Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

22-Тері түрлері

Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.

Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.

Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.

Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.

Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.

Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты (дерма). Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог деп атайды.

Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын - емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді. Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.

Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.

Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек болады. Теріде болатын ерекше жасушалар күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин) бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.

Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Шаш, түктер, тырнақ - эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер - шаш деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі - сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен қантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк қалтасына майлы бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді), теріні майлап тұрады.

23-СУРАК Бет терісін күту тәртібі (ванналар, маскалар, кремдер).

Бет терісін күту

Ол 3 түрлі шарадан тұрады: 1. Теріні тазалау; 2. Теріні нәрлендіру; 3. Теріні қорғау. Теріні майлануына қа-рай: бірқалыпты тері, құрғақ тері, майлы тері деп бөледі. Бірқалыпты тері құрғақ немесе майлы теріге қарағанда кү-тімді көп қажет етпейді. Таңертең бет жуу терімен қатар бүкіл ағзаны сергітеді, ширатады, еңбекке қабілеттілікті күшейтеді. Мұндайда ыс-тық судың пайдасы мол. Өйткені ыстық су теріні жақсы тазалайды, майын арылтады, алайда ұдайы ыстық сумен жуғанда терінің қан тамырлары кеңейіп кетеді де тері босап, болбырап қалады. Сол себепті бетті бөлме температурасы жылылығындай сумен жуған жақсы. Немесе, ыстық, суық сумен алма кезек жуып тұрыңыз.

Майлы теріге оның май бездерінің аса көп май түзуі тән. Май артық түзілсе, май бездері тармақтарының жолын бітейді, содан бет терісінде камедондар деп аталатын қара дақтар пайда бола бастайды. Оны болдырмау үшін тері са- ңылауларының (көздері-нің) кеңеюіне көңіл бө-лу қажет. Майлы тері қалыңдау және қатқылдау. Майлы теріні күнде жылы сумен, иіс сабынмен жуады. Бет терісі аса майлы болса, оны күніне 2 рет жуған дұрыс.

Құрғақ тері – жұқа, тегіс, нәзік. Оған күн көзі, жел, аяз, су, сабын тез әсер етеді. Жас кезінде құрғақ теріні тазартып, оған сұйық крем жағады. 25 жасқа дейін бет терісіне нәр беретін майлы кремдерді жақпайды. Егерде теріге сабын әсер етіп, ол тырысса, қызар-са, түлесе, сабынды пайдаланбайды. Бет терісіне су да қоздырғыш әсер етсе, суды былайша жұм-сартады: 1 литр суға ½ стақан сүт немесе бір шымшым ас содасын араластырады. Бет терісін күн көзінен қорғау үшін басқа етегі жалпақ қалпақ киеді, ашық түсті жұқа орамал тартады, қара көзіл-дірік тағады, күн көзінен қорғайтын кремді де бет-ке жағып алуға болады.

Шаң-тозаңда жұмыс істегенде де бетке одан қорғайтын кремді жағатынын есіңде сақта. Қат-ты аяз күндері далаға ұзақ қыдыруға, жол жүруге шыққанда бетке қаз-дың тұздалмаған майын жағып алатын да ха-лықтық тәсіл бар.

Бет терісін тазалау Әйелдердің бет терісін тазалаудың тәсілдері көп. Ол үшін мынандай тұнбалар мен қоспаларды пайдаланады:

• 3 ас қасық ұсақ ту-ралған жас қиярдың үс-тіне 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағатқа қояды. Сосын тұнбаны сүзіп, қиярдың қалдығын сығып алады. Үстіне 1 шай қасық бал қосып, ерігенше әбден араластырады. Бұл қос- памен мақтанын шылап,

таза жуылған бетті сүртеді. Қоспа теріні безеуден арылтады.

• Майлы теріні бал (1 шай қасық) мен қырмы-зыгүлдің (календула, 1 ас қасық) қоспасымен тазаласа болады. Ол үшін бал мен қырмызыгүлді бір стақан қайнаған жылы суға салып, араластырады.

• Таза жуылып, аршылған шикі картопты үккіштен өткізіп, 100 гр-ына 1 шай қасық бал қосыңыз. Араластырыңыз. Қоспаны марля орамалға 1 см қалыңдықпен жағып, асқын-ған безеулі бетке жапсырып байлап тастаңыз. 2 сағаттай ұстаңыз. Қабын-ған безеу оған жазылмаса, емді қайталаңыз.

• Алоэның жапырақтарын қайнаған суға жуып, кептіріп және 10 күн бойы қараңғы салқын жерде сақ- тайсыз. Содан соң ұсақтап турап, сөлін аласыз. Осы сөлмен теріні күніне 2-3 рет сүртуге болады. Бұл әдіс теріні қабынудан, безеулі жарадан, тітіркенуден болған қабыр-шақ, қызарған дақтардан тазалайды. Майлы бетке қоспаны, ал құрғақ тері үшін алоэ сөлін сумен ара-ластырған жөн.

Бетті жуудың да, құр-ғатудың да өз тәртібі бар. Косметологтар бетті былай жуып, құрғатуды ұсынады:

Бетті жуу

Суға сабын езіп жуу. Бұл – бет терісін тазалаудың ең қарапайым тәсілі. Алайда оны көп адам дұрыс жасамайды. Жалпы, су сабынсыз-ақ терінің майын жуып, кетіре алады. Ал енді оған сабын қосса, терінің майсыздануы екі есеге дейін арта түседі.

Бетті сабынмен жуған соң оның терісі 5 сағат көлемінде ғана өзінің қалыпты жағдайына келеді. Содан кейін ғана бет терісі өзін микробтардан қорғайтын табиғи ылға-лына ие болады. Бетті, денені ешқашанда кір сабынмен жумайды. Рас, кір сабын жақсы тазартады. Өкінішке орай ол бет терісінің, дененің табиғилық қасиеттерін кемітеді, теріні тез қартайтады.

Майлы беттің өзін сабынмен күніне бір-ақ рет – кешкісін, ұйқыға жатардан бір, бір жарым сағат бұрын жуады. Сабынды жиі қолдану құрғақ және қалыпты теріге зиянды.

Майлы теріні майынан арылтамын деп сабынмен жуа бермейді. Олай жасаса, майсызданған тері жиі тершеңденеді. Жуыну тәсілі. Бетті сулап, иекке сабын жағады. Сосын мұрынды сабындайды, ешқашанда көзді сабындап жумайды. Осыдан кейін маңдайдың ор-тасын, құлақтың жарға-ғын, жақтарды, мойынды сабындайды. Көбікті бет- те көп ұстамайды. Бетті сабындап болған соң іле суды аямай, оны жуып тастайды. Сабынмен жуын-ғанда басты талап: кірді езген сабынды түгелдей беттен жуып кетіру.

Бетті құрғату

Бетті жуғаннан соң оны жақсылап құрғатқан жөн. Жуылған бетті орамалмен ысқылап сүртпейді. Мүмкіндігінше, бет қалып-ты ауада өздігінен кепкені дұрыс. Немесе, там-шылаған суын сүртпей, тек оны сорғытып алыңыз. Бетті жуып болған соң оны сүртпей тұрып оған нәрлендіретін крем жақ-қан дұрыс. Дымқыл бетке жағылған крем сіңімді. Егерде шикі сумен жуынып, сосын көшеге шыққы-сы келсе, әйелдердің осы ақыл-кеңесті орындағаны жақсы. Ал енді крем жа-ғылған бетті 3-15 минуттан соң жұмсақ орамалмен, немесе арнайы сүрткішпен сүртіп, кремнің қалдығын тазалап тастайды.

Бетті сабынмен жумау-ға да болады. Тек оның орнына мейлі құрғақ, мейлі майлы, кез-келген теріні жылдың барлық маусымында сұйық креммен сүртуге, ашыған сүт әйт-песе өсімдік майымен та-залауға үйретуге болады.

Косметикалық ақауды түзеу

Беттегі кейбір косметикалық ақауды үй жағдай-ында түзетудің тәсілін білу ешкімге де артық емес. Біз енді соған тоқталайық:

Безеу шықса Бидай көлеміндей ұсақ қара ноқат көбіне майлы бетте пайда болады. Бетте қара ноқат аздау болса, бет терісін сутегі тотығымен (перекись водорода), иіс сабынмен немесе ас сірке суымен, лимон шырынымен сүртеді. Кешке бетті тең мөлшер-де араластырылған лимон шырыны және глицерин қоспасымен сүртуге болады. Безеуді емдеу мен бетті қалыпты жағдайда ұстау үшін теріні тазартып, маскалар жасау керек.

Ақ безеу, түсі ақ ноқат секілді немесе одан үлке-нірек безеу адам бетінде жиірек ұшырасады. Оны арнайы косметикалық салондарда ғана тазартады. Ал жасөспірімдердің бе- тінде кездесетін безеу кө-бінесе жыныс мүшелері-нің жетілуі кезінде пайда болады. Оның профилактикалық бағыты – құнарлы тамақ пен құрамында А,В,С дә- румендері бар тамақ ішу. Міндетті түрде ащы, майлы, тәтті және ұннан дай- ындалған, сондай-ақ кон- серві мен қақталған та-ғамдарды шектеген жөн. Суға шомылу, күн мен ауа ваннасы теріге жақсы әсер етеді. Бетті сабындап жуған соң, күніне екі-үш рет төменгі айтылған сұйықпен бетті сүрткен жөн:

– Левомицин спирті;

– Календула тұнбасы (сумен тең мөлшерде араластырады);

– Салицил спирті;

– Мүсәтір спирті (бір шай қасық мүсәтір спиртін бір стақан суға қосады);

– Алоэ шырыны (дәріхана немесе үйдегі).

Терінің қызаруы мен безеу шыққан кезде бетті булауға, массаж бен парафиннен маска жасауға болмайды. Бет терісі қызарса

Қызарған бет терісіне 10 пайызды синтомицинді эмульсия салфеткасын 10-15 минут жабыстырып қояды. Бетте қызыл безеу-дің қаптап кетуі – жағымсыз косметикалық кемшілік болып табылады. Ол негізі- нен – ішімдік пен қорыты-луы қиын тамақ ішуден, үлкен дәретке дұрыс отырмаудан, ішек құрты ауруынан, аналық без қызметі нің бұзылуынан, күн көзінде, суықта, жел өтінде көп жүруден пайда болады. Оны ойдағыдай емдеу үшін ішімдік ішуді, шылым шегуді міндетті түрде тоқта-ту керек. Дәрумені мол тамақ ішіп, диета ұстаған дұрыс. Ыстық тамақты көп ішпей, бетті қыздыратын приборларға, үстел шамына жақын отырмауға тырысу керек.

Сыртқа шығарда теріні қорғайтын крем жағып, опалаған дұрыс. Майлы бетке түймедақ тұнбасы, құрғақ бетке түймедақ пен зығыр дәні тұнбасына қаймақ қосып жаққан өте пайдалы.

Бет құрғамас үшін...

Бет терісінің құрғақ болуына көп жағдайда су құрамындағы тұздың көп болуы мен сабынды көп пайдалану себеп болады. Сондықтан, бетті неғұр-лым кешкі уақытта бөл- ме температурасындағы сумен және сабынсыз жуған дұрыс. Егер бетіңіз қатты құрғап кетсе, аптасына 2-3 рет жұмсартқыш маска жағып тұрыңыз. Мұндай масканы әзірлеу үшін жұ-мыртқа сарысына 1 шай қасық өсімдік майын және бес тамшы лимон шырынын қосып, әбден араластырады. Сосын саусақтың ұшымен бетке жағады. 20 минуттан соң салқын сумен жуып тастайды.

Беттің

жарылмауы үшін Дала жұмыстарымен айналысқанда әйелдердің

бет терісінің жиі жарылатыны мәлім. Қазір беттің жарылмауына, терінің азбауына жақсы әсер ететін далап майлар аз емес. Алайда олардың басым бөлігі Еуропаның ауа-райына негізделіп жасалғаны есте болатын жағдай. Және де күнге, желге, жауын-шашынға, таңертең-гілік, кешке жағатын далап майлары әртүрлі. Оның бәрін дала жұмысымен айналысатын жерге топырлатып алып бару ыңғайсыз. Осылардың бәрін алмастыратын халық емі бар. Ол – тауық жұмыртқасы. Дала жұмысына шығарда әйелдер сол жұмыртқа-ның сары уызын бетіне жағып алады да, кепкен соң сабындап жуып тастайды. Әйелдің бет тері-сінің ағы – ақ, қызылы – қызыл күйінде сақталады, оған күн де, жел де әсер епейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]