Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
162
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

1.Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).

2.Физикалық факторлар

А) дыбыстың және шудың әсері

Б) барометрлік қысымның өзгеруі

В) жоғары және төменгі температураның әсері

Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле

Д) электрлік ток

Е) радиация

Ж) космосқа ұшудағы факторлар (үдеу, салмақсыздық).

3.Химиялық факторлар – органикалық және неорганикалық қосындылар

А) алкоголь

Б) дәрілік препараттарды жөнсіз қолдану

В) ауыр металдар және тұздар

Г) организмде витаминдердің, микроэлементтердің, ақуыздың, көмірсудың, майлардың

жетіспеушілігі немесе артықшылығы

Д) пестицидтер (инсектицидтер, гербицидтер т.б.)

Е) өнеркәсіп шаңдары

Ж) қышқылдар мен сілтілер

З) ароматты (иісті) көмірсутегілер.

4.Биологиялық факторлар

А) микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, хламидиялар, микоплазма, саңырауқұлақтар) және олардың өмір сүру заттары

Б) гельминттер, қарапайым паразиттер

В) бунақ неделілер (шаян, скорпион) насекомдар

Г) биологиялық препараттар – антитоксикалық сарысулар, вакциналар, қан т.б.

5.Әлеуметтік факторлар

А) қоғамдық қатар (общественный строй) – оның халыққа қамқорлығы, медициналық көмегі, санитарлық-гигиеналық жұмыстары

Б) ақпараттар мазмұны

В) ятрогения – дәрігердің абайсызда айтқан сөздерінен туған психосоматикалық бұзылыстар.

Бұл аталған факторлар сыртқы себептерге жатады. Ішкі себептер – конституция, тұқым қуалаушылық, жасы, жынысы.

Аурулардың пайда болуына, дамуына әсер ететін факторлар – аурудың даму жағдайы деп аталады.

Аурудың ішкі даму жағдайы – патологиялық конституция (диатез), ерте балалық және кәрілік шақ, тұқым қуалаушылыққа бейімділік.

Аурудың сыртқы даму жағдайы – тамақтанудың бұзылуы, шаршағандық, невротикалық жағдай, науқастың нашар күтімі, бұрынғы аурулар.

Патогенез – (pathos - қиналу, genesis - ата тегі) – патологиялық физиологияның аурудың даму механизімін зерттейтін бөлімі, ол алғашқы зақымданудан басталады. Алғашқы зақымдану айқын, анық (травмалар, жарақаттар), және арнайы зерттеу тәсілдерінсіз көрінбейтін (молекулярлық деңгейдегі) болуы мүмкін.

Аурудың дамуында жарақаттану және қалпына келу үрдістері тығыз байланысты. Аурудың әр кезеңінде қорғаныс – компенсаторлы үрдістер молекулярлы және жасуша деңгейінде дамиды. Патологиялық үрдістер мен аурулардың дамуында негізгі тізбекті анықтаудың маңызы өте зор, өйткені осы тізбектің бөлігін жойғанда сауығуға әкелуі мүмкін.

Патогенез тізбегінің негізгі буыны білмей патогенетикалық ем жүргізу мүмкін емес. Патологиялық үрдіс кезінде пайда болатын ағзалар мен жүйелердегі өзгерістер «кері айналып соғу шеңбері» принципі бойынша дамитын зақымданудың прогрессиясына әкеліп соғуы мүмкін.

Мысалы: қан кеткенде пайда болатын оттегі тасымалдануының нашарлауы жүрек жетіспеушілігіне әкеледі, ал ол оттегінің тасымалдауының нашарлауын күшейтеді.

Шу — экологиялық фактор

Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.

80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.

Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдық-тары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.

Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды.

Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша сипаттамаларына байланысты.

Қазақстан өкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын үй кварталдары класс бөлмелері жәнс оқу аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген — 82—85 децибел.

Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден — қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі – 90-100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85—90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу – спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті деңгейі 75-80 децибел.

Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті бо-луы көрсетілгсн. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті -шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1,5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.

Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен – ал жиілік -спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді.

Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.

Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.

Салауатты өмір сүрудің негізгі принципі — еш ауруға шалдықпай, адам өзін дертке жеткізбейақ, алдын ала мол денсаулық көзін ашу. Баяғыда Лұқпан Хакімнен: «өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Ол біраз ойланып тұрып «байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал, бақыт дегеніміз не? Әрбір адамзат өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтін, өмірдегі мақсатына жетеді. Сондықтан, әрбір адамның денсаулығының мықты болуы да өз қолында. Міне, денсаулықтың принципі де осында. Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын деген капиталистік принцип те жалаң ұрандау болып табылады.

Салауатты өмір сүру үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның биологиялық өзгерістері ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Бұл күрес адам баласына туған күнінен бастап өмір бойы тоқтамай, оның тіршілік қабілетін жоғалтпай, жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді. Бұл құбылыстың барлығын ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі — тіршіліктің негізгі көзі.

Ми — жүйке жүйесіндегі ең негізгі орталық. Ми ағзаның барлық жүйке талшықтарымен екіжақты байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз. Біріншіден — байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын хабарласа, екінші байланыс сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін хабарлайды. Осы процесс арқылы ағзаның дұрыс та бір қалыпты болуын әркім бақылап отырады. Демек, ағзаның іштегі немесе сырттағы бір мүшесі зақымдалса, осы байланыстың арқасында ғана ауру, я сау екенін біліп отырады.

Мидың екінші бір негізгі міндеті — ағзаның жұмыс жүйесін, демалысын реттеп отырады. Міне, салауатты өмір сүрудің негізгі бір принципі осы екі жүйе дұрыс қалыптасып, тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі ұзаққа созылады. Ал, бұл жүйе бұзылған жағдайда, орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті төмендейді. Бұл не? Бұл жүйкенің тоза бастағаны: ұйқы бұзылады, бұл негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы, артық сөз айтып, қызбалыққа ұрынады. Осыдан барып, адам азып-тозып, әр түрлі ауруларға шалдығады. Бұл жағдай, ең алдымен жүректің, қан қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Міне, адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі, жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн. Сондықтан, баланы жастан дегендей, жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкені тоздырмауды әрбір ата-ананың білуі міндетті.

XVIII ғасырдың оңымыстысы, испандық дәрігер -Христофор Гуфеленд: «Бала туғаннан кейінгі алғашқы жылдан бастап сыртқы құбылыстарға бейімделіп, әсеріне реакция беретіндей дәрежеге жеткен кезден бастап-ақ жүйке талшықтары тоза бастайды», — деп ескертеді. Тәжірибелі дәрігер айтқандай, ата-ана жөнсіз еркелетіп, тіршіліктің қиыншылығына бейімдемей, еңбекке араластырмай, дұрыс тәрбие бермесе, ондай баланың денсаулығы дұрыс қалыптаспайды.

Орталық жүйке жүйелерінің ауруға шалдығуының негізгі бір себебі — қоршаған ортаның аса зиянды әрекеті. Бұл тіпті, өмірдің қысқаруына әкеліп соқтырады. Жүйке тамырларының ауруға шалдығуы, біріншіден — ағзаның дұрыс демалмауы, яғни, ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдік жүйесі бұзылуы салдарынан жүрек, қан айналысы қызметінің бұзылуынан басталады.

Орыс ғалымы И.П. Павлов айтқандай, ұйқы тек ми қабыршақтарының жұмысын ғана тежеп қоймай, оның ішкі құрылыстарын да осы жүйеге жетелейді. Бұл жүйе, яғни, ми құрылысы, тек ұйқы қанып, дұрыс дем алғанда ғана адам денесі сергіп, ертеңгі тіршілікке деген қабілет арта түседі. Бұл жайында немістің атақты философы Бэкон «Әрбір ұйқысыз түн соншалықты күнге өміріңді қысқартады » деген. Бұл сөзді әр адам өз өмірінің өлшемі деп қараса, салауатты өмір сүрудің негізгі қағидаттарының бірі осы болар еді.

Хронобиология (грек. цһронос — биология ғылымының уақыт және биология) — белгілі бір уақыт аралығында биологиялық жүйелерде болатын ырғақты өзгерістерді зерттейтін саласы. Кейде биологиялық процестер мен құбылыстардың мезгіл-мезгіл қайталануын зерттейтін ғылым саласы — биоритмологияны да хронобиология деп атайды. Адам баласы өзі пайда болған кездерден бастап-ақ табиғатта болатын ырғақта биологиялық процестерге мән беріп бақылап отырған. Осыған байланысты уақытқа сәйкес биологиялық жүйелерде болатын ырғақтылықты тірі организмдердің негізгі қасиеттерінің бірі деп қарастырады. Қазіргі кезде хронобиология ғылымы өз зерттеулерін математика, физика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүргізеді

Биоырғақтар - (био және ритм-ырғақ) - қоршаған сыртқы ортаныңқайталанып отыратын ӛзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік беретін,биологиялық үрдістер мен құбылыстардың сипатының жәнеқарқындылығының ырғақты қайталанып отыратын синусоида түріндегітұрақты тербелістері.

Биоырғақ ерекшелігіне байланысты адамдар 3 типке бӛлінеді:

1. "Бозторғай" типті адамдарға (жалпы санның 20-25%) ерте

ұйықтау және ерте тұру тән. Мұндайадамдар таңертеңерте оянады,

энергияға толы жәнетаңертеңгі сағаттардажұмысқақабілеттілігі асажоғары болады.Кешкі сағаттардажұмысқақабілеттілігі бірден

тӛмендепұйқышылдығыжоғарылайды.

2. "Жапалақ“ типті адамдарға (жалпы санның 30-40%) кеш ұйықтау және кеш тұру тән, олар түнге дейін белсенді болады,

бірақ таңертеңгілік сағаттарда белсенділігі тӛмендейді. Бұл категориядағы адамдарға: К. Маркс, В. Моцарт,О. Бальзак, Э.Т.

Гофман жатады.

3.«Кептерлер»адамдардың 30-50%құрайды. Бұларғаалдыңғы екеуісияқты таңертеңгілікнемесе түнгібелсенділік тәнемес. Бұларға тәнӛте жоғары жұмысқақабілеттілік 10-12және 16-18сағаттарда, албелсенділіктің ӛтетӛмен деңгейі сағат2-ден 5-ке дейінбайқалады.

Жұмысқа қабілеттіліктің түрлері- берілген міндетті орындау қабілеттілігін сипаттайтын барлық параметрлердің мәні нормативтік- техникалық жөне конструкторлық құжаттаманың талаптарына сай келетін объектінің қалып-күйі

Десинхроноз-(от латинского de- — приставка, означающая удаление, и греческого synchronos — одновременный) — изменение различных физиологических и психических функций организма в результате нарушения суточных ритмов его функциональных систем. Причины Д.: рассогласование функциональных ритмов организма с показаниями внешних датчиков времени, например, при трансмеридиональных перелётах, перелётах на значительное расстояния в широтном направлении; устойчивое рассогласование по фазе ритма сон — бодрствование (работа в вечерние и ночные смены); частичное или полное отсутствие привычных приборов времени. Признаки Д.: плохой сон, ухудшение аппетита, раздражительность, снижение работоспособности, апатия, вялость. Продолжительность таких расстройств от 1 до 14 дней.

Десинхронозы — различные расстройства биоритмов организма, заключающиеся в нарушении направленности и степени сдвига того или иного основного показателя колебательного процесса.

- Как правило, десинхронозы проявляются изменением (увеличением или уменьшением) длительности периода, частоты, амплитуды, акрофазы, батифазы того или иного биоритма.

- Десинхронозы характеризуются рассогласованием ранее синхронизированных внутри- или межсистемных ритмов.

- При рассогласовании ритмов организма с ритмами внешней среды формируется внешняя десинхронизация.

- При рассогласовании ритмических процессов внутри организма (на уровне органов, формирующих ту или иную функциональную систему) развивается внутренняя десинхронизация.

Классификация десинхронозов

- Острый десинхроноз. Возникает при быстро формирующемся рассогласовании датчиков времени и существующими в организме ритмическими процессами. Например, при быстром пересечении нескольких часовых поясов на самолёте у пассажиров нарушается цикл сон-бодрствование за счёт расстройств взаимоотношения его фаз.

- Хронический десинхроноз. Развивается при длительном непрекращающемся или часто повторяющемся действии на организм факторов, вызьшающих острый десинхроноз.

- Скрытый десинхроноз — расстройства биоритмических процессов незаметны, их можно обнаружить только при тщательном обследовании (в условиях стационара).

- Явный десинхроноз — нарушения биоритмов проявляются выраженными субъективными ощущениями и объективными сдвигами циклических параметров организма.

- Частичный десинхроноз — изменения биоритмов определяют в пределах одного органа или одной физиологической системы.

- Тотальный десинхроноз — расстройства биоритмических процессов проявляются в большинстве органов и систем организма.

- Асинхроноз — максимально выраженный десинхроноз, обычно сопровождается гибелью организма.

Причины десинхронозов:

- Космические полёты.

- Трансмеридиональные перелёты.

- Психогенные, биологические, химические и физические факторы, нарушающие цикл сон-бодрствование:

-повторяющиеся переключения дневной работы на вечернюю и ночную работу в течение длительного времени;

-частые изменения геомагнитных влияний, геофизических датчиков времени в течение длительного срока;

-выраженные усиления и изменения колебаний электромагнитных влияний космического пространства на организм;

-избыточное, аритмическое действие разнообразных стрессорных факторов и др.

Механизмы возникновения десинхронозов

- Рассогласование между жизненными (поведенческими) и временными стереотипами организма и существенно изменёнными условиями жизни, работы и отдыха.

- Неспособность организма адаптироваться к существенным изменениям электромагнитных влияний Земли и Космоса, другим стрессовым факторам

ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

Тренингтік топтың жұмысын бастар алдында жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыруға арналған жаттығулар.

Дәріс алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті, топта бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткізуге болады және әр қатысушының бойында жоғарыда атап өткен сезімдердің бой алуы мазмұндық жоспарда алға жылжумен, жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізер еді. Сондай-ақ, осы кезеңде өткізілген жаттығулар тренингтік топтың жұмысының мазмұнды кезеңіне өтуге «көпір» болатын талқылауға арналған мағлұматтар бере алады.

1- жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады, жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.

Нұсқаулық:

«Қазір біздің таныстығымызды ары қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында мен боламын) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру (ауысып отыру) ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар» - деп айтамын, - сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам, ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір-біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді».

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Қазіргі сәтте сіздің көңіл- күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қоюына болады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді. Ол қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл-күйді көтереді, назар мен ойлауды белсендіреді.

2 жаттығу

Қатысушылар жүздері бір жаққа ауған күйде, бір қатарға тұрады.

Нұсқаулық:

«Мен санақ жүргіземін, сол сәтте сіздер 90 градуске бұрылыс жасап секірулеріңіз қажет. Бұл тапсырманы бір-бірімізбен сөйлеспей, үнсіз күйде жүзеге асырамыз. Басты тапсырма – барлығымыз жүзімізді бір жаққа аударуымыз қажет және мүмкіндігінше жылдамырақ жасауға тырысуымыз керек».

Жаттықтырушы топ мүшелерінің барлығының жүздері бір жаққа қараған кезде санақты тоқтатады.

Жаттығу топты біріктіреді, көңіл- күйді көтереді, қолайсыздық, сенімсіздік сезімін төмендетеді. Сонымен қатар, жаттығу барысында топтың әр мүшесі ортақ шешім түйіндеуге келісулері тиіс, бұл әрқайысының бойында бірлесе әрекет жасауға белсене араласу тәжірибесін қалыптастырады. «Топтың алдына қойған тапсырманы жүзеге асыруына не көмектесті?», «Тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не кедергі жасады?» («тапсырманы жылдам жүзеге асыруға не көмектесер еді?») және т.б. сұрақтар қою арқылы жаттығуға қатысушылар бойынан әр жағдайда қандай әрекеттер жасайтындығын байқауымызға болады, топ ортақ шешімді түйіндеу барысында, қандай да бір келісімге келуі тиіс сияқты және т.б. Осындай сәттерде бір-біріне назар аудару қажеттілігі, өз іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен келісе жүзеге асыруы, басқаның ұстанымына, логикаға сүйенуі туындайды; іс-қимылдың ең тиімді тәсілі ретінде әріптестік екенін көрсететін жағдайға қысым жасамау керек екендігі байқалады.

3 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық:

«Біздің алдымызда біріге шешу қажеттілігі бар тапсырма тұр: бір-бірімізбен келіспей, сөйлеспей, мүмкіндігінше жылдам және бір мезгілде екі қолымыздың бірнеше саусағын ортаға қарай көрсете созамыз. Бұл тапсырманы біз төмендегі жолмен шешеміз: мен бір, екі, үш деп санаймын- үш деген кезде саусақтарымызды бір мезетте ашамыз. Жаттығудың ойдағыдай орындалғанын анықтауға көп уақыт кетпейді. Егер нәтижесіз болса, жаттығуды қайталаймыз. Түсінікті ме? Қанекей бастайық».

Жаттығу әртүрлі өтуі мүмкін. Кейде ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін топ жаттығуды отыз рет, ал кейде төрт- бес рет ғана қайталауы мүмкін. Кез- келген жағдайда жаттығу тренингтік барысында пайдалануға болатын, сондай- ақ түрлі әлеуметтік- психологиялық тәжірибеде қолданылатын мол талдамалық дерек береді.

Әлеуметтік психология және басқару психологиясы бойынша тәжірибеде қоғамдық пікір, топтық ықпал ету, бедел, топтық көңіл- күй сияқты феномендердің көрінуіне назар аударуға болады.

Треингте бұл жаттығудың тиімділігі 2 жаттығудың тиімділігімен сәйкес.

4 жаттығу

Жаттығу жұппен орындалады. Жаттықтырушы топ мүшелеріне өз араларынан бір-бірімен таныстығы аз жандармен жұп құруды ұсынады (топ мүшелерінің арасындағы таныстығы азбен).

Нұсқаулық:

«Аталмыш жаттығу бірнеше тапсырмадан тұрады. Әр міндет белгілі бір уақытта орындалуы тиіс. Мен сіздерге не істеу керектігін түсіндіремін, уақытты қадағалаймын және уақыт аяқталғанын сіздерге хабардар етемін.

1 тапсырма. Бір-бірімізге үнсіз төрт минут қарап тұрамыз.

2 тапсырма. Әрқайысыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені «Мен алдымда.............. көріп тұрмын» деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз, әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек, мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар және т.б. сияқты. Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз, ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз, одан кейін керісінше. Ролдеріңізді қашан ауыстыру керек екендігін мен сіздерге айтамын.

3 тапсырма. Әрқайысыңыз 5 минут уақыт аралығында, өз серігіңіздің 5 жасында қандай болғандығы туралы өз көзқарасыңызды айтып бересіз. Тек сыртқы келбетін ғана емес, сіздің ойыңызша мінез-құлқының қандай ерекшеліктері болғандығы туралы пікіріңізді де айтуға болады».

Бірінші 5 минут өткеннен кейін жаттықтырушы жұптағы өзі туралы әңгімені тыңдаған адамға 1 минуттың ішінде өмірі туралы баяндаудың қайсысы нақты ал қайсысы қате пікір екендігін айтуын ұсынады.

Әрі қарай кезекті 5 минуттық әңгімені жұптағы тыңдарман болған адам бастайды да, әңгіменің соңында 1 минут сипаттауының қай жері нақты, ал қай жері қате екендігін анықтауға беріледі.

4 тапсырма. «Әрқайсыңыз 5 минут ішінде өз серігіңіздің сіздің көзқарасыңыз бойынша қандай адам екендігін баяндап беруіңіз керек. Сіз «Менің серігім қандай адам?» деген сұраққа жауап беретін ойыңызды айта аласыз.

Барлық 4 тапсырманы орындағаннан кейін топ мүшелері шеңбер құрап отырып, әрқайысысы 1 минут ішінде өз серігін онымен бірге барлығы 5 күндік уақытты бірге өткізулері тиіс адамдай толықтай мінездеме беріп, топқа таныстырады.

Аталмыш жаттығу оны талқылауға сан алуан мүмкіндіктер береді. «Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?», «Төрт тапсырманың қайысысы орындау барысында қиындық тудырды?», «Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?» деген сияқты және т.б. сұрақтарды қою керек».

Бұл жаттығуды өткізудің нәтижесінде, жалпы топтың жағдайы жақсара түседі, топ мүшелерінің арасында жақындық орнай бастайды. Сондай- ақ тапсырманы орындау барысында жиналған тәжірибені, реттеп, төмендегідей талқылауларға мүмкіндік береді:

1) қарым- қатынас барысындағы көзбе-көз байланыстың маңыздылығы;

2) басқа адамды оның бойындағы жеке қасиеттерін баяндамай және баға бермей сипаттау кезінде туындайтын қиындықтар;

3) өз тәжірибеңді, ең алдымен өзімізге тән қасиеттерді басқа адамның бойына таңу және т.б.

5 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Әрқайысыңыз адам бойында қандай қасиетті ерекше бағалайтындықтарынызды ойыңызға түсіріңіз. Өз таңдауыңызды жасағаннан кейін, сіз таңдаған қасиет туралы ақпарат беретін қысқа әңгіме, оқиға, мысал ойлап табыңыз (немесе есіңізге түсіріңіз). Сіздің әңгімеңізді тыңдаған (оқиға, мысал) топтың басқа мүшелері қандай қасиет туралы айтылғанын түсінуі керек».

Әр әңгіме аяқталған сайын жаттықтырушы топқа «Сіздің ойыңызша, қандай қасиет туралы айтылды?» (немесе «Сіздің ойыңызша, Серік бізге қандай қасиет туралы әңгімеледі?») деген сұрақтар қояды. Топ мүшелері өздерінің пікірлерін ортаға салғаннан кейін, жаттықтырушы әңгімелеушіден қандай қасиетті таңдағанын айтып беруін өтінеді.

Жаттығу қатысушыларға бір-бірін кеңірек танып білуіне, топ мүшелерінің шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаттығу айтылған әңгіменің мағынасына тереңірек үңілуге жетелейді, бұл тапсырма көптеген тренингтік бағдарламалардың мазмұндық мақсатымен байланысты.

6 жаттығу

Қатысушылар бір қатарға сап түзеп тұрады (топ мүшелерінің саны 14-16 адам болса, жаттығуды жарысқа жағдай жасайтындай екі қатарға тұрып жасауға болады). Жаттықтырушы қатардың соңының жанында тұрады.

Нұсқаулық: «Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз. Мүмкіндігінше, әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек. Бірінші тапсырма: мүмкіндігінше бой өлшемі бойынша сап түзеуіміз керек. Яғни менің қасымда арамыздағы ең бойшаңымыз тұрса, қатар соңында шаршы бойлымыз сап түзеуі керек. Бастадық».

Топ жаттығуды аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы қатар бойымен тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер тапсырма екі топта орындалса, оларға бір- бірінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын тексеруді ұсынуға болады.

Нұсқаулықтың жалғасы: «Екінші тапсырма: менің қасымда арамыздағы шашының түсі ең қою адам, ал саптың соңында шашының түсі ең ашық адам тұруы керек».

Біздің топтың тәжірибесінде, жоғарыда аталған екі тапсырмамен қатар, төмендегідей тапсырмаларды да пайдаландық:

• саптың басында арамыздағы көзі ең қою түсті адам, ал саптың соңында көзі ашық түсті адам тұруы керек;

• саптың басында – 1 қаңтар, соңында - 31 желтоқсан. Туған күндері (жылын есептемей) бойынша орналасуы керек.

Аталмыш жаттығудың тиімділігі сан алуан. Топ мүшелерінің көңіл-күйлері көтеріледі, іс-әрекетінде еркіндік арта түседі, қарым- қатынастағы алшақтық азая түседі. Сондай- ақ, соңғы тапсырма қарым- қатынастағы келісімділікке қалай жетуге болатындығын, әріптестік қарым-қатынас тренингі мен іскерлік келіссөздер тренингінің мазмұнындағы ұқсастық не екендігін талқылауға мүмкіндік береді.

7 жаттығу

Бұл жаттығуды негізінен топ жұмысының бірінші кезеңінде (жұмысқа қабілеттілікті арттыру) бір- бірімен таныс топта өткізуге болады.

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.

Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге допты береміз. Допты тосып алған адам «Сіздер менің не бар екенін. білмейсіздер» деген сөйлемді толықтырады. барлығымыз мұқият болып, әрі тапсырманы орындауға қатысуымыз керек. Әрқайысымыздың қолымызда доп бірнеше рет болуы мүмкін».

Бұл жаттығуды орындау барысында топтағы жалпы жағдай жақсарады, топ мүшелері өздерін еркін сезінеді, қарым-қатынастағы алшақтық азая түседі. Топ мүшелері бір-бірі туралы толығырақ біле бастайды: мәселен, арамыздағы бір адам- спорт шебері екендігін, келесі біреуі – бұрындары ансамблде кернейде ойнағанын білеміз және т.б.

Әйелді емдік шынықтыру .Аяғы ауыр әйелдердің гигиенасы.Жүкті әйел, күн режимі, тамағы, киімі

Жүктілік кезеңде әйелді үміт пен қорқыныш қатар билеп, өзін қиял-ғажайып бір сапарға шыққандай сезінеді. Жаратқанның құдіретімен құрсағында лүпілдеген тірі жанның жетілуі әр ананы мейірім, шапағат секілді сезімдерге бөлей түседі. Жүктілік 16 жастан кіші, 35 жастан асқан әйелдерде ерекше бақылауды қажет етеді. Көктем кезінде жүкті болған әйелдер денсаулығына, тамағының нәрлілігі мен ұйқысының қанық болуына көп көңіл бөлуі керек. Күз мезгілі жүктіліктің ең қолайлы кезеңі десек те болады, адам ағзасында жазда дәрумен қоры жиналып, жүктілікке байланысты өзгерістерге үйренісу көбінесе суық айларда жеңілірек болады. Жалпы жүктілік соңғы етеккір келген күннен бастап орташа есеппен 280 күн, яғни 40 аптаға созылады.

Жүкті болған кезде жеке бас гигиенасын сақтаудың үлкен маңызы бар.

Күнделікті душ немесе ванна өте пайдалы, өйткені ол жүкті әйелге бәсеңсуге және денесін әсіресе жыныс органдарын тазалықта ұстауға, мүмкіндік береді. Өте ыстық ваннаға түсуге болмайды, сондай-ақ бұл кзеңде ыстық моншаға барудан бас тарткан дұрыс.

Жүкті әйелдің киімі мен аяқ киімі қолайлы және денесін, әсіресе кұрсақ көлемін қыспауы қажет. Аяқ киім өкшесі биік болмауы керек. Бұл кезеңде емшек тартқышқа (бюсгальтерге) үлкен мән беріледі. Жайшылықта жүкті кезде әйелдердің кеудесі өседі, сондықтан емшек тартқыш емшектің көлеміне сай болуы керек. Жүктіліктің екінші жартысында сүт бездерінен уыз бөлінуі мүмкін. Сөйтіп, ағза емшекпен тамақтандыруға дайындық үстінде. Бұл кезде емшек тартқышқа емшектің ұшын қорғау үшін мақтадан жасалған қаптағыш салған дұрыс. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың дұрыс жағдайын сақтау және құрсақтың алдыңғы қабатының қатты созылуының алдын алу үшін бандажды пайдалану ұсынылады. Бандажды дұрыс пайдалану туралы кеңесті дәрігерден алуға болады. Алғашқы 4-5 айда арнайы киімге қажеттілік болмағанмен, 5 айдан кейін киім тарыла бастайды. Жүкті әйелдің өзін жақсы сезінуі үшін арнайы, әдемі, жарасымды киім киуі керек. Жүкті әйелдің киімі белі жоғары әрі кең тігілген, кеудесі қыспайтын, қозғалысқа ыңғайлы болуы дұрыс. Матасы мақта, бөз секілді табиғи өнімдерден, яғни мүмкіндігінше, синтетикалық бұйымдарды қолданбаған жөн.

Жүктіліктің қалыпты жағдайында барлық дәрігерлер жыныстық қатынастарға рұқсат береді. Бірақ, жүктілік мерзімі ұзарғанда іштің үлкендігі кейбір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде дәрігермен кеңескен дұрыс.

Жүктілік кезінде шамадан тыс шаршап-шалдықпағаның үлкен маңызы бар, ауыр салмақты көтеруге және алып жүруге, дененің сілкінуіне байланысты жұмысты атқаруға болмайды.

Қыдырулар жүкті кезде үлкен рөл атқарады, өйткені әйелдің көңіл-күйінің жақсаруына әсер етеді, жүкті жағдайдағы әйел гимнастикасының қарапайым әдісі, астың жақсы кортылуына себеп болады. Қыдыруларды міндетті түрде жиі-жиі таза ауада өткізген дұрыс.

Жүктілік кезінде әйел жеткіліктің дем алуы керек. 8-9 сағатқа созылатын түнгі ұйқы кезінде әйел өз күшін толық мәнде қалпына келтіруі керек. Сонымен қатар күндіз де дем алғаны абзал.

Әйелдер консультациясында байкалудың жүкті әйел үшін үлкен маңызы бар. Тек дәрігер ғана организм жағдайының ерекшеліктерін есептей отырып керекті еңбек және демалу тәртібін белгілейді, жүктілік барысындағы ауытқуларды, ауруларды дер кезінде анықтайды, сәйкес емдеу тағайындайды. Жүктіліктің алғашқы айларынан бастап әйелдер консультациясына барып және дәрігерге үнемі қаралып тұру керек. Жүктіліктің бірінші кезеңінде дәрігерге көріну аса жиі емес айына 1 рет, содан кейін 7-8 айлар көлемінде айына 2 рет және босану алдындағы ақырғы айда апта сайын. Әйелдер консультациясының дәрігері керекті зерттеулердің барлығын өткізеді, әйелді босануға дайындайды, әйелдер босанатын үйге өзімен бірге не алу керек екені туралы да айтып береді.

Алғашқы кезеңде жүкті әйелде жеріктік байқалуы мүмкін. Аяқ астынан талғампаз немесе жиіркеншек болып кетеді. Адамға күнделікті 2000 калория керек болса, жүкті әйелдерде бұл көрсеткіш 2500-2800 калория шамасында болады. Алғашқы кезеңнен бастап өз ағзасы талап еткен, қалаған астан жеуі, құнарлы тамақтар, сүт, айран, сүзбе секілді ағарған, дәнді дақылдар, ет, балық, теңіз өнімдерінен мол пайдалану керек. Көп тамақ жеу міндетті емес, аз-аздан болса да құнарлы, жиі тамақтанған жеткілікті. Жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін ас мәзіріне кеңінен қолдану, әсіресе, жергілікті өнімдерді сатып алуға көңіл бөлген жөн, жемістердің түріне емес, нәрлілігіне көңіл аудару керек. Көктемгі уақытта жаңа шыққан көкөністерді пайдалануға тырысу, әсіресе, өткен жылғы картоп, асқабақ секілді көкөністерден бас тарту қажет. Жалпы өте майлы немесе өте ащы аспен, консервантты дайын тамақтармен, кофе, кола, тәттімен көп әуестенбеген жөн. Темекі тартпақ түгілі, тартқан адамдардың қасында отыру дұрыс емес. Ішкілік, нашақорлық – баланың денсаулығын тікелей зақымдайтын у. Ондайды бала көтермей тұрып, ең болмағанда, бір жыл бұрын доғару қажет.

Дәрумендер мен минералдарға келсек, денсаулығы жақсы аналардың дұрыс тамақтануы, яғни ас мәзірінің түрлілігі, дәрумендер мен минералдарға бай ет, сүт, дақыл мен көкөніс түрлерін кеңінен қолдануы жеткілікті саналады. Баланың даму барысына әсер ететіндіктен, дәрумендер қажет мөлшерден аз болмауы керек. Қандай да болмасын дәрумен, дәрі-дәрмек тек қана дәрігер бақылауында қабылданады. Тіпті бас аурудың, тұмау дәрілерінің немесе мазьдардың да плацентадан балаға өту қаупі болуы мүмкін, сондықтан қай дәрігерге болмасын көрінген жағдайда жүкті екенін ескерту керек. Дәрі міндетті түрде қабылдануы керек жағдайда ең қауіпсіз түрі – мүмкін оңтайлы фитотерапия немесе басқа әдістерді қолдану жеткілікті.

Жұмыс істейтін жүкті әйелдің күтімі, тамағы жақсы болуы керек. Зиянды делінген орталарда – компьютермен, улы заттармен, сәуле-газдармен жұмыс немесе ауыр өндірістерде, құрылыста, күні бойы түрегеп істейтін жұмыстарда жүкті әйелдің жұмысын жалғастыруы жөнінде дер кезінде оңды шешім шығару керек. Ал үйде отырған әйелдердің керексіз кикілжің, кереғар ойлардан алыс болғаны жөн. Бөлмені теледидар, компьютер секілді зиянды сәулелі заттардан арылту қажет. Демалыс, жақсы ұйқы, жеңіл душ (ыстық ваннаға түсуге болмайды!), таза ауада серуендеу, көңіл-күйді көтеретін ойындар пайдалы болмақ.

Токсикоз психологиялық жағдаймен тығыз байланысты дейді мамандар. Кейбір (көбінесе жұмысбасты) әйелдер 9 айдың қалай өтіп кеткенін байқамай қалуы, ал кейбіреулер үшін әрбір айдың жылдай созылып кеткендей көрінуі мүмкін. Қалай болғанда, себебі анықталмай отырған осы құбылыс жүкті әйелдер арасында көптеп кездеседі. Тамаққа қарай алмауы, құсуы, жиіркенуі, үнемі лоқсуы артқан жағдайда әйелдің ауруханада емделуіне тура келеді. Мамандар ертеңгілік крекер жеудің, таза ауада жүргеннен кейін тамақтанудың, кейде жылы ванна қабылдауды ұсынады. Адамдардың дауысына, түріне, теледидар немесе музыкаға, жеке адамдарға, тіпті кейде күйеуіне қарай алмайтын, лезде лоқсып, құса бастайтынын айтып шағымданатын әйелдер де кездеседі екен.

Жүктіліктің соңғы кезеңінде қол-аяқтың ісінуі, салмақтың қатты артуы, денедегі сұйықтықтың жиналуына байланысты келеңсіздіктер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайдың гестоз деп аталатын соңғы кезеңнің ауыртпалығы болғандықтан дәрігердің қырағы бақылауы қажет. Мұндайда қан қысымының жоғарылауы өте қауіпті болуы мүмкін. Дәрігердің айтқандарын екі етпеу керек. Сұйықтықты азайтуды, арнайы ас тұзсыз диетаны қолданған ең дұрысы.

Жұбайлар қатынасы – бала ана құрсағында жатып, 3-4 айларда-ақ сыртқы дыбыстарды естіп, сезіп өседі. Әкенің, айналадағылардың даусын ажыратады. Баланың дамуына ең көп әсер ететіні – ананың көңіл-күйі мен жайлылығы, отбасындағы бірлік пен береке, жылы қарым-қатынас болып табылады.

Жаттығулар мен курстар – жүктілік кезінде шаршап болдырудың дұрыс болмағаны секілді, түк қимылдамай, жатып алу да теріс әрекет. Әр кезеңге байланысты арнайы жаттығулар жасау керек. Бұл тіпті босану кезінде пайдалы болып табылады, әрекетсіз әйелдердің толғағы ұзағырақ болады, босану барысында бұлшық еттерге күш түсіп, келеңсіздіктерге душар болуы ғажап емес. Жүктіліктің соңғы кезеңінде босану барысын жеңілдету, жаттығулар белгілеу, жалпы мағлұмат беру мақсатында жұмыс атқарып жатқан арнайы курстардың бар. Осындай курстарға жазылып, тым болмаса 1 апта қатысуға тырысқан абзал.

Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:

1) биогенетикалық;

2) социогенетикалық.

Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті

Психикалық даму шарттары. Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.

Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.

Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.

Психиканы дамытудың биологиялық шарттары. Адам психикасы дамуынын, негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым

Нәрестенің гигенасы. Бала туу үрдісінде қадағалайды. Туған нәрестелерді қалай емізу керек екені тыс қалмайды. Алдағы уақытта сәби дұрыс өсуіне, денсаулыгана бақылау жасап отырады. Мектепке барған жасына дейін бала психогигиенаның бақылауында болады. Мектепте оқып жүрген шағында да, оның жүктемесі қатаң бақылауда болады. Кейін профессия тандау проблемасы да психогигиенасыз өтпейді. Алкоголь мен шұғылданбауына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Тіпті махаббат проблемаларыменде психогигиена айналысады. Психогигиена қартайған адамдардың психологиясынаы да сырт қалтырмайды. Әсіресе қарт адамдарға жастарды жақсы қарауға шақырып отырады.

Жаңа туған бала күтімі

Сәбидің бөлмесін дайындау.

Ана мен жаңа туған нәресте перзентханадан келгенге дейін, олар үшін ең жарық бөлмені немесе бөлменің ең жарық бөлігін дайындап, ондағы барлық заттарды шығарып тастау қажет. Алдын ала шағын косметикалық жөндеу жасап жіберген абзал, егер бұл белгілі бір себептер бойынша мүмкін болмаса, бөлмені жуып, тазалау қажет. Үйдегі шаңда сәбиге үлкен қауіп төндіретін микроп көп болады, ал таза ауа балаға оның өкпесінде ауа айналымы дұрыс жүруі үшін қажет, бұл көптеген аурулардан алдын алады. Бөлмені ең кемі 3рет желдетіп отыру қажет: таңертең, күндіз және кешке. Жылы уақытта терезені немесе желдеткіш терезені ашып қоюға болады. Бөлме температурасының 20-22 градус болу қажеттігін ұмытпаңыз. Жаңа туған нәрестені күтуге арналған заттардың барлығын, соның ішінде киімдерін, алдын-ала дайындалған бөлмеге қойған дұрыс. Бұл шаралар алғашқы апталардағы нәрестенің күтімін айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені сәби үйге келгенде, әдетте, әуре-сараң көбейіп кетеді.

Кіндікбау қалдықтарын күту.

Кіндікбаудың қалдығы кірленіп кетпеуі және ертерек кебуі үшін күніне 2 рет жасыл дәрімен тазартып отыру қажет. Оның айналасы қызарып кеткен болса немесе кіндік жарасынан қандай да бір сұйықтықтар бөлініп жатса, педиатр көмегіне жүгіну қажет. Баланы шомылдыру. Баланы перзентханадан келген күннің ертесінен бастап шомылдыра бастау қажет. Алғашқы күндерінен бастап, кіндік жарасы толық жазылғанға дейін, баланы қайнатылған және қызғылт түсті марганцовка қосылған суда шомылдырған дұрыс.

Баланы шомылдыру үшін қажетті заттар:

1) Кішкентай ванна (фаянс, эмаль немесе пластмаса)

2) Қайнаған сумен шаюға арналған ыдыс

3) Судың температурасын өлшеуге арналған термометр

4) Бала сырғып кетпеуі үшін ваннаның түбіне орамал немесе төсеме

5) Сүрту үшін үлкен жұмсақ орамал (тек қана сәбиге арналған)

6) Жеке басының бұйымдары (кішкентай тарақ, жұмсақ сусабын, балаларға арналған сабын, мақта тампондары)

7) Сәбидің киімдері, таза жаялық.

Сәбиді тәуліктің кез-келген уақытында шомылдыруға болады, бірақ ең дұрысы баланы емізер алдында (сағ 21-де) шомылдыру. Кешкі уақытта күнделікті шомылуға шартты рефлексін қалыптастыру бала өмірінің келесі кезеңдері үшін аса пайдалы болуы мүмкін. 6 айға дейін жастағы дені сау сәбиді күн сайын, ал 6 айдан асқан сәбиді күн ара шомылдырған жөн. Күн ыстықта сәбиді кез-келген жаста, күн сайын шомылдыру керек.

Баланың терісін күту.

Баланы күнде жуындыру қажет. Алғашқы 6 күн бойы сәбидің бетін қайнаған сумен жуады. Әр көзін жеке мақта тампонымен шетінен ішке қарай сүртеді, одан соң бетін таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен құрғатады. Мұрын тесіктерінің әрқайсысын ширатылған мақтамен тазартады. Баланың тырнағын өскен сайын алып отыру қажет. Сәбиді әр үлкен дәреттен кейін, міндетті түрде, жылы ағын сумен жуып-жаю қажет. Қыздардың сыртқы жыныс мүшелері үлкен дәрет қалдықтарымен кірленбеуі үшін, алдынан артына қарай жуады. Содан соң таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен сүртіп, шап және бөксе іркістеріне балаларға арналған май жағады.

Геронтология(грекше герон және логос – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше герон және іатреіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады

ТЕРМОРЕГУЛЯЦИЯ Өте жақсы дене шынықтыруды өткізу үшін ең алдымен терморегуляцияның механизмін білу керек.

Жер бетіндегі барлық, ағзалар айналаны қоршаған орта факторларының өсер етуіне байланысты екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа жататын ағзалар — суық қандылар. (пойкилогермдер), өздеріне кджетгі температураны сыртқы ортадан алып отырады.

Екінші топтағы жануарлар — жылы қандылар — гомаиотермділер. Айналаны қоршаған сыртқы орта температурасына байланысты. Ағзаларындағы температура тұрғылықты.

Адам ағзаларының температурасының тұрақты болуы өте күр-делі биологиялық және физикалық-химиялық үрдістердің термо-регуляциясы механизмдері мен байланысты. И.П.Павловтың айтуы-на қарағанда термореуляцияның механизмін жетілдендірусіз адам ағзасында тұрақты температураны сақтауға болмайды.

Осыған орай біриеше сауал туындайды. Адам денесінде әр түрлі органдарында температураның мөлшері қандай. Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, адам денесінің температурасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек. Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді Ал жабық денедегі тсмпература онша өзгеріске ұшырамайды. Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты, онша кеп өзгеріске ұшырамай, тұрақы түрде болады.

Дененің темпсратурасының ауытқуы тәулік бойы үнемі өзгеріп отырады. Температураның өзгеруі киген киімге байланысты болады. Ауыр жұмыс істеген адамдардың температурасы үнемі өзгеріп тұрады. Спортшылардың дене температурасы әр қилы болып ауытқиды. Температураның өзгеруіне ағзаның физиологиялық жағдай, әйел адамдардың жүкті болуына байланысты. Дененің температурасы тәулік бойына 0,5-0,7°С ғана өзгереді. Дененің температурасы кешке қарай, сағат 16-18-де өте жоғары деңгейге көтеріледі(37,0-37,1°). Түнде сағат 3-4-те температура өте темен деңгейде болады (36,2-36,0) қарт адамдардың дене температурасы онша жоғары деңгейде болмайды (35-36°С).

Ішкі органның температурасы әр түрлі. Ең ыстық орган бауыр Оның температурасы 38-40°С жетеді. Қолтықтағы температура 36,5-36,9°С әдетте қолтыққа градусник қойып температураны анықтайды. Тік ішек температурасы 37,2-37,5°С. Қанның темпера-турасы дене температурасына сәйкестенеді. Адам ағзасы темпера-тураға байланысты жылу бөліп отырады. Жылудың көлеміне сәйкес температура өзгереді. Жылу зат алмасу үрдісіне байланысты. Ішкен тағамдарға да байланысты болады. Энергияның өлшемі үлкен калория (ккал) немесе килоджоулмен белгіленеді.

Адам ағзасынан бөлініл шығатьш энергияның мөлшері үш шамадан тұрады 1) негізгі зат алмасуынан; 2) тамақтану кезіңдегі энергия; 3) физикалық және ой еңбектерінің әсерінен энергия түзіледі.

Негізгі зат алмасудан пайда болған энергия, адамның тіршілігін қамтамасыз етуге, тыныс алуға, жүрск қызметіне, бүйректің жұмыс жасауына жұмсалынады.

Ересек адамның әрбір кг массасында 24 ккал энергия болады. Терморегуляция үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Тамақтанған кезде терморегуляция жоғарылап, тамақ ішпеген кезде терморе-гуляция төмендейді. Жылу үнемі алмасып отырады. Жылу адамның терісі арқылы айналаны қоршаған ортаға тарап отырады.

Терморегуляция екі жолмен өзгереді.1) Нервті терморегуляция; 2) гуморалды терморегуляуция. Терморсгуляцияның барлық көрінісі 3-таблицада (5-суретте) көрсетілген. Терморегуляция жоғары нерв жүйесі арқылы реттелініп отырады. Адам денесінің терморегуляциясы шексіз. Адам күйзелген кезде немесе қорыққан шақта терморегуляция төтенше жағдайда өтсді. Суық тердің ағзадан бөлініп шығуы тегіннен-тегін емес екендігі байқалады. Ағзада төтенше түрде физиологиялық үрдістердің жүргенін көрсетеді.

Азаматтың денсаулығын сақтау, медициналық көмек көрсету

XX ғасырда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуы 2002 жыл біздің республикамызда Денсаулық жылы болып жарияланды. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының даму және нығаю тарихы Қазақстанның бүкіл халық шаруашылығының даму тарихын көрсетеді. Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгінгі күні қиын жағдайда: бюджеттегі емдеу мекемелері азаматтарға қолайылы, ақысыз, білікті медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрінің мүмкіндігі жоқ, жаңа жүйе болса әлі игерілмеген. Біз денсаулық сақтау саласын алға ілгерілету үшін ең алдымен оның даму тарихын, оны құрушыларды білуге, оларды қиын экономикалық жағдай кезінде ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегін ардақтауға тиістіміз. Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңде өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданды. А. Васильев, А. Ячмин, А. Диваев және басқалар көрсеткендей, XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар, сынықшылар, тәуіптер айналысқан. Бақсылар дәрі дайындай білген. Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған көптеген дәрі – дәрмектерді пайдаланды. Бұндай дәрілерге раушан, майкене, дермене тұқымы, анар ағашы, цикорий, андыз, дермене жусаны, ашудас, күкірт қышқыл магнезиі, сынап, күкірт тотияйын, мышьяк, мүсәтір спирті, азот қышқылы, хинин, апиын жатады. Бақсылар асқазан – ішек сырқаттары кезінде әртүрлі дәрілер қолданады. Мысалы, асқазан ауырғанда рауғаш, апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын берген. Қатты жөтел кезінде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған. Қазақтың халық емшілері қымызды негізінен түберкулезді, құрқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек – қан тамыры және асқазан – ішек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде халық медицинасының өз құралдары мен әдістері болған. Шәйді терлету құралы ретінде пайдаланған. Аурудың алдын алу мақсатында алапеспен ауыратындарды сау адамдардан бөлек ұстаған, шешектен, ауырғандарды тек осындай сырқаты болған адамдар ғана күткен. Шешекпен ауыратын бір адамы болса да бүкіл ауыл қонақ қабылдамаған. Жыныстық қатынас ауруларын (мерез) емдеу қарапайым, бірақ негізінде дұрыс жүргізілген. Науқас адам терісіне сынап жақпамайы жаққан, мышьяк, сынап ішкен, жараларды тотияйынмен күйдірген. Халық емшілері тері ауруларын да емдей білген, ол үшін жақпамайлар, ұнтақтар қолданған. Жақпамайды, әдетте, сынаптан, күкірттен және қойдың майы қосылған басқа да заттардан дайындаған. Ұнтақ материалы ретінде ұнтақталған құрғақ жидектер, күл, күйдірілген киіз және т.б. қолданған. XIX ғасырдың соңында Қазақстанда жұмыс істеген А. Я. Соколов бақсылар адам анатомиясын білмесе де, олардың кейбіреулері күрделі хирургиялық оталар жасаған деп көрсетеді. Олар қуықтағы тастарды алған, катарактаны сығып шығарған, сынықтарды, буынның таюын емдеген, шынтақ бүгілетін тұстағы тері тамырларынан қан шығару кең тараған. Кесілген тұсқа жолжелкен жапырақтары, күйдірілген киіздің немесе мақтанаң күлі басылған. Түйнеме болған терідегі жараға ыстық сугуч құйған, кейде ойық жараны қызып тұрған темірмен күйдірген. Жылан шаққан уын ауызбен сорып алып, жыланның басынан даярланған дәрі басқан. Бұл дәрі мынандай жолмен жасалған: жыланның басы кептіріледі, ұнтақталынады, сүтпен араластырылып, жараға таңылады. Тістің ауруын меңдуана мен май қоспасымен емдеген, кейде құрғақ меңдуана басқан. Қазақстанның халық медицинасын П. Н. Соколов осылай сипаттайды. Мұражай материалдары республиканың халық медицинасы емдеудің мол тәжірибесін жинақтағанын көрсетеді. Халық емшілері қымызбен, шұбатпен, шөп тұнбаларымен, су – балшықпен емдеген. Тәуіптер, емшілер, сынақшылар өз тәжірибесінде түрлі өсімдіктердің тамырларын, киік мүйізі және басқа құралдарды пайдаланған. Болат 1962 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтын ойдағыдай аяқтап, туған өлкесі Атырауға келіп, қызметке араласқаннан кейін көп ұзамай өзінің сүйікті ұстаздарының бірі – Татьяна николаевна Никоновадан шақыру алды. Ұстазы студент шәкірттерінің ішінде осыбір баланаң алғырлығы, білімділігі мен ұқыптылығыны тәнті болып, одан келешекте жақсы дәрігер ғалым шығады деп іштей топшылаған да болуы кере, еліне аттанарда мекен – жайын алып қалған. Мына шақырудан соң әрі – сәрі күй кешкен баласының тәуекел етуіне әкесі Хабижан рұқсатын бере отырып, «Айналайын, бізге алаңдама, білімдінің соңынан ер, қарағым...», - деп оған ақ жол тілеп, Алматыға шығарып салды. Ұстазы бүгін қазіргі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығындағы кші ғылыми қызметкерлік орынды оған сақтап отыр екен. Болат өз қызметін жауапкершілікпен құлшына атқарады, көп ізденді, тәжірибе жинақтап, онысын орнымен қолдана білді. Аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметкеріне сатылап өсе бастады. Сол жерде қызметте жүріп – ақ, тәжірибесін ғылыммен ұштастырып, соның егізінде 1968 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1981 жылы докторлығын қорғап, 1993 жылы профессорлық атқа иеболды. Болатқа атақ – дәрежеден гөрі балалардың ауруларын дұрыс анқытап, нақты ем белгілеу бәрінен биік. Өйткені, бұл қызмет ететін кардиоревматалогия бөлімінің жұмысы өзге бөлімдерден ерекше. Балалар арасындағы жүрек – қан тамыр ауруларын анықтап алмайынша, басқа ауруларды емдеу көбіне жақсы нәтиже бере қоймайтынын талай көрді. Жүрек ауруы өздігінен пайда болмайды, оның өзі организмдегі бірнеше аурулардың қабаттасқан жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысын дәл анықтап, соған сайүйлесімді ем тағайындау оңай шешіле қоятын мәселе емес. Оған үлкен тәжірибе ауадай қажет. Мұны Бөкең алғаш қызметке аарласқан тұста талай кездестірді. Қиналды. Бірақ осындай тәжірибесі мол білімді әріптестерінің, ұстаздарының қасында болуы, олардың шапағаты мен қамқорлығы мұның да тез арада шебер дәрігер болуына әжептәуір ықпал ететінін бұл күндері Болат Хабижанұлы ерекше бір ілтипатпен, тебіреніспен есіне алады. Өзі де осындай адамгершілікке, ықыласқа толы қарым – қатынастысоңына ерген шәкірттерінің ғана емес, балаларының да, немерелерінің де бойына дарытумен келеді. Қазір Бөкеңнің де шәкірттері көп. 1991 жылдан бері С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің бала аурулары кафедрасының меңгерушісі. Күні бүгінге дейін ғылым саласына сіңірген еңбегі қомақты Он бес ғылым кандидаты мен докторын дайындап әзірлеу үстінде. Республика және шетелдік басылымдарда балалардың денсаулығын сақтауға қатысты 150 – ден астам ғылыми мақалалары, бала ауруларына қатысты қазақ тілінде жазылған бірнеше оқулықтары жарық көрді. 1987 жылы шыққан «Лекарственная аллергия у детей, больных ревматизмом» деген монографиясы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жоғары БАҒАЛАНЫП, Әл – Фараби атындағы екінші дәрежелі сыйлықты иеленді. Болат Хабижанұлы негізгі ғылыми жұмысы балалар ревматологиясына, кардиологясына және жалпы педиатрияға арналған. Педиатрия жөнінен типтік бағдарламалар жасауға да күш салды. Ғылыми, педагогикалық, дәрігерлік тәжірибесі мол Болат Хабижанұлы қазір 5 – 6 курста оқитын болашақ педиатрларға қазақ тілінде лекция оқиды, емдік – тәжірибелер сабақтар өткізеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жүрек – қан тамыр патологиясы бөліміндегі ғылыми бағдарламаға жетекшілік етеді. Жастардың жан – жақты білімділігіне, қазіргі заманғы техникалық жабдықтары тез меңгере алатындықтарын көргенде төбесі көкке жеткендей болады, жастармен бірге қуана біледі, олардан жақсы мамандар шығатынына сенеді. Бұдан күш – қуат алады. Болат Хабижанұлы айтқандай, құдайға шүкір, қазір біздің медицина саласындағы қол жеткен табыстарымыз әлемдік деңгейден кем түспейді. Дүние жүзіне танымал ғалым – дәрігерлеріміз де бар. Солардың қатарында Денсаулық сақтау ісінің үздігі, дәрігер, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас бала кардиоревматологы, медицина ғылымдарының докторы, прфессор Болат Хабижанұлы Хабижанов есімінің де жұлдызы жарқырауына бір кездері өзіне сенім артып, болашағына жарық сәуле болған аяулы ұстаздары сықылды, бізде тілектестігімізді білдірдік...

Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және менарцһе жасына байланысты жүргізіледі.

Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.

Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Акселерация; латынша (аццеларае) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.

Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ

Отбасын жоспарлау — біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Отбасын ұзақ жылдар бойы жоспарлау — бала тууды шектеу деген түсінікті береді. Бірақ, отбасын жоспарлау — баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Яғни, отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындығын есепке ала отырып, баланы өмірге әкелу мәселесіне саналы түрде қарауы. 19-35 жас аралығы — бала туу үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болса, онда туудың күрделі болатыны дәлелденген. Жүктілік арасындағы үзіліс 2-2,5 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйелге келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын және болашақ балаларының денсаулығын нығайтуға мүмкіндікбереді.  Контрацепцияның қазіргі заманғы жаңаша әдістері жыныстық қатынастың мейлінше үйлесімді болуын, қажетсіз уайымның және кездейсоқ жағдайдың алдын алады. Контрацепцияның қандай да бір әдісін қолдану туралы шешімді маманнан кеңес алған соң қабылдауға болады.  Жасанды түсін бала тууды жоспарлаудың қолайлы тәсілі емес, одан мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Әсіресе, жасанды түсік жасату — әйел бедеулігінің бір себебі. Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы кеселдер де еркек пен әйел бедеулігіне әкеліп соқтыратын жиі себепке жатады.  Жыныс мүшелерінің саулығын қадағалау өте маңызды, өйткені, бала сүю мүмкіндігіне шектеу қоятын көптеген аурулар бар. Бұндай ауруларды өз уақытында емдеген дұрыс. Сонымен қатар, мамандардан үнемі профилактикалық тексеруден өткен дұрыс.  Қазақстанда халық санының көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды.

Отбасын жоспарлау – бұл ерлі| зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардьң жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған  ic-әрекеттері.

Отбасын жоспарлау жеке тұлғалар мен ерлі-зайыптылар қалауымен бала санына жету.

Отбасын  жоспарлаудың  кажеті:

•    қалаулы  денісау баланы туу ушін;

•    әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;

•    отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;

•    өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]