жұғу апаттың нәтижесінде емес, яғни кәсіби емес болып табылады. Теріс нәтиже кезінде қайта тексеру 6 айдан кейін жүргізіледі.

Науқасты қызметкер жағынан инфирцирленуінен қорғау мекеменің барлық медициналық қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тұрақты бақылаумен қамтамасыз етіледі. Дәрігерлер және орташа медициналық қызметкер жұмысқа алынғанда медициналық кітапша алады, онда келесі ақпарат үнемі көрсетіледі: дифтерияға қарсы егулер болуы; вирусты гепатитке қарсы егулер болуы; жыл сайынғы флюорографиялық тексеру нәтижелері; HBS-қа қанның тексеру нәтижелері (жарты жыл сайын өткізіледі). Инфекция таралуын алдын-алу үшін дәрігер сау емес кезінде аурулық қағаз алуы қажет. Даладан, үйден және басқа мекемелерден инфекцияның тасымалдануын алдын-алу үшін медициналық қызметкер ластануына байланысты ауыстыратын екінші аяқ-киімді және арнайы киімді (халаттар, костюмдер) қолдануы қажет.

Науқас дәрігердің терілік микрофлорасынан, оның ауыз- және мұрын-жұтқыншақты секреттерінен қолғаппен, маскамен, қорғаныш экранмен қорғанады, қызметкер олармен жабдықталуы қажет.

Келесі науқасты және келесі зонаны алдыңғы науқастың инфекциясынан қорғау қолданылған құралдардың, материалдардың дезинфекциясы және залалсыздандыруы бойынша шараларды жүргізу жолымен қол жетіледі.

Дезинфекция бактерия спораларының мүмкін сақталуы кезінде патогенді ағзаларды жою болып табылады. Химиялық дезинфекция В гепатиті мен ЖИТС қоздырғыштарын толық жоюды қамтамасыз етпейді. Дезинфекциялық агенттерді жиі жұмысшы беткейлерді, қондырғыларды және кабинеттің мебелін өңдеу үшін қолданылады. Қанмен және кілегеймен жанасқан құралдар міндетті түрде залалсыздандыруға ұшырайды. Залалсыздандыру ең төзімді бактерия спораларын қоса барлық микроағзаларды толық жою болып табылады. Қуыс денелі және бірнеше бөліктерден тұратын құралдарды өңдеуге ерекше көңіл аударылу қажет.

Қазіргі кезде залалсыздандыруды өткізудің бірнеше әдістері тиімді болып табылады: автоклавтау (құралдардың 3-15 мин мерзімінде жоғары қысымның астында болатын ыстық бумен өңделуі); салқын химиялық залалсыздандыру (құралдарды 7-12 сағатқа бактерия спораларын өлтіретін химиялық заттардың ерітінділеріне салу); химиялық бумен залалсыздандыру (бу түрінде залалсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен герметикалық жабық камерада жүргізіледі); улы газдармен залалсыздандыру (этилен тотығының, формальдегидтің төмен температуралы булары қолданылады); құрғақ бумен залалсыздандыру (155-1750С температура кезінде 20-120 мин мерзімінде ұстау); қыздырылған болат немесе шынылы шариктердің көмегімен залалсыздандыру.

Залалсыздандыру сапасын немесе орындау тәртібін бақылау үшін бірқатар индикаторлар қолданылады: биологиялық индикаторлар немесе себулер (микроағзалардың толық жойылуы туралы ақпарат береді); химиялық индикаторлар (объекттің индикатор жағдайын өзгерту, сонымен қатар залалсыздандыруға жету үшін бірдей мөлшерде қажетті физикалық жағдайлар әсеріне ұшырағанын дәлелдейді); механикалық және термиялық индикаторлар (залалсыздандыратын факторлардың – қысымның температурасы және т.б. жағдайын тіркейтін өлшеу аспаптары).

Стоматологиялық құралдарды өңдеу реттілігі

Қолданылған стоматологиялық құралдар мен материалдар әрбір науқасты қабылдағаннан кейін залалсыздандыруға ұшырайды.

Егер құралдар мен материалдар бір реттік болып табылса, олардың пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Мақталы тампондар, пластмассалы сілекей сорғыштар және т.б. қалалық қоқыс тастайтын жерге жіберілгеннен бұрын, оларды 1 сағатқа 1% хлорамин ерітіндісіне, немесе 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне, немесе 3% хлорлы әк ерітіндісіне, немесе 30 минутқа инкрасепт ерітіндісіне сала отырып, дезинфекциялау қажет.

Бормашиналардың, бос қалған жердің, ауалы және сулы пистолеттердің, тіс жұғындыларын алуға арналған ультрадыбыс құралдарының ұштықтары әрбір науқастан кейін екі рет 70% спиртпен өңделеді және кезектің соңында 60 мин. мерзімінде 3% хлораминмен немесе 30 мин. мерзімінде инкрасепт ерітіндісімен өңделуге ұшырайды.

Науқастың кілегей қабығымен жанасқан және биологиялық сұйықтықтармен ластанған (стоматологиялық қол құралдары, шынылар, айналар, борлар) құрылғылар және қолғап қолданғаннан кейін бірден дезинфекцияға ұшырайды, содан кейін залалсыздандыруалды өңдеуден және залалсыздандырудан өтеді.

Дезинфекция қолданылған құралдарды инкрасепт ерітіндісі бар сыйымдылықтарға 30 минутқа толық салу жолымен жүргізіледі (сонымен қатар 60 мин. мерзімінде 3% хлорамин, немесе 60 мин. мерзімінде 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, немесе 10 мин. мерзімінде 2% виркон ерітіндісі, немесе 15 мин. мерзімінде сайдекс ерітіндісі, немесе 60 мин. мерзімінде 0,1% хлосепт ерітіндісі қолданылуы мүмкін). Дезинфекциялық ерітінді алты рет қолданылады, содан кейін ауыстырылады.

Одан әрі құралдар залалсыздандыруалды өңделуден өтеді: 1) құралдарды инкрасепт ерітіндісі бар басқа сыйымдылыққа t=20-450 салады, мұнда әрбір құралды щеткамен 15 с. мерзімінде жуады; 2) құралдарды ағын сумен жуады; 3) дистилденген сумен шаяды; 4) тазару сапасын тексереді: қаннан – азапиран сынамасымен (оң сынама кезінде барлық залалсыздандыруалды өңдеуді қайталайды); сілтіден – фенолфталеин сынамасымен (оң сынама кезінде 2 және 3 қайталайды); 5) құралдарды құрғақ орамалмен сүртеді немесе ылғал жойылғанша ыстық ауамен кептіреді.

Содан кейін құралдардың залалсыздандыруын өткізеді. Шыныдан, металдан, силиконды резинадан жасалған бұйымдарды қапсыз (ашық сыйымдылықтарда) немесе қағаздан жасалған қапта құрғақ ыстық тәсілмен (құрғақ ыстық бумен) залалсыздандырады. Залалсыздандыру тәртібі: t=1800 60мин.

Полирлер, тіс жұғындыларын алуға арналған құралдардың жұмысшы бөліктері және борлар құралдар сияқты өңделеді. Стоматологиялық айналар дезинфекцияға, содан кейін – залалсыздандыруалды өңделуге (2,3 және 4) ұшырайды, кейін жоғары температура кезінде шынылы шариктермен залалсыздандырады: Петри табақшасында сақталады.

Резиналы қолғаптарды, мақталы тампондарды, полимерден, текстильден, латекстен жасалған бұйымдар бикстерде автоклавтау әдісімен екі тәртіпте залалсыздандырылады: t=1200, 1 атм. қысым 45 мин.мерзімінде немесе t=1320, 2 атм. қысым 30 мин. мерзімінде.

Герметикалық қапта (биксте, краф-қағазынан пакетте) құралдардың стерильдігінің сақталу мерзімі үш тәулікті құрайды, биксті ашқаннан кейін ондағы материал жұмыс күні мерзімінде стерильді болып табылады.

Инфекцияға жоғары қаупі бар науқастарды қабылдауды ұйымдастыру ерекшеліктері

Инфекциялық аурулары туралы бұрын белгілі науқастарды емдеу барлық қосымша процедураларды өткізуді талап етпейді. Қауіпсіздік үшін қабылдауды дұрыс ұйымдастыру қажет.

АИВ-инфицирленген немесе В гепатиті бар науқастарды қабылдауды жұмыс кезегінің соңғы сағаттарында жоспарлау қажет. Тек осы науқаспен жұмыс үшін қажет құралдар мен заттарды қалдырған жөн. Емдеу басталмастан бұрын сорып алатын құрылғыларды, беткейлерді, құралдарды өңдеу үшін дезинфекциялық заттарды дайындау қажет. Егер сорып алатын құралдар және шлангалар дайындалатын материалдар дезинфекцияға нашар ұшыраса немесе қанның шашырау мүмкіндігі болса, онда оларды қабықпен жабу қажет. Қызметкер қорғаныш киімін, масканы, көзілдірікті, қолғапты қолдану қажет. АИВ-инфицирленген науқасты қызметкерден шығатын инфекциядан қорғау үшін дәрігер мен ассистент қолдарын дезинфекциялауы және стерильді қолғапты қолдануы міндетті.

Қабылдау кезінде өткір құралдармен кездейсоқ түйрелуден сақтану қажет. Қажет жағдайда құралдарды, дәрілерді және т.б. беріп тұру үшін екінші ассистентті шақыру керек. Құрылғыларға және құралдарға қанның түсуі кезінде оларды бірден дезинфектанттың көмегімен мұқият тазарту керек.

Қабылдаудан кейін дәрігер мен ассистент қолғапты, бір реттік масканы шешеді және оларды қоқымға арналған қапқа лақтырады. Дәрігер халатын шешеді, ассистент оны кір жууға арналған сыйымдылыққа салады. Міндетті түрде қолдың гигиеналық дезинфекциясы жүргізіледі. Науқас қолданылған маталы салфеткалар жууға жіберіледі. Түкіргіштен барлық қоқыстарды және құрылғылардан қорғаныш қабықтарды қоқымға арналған арнайы қаптарға салады. Медбике жаңа қолғапты киеді және барлық жұмысшы құралдарғы гигиеналық күтім жүргізеді. Арнайы қысқыштар көмегімен қолданылған құралдарды дезинфекциялық сыйымдылыққа салады, бұл кезде кескіш және тікенекті заттар бөлек бір реттік сыйымдылыққа салынады. Ұштықтарды спиртпен дезинфекциялайды, содан кейін арнайы майлы аэрозольдің көмегімен олардың ішкі тазартуын жүргізеді. Ең соңында қондырғыларды автоклавтайды немесе олардың ішкі бөліктерінің басқа тиімді дезинфекциясын жүргізеді. Сорып алатын құрылғыларды дезинфекциялық заттардың көмегімен тазартады. Барлық беткейлердің мұқият дезинфекциясын жүргізеді, еден жуылады. Содан кейін медбике халатын, маскасын шешеді және оларды кір жууға арналған қаптарға салады, қолғабын қоқымға арналған қапқа лақтырады, қолының дезинфекциясын жүргізеді.