Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

31. Биоырғақтар түсінігінің анықтамасы. Биоырғақ түрлері, олардың физиологиялық мәні. Хронобиология

Биоырғақтар - (био және ритм-ырғақ) - қоршаған сыртқы ортаның қайталанып отыратын ӛзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік беретін, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың сипатының және қарқындылығының ырғақты қайталанып отыратын синусоида түріндегі тұрақты тербелістері.

Биологиялық ырғақ – бұл организмнің тіршілігінде, өсіп-дамуында, ағза жүйелерінің қызметінде, зат алмасуында, олардың үнемі белгілі бір уақытта маусымда асқындап және баяулап отыратын табиғи құбылысы. Ол организмді қоршаған ортанын маусымдық өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді. Биоырғақтар кезең, амплитуда, фаза, орташа денгей, профиль сияқты параметрлермен сипатталады.

Табиғатына байланысты биоырғақтар: эндогенді – тірі организмнің өзінде кенеттен туатын және экзогенді – сырттан кезеңдік әсерлер тудыратын деп екі топқа бөлінеді. Эндогенді биоырғақтар кері байланыс арқылы ұсталып тұрады. Қандай биологиялық деңгейде тұйықталуына байланысты биоырғақты жасуша, ағза, организм биоырғағы және т.б. деп айырады. Орындайтын қызметіне байланысты эндогендік биоырғақтарды мынадай топтарға бµледі:

1. физиологиялық ырғақтар – жеке жүй елердегі жұмыс циклі (тыныс алу, жүректің соғуы)

2. экологиялық немесе бейімділік ырғақтар – қоршаған орта кезеңдігіне организмнің бейімделуін жүзеге асырады. Физилогиялық биоырғақтың периоды өте ауқымды шектерде өзгеруі мүмкін. Экологиялық ырғақтың периоды, керісінше салыстармалы тұрақты, генетикалық бекіген. Экологиялық ырғақтар табиғи жағдайда қоршаған ортаның маусымдық кезеңдерімен байланысқан. Олар биологиялық сағат қызметін атқарады.

Биологиялық ырғақтарды организмнің бейімделушілік қабілеті мен шама критериі ретінде қолдануға болады. Жүрек ырғағын математикалық анализдеу әдісін организмнің функционалдық жағдайына болжау жасау және бағалау үшін қолданады. Кардиоинтервалдардың таралу параметрлер қисығы вегетативтік нерв ж‰йесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің белсенділік мөлшерін сипаттайды.

Тірі ағзадағы биоырғақты үрдістерді зерттейтін саланы - биоритмология немесе

хронобиология деп атайды.

Адам баласы өзі пайда болған кездерден бастап-ақ табиғатта болатын ырғақта биологиялық процестерге мән беріп бақылап отырған. Осыған байланысты уақытқа сәйкес биологиялық жүйелерде болатын ырғақтылықты тірі организмдердің негізгі қасиеттерінің бірі деп қарастырады. Қазіргі кезде хронобиология ғылымы өз зерттеулерін математика, физика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүргізеді.

32. Жұмысқа қабілеттілік түрлері

Жұмысқа қабілеттілік – еңбектің жеке өнімділігінің физиологиялық негізі.

Физиологиялық және экономикалық көзқарас жағынан «жұмысқа қабілеттілік» ұғымымен «еңбек тиімділігі» ұғымы байланысты.

Адамның жұмысқа қабілеттілігіне еңбектің ауырлығы мен бір сарындылығы әсер етеді.

 Әрбір адамның бойьшдағы жүмысқа қабілеттілігі әр түрлі болып келеді. Жұмысқа деген қабілеттілік жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырады. Оны маусымдық ауытқу деп атайды. Сондай-ак, тәуліктік уақытқа, байланысты, Жүма ішіндегі күндерге сәйкес еңбекке қабілеттілік дамып отырады. Әдетте адамдардың жүмысқа жарамдылығы сағат 10-11-де қарқынды жүреді де, кейін 14-15 сагатта қабілеттілік төмендейді, 17-18 сағатта қайтадан қабілеттілік арта түседі. Белгілі бір жұмысты орындауда қабілеттілік белгілі бір заңдылықпен өтіп отырады. Алғаш жұмысқа кіріскенде қабілеттілік онша жоғары болмайды. Қабілеттілік біртіндеп дами түседі Жұмысқа жарамдылық біріншіден, нерв және гуморальдық жүйелерге байланысты. Адам ағзасы айналаны қоршаған орта факторларына бейімделінуіне байланысты. Екіншіден, қимылдың стереотипіне байланысты болып, ол біртіндеп қалыптасады; үшіншіден, вегетативтік функциялар қажетті деңгейге көтеріле түсуіне байланысты. Мұндай жағдайлар жас балаларда ерекше бір зандылықпен өтеді. Олардың барлық нерв және гуморальды жүйеле-рі өте тез өзгергіш келсді. Бұл фазаны жұмыс істеуге қабілсттіліктің бастамасы деп атайды. Бұдан кейін екінші фаза басталады. Оны жұмыс істеу қабілеттіліктің тұрақты фазасы деп атайдн. Бұл фазада адам сапалы және жемісті еңбек етеді. Қабілеттілік әдетте адамдардың жас ерекшсліктеріне, денсаулығына, жұмысқа үйреншілігіне байланысты болады. Кейіннен жұмысқа деген қабілеттілік біртіндеп азая түседі. Қажу пайда болады. Жұмыс аяғында жұмысқа деген қабілетгілік аз мөлшсрде көтеріледі. Жүмыс аяқталар кезде еңбекке қабілсттілік арта түседі. Мұны, «жұмыстың аяқталу лебізі» деп атайды. Шығар-ган өнімін өзі көзімен көріп көңіл-күйі көтеріледі. Эмоционалдық деңгейі өседі. Ал кейбір себептерге байланысты өзінің жасаған жұмыстарының қорытындыларына көзі тоймаса, көңілге қуаныш сезімі келмесе, онда еңбекке қабілеттілік төмендеп кетіп, адам басылып қалады. Адам қажу фазасына түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]