- •І тарау. Медицинаның аймағы ретінде стоматологиялық ауруларды алдын-алу
- •Іі тарау. Ересектер мен балалардың стоматологиялық ауруларын біріншілік алдын-алуда санитарлы ағарту мен тәрбиелеу
- •Өмір салты және стоматологиялық денсаулық
- •Тұрғындардың субъективті стоматологиялық қажеттіліктерінің деңгейлері
- •1. Проблеманың
- •2. Проблеманың пайда болу себептерін және оны жоюдың принципті мүмкіншіліктерін бейнелеу
- •3. Алдын-алудың нақты әдістерін бейнелеу (демонстрация), тренинг
- •Ііі тарау. Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алудың шараларын өткізу үшін жұмыс орнын ұйымдастыру
- •Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы
- •Стоматологиялық алдын-алу қабылдауында ең қауіпті инфекциялар
- •IV тарау. Алдын-алу қабылдауында стоматологиялық тексеру
- •Уақытша және тұрақты тістердің шартты сандары
- •Тістер жағдайының шартты белгілері
- •5 Тарау. Тіс жегісін біріншілік алдын-алу
- •5.1. Тіс жегісінің этиологиясы мен патогенезінің теориялары. Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі бағыттары
- •5.2. Тіс жегісінің статистикасы
- •Тіс жегісімен аурушаңдылықты бағалау көрсеткіштері (ддұ бойынша)
- •«К», «п» және «ж» категориясында тіс сауыттарының қосылу ережелері
- •Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы
- •Кид мәндері бойынша тіс жегісі белсенділігін бағалау
- •Әртүрлі жас топтарында кпжс (кпжскпжс, кпжс) әр түрлі мәндері кезінде тіс жегісінің белсенділігі
- •5.3. Тіс жұғындылары тіс жегісінің этиологиялық факторы ретінде
- •5.3.1. Кариесогенді тіс жұғындыларының құрамы, құрылымы, түзілу механизмдері және биохимиясы
- •5.3.2. Тіс жегісін алдын–алуда тіс жұғындыларын сандық және сапалық бағалау
- •Тіс жұғындыларын анықтау тәсілдері
- •Pfri шкаласын бағалау
- •5.3.3. Қызылиектүстілік жұмсақ тіс жұғындыларының қалыптасуын сақтандыру әдістері, химио алдын-алу мен химиотерапия
- •5.3.4. Тамақтану тіс жұғындыларының белсенділігін және тістің қатты тіндерінің жағдайын анықтайтын жергілікті факторы ретінде
- •Арасында тағамдану үшін жиі қолданылатын тағамдардың кариесогенділігі
- •Стефан тәжірибесінде әртүрлі тағамдардың кариесогендігі
- •Қантты қолдану жиілігі мен тәуліктік мөлшеріне диета кариесогенділігінің салыстырмалы байланысы
- •Жемістер мен көкөністерде қанттың құрамы
- •5.3.5. Жұмсақ тіс жұғындыларын механикалық бақылау: ауыз қуысы гигиенасының бұйымдары мен заттары, гигиеналық оқыту.
- •Полимерлі қылдың қаттылығы
- •Щеткалар қаттылығының сипаттамасы
- •5.4. Тіс жегісіне резистенттілік
- •5.4.1. Тіс жегісіне резистенттілік қалыптасуының табиғи жағдайлары
- •Тістер тіндерінің қалыптасу мерзімдері
- •Тістердің тіс жегісі резистенттілігі қалыптасуының критикалық кезеңдері
- •Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау
- •5.4.2. Тістер жегісінің жүйелі алдын алу әдістерімен жегіге резистенттілікті қалыптастыру және ұстану жағдайларын оптимизациялау мүмкіндіктері.
- •Кальцийдің жоғары құрамы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі
- •Фторидтің тәуліктік түсуінің консервативті деңгейлері
- •Ауыз қуысы сілекейінің құрамы мен қызметі
- •Тыныштық кезінде және стимуляцияланған сілекейдің негізгі мінездемесі
- •Гипосаливациның себептері
- •5.4.4. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері
- •Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын зерттеу әдістері
- •5.4.5. Тіс жегісіне тұрақтылықты ұстап тұру және қалыптастыру үшін жергілікті алдын-алу заттарын қолдану
- •Фторқұрамды сықпаларды қолдану бойынша Еуропа Ассоциациясы балалар стоматологтарының ұсынымдары
- •5.5. Тіс жегісін алдын-алуда тістердің шұңқырлары мен фиссураларының герметизациясы
- •Фиссуралар мен шұңқырлардың мүмкін формалары
- •Тістердің шұңқырлары мен фиссураларында тіс жегісін біріншілік алдын-алудың бағыттары және қауіп факторлары
- •1. Жағдайды бағалау. Стратегияны анықтау
- •Шұңқырлар мен фиссуралар аймағындағы тіндер жағдайын зерттеу
- •2. Герметизацияға тістің алдын-ала дайындығы
- •Өңделген жегі қуысына сәйкес шұңқырлар мен фиссураларды толтыру технологиясының нұсқалары
- •3. Силанттың аппликациясы
- •4. Герметизация сапасын бақылау
- •5. Флюоризация
- •6. Герметиктермен жабылған тістердің жағдайын бақылау
- •Герметик жағдайының нұсқалары
- •7. Фиссуралар мен шұңқырлардың герметизациясының клиникалық тиімділігін зерттеу
- •VI тарау. Периодонт ауруларын біріншілік алдын-алудың принциптері
- •6.1. Периодонт ауруларының этиологиясы мен патогенезі, алдын-алудың негізгі бағыттары
- •Периодонтопатогенді микроағзалар
- •Периодонт патологиясын біріншілік алдын-алудың принципиальды сызбасы
- •6.2. Периодонт жағдайын клиникалық және эпидемиологиялық бағалаудың әдістері
- •6.3. Периодонт ауруларын алдын-алуда ауыз қуысының гигиенасы
- •VII тарау. Тістесу патологиясын біріншілік алдын-алу
- •7.1. Әр түрлі жас топтарында жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыпты жағдайы. Тістесу жағдайының индексті бағалауы
- •Dai индексі
- •Патологиялық тістесу қалыптасуының қауіп-қатер факторларымен басқару принциптері
- •7.3. Тістесу патологиясын алдын-алуда миогимнастика: мақсаттары, әсер ету механизмдері, әдістері, сабақтарды ұйымдастыру
- •Мектепке дейінгі жастағы балаларда жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің қалыпты физиологиялық төзімділігі
- •Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесіне байланысты миогимнастиканы орындау кезінде күш
Тіс жегісі қарқындылығының салыстырмалы бағалау шкаласы
12 жастағы балалардың КПЖС |
Тіс жегісінің қарқындылығы |
34 – 44 жастағы КПЖС |
0,0 – 1,1 |
Өте төмен |
0,2 – 1,5 |
1,2 – 2,6 |
Төмен |
1,6 – 6,2 |
2,7 – 4,4 |
Орташа |
6,3 – 12,7 |
4,5 – 6,5 |
Жоғары |
12,8 – 16,2 |
≥ 6,6 |
Өте жоғары |
≥ 16,3 |
1981 ж. ДДҰ мынадай мақсат қойды: 12 жасар балаларда КПЖ =3 –ке дейін тіс жегісінің қарқындылығын төмендету. Бірақ барлық популяциядағы тістердің тіс жегісінің қарқындылығының төмендеуі популяцияның бір бөлігіндегі тіс жегісінің жоғары қарқындылығын жоққа шығармайды. Соңғы жылдары «стомотологиялық тепе–теңсіздік» анық байқалады: тұрғындардың едәуір бөлігі тіс жегісі жоқ болған кезде, азшылық популяцияның аздау қорғалған бөлініне тіс жегісінің негізгі ауырлығы түсіп отыр. Тұрғындардың жағдайы төмен топтарындағы жағдайға назар аудару үшін, ДДҰ-ның «Денсаулық барлығы үшін» деген стратегиялық мақсатына ұмтылған Братхол 2000 ж. тіс жегісінің көрсеткіш индексін Significant Caries Index (SiC) енгізді. Бұл индекс – осы популяция үшін ең жоғарғы КПЖС индексі бар тексерілген тұрғындардың үштен бір бөлігіне есептелген орташаланған КПЖС (сур. 5.4).
SiC–ті есептеу алгоритмі:
1) барлық тексерілгендер үшін КПЖС–ны жеке есептеу;
2) КПЖС–ның ең жоғарғы мәні бар популяцияның үштен бір бөлігін бөліп алу;
3) бөлінген топ үшін орташа КПЖС-ны есептеу.
2015 ж. стоматологиялық денсаулықты жақсартуға бүкіл әлемдік жаңа мақсат қойылды: 12 жастағы балаларда SiC≤3 деңгейіне жету.
Тіс жегісінің қарқындылығының көрсеткіштері тіс жегісінің ағымының түрін (белсенділік дәрежесін) анықтауға мүмкіндік береді. Аталған жастық топ үшін (КПЖС=М) КПЖС мәнінің (КПЖС+кпжс) орташа шамаларынан аспайтын көрсеткіштер тіс жегісінің компенсирленген ағымының көрсеткіші ретінде бағаланады. Декомпенсирленген және субкомпенсирленген тіс жегісі ағымы үшін КПЖС шекараларын есептеуге, статистикалық мән σ–орташа квадраттық ауытқуды қолданады.
мұнда К=6,5
Субкопенсирленген тіс жегісі ағымының шекаралары анықталған: бұл топта КПЖС мәні М орташа мәнінен асады, бірақ М+3σ (М≤КПЖС≤М+3σ) тең мәннің шегінен шықпайды.
Тіс жегісінің декомпенсирленген ағымында КПЖС М+3σ (КПЖС≥М+3σ) мәнінен асып кетеді.
Тіс жегісінің ағымының түрі аталған адамда жегіленген үрдістің әрі қарай дамуын болжайтын сенімді болжамдық белгі болып табылады және ол алдын–алу атсалысуларының рациональды және тиімді бөлінуі үшін қажет шара болып табылады: балалардың суб- және декомпенсирленген тіс жегісінің түріне аса назар аударады.
КПЖС көрсеткіштерінің уақыты арқылы өзгеруін тіс жегісі қарқындылығының артуы ретінде анықталады. Тіс жегісі қарқындылығының артуын ∆КПЖС КПЖС индексінің бастапқы және соңғы мәндерінің арасындағы айырмашылық деп есептейді:
∆ КПЖС = КПЖС2 – КПЖС1,
мұнда КПЖС2 КПЖС1 тіркелгеннен біраз уақыттан кейін (жыл, екі және одан жоғары) тіркелген. Бұл адамда немесе топта КПЖС–ның өзгермеген құрамы уақыт өте келе өзгермеуі немесе ұлғаюы мүмкін.
Бақылау кезінде жүргізілген алдын–алу шараларының сипаты мен санына, бірқатар шарттарға байланысты өсуі жоғары немесе аздау болуы мүмкін.
КПЖС өсуі түсінігінің негізінде тіс жегісі қарқындылығының КИД деңгейін анықтайтын шкала жатыр. Жеке КИД науқастың сүрген жылдары сонымен (N) және жеке КПЖС (кпжс) ретінде есептеледі, яғни КПЖС–ның бір жылдық орташа өсуі:
9 – 19 жас аралығындағы балаларда тұрақты тістердің КИД-ті есептегенде өмірінің алғашқы 5 жылын, яғни тұрақты тістер жарып шыққанға дейінгі уақытты есепке алмайды:
Көптеген елдердің әртүрлі жас топтарындағы КИД–ін статистикалық талдау негізінде таблица құрылған, ол әрбір адамның КИД мәнінің салыстырмалы бағасын беруге мүмкіндік береді (табл. 5.4).
Таблица 5.4