Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
162
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

• Өмipсүру сапасын жақсарту үшiн. Отбасын құрудың құқықтық тәртібі

Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындадатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы.

         Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туысқандықтан, бала асырап алудан, отбасын тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқықтық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік- өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолданудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

         Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеге ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яки бірге тұру белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.

         Қазақстанда мемлекеттік азаматтық хал актәлерін тіркеу органында тіркелген неке ғана танылады. Некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.

 Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады.

Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата-аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.

Некеге тұратын адамдар медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері дәрігерлік құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Болашақ ерлі-зайыптылар азаматық хал актілерін тіркеу органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың біреуі азаматтық хал актілерін тіркеу органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек?

Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін тіркеу органында, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс-әрекетке қабілетсіздігі, сондай-ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию болып табылады.   

Некелік шарт – біздің тұрмысымызға жақында енген ұғым.

   Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.

Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай-ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Қазақстанда халық санының көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар отбасыларға ата-аналық борышқа жауапкершілікпен қарап, баланың өмірге келуін асыға күтіп, әйел денсаулығын сақтау мен отбасылық қатынастардың нығая түсуіне мүмкіндік жасайды.  Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарасаңыз, Сіз дүниеге дені сау және қалыпты бала әкелесіз

Гигиена

Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.

Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.

Дене тазалығы

Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.

Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек – қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.

Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Сібірде тұратын орыс халқы моншаға түсіп, ал буда отырғанда қайың, емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқылармен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунайды. Сонда дене жақсы шынығып, денсаулық артады.

Шаш күтімі.

Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады.

Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір шампуньді пайдаланыңдар. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шайып, шампунның микробтарын түгелімен кептіріңдер. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін 1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ті сірке қышқылын қосып, шашты шайыңдар. Содан кейін шаштарыңды тарақпен тараңдар. Тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.

Тырнақтың күтімі. Аяқ және қол саусақтарының тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарландыру жүреді. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.

Тіс және ауыз гигиенасы. Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады:

1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар;

2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;

3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.

4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;

5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.

Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем - домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.

6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек.

Киім – кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі, киім – кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп жүргендіктен пайда болады. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді жазды күні киюдің қажеті жоқ. Өйткені адам денесінің терлегенде киімге тер сіңбей жұқпалы ауру тарататын микробтардың ұясына айналуы мүмкін.

Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал, жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.

Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты – адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенсы болып бірнеше топқа бөлінеді. Соның ішінде балалар мен жасөспірімділер гигиенасына тоқталамыз.

Балалар мен жасөспірімділер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесірің іс – тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған ғылым.

Бұл пән өсіп келе жатқан организмге қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсер етуін зерттеумен және болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық – гигиеналық індетке қарсы ережелер мен нормаларды өңдеп, аурушандықты азайтуға, организмнің қызмет қабілетін жоғарлатуға, балалар мен жасөспірімділердің қалыпты дамуына бағытталған болатын және салауаттандыру шараларын қарастырады Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданылады. Алдынғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешілігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.

Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс - әрекет жасап, көзге көріне түсті. Адамзат баласының денсаулығы бірімен - бірі байланысты табиғи және әлеуметтік – экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататыңдар: атмосферадағы ауа, су, жер, әлеуметтік факторларға ембек және оқу жағдайлары, тамақ, киім кешек, төсек-орын жағдайы және тағы басқа жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты өмір сүру салтың қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттармен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.

Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі – тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар. Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді. Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек. Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады. Етеккір кезінде сыртқы жыныс ағзаларын таза ұстағанның маңызы зор. Бұл үшін оларды леген үстінде таза жылы (ыстық емес) сумен алдынан артқа қарай жұмсақ иіс сабын қолданып жууы керек. Жуынуды тәулігіне 2 реттен кем емес өткізу керек. Осы кезде Күнделікті душ қабылдаған дұрыс. Ваннада, теңіз, өзендерде жуынуға болмайды, өйткені менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да жыныс ағзаларының қабынуын тудырады. Моншадан, әсіресе булы моншадан алшақ жүрген жөн, өйткені жоғары температура қан бөлінуін күшейтеді. Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді. Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері –жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн. « Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек – қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. Жақсы киіне білу қажетті талаптарды, жағдайларды талап етеді. Ең бастысы алған зат бағасы, не оның сәнділігі емес. Моданы қолдау қажет, бірақ оны қумау керек. Егерде бірде біреудегі сәнді киім жақсы көрінсе, оның сізде де жақсы көрінуі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайларда сәнді киімнің өзі дөрекі көрініп, ол сіздің парықсыз және әдепсіз екендігіңізді баяндайды. Косметика- қыз баланың сыртқы бейнесінің маңызды құрамды бөлігі. Өкініштісі, ол қыз бала бейнесін әсемдеуден гөрі, дөрекілейді. Аса боялған ерін ерсі көрінеді, аса пудраланған бет көркі келіспейді.Аса ғаламат шаш түстері, тушты ұлпалы кірпік бейнелері әсер бермейді. Жаныңызда ұстайтын жайт, ол ең әдемі жеріңіз –бұл сіздің бетіңіз, оны танымды ете білу қажет, яғни көлеңкемелермен көріктілеу қылу, оңдылығын көрсету, гармониялық емес жерін жасыру үшін тек Кустодиев, Матисс не Пикассо сияқты бояулы сурет салудың қажеті жоқ. Косметика бойынша ұсыныстар өте көп, және өзін сыйлайтын қыз бала косметика өнімдерін дұрыс пайдалана (әрине өз танымы бойынша) білу керек. Тағы бір жайтта айта кету маңызды шығар. Көбі махаббат белгісін көрсету үшін қызмет етеді: әсерлі көзқарас, қол алу, сүю. Алайда, махаббат дәлелін тек физикалық жақындық деп сезінетін және бірнеше кездесуден соң қыз балаларды жақындыққа тартатын жасөспірімдер бар. Көбінесе мұндай жағдайларда үлкен махаббаттың орнына терең жүрек шайқалуы байқалады. Әсіресе, егер жас қыз жеңілтектікпен жыныстық жақындыққа өз таңдасына сеніп, келіссе, ал оның қызға ешқандай махаббат сезімі болмаса, жас шақта бұндай қарым-қатынастар қауіпті, өйткені қыздар еш дайындықсыз не өзін, не баласын қамтамасыз ете алмайтын ана болуы мүмкін. Организмде де тым ерте жүктілікке жақсы реакция бермейді. Жүктілікке жасанды түрде үзу қажеттілігі тууы әбден мүмкін. Ал біріншілікті жүктілікті, әсіресе осындай ерте жаста үзу кейіннен ұрпақсыздыққа әкелуі ықтимал. Бұл сирек жағдай емес: біріншілей үзілген жүктіліктің 16 пайызы дәл осылай аяқталады. Көптеген жасөспірімдер жас қызбен жақындыққа түсіп, өз құмарлықтарын ғана қандырады. Көбіне қажеттіліктері әрдайым сексуалды емес, мансапқұмарлық болып табылады. Бұдан кейін жасөспірім өзінің жеңісімен сирек емес жағдай. Өздеріңізді сақтаңыздар, сізден ешқайда қашпайтын жайды тым ерте тануға асфықпвңыз. Өзіңізге сыйластықпен қарaңыз. Өз роліңізді, өз қажеттілігіңізді есте сақтаңыз. Адамзат ұрnағын сақтап қалу, бағасыз тұқымдық материалды сақтап қалу- сіздің қолыңызда.

Дұрыс тамақтану. Ішкен тағамдар асқорыту органдарында механикалық және химиялық өңдеуден өткеннен кейін, ол сулы сұйықтыққа айналып, ішекке өтеді. Ішекте тағам ар қарай қорытылады, ішектің сору қасиетіне байланысты, қанға және лимфаға түседі. Тамақ қанға және лимфаға түскеннен соң — белоктардан-амин қышқыддары, майлардан-глицерин және май қышқыддары, гликогеннен-канттар бөлініп шығып отырғанда ағзада қажетті пластикалық және энер-гетикалық заттар синтезделіп отырады.

Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май. көмірсу, микро- және макроэлементтер фосфор, кальций. натрий, йод, кобальт, қалайы, марганец, калий және т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер,

органикалық қышқылдар, неше түрлі фитонцидтер, крахмал бар, хлетчаткалар болады.

Ұтымды тамақтану — ол клеткалар (жасушылар) қазақша құ-рамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:

1) тәуліктік қоректік заттардың ара қатасының үйлесімді балансасын сақтау;

2) дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды (тамақ сбаланцир-ленген) тамақтану — ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қортылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді. Сондай-ақ тамақтану режимін, ұзақтығын, сапалық шамасына, химиялық құрамын анықтауды керек етеді.

Академик А.А. Покровскийдің жасаған классификациясы бойынша теңестірілген (сбалансирленген) дегеніміз — энергети-калық жағынан бағалы, тағамдағы энергия адам ағзасының жұмсаған энергиясына сайма-сай келуі;

Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар (нутрценттер) теңестірілген түрде болуы керек. Тағам құрамындағы белоктардың, майлардың және көмірсулардың арақатынасы (1:1:4) болуы керек. Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгені жөн. Тағам ішіндсгі компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және массасына сай келуі керек. Балалардың массасын төменгі таблицадан байқауға болады (6-таблица).

Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз кетеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді деп, жазады Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінін, бірінде (1999).

Жалпы нозология.

Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.

Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған.

Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа деңгейімен анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден көп болуы мүмкін. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында глюкозаның мөлшері мен кан қысымы көтерілуі байқалады. Тамақ ішкеннен кейін шеткі қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Міне осындай ж. б. жағдайларда бүларды ауру адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін.

Сондықтан 1946 Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау үйымы (БДҮ) денсаулық туралы мынандай анықтама берді: «Денсаулық дегеніміз ол денеде дерт пен көзбен көретін ақаулардың болмауы ғана емес, адамнын көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі». Сонымен, ауру деп қоршаған ортаның ықпалдарына организімнің бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, оның қалыпты денсаулығының бұзылуын айтады.

Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі нышандары болуы қажет:

1. тұлғалық әйгіленімдері (субъективтік симптомдары) немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі;

2. дерттің дәлелімді әйгіленімдері (объективтік симптомдары);

3. қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі.

Тұлғалық әйгіленімдердің негізінде адамды әлі ауру деп айтуға болмайды. Кейбір адамдар жоқ сезімді бар деп шағынуы мүмкін. Мәселен, ауыр қылмыс жасаған адам өтірік науқас болуға тырысатыны белгілі. Кейбіреулер осындай айлакерлікті соғысқа қатыспау үшін жасайды. Кейде өздерінің сезімін тым әсірелеп көрсетуі мүмкін. Сондықтан жекелеген аурулардың көріністерімен оқулық әдебиет арқылы таныса бастаудан 3-курстың студенттерінің арасында сол аурулардың белгілерін өздерінде табу жиілейді. Бұндай аурулар 3-курс студенттерінің . аурулары делінеді. Кейде науқас адам өзінде бар ауруды ұзақ уақыт сезбеуі ықтимал. Артериалық гипертензиялар, бүйрек аурулары, қантты диабет, ісіктердің ж. Б. Көптеген аурулардың бастапқы кезеңдері науқас адамдарға білінбей өтуі мүмкін.

Аурудың дәлелімді әйгіленістері (объективтік симптомдары) медициналық аспаптармен клиникалық және лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады. Кейде бұл әйгіленістердің болуы да әлі ауру деуге негіз бермейді. Мәселен, адамның қанында глюкозанының тамақ ішкеннен кейін деңгейі әдеттегіден жоғары болады Таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттер көбірек болатыны белгілі.

Аурудың үшінші нышаны – қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі, осыдан ересек адамның еңбекке қабілетінің төмендеуі байқалады.

Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда ғана оны ауру деуге болады.

Аурулардың жіктелулері

Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан дамитын болулары мүмкін. Жүре пайда болған аурулар: жұқпалы және жұқпалы емес болуы ықтимал.

Даму жолдарына қарай оларды аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, нервтік дистрофиялық т. б. аурулар деп ажыратады.

Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай:қауырт, жіті, жедел дамитын, тез дамитын, баяу дамитын, созылмалы ауруларға ажыратылады.

Арнайы дерттік өзгерістердің денедегі деңгейіне қарай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді.

Науқас адамдардың жасына қарай: жаңа туған нәрестелердің, балалардың, ересек адамдардың және қарттардың аурулары болады;

Жынысына қарай: әйелдердің және еркектердің ауруларын ажыратады.

Аурулардың өту кезеңдері

Қандайда болмасын аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді:

1. аурудың бастапқы кезеңі;

2. аурудың айқындалу кезеңі;

3. аурудың аяқталуы мен салдарлары;

Ауруалды деп қоршаған ортаның жағдайларына организімнің икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, сәйкес сауықтыру шаралары болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады. Бұл кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады. Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың әсерінен бастап аурудың алғашқы клиннкалық көріністеріне дейінгі уақытқа созылады. Ол жұқпалы аурулар кездерінде инкубациялық, химиялық заттармен уланулар, сәулелік ауру ж. б. кездерінде латенттік, өспелер дамуында - өспе алды немесе обыралды делінеді. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше секундтан (ұланулар кездерінде) бірнеше жылдарға дейін (өспелер дамуы кездерінде) созылуы мүмкін және бұл кезде аурудың ешқандай көріністері болмайды.

Артынан аурудың алғашқы хабаршы, бейнақты, белгілері: әлсіздік, көңіл-күйдің бей-жайлығы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауыруы т. с. с. пайда болады. Бұл аурудың басталу сатысын хабаршы (продромалық) сатысы дейді.

Осыдан кейін аурудың екінші айқындалу кезеңі басталады, оның барлық клиникалық әйгіленімдері (симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана тән арнайы (спецификалық) және көптеген ауруларға жалпылама бейнақты (бейспецификалық) болып ажыратылады. Сонымен бірге, аурудың әйгіленімдері (симптомдары) тұлғалық (субъективтік) және дәлелімді (объективтік) болады.

Аурудың аяқталуы мен салдарлары көпшілік жағдайда ауру адамның сауығуымен аяқталады.

Сауығу - науқас адамның бұзылған ағзалары мен тіндерінің құрылымы мен әрекеттерінің және қоршаған ортаның ықпалдарына сәйкес оның бейімделу мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін сауығудың белгісі болып, оның еңбекке оралуы есептеледі. Бұл жағынан оны реабилитация (лат. Re - қайтадан, abilitas - жарамдық) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді.

Сауығу толық немесе жартылай болуы мүмкін. Көрсетілген сауығу механизімдері жеткіліксіз болғанда, дұрыс ем тәсілдері қолданылмағанда ж. б. жағдайларда сауығу жартылай дамиды. Мысалы, ревмокардиттен кейін жүрек қақпақшаларында ақау қалыптасуы мүмкін. Қабынудан кейін ағзаның қызметін бұзатын көрнекті тыртықтар қалуы ықтимал. Кейде ауру туындататын әсер немесе оның даму жолдарында пайда болған өзгерістер тоқталмаған жағдайларда ауру созылмалы түрге ауысады. Дерттің созылмалы түрге өтуінің белгілері: ремиссия, рецидив (қайталану), асқыну.

Ремиссия - деп науқас адамның жағдайының уақытша түзелуін түсінеді, ол аурудың қайталануымен ауысады.

Қайталану (рецидив) - аурудың клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы.

Асқыну - ол негізгі аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізілген диагноздық және емдік шаралардың күтпеген салдарлары ретінде пайда болады. Көптеген дәрілерді науқас адамның денесіне жібергенде (антибиотиктер, новакаин, витаминдерді ж. б.) анафилаксиялық шок дамуы мүмкін.

Өлім - организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы. Табиғи және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады. Табиғи өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледі, ол организмнің әбден қартайып тозуынан дамиды. Патологиялық өлім әрқашан мезгілсіз, кез-келген жаста. болуы мүмкін. Өлім үш сатыдан тұрады:

Ақтық (терминалдық) жағдай. Бұл сатыны агония (грек. agonia - жанталасу) деп атайды, бірнеше минуттан 2-3 тәулікке дейін, бұл кезеңде организмнің барлық өмірге маңызды қызметінің бұзылуы болады. Клиникалық өлім – агониядан соң басталады, бұл кезеңде қан айналым, тыныс алу тоқтайды, рефлекстер жоқ. Биологиялық өлім – ұлпаларда кері қайтарылмайтын өзгерістер болады, өмір сүру қабілеті орнына келмейді. Бұл нағыз өлім.

Өлу мен тірілту заңдылықтарын зерттейтін патологиялық физиология бөлімі – реаниматология.

Ағзаны қайтадан жандандыру шаралары (тірілту шаралары)- а/жасанды тыныс алдыру - тыныс алу тоқтағанда жүргізіледі, б/жүректің сыртқы массажы-жүректің соғуы тоқтағанда жүргізіледі.

Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар

Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі — дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді. Ол неге әкеп соғады, адамды неше түрлі ауруларға шалдықтырады. Кейіннен өмір мен қоштасуға себепші болады. Мезгілсіз өліп қалады. Әркім өз бақытсыздығына өзі кінәлі. Біреуден көрудің қажеті жоқ. Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып отыр деп айта алмаймыз. Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған жоқ. Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүрудің салты тек табиғат қана емес, ол адамзат баласын асыраушы ана. Табиғаттың келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, мыңды берсең миллионды аласың, міне табиғат заңы осындай. Дегенмен, салауатты өмір сүру салтын көптеген адамдар сақтамайды. Бір кезде мен бір қарт адамға неге темекі шегесіз дегенімде, ол маған бір Алла-Тағаланың жазуы бар ғой, көп жасаймын ба, жоқ па, аз жасаймын ба, әйтеуір бір жазу бар ғой деді. Жоқ олай емес дедім мен. Темекі шегу өмірді қысқартады. Салауатты өмір сүру салтын әрқашанда бірінші орынға қою керек. Әсіресе, жас жеткіншектерге салауатты өмір сүру керек демекпіз! Сондықтан да қазақ елі өздерінің ұрпақтарына салауатты өмір сүру салтын үнемі қалыптастырып отырған. Егде адамдар, мал бағып, күн-түн демей таза ауада жүрген. Сондықтан да олар, ұзақ уақыт өмір сүрген. Ішімдік дегеннің не екенін олар білмеген, темекі тартпаған. Наркотикалық заттар туралы қазақ елінде ешқандай түсінік болмаған. Ал токсикалық қосылыстар қазақ халқының үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Қазақ елі әрқашанда табиғатпен санасып отырған. Салауатты өмір сүру салтын жоғары сынып оқушылары қатаң түрде ұстауы тиіс. Жоғары сынып оқушылары салауатты өмір сүрудің салты тек көп қимыл жасап, нерв жүйелерін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, ішімділік ішпеу, темекі шекпеу ғана деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Салауатты өмір сүру салтын сақтау үшін; ерік болу керек. Күшті ерік әркімдс бола бермейді. Сондықтан да кейбіреулер салауатты өмір сүру салтын сақтамай көп азап шегеді. Оны күнделікті өмірден үнемі көріп жүрміз. Валеология мектеп жағдайында білім және тәрбие беру пән ретінде жүргізілуі керек. Валеологиялық білімді ата-аналарда білуі керек. Валеология — кеңінен насихатталынуы тиіс. Валеология кәсіптік білім ретінде өткізілуі керек. Валеологиялық білім жөне тәрбие біртұтас, ол қатарымен жүргізіліп отыруы тиіс. Валеологиялық білімде физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдылық, әлеуметтік және тұлғалық аспектілер болады. Физикалық аспект дегеніміз — ағзаларда өтетін физиологиялық үрдістер, интеллектуалдылық-денсаулық жайындағы ақпараттарды қабылдау; эмоционалдық аспект — түсінік және оларды қорыту, екінші біреуге өз мағынасында жеткізу; тұлғалық аспект дегеніміз — тұлғаның өзіндік биологиялық ерекшелігі. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау орындарының анықтауы бойынша, денсаулық дегеніміз – физикалық, психикалық, (рухани) және әлеуметтік жағдайдардан туындайтын биологаялық категория. Балалардың және оқушылардың денсаулығын сақтау проблемалары мына төмеңцегі екі жағдай орындалған кезде өз шешімін табары сөзсіз. 1) Сыртқы және ішкі жағдайлар мектепте және үйде қолайлы түрде жасалған болса, оқушыларды еңбек ету мен демалысы жүйелі түрде ұйымдасқан жағдайда, (денсаулықты сақтау педагогикасы немесе мектеп гигиенасы сақталынған болса), оқушылардың денсаулығы арта түседі. 2) Оқушылар арасында, олардың денсаулықтарының сақталуына бағытталған тәлім-төрбие жұмыстары ойдағыдай жүргізілінсе, оқушылар салауатты өмір сүру салтын сақтай алады. Сонымен бірге мектепте жұмыс істейтін қазіргі заманның валеологтарының қабілеттілігі ерекше болуы керек. Оқушылардың денсаулықтарына кері әсер ететін айналаны қоршаған орта факторларын анықтай білетіндігі осыған байланысты. Не істеу керек, нені істемеу керек. Толық кепілдеме беру керек. Ақыл-ойын және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру үшін қосымша әдістсрді айтып беруді білу керек. — оқушылардың физикалық дайындығын (денсаулық деңгейін) біліп, осыған байланысты қимыл жасау режимін ұсыну қажет; — оқушылардың өздері-өздерінің денсаулықтарына қалай бақылау жасайтынына ғылыми тұрғыдан кепілдемелерді дәл беру керек; — денсаулықтарын қалай басқарудың жолдарын атап көрсетіп беріп отыру жөн. Қоғамдағы денсаулық мәдениеттілікке байланысты. Неғұрлым мәдениет төмен болса, соғұрлым қоғамдағы денсаулық төмен болады. Осыдан шығатын қорытынды: Баланы жас кезінен бастап өзінің денсаулығын сақтай білуге үйрету. Осыған орай денсаулықты сақтау екі бағытта жүргізілуі керек. 1) Әрбір адамға валеологиялық білім беру ең жас кезінен бастап берілуі тиіс; 2) тұлғаның өзін-өзі төрбиелеуі — креативті валеология (сгеаytіо — жасап шығару) өзің жасап шығар.

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]