Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Pfri шкаласын бағалау

Балл

Ластанған беткейлер үлесі, %

Қақтың түзілу жылдамдығы

1

1-10

Өте төмен

2

11-20

Төмен

3

21-30

Біркелкі

4

31-40

Жоғары

5

40

Өте жоғары

Тіс жұғындыларының кариесогенді қасиеттерін сапалық бағалау

Ауыз сұйықтығының микрофлорасын және тіс жұғындыларын зерттеу олардың кариесогенділігінің толық және нақты сипаттамасын беруге және тіс жегісі даму қаупінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Ауыз сұйықтығының микрофлорасы

Ауыз сұйықтығы микрофлораның және тағам қалдықтарының резервуары болып табылады, олардан тіс жұғындылары қалыптасады; тіс жұғындылары мен ауыз сұйықтығында микроағзалардың сандары арасында тығыз корреляция анықталды. Осыны, сонымен қатар ауыз сұйықтығы – тіс қағына қарағанда зерттеу үшін қолжетімді материал екенін ескере отырып, клиникалық тәжірибеде жиі сілекейдегі микроағзалар құрамын зерттейді және зерттеу нәтижелері бойынша тіс жұғындыларының сапасы туралы жаңа түрде баға беріледі.

1. Spreptococcus mutans концентрациясын бактериологиялық анықтау. Ауыз сұйықтығын (3-5 мл) пробиркаға жинап, лабораторияға жібереді. Материалды сумен араластырып, селективті ортаға себеді, оны инкубациялайды. Сілекейдің 1 мл өсіп шыққан колониялар санын ескереді. Нәтижені КТБ – колония түзуші бірлікпен есептеліп, стрептококктардың индексі деп аталады. 2105 КТБ/мл-ден артық индекс шамасы тіс жегісі даму қаупінің факторы ретінде қарастырылады.

2. Lactobacillus концентрациясын бактериологиялық анықтау. Әдістің техникалық орындалуы S.mutans анықтаудан колонияларды өсіруге селективті шарттарымен ерекшеленеді. Лактобацилл индексі 1106 КТБ/мл жоғары болса, тіс жегісі даму қаупі едәуір екенінен қорытынды жасайды. Lactobacillus индексінің шамасы тәттіні қолдану деңгейі және КПЖС–мен өзара байланыстырады, бірақ гигиена индексі бойынша анықталатын тіс жұғындыларының санымен сәйкес келмейді.

3. Батырылған әйнектер әдісімен Spreptococcus mutans концентрациясын анықтау. Ауыз сұйықтығын жинау, тасымалдау, материалдық инкубация жағдайы және ортаны таңдау осы сатыларды жеңілдету үшін соңғы 30 жылда далалық жағдайда қолдануға болатын бактериологиялық тест–жүйесі жүргізіледі. Тест– жүйесі селективті қоректік ортамен толтырылған (құрамында S.mutans және S.sobrinus басқа осы ортада өсуге қабілетті барлық басқа оральды микроағзалардың өсуін тежейтін антибиотик бацитрацин бар), оның қақпағына кішкене пластиналы әйнек шпатель қондырылған флакон болып табылады. Материальды жинау үшін шпательді тіластына орналастыру жеткілікті, өйткені S.mutans кез келген жазық беткейге тез бекиді. Флаконды тығыз жабады, бұл кезде шпатель қоректік ортаға түседі. Флаконды термостатта 4 тәулік бойына инкубациялағаннан кейін шпательде өсіп шыққан колониялардың санын (тығыздығын) зерттейді. Өзінің материалын калибрлі бактериологиялық зерттеулер барысында тест–жүйесінің шығарушыларымен алынған КТБ/мл=1103; 1104; 1105; 1106 сәйкес келетін шаблондар– фотосуреттермен көзбен салыстыра отырып, бағалауды жүргізеді. КТБ/мл=105 кезінде тіс жегісінің жоғары қаупін анықтайды (сур. 5.12).

Сур. 5.12. Стрептококктар сандарының идентификациясы үшін шкала.

Сур. 5.13. Lactobacillus–тест.

4. Батырылған әйнектер тәсілімен ауыз сұйықтығындағы Lactobacillus концентрациясын анықтау. Тест–жүйе флаконнан және оған орналастырылып селективті ортамен жабылған шпательден (заттық әйнек) тұрады. Шпательдің беткейіне жаңа жиналған реттелген сілекейді құяды (шпательдің беткейінде сілекейдің 1 мл қалады деп есептейді), оны бос флаконға орналастырып, 2 тәулік бойы инкубациялайды (сур. 5.13). Нәтижелерін стрептококктар санын анықтағандай суреттер–шаблондар көмегімен бағалайды.

5. Лактобактериялар титрі. Материальды (ауыз сұйықтығын) тамақтанғаннан соң 1-3 сағаттан кейін жинайды. Бактериологиялық лабораторияда ауыз сұйықтығын біртіндеп он шақты рет 7-9 реттілікпен (10-9) араластырады, әрбір «ерітіндіні» қоректік ортасы бар бөлек флаконға сеуіп тастайды. Лактобациллалардың өсіп шыққан ең көп ерітіндінің логарифмдік көрсеткіші титр деп аталады. Титрі 10-4 жоғарылаған болса, сәйкес тіс жегісінің даму қаупі жоғары деп есептейді.

Тіс жұғындыларының микрофлорасы

  1. Тіс қағының түзілу жылдамдығын анықтау. Әдісті әртүрлі адамдардағы тіс жегісінің қаупін салыстырмалы зерттеу үшін қолданады. Ережеге сәйкес, қақ стандартты аймақта 48 сағат мерзімінде жиналады: немесе тістің беткейінде, немесе ауызда лигатуралар, кішкене алмалы протездер көмегімен бекітілетін арнайы тістегі пластинкаларда. Қақтың түзілу жылдамдығы бойынша тіс жегісінің болжамы бір мағыналы емес: тіс жегісінің даму қаупі қақтың массасына тура пропорционал деген пікір бар, бірақ мұнымен барлық зерттеушілер келіспейді.

  2. Қақтағы Spreptococcus mutans концентрациясын анықтау. Бактериологиялық әдістермен S.mutans бөле отырып және содан кейін қақ массасының КТБ/мг есептей отырып, 48 сағаттық қақты зерттейді. 1105 КТБ/мг аспайтын концентрация тіс жегісі дамуының жоғары қаупіне сәйкес келеді деген пікір бар.

  3. Тіс қағының ферментативті белсенділігін анықтау.

А. Микробты фосфатаза және гиалуронидазаның концентрациясын анықтау. Қақта бұл ферменттер жиынтықты-, сурет-, колориметриялық әдістер немесе спектрофотометрия көмегімен анықталады. Қақтағы бұл ферменттер концентрациясы қаншалықты жоғары болса, тіс қағына жабысып тұрған тіндердің бұзылу қаупі соншалықты жоғары деп есептейді.

Б. Тіс жұғындыларындағы гликолиздің қарқындылығын Хардвик рН әдісінің өзгерісімен анықтау (1952 ж.). Тамақтанғаннан 1 сағаттан кейін метилен қызыл (0,1%) индикаторы көмегімен қақтың рН анықтайды (рН= 4,4-6,0 кезінде индикатор қызыл, рН6 кезінде сары түсті көрсетеді). Содан кейін ауызды глюкозаның 1% ерітіндісімен шаяды, осы арқылы қақты гликолиз үшін субстрат болуын қамтамасыз етеді. Екі минуттық шаюдан кейін индикаторды қайтадан тіске жағады және қақтың рН белгілейді: егер индикатор қызыл болса, яғни қақта гликолиз белсенді жүріп жатыр деген сөз, бұл эмальдің деимнерализациясының жоғары қаупіне сәйкес келеді.

В. Тіс жұғындылары рН-ның потенциометриясы. Гликоз нәтижесінде қақтағы Рн өзгерісі қақ денесіне орналастырылған микроэлектродтар көмегімен тіркеуге болады. Сәйкес прибормен тіркелетін, гликоз барысында өзгеретін потенциалдардың түрлілігі қақтың кариесогенді қабілетіне сандық баға бере алады.

Г. Тіс қағының жаңа үлгі – апатит ұнтағының еру жылдамдығын анықтау. Әдіс апатит ұнтағын араластырғанға дейін және одан кейінгі дене температурасында 4 сағат бойы инкубациялағанд тіс қағындағы кальций концентрациясының өзгерісін өлшеуге негізделген. Оның эмальды еріту қақ потенциялы қаншалықты жоғары болса, қақтағы кальций массасының өсуі соншалықты жоғары.