Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

33. Десинхроноз туралы түсінік

Әлемнің түрлі кереметтерін өз көздерімен көріп, жер жүзін аралауды ұнататын жандар түбінде десинхроноз ауруына шалдығуы мүмкін. Адам баласы бір елден ұшып, басқа елге қонған кезде біраз уақыт жаңа жерге бейімделе алмайды. Сол үшін ұшақтан кейін біраз уақыт (не күн) демалып, күш жинап алу керек.

Ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауруы, депрессия десинхроноз дертінің белгісі болып табылады. Бұл уақыттардың ауысуынан, дұрыс ұйықтамағандықтан, ауқаттану тәртібінің өзгеруінен пайда болады.

Әдетте, уақыттың ауысуы, айтарлықтай сезіле қоймайды. Алайда, ұзақ уақыт ұшу кезіндегі ауысқан сағаттық белдеулер адам ағзасына тікелей әсер етеді.Жаңа уақытқа бейімделу үшін екі аптадай уақыт қажет. Ал десинхроноз ұшақтан кейінгі алғашқы екі күнде қатты сезіледі.

34. Демалысты ұйымдастырудың физиологиялық негіздері мен студенттер еңбегін ғылыми ұйымдастыру

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:

  • - Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;

  • - Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;

  • - Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

  • - Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;

  • - Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;

  • - Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;

  • - Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.

  • - Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.

Жасөспірімдер аудиториясында алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін зияны туралы дәрістер онша тиімді емес. Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы, қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс.

Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты болып келеді.

Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді болады.

35. Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады. Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады. Халық денсаулығының қазiргi жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi айқындалды.

Бағдарламаны iске асыру медициналық қызмет көрсетудiң шығыны аз нысандарына өту үшiн жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтiк қызметтердi енгiзуге, сондай-ақ халықтың өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқының дәйектемесi, медицина персоналының кәсiптiк және жеке өсуi, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына бейiмдеу үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады.

Соңғы жылдардағы қоғам дамуының түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістері жеке тұлғаға ғана емес, тұтас қоғамға ықпалын тигізуде. Сол себепті, қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізін жақсарту үшін мемлекет тарапынан реттеу әдістерін пайдалана білудің маңызы үлкен.

Денсаулық сақтауда мемлекеттік емес сектордың қалыптасып келе жатуына байланысты нарықтық қатынастар жүйесіндегі денсаулық қорғаудың мәнін анықтаудың маңызы зор.

Денсаулық сақтау саласын реформалаудағы мақсатпен міндеттерді нақтылаудың экономикалық тетіктерін қалыптастыру - қазіргі кезеңнің ең өзекті мәселесі. Қазіргі уақытқа дейін денсаулық көрсеткіштеріне ықпал жасайтын негізгі факторлардың ауқымды мәселелері шешілмей келеді.

Тұрғындардың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің деңгейі жоғары болған сайын денсаулықтың жақсаруына деген талаптары да артады. Сонымен қатар, мәдәниетті адамның қажеттілігі медициналық көмектің сапасына да дәрігерлік тексерудің техникалық жақтарына да әсер етеді.

Медициналық қызмет көрсету нарығын дамыту өзге елдерден ерекшеленеді, бүгінгі таңда нарықты жетілдіруде бірқатар мәселелер бар. Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің айырмашылықтарын ескере отырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жоғарылатуға, медициналық ұйымдардың қызметінің экономикалық тиімділігін көтеруге, медициналық қызмет өндірісінің қаржылық тұрақтылығын жасауға, ынталандыруға байланыстықұрылған мемлекеттік және нарықтық реттеуді үйлесімді қолдану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]