Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

87. Психикалық денсаулық. Психикалық денсаулықтың өзара байланысы

Денсаулық психологиясы – ғылыми және клиникалық психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының міндеті – теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру. Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы, өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі. Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды. Психика – жоғарғы ұйымдастырылған материясын, миын, субъектісі мен объектісінің шындық формасының белсенділігін көрсетеді. 

Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға  қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.

Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады:

  • Психофизиологиясының саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады);

  • жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-әрекітінің жағдайымен, қызметімен анықталады);

  • тұлғасының саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады);

Адам психикасының әрбір деңгейінде норма мен аномалиялар көрсеткіштерінің өзіндік медициналық-психологиялық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі болатыны анық. Жағымсыз өзгерістердің бірінші деңгейде де, екінші деңгейде де, үшінші деңгейде де орын алуы мүмкін. Психофизиологиялық саулық деңгейіндегі ауытқулар орталық жүйке жүйесінде де, перифериялық жүйелерде де (мигрень, невралгия, неврит, полиневрит және т.б.) пайда болатын алуан түрлі жүйке аурулары түріне білінеді. Жеке психологиясының саулық деңгейіндегі ауытқулар  бірқатар психикалық ауруларды (қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б. қабілеттіліктерінде ауытқулар) тудырады. Тұлға саулығының деңгейіндегі ауытқулар тұлғаның өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қалыпты түрде өмір сүру бағытындағы өзгеріске (нашақорлық, ішімділік, қылмыскер және т.б.) әкеліп соғады /5/.

Психикалық аурулар мен ақыл-ой кемістігі түрлерінің бірқатары тұқым қуалайды. Баланы дүниеге әкелуді жобаламас бұрын, оның тұқымындағы психикалық аурудың орын алу-алмауын анықтау үшін медициналық-генетикалық қеңес беру пайдаланылады. Бұл белгілі бір ата-ананың ауру баланы дүниеге әкелуінің мүмкіндігін (тәуекелділігін) анықтайтын ерекше медициналық көмек түрі болып табылады.

80. Жыныстық жолмен берілетін аурулар

СПИД, (синдром приобретенного имунитет недепицита 一 адамныц

жүре бара ие болган иммундык жетіспеушшігі).

С П И Д一ағзанын қорғаныс қабілетінің әбдек әлсіреуінен

гуындайтын синдром, адам ағзасындағьі иммундық жүйені бұзатын

арнаулы вирустар болады. Олар барлық ауруларды денеге дарытпай

тұратык иммундық ж үйені жойып жіберіп отырады. СПИД адамдар

арасында кеңінен таралған дерттер қатарына мына төмендегілер

жатады:

1) Кальций саркомасы, тері қатерлі іс ігін ің 5ір түр і,

2) пневмококкті пневмония.

С П И Д -тің бірінш і басталған кезеңі Америкада болған. Бүл 1981

жылы болатын.

Сифилис. Бүл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады.

Әсіресе спирохеггер (Spiroheta) микроскоппен гана көруге болады. Сырт

піш ін і — штопырға үқсас бүральш келеді. Бұл микроб жыныс ауруынын

қандай түрі болмасын барлығык жүқтырады. Дене қызарады, жара

пайда болып кейіннен іріндейді. Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан

1 жылға дейін), дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді.

Бөргкені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды.

Бұл аурудьщ осы кездегі белгілері, бүры ты кездегілермен салыстырғаьща

мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырьищап

қалады, адамньщ басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бүл

белгілер болмауы да м үмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына

төтенше қүбылыстар тугызуы сөзсіз.

Сал ауруы (паралич),көзі көрмей соқыр болып қалуы, қүлагы

естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айрылып кетуі5

тірш іл ік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең

кең қолданылатын дөрінің бірі антибиотик — пенициллин. Ол төмендегі

сатыдағы саңьірауқүлақтардан өндіршеді (Penisellinum). Сифилис жүкті

анадан туылатын балаға тарауы сөзсіз. Ол ауру болып туады. Сүйекгері

кемтар болып дүниеге келеді.

Хламидия. Ең бір жедел түрде дамитын жыныс ауруларының бірі.

Оны табу, анықтау оңай шаруа емес. Өте қауіпті дерт. Өте кең тараған

сырқат. Оны емдеуде оңай емес. Дегенмен емдесе тез арада адам бұл

ауырудан айығып кетеді. Емдеу үшін көбінесе антибиотиктерді

қолданады.

Жыныс мүшелерінің генипталды сүйелдері (полип). Жанға онша азап

келтірмейтін дерт. Дегенмен, ауырудың қайсысы агзаға жақсы дейсін.

Негізі, гениталды сүйелдің болмағаны дұрыс, “ рухани таза болсаң,

денең де таза болады. Гениталды сүйел папиллом деп аталатын вирус

арқылы дамвды. Гениталды сүйелді дѳрігерлер тез арада жойып жіберіп

адам ағзасын сауықтырып жіберіп отырады. Сүйел арнайы

ерітінділермен сүйық азот ерітінділерін жагап күйдіріп жібереді. Емдеу

онша қиынга түспейді. Оны емдеудеи бас тартуға болмайды. Ауруды

үдетіп жіберуге жол бермеу керек.

Валеология пәнітуралы реферат Валеология –Латын сөзі «Vаlе» («Сау болу», «аман болу» қазақша деніңіз сау болсын деген мағына береді. Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының докторы, профессор-фармакогаосист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын. Оның айтуы бойынша, Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек. Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы эколо-гиямен, биологиямен, мсдицинамен, психологиямен, педагогикамен және т.б. Валеология ғылымында өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндсттері бар. Олар: 1) адамның денсаулығының қалай сақталуын білу; 2) актуалдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау; 3) денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу. Осы және басқадай моселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауатты өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зертгеп, шешуғе болады. Сондай-ақ, адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығымен адамдардың иерархиялық қажеттілігін анықтап барып, барлық проблемаларды ойдағыдай шешуге болады.

Валеология — биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақталуының негізі неге байланысты екені өлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның анықталуы тиіс. Неше түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек. Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен-бірінің байланыстылығында. Оны аныктау қажет. Ғылымның бірімен-бірінің байланыстылығы адам денсаулығын күшсйтеді. Экология – айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа тигізетін өсерін анықтайды. Ал физиология – ағзада өтетін физиологиялық үрдстерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамның ішкі жағдайын зерттеп, сипаттама береді. Ағзаның этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Медиктер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме ретіңде саналады. Жас жеткіншекгерді аурудан сақтандыру тек медиктердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтарда қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін. Адамдар адекватты тіршілік етуге әрқашанда дайын болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҮ), (Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулығы туралы анықтамары бұдан да толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуы мен дамуы. И. И. Брехманның (1987) анықтамаоы бойынша, дснсаулық адамның ерекшелігіне сәйксс өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен біргс сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.

салауатты өмір сүру салты. Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

Адлмдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады:

1) Салауатты өмір сүру деңгейі:

2) салауатты өмір сүрудің сапасы;

3) салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығмен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүрудін сапасы дсгеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығыы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтік-психоло-гиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру».

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен беліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына- салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан…» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптсады.

Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресс, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.

Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері.

1. Биологиялық принциптерге жататындар:

а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі;

б) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;

в) салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;

г) салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер;

д) салауатты өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.

2. Әлеуметтік принциптерге жататындар:

а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет;

ә) санауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі;

б) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту;

в) салауатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болмауын қамтамасыз сту;

г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.

Осы жоғарыда көрсетілген принциптерді іске асыру оңай шаруа емес. Өйткені, бұл принциптер бір-біріне қарама-қарсы келеді. Әрқашанда көңіддегідей болып шықпайды. Жақсы нәтиже бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің егеменді елімізде денсаулық сақтау мәселссіне айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ. Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті. Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар болып туатынын медикгер айтып жүр. Оған бір мысал.

Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы ғылым.

Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.

Мысалы: сәуле ауруының себебі – радиация, инфекциялық аурудың себебі – патогенді микробтар.

Сыртқы ортаның ауру тудыратын себептерінің жіктелуі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]