Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
162
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

2015 Жылға дейін денсаулық сақ­­тау сала­сында негізгі басым­дық медицинаның про­филак­тика­лық және әлеуметтік бағдарды кү­шейту болады.

Медициналық көмектің, әсіресе шалғайда және жетуге жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғын­да­ры үшін қолжетімділігін қам­та­ма­сыз ету үшін мемлекет көлік меди­ци­на­сын, оның ішінде санитария­лық авиацияны дамытуды қол­дады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ден­саулық сақтау мәселе­лерінде бүкіл қоғам­ның келісімге қол жеткізу жолымен қазақ­стан­дықтардың денсаулығын нығайту­ға және халықтың өмір сүру ұз­ақтығын арттыра оты­рып, жал­пы және ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ау­руларды төмендете отырып, ден­сау­лық сақтау сала­сы­ның бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптасты­руға ықпал ететін болады.

21.Есірткі түрлері және оларға құмарлық қалыптасу ерекшеліктері

Есірткінің бірнеше түрі бар: марихуана, анаша, морфин, героин, кодеин, метадон. Бұлардың адамға әсер етуі де әр түрлі. Мысалға, морфин, героин түрін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Мұндай түрлерін ең алдымен ине шаншу арқылы қолданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде — СПИД ауруын жұқтыру мүмкіндігі де жоғары болмақ. Сонымен қатар есірткі адамның жүйке жүйесінің өзгеруіне себеп болады, ол ашуланшақ, дөрекі, айналасындағы адамдармен қарым қатынасында қатыгездік байқалады. Нашақор адам осы күнімен, бір сәттік жан рахатымен өмір сүргендіктен, оның келешекте болар қатермен шаруасыда болмайды. Алайда уақыт өте оның бұл қуанышытәуелділікке айналып, онсыз өмір сүре алмайтын дәрежеге жетеді. Тіптен есірткі табу үшін алдауға, ұрлыққа, қала берді адам өлтіруге де барады.Есірткі зат гашишті Қытайда сауығу үшін пайдаланған. Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химиялық заттар алып, әр түрлі мақсаттарға қолданған. Олар: анаша, банг (бонг, ганжа, харос және т.б. қосылыстар).Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі -тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұшлданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді 25-26 жасында өмірмен қоштаса береді. Ал бірінші және екінші тәсілмен айналысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс. Онсыз ойдағыдай ем-дом ешқандай нәтиже бермейді. Дағды — бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сонымен бірге табиғатына танылып қалатын мінез-құлықтагы «автоматтандырылған элемент». Адам-ның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шартты рефлскстер тізбегі пайда болып, ол дами түседі. Бұл шартты рефлекстен қүтылуға әбден болады. Егер, таң ертсң гимнастика жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады. Қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі.

22.Денсаулықты анықтау критериялары

Денсаулықты анықтаудың 3 жолы бар: 1.назалогия алды диагностика 2.назалогиялық диагностика (аурудың көзі б.т) 3.тура көрсеткіштер бойынша назалогиялық диагностика

Назалогия алды диагностика – денсаулық деңгейін анықтау б.т. Назалогия алды диагностика Афанасьенко бойынша жүргізіледі. Әр адамның денсаулық деңгейін анықтау үшін Афанасьенко экспресс –диагностикалық әдісі жүргізіледі. Мәні: берлген индекстерді есептеп шығару; индекстің мәні бойынша балл жинау; баллдардың қосындысы арқылы денсаулық деңгейін анықтау;

Тура көрсеткіштер бойынша : 1)организмнің энергия потенциалын анықтау 2) биологиялық жасты анықтау

Энергия потенциалы – энергия жинау мүмкіншіліг яғни энергия қоры көп болса, митохондрия саны жоғары болып келеді.Энергия потенциалын анықтау Купер әдісі бойынша жүргізілерді. 12 минут аралығында зерттелуші максимальды жылдамдықпен жүгіреді. 12 мин арасындағы жүгірген ара қашықтық оттегінің максимальды мөлшеріне тең болып саналады.Бұл тест үлкен топтарға және сол топтағы адамдардың жаттығу деңгейін анықтауға раналған әдіс. Кемшіліктері: соматикалық ауруларға шалдығуын ескермейді. Артықшылығы: тез арада анықталады.

Идеалды дене салмағы Кетле индексі арқылы анықталады. Кетле.и. с (кг)/б(м) Қалыпты жағдайда 18-24,9 тең. 18 ден аз – салмақтың жеткіліксіздігі;25-29,9 – артық салмақ; 30-39,9- семіздіктің І дәрежесі;40-49,9 –семіздіктің ІІ дәрежесі; 50ден жоғары- семіздіктің ІІІ дәрежесі;

Биологиялық жасты анықтау. Организмның биологиялық жүйелерінде қартаю процесінің белсенділігін анықтау.Яғни биологиялық жастың календарлық жасқа сәйкес келмеуі денсаулық жағдайының төмен екендігін көрсетеді.Денсаулық бағалау жүйесінде 5 ранг берілген.1. 15 жастан-9 жас;2)8-3 жас 3)-2,9 +2,9 4)+3;+8,9 5)9,+15

Бейімделушілік потенциалын анықтау.3әдісі бар: 1.қалыпты жағдайда бейімделу реакциясы; 2.бейімделу реакциясының күйзелісі 3.бейімделу реакциясының шектен тыс күйзелісі

23.Профилактика түрлері

Профилактика(гр.алдын алу)-Жалпы аурулардың алдын алуымен бірге, жалпы денсаулықтың нығайтуға бағытталған сақтандыру шараларының жуйесі Профилактикалық іс-шаралар – тұрғындардың медицина-әлеуметтік белсенділігін және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған Денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдасы.

Денсаулық жағдайына,ауыру қаупі төнген жағдайда немесе патологиялық жағдайда профилактиканың 3 түрін қарастыруға болады.

1.Біріншілікті проф – аурудың пайда болу қауіптілігінде,аурудың ары қарай даму қауіптілігінде қолданылынатын іс-шараларжиынтығы.Оған жатады: (вакцинация,еңбек және демалыс балансы,тиімді тамақтану,физикалық белсенділік,қоршаған ортаны қорғау т.б) Біріншілік профилактика мемлекет аймағында жүзеге асырылады.

2.Екіншілік проф- белгілі бір жағдайда (стресс, иммунитеттің әлсіреуі, дененің білгілі бір бөлігіне шамадан тыс жүктеме) қауіпті факторлар аурудың пайда болуынасебепші болуы мүмкін. Екіншлік проф-ң тиімді емдеу жолы диспанцеризация-аурудың ерте анықтаудың кешенді жолы; динамикалық бақылау б.т

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]