Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

91. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі

Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы) Поль Брэгг өзінің бір кітабында «Меніңше, қазіргі кезде адам баласының ашқан жаңалықтарының бірі — өзін рухани, ақыл және физикалық жағынан жасартуы — деп жазды ол. Жасартудың негізгі жолы — оның ойынша, жүйелі түрде тамақтану, физикалық жаттығулар жасау, жүйелі түрде мезгіл-мезгіл ашығу. Брэгг өзінің барлық өмірін адамдарды табиғаттың берген сыйымен сауықтыру және жасарту проблемаларымен айналысты. Физикалық жаттығуларды, жүйелі түрде тамақтануды, денені сумеи, таза ауамен, күнмен шынықтыруды, гигиеналық рухани дайындау мақсаттарын қойды. Лекциялар оқығанда не болмаса әңгімелер өткізгенде өзін иллюотративті материал етіп көрсетті. Басқадай мысалдарды келтірмеді. Өзінің тәжірибесін, салауатты өмірін кітап етіп жазды. Ол өте икемді, қимылды, физикалық күші де көп болды. Төзімділігі өсе түсті. Ол күніне 3-5 километр қашықтықта жүгіретін, суда жүзетін. Би билейтін, теннис ойнайтын, тауға серуен жасайтын, ұзақ уақыт жаяу жүріп, жорыққа қатысқан. Гантелдермен ойнап, гирлер көтерді. Арнаулы тақтай жасап, мұқит суының кетерілуіне қарай жүзді. Ол күнінс 12 сағаттан жұмыс жасады. Еш қандай ауру және шаршау дегенді білмеді. Өте көңілді. Сергек жүрді. Адамдарға көмек етуге ол өр қашанда даяр тұрды. «Адам ата мен Хауа ана кезінен бастап деп жазды ол, — ең маңызды проблемалардың бірі адамның ғұмырын ұзарту, бірде-бір адам өлімнен қашып құтылған емес. Бірақ әрбір адам неше түрлі қимыл жасаса, гигиеналық және диеталық ережелерді сақтаса, адам өз өмірін ұзарта түсетініне сенемін. Әрбір адам осы айтылғандарды әрбір адам — өзінің бақыт-қуанышы, өзінің туған-туыстары, достары үшін, ең соңында өзінің отаны үшін жасау керек. Әрбір адам өзінің денсаулығын сақтауға ұмтылу керск. Денсаулық қоғам үшін өтс қажет. Адамдар ұзақ өмір сүріп, сергек болу, денсаулықтарының мықты болуы отан үшін де, өзің үшін де өте қажет. Мен сенемін әрбір адам 120-ға дейін өмір сүруге құқылы. Денсаулықты сатып алмайсың, оны еңбекпен тұрақтылықпен аласың. Өте тұрақтылықпен, шыдамдылықпен денсаулықты күшейтуге болады. Менің денсаулығым жақсы күш-қуатым бар дсп мақтанатын жағдайға дейін көтеруге болады. Денсаулығым мықты болуын өзім қамтамасыз еттім. Мен жылдың 365 күнінде бір күнде ауырмаймын. Ешқандай ауру маған дарымайды, менде шаршау деген болмайды. Демемде ешқандай кәріліктің белгісі жоқ. Сіздерде осындай жағдайда болуыңыз сөзсіз». Брэгттің сауықтыру жүйесінің негізі — жүйелі түрде тамақтану, жүйелі түрде тамақтанудың негізгі корсеткіші. Күндслікті тамақ рационының жартысы тек овощтар мен фруктылардан тұруы керек. Ең алдымен жаңа — жас овощтар мен фруктылар басым көпшілігі. Фабрикалардан өңделіп шыққан азық-түлікті пайдаланудың қажеті жоқ деді ол. Тағамдарда түз аз болуы керек. Рафинирленген қант,әр түрлі синтетикалық қосылыстар болмауы керек. Брэгт ортодокос емес еді. Егер адамдар ет жеп үйренсе, оларды үйренген дағдысынан айыруға болмайды. Бірақ 3-4 рет, күніне бір рет ет жеуге болады деп есептеді. Күніне үш рет ет жеуге болмайды. Колбаса жеуге үзілді-кесілді тиым салған. Қуырылған етті ауызға алуға болмайды. Майлы ет жеугс болмайды. Брэгг адамдарға жетісіне 3-4 жүмыртқа жеуге болады деп үйғарды. Ерсек адамдардың сүт ішуіне болмайтынын Брэгг айтады. Қаймақ, сарымай, кілегей ішуге болмайды. Брэгг ешқашанда де ет жемеген адам. Өте сирек балық жеген. Бірақ ол вегетарине емес еді. Брэгг өзінің сауықтыруының жүйесі негізі ретінде ашығуды алады. 3 айда бір рет 7-10 тәулік бойы ащығу керек деп ссептеді. Ашыққан кезде судан басқа ештеңе ішпеу керек екенін Брэгг айтады. Ашыққан кезде адам ағзасы тазаланады. Жеген тамақтардың уы адам ағзасын уландырады. Брэгг жас кезінде ішкен дәрісінің бір шамасы ашыққан кезде оның ағзасынан шықканын айтады. Ашыққан ғажап көрініс. Нәтижесі таң қаларлық. 99 пайыз аурудың пайда болуы деп жазды Брэгг дұрыс тамақ ішпеуден. Адамдар оны түсінбейді де тамақты қалай болса солай іше береді. Брэтг тамақты өте аз ішкен. Таңертең бір алма ғана жеп, жүгіріп отырған. Кешкі тамақты ол ішпеген. Күнделікгі физикалық жаттығумен шұғылданған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]