Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга профилактика.doc
Скачиваний:
330
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Гипосаливациның себептері

І. Ағзада судың жетіспеушілігі

ІІ. Бездердің гипофункциясы

А. Бүйректен тыс табиғатты дегидратация:

суды қабылдауды қысқарту (гипоталамустың патологиясы);

лихорадка, қарқынды күш кезінде тері арқылы суды жоғалту;

қан жоғалту;

диарея;

гипервентиляция

А. Сілекей бездерінің зақымдануы:

радиологиялық (терапиялық немесе техногенді) әсер;

аутоиммунды аурулар (Шегрен, трансплантациялық ауру, ревматоидты артрат, жүйелі жегі, саркоидоз);

АИВ-инфекция;

Қарттық

Б. Бүйрек табиғатты дегидратация (полиурия):

психогенді немесе ятрогенді факторлармен байланысты судың артық түсуіне жауап;

диуретикалық препараттардың әсері;

зәрдің концентрациясына бүйректің қабілетсіздігі;

жоғары осмотикалық диурез;

зәр айдағыш дәрілердің әсері

Б. Сілекей бездері қызметінің нервті реттелуге әсері:

медикаментозды (антихолинэргиялық -блокаторлар, қалтырауға қарсы, психикаға қарсы, наркотикалық анальгетиктер);

ганглионарлы нейропатия;

Альцгеймер ауруы;

депрессия;

бездердің нервті талшықтарының жарақаты;

шайнау қызметінің төмендеуі

Сілекейдің тіс жегісі протективті қасиетінің төмендеуімен науқастарға ұсыныстар

Сілекей бездерінің резервті мүмкіншілік жағдайына байланысты әсер етудің бірнеше варианттарын ұсынады:

  1. сілекей бөлінудің жергілікті немесе жүйелі реттелуі;

  2. орынбасушы терапия.

Сілекей бөлінудің жергілікті реттелуі

Сілекей бездерінің сақталған (қандай да бір дәрежеде) функциональды мүмкіншіліктері кезінде олардың реттелуіне кеңес береді. Нейрорегуляция тілдің дәм рецепторларының, периодонттың механорецепторларының және шайнау бұлшықеттерінің тітіркендіруіне сілекей бездерінің тез рефлекторлы жауапты реакциясын қамтамасыз ететіндіктен - реттелген сілекейдің бөлінуіне әкелетін басты жергілікті фактор шайнау болып табылады. Шайнау үшін тағам азықтарын (егер эмальдың қорғанышы туралы ойласа, онда сілтілі реакциямен тағамдар, мысалы ірімшік), сонымен қатар тағамдық емес (парафин) немесе олардың қосылысын (шайнау резенкесі) қолданылады. Бұдан басқа, сілекей айдайтын әсерді қатты заттарды сору кезінде (жалбыз мұз кәмпиттері, қара өрік сүйегі) және қышқыл ерітінділермен шаю кезінде алуға болады. Бірақ жергілікті шаралар әсері ұзақ жалғампайды, сондықтан оларды жиі қайталап отыру қажет. Қышқыл тағамдарды қолдану ауыз қуысы кілегей қабығының тітіркенуіне және тістердің жегілік емес зақымдануларының дамуына, қант құрамды стимуляторлар – тіс жегісінің дамуына әкеледі. Сондықтан сілекей бөлінудің жергілікті реттелуі үшін сумен шаю және қант ауыстырушысы бар шайнау резенкелерін шайнау оптимальды таңдау болып табылады.

Сілекей бөлінудің жүйелі реттелуі

Сілекей бөлінуді фармакологиялық бақылау сілекей бөліну жылдамдығы және сілекейдің тұтқырлығы вегетативті жүйенің белсенділігімен анықталатын мәліметтерге негізделген: парасимпатикалық жүйе төмен тұтқырлықпен сілекейдің көп мөлшерде өнімін қамтамасы етеді, ал симпатикалық керісінше сілекей бөлінуін шектейді, сілекейді жеткіліксіз және тұтқыр етеді. Сілекей бөлінудің негізгі стимуляторы парасимпатомиметик пилокарпин (пилокарпин гидрохлориді) болып табылады. Бұл препарат шеткі м-холинорецепторларды қоздырады және осылайша бронхиальды, тағамдық және сілекей бездері секрециясының күрт күшеюін тудырады. Сілекей бөлінуге оң әсерді иммуностимулятор-препараттары: метилурацил, калий оротаты көрсетеді.

Сілекей тұтқырлығының төмендеуі жиі қақырықты сұйылту үшін қолданылатын препараттармен қол жетуі мүмкін: андыз тамырының қайнатпасы, өгейшөп жапырақтарының, термопсистің, бромгексединнің тұнбасы.

Гипосаливацияның компенсаторлы терапиясы

Гипосаливация кезінде микробқа қарсы және буферлі қорғанышының жетіспеушілігіне байланысты тіс жұғындыларын бақылау үшін антисептикалық препараттарды белсенді тағайындайды, жұғындылардың механикалық алынуына көп назар аударады. Сілекейдің минерализациялық қызметін ұстап тұру үшін құрамында кальций, фосфор және фтор қосылыстары бар препараттарды жүйелі және жергілікті қолдану ұсынылады.

Сілекей бездерінің функциональды мүмкіншіліктерінің айқын төмендеуі жағдайында ауыз қуысын әртүрлі сілекейді ауыстыратындармен шаю ұсынылады. «Жасанды» сілекейдің әртүрлі варианттары шығарылды – жануар текті муциндер негізіндегі препараттар немесе карбоксиметилцеллюлоза. Бұл препараттар көбінесе сілекейге қарағанда тұтқырлау, сондықтан науқастар жиі қарапайым суды немесе мұздың кішкентай кесектерің қалайды. Мұндай ауыстыратындар тағам қабылдау мен сөйлеу кезінде ыңғайсыздықты төмендетуге мүмкіндік бере отырып, тіс жегісінен толық қорғанышты қамтамасыз ете алмайды.