Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

5 Жеке адам денсаулығының анықтамасы

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.

Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

7. Денсаулықтың жастық және жыныстық ерекшеліктері және оның диагностикасы

Тарихи демография ғылымының негізгі зерттеу нысаңдарының бірі — халықтың құрамы мен өсіп-өркендеуіне, даму үрдістеріне әсер ететін жастық және жыныстық құрылымы мен білім деңгейіндегі өзгерістер болып табылады. Халықтың жасы мен жынысы — оның негізгі сипаттамасы. Оның адамдардың тіршілік әрекетіне, оның өзгерісіне, халық өсіміне, яғни, туу мен өлімнің қарқынына әсері зор.

Қазақстан халқының жастық және жыныстық құрамындағы өзгерістердің XX ғасырдың өн бойында болып өткен тарихи процестерге байланысты өзіндік ерекшеліктері болды. Тұрғындардың жыныстық құрамы динамикасына кез жүгіртейік: 1926 жылы Қазақ АКСР-індегі ерлер үлесі 50,9%, әйелдер — 49,1% болса, ауылдарда ерлер — 51,3%, әйелдер — 48,7%, қалаларда ерлер — 49,1%, әйелдер — 50,1% үлеске ие болды. Ал, 1939 жылы Қазақстандағы ерлер үлесі — 52%, әйелдер — 48% болып, ер адамдардыд үлестік басымдылығы сақталынды. Соның ішінде, қала тұратындардың — 51,9%-ы ерлер, 48,1%-ы әйелдер, ауылдағылардың 52%-ы — ерлер, 48%-ы әйелдер болды. Салыстыру үшін 1939 жылы КСРО бойынша мәліметтерді келтірейік: ерлер – 47,9%, әйелдер 52,1%, қалада, тиісінше, 47,9% және 52,1%, ауылда 48,0% және 52,0% болып, әйелдердің үлесі басымдылық көрсетті. Сонымен, 1939 жылға дейінгі санақтарда әйелдерге қарағаңда ерлер басым болса, 1939 жылдан бастап әйелдер үлесінің артықтығы байқалды. Бұл кеңес-герман соғысына тікелей қатысты. Себебі, соғыс кезінде республикадан 1,2 миллионнан аса ер адамдар әскер қатарына шақырылып, жанама шығыңды қоспағанда, 601011 адам тікелей шығын болды. Яғни, олардың орны толмай қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]