Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

41.Жүрек-қантамыр жүйесі жағдайын бағалау әдістері

А.Зерттелушінің қан қысымын отырғызып өлшейді, екінші қолынан жүрек соғысының 10 секундтағы орташа санын есептейді. Бұл үшін 10 секундтағы жүрек соғу жиілігі 6 рет саналады, алынған нәтижелер қосылады және 6-ға бөлінеді, орташа мәнін алады.

Одан әрі зерттелуші манжетканы шешпей, 30 секунд ішінде 20 рет қатты отырып тұрады. Жүктемеден соң дереу АҚ және ЖСЖ 10 секундта есептеледі. Келесі АҚ мен тамыр соғысын санау әрбір минөт сайын бірнеше рет көрсеткіштердің бастапқы деңгейіне келгенінше жүргізіледі. Алынған мәліметтер кестеге толтырылады:

Зерттелетін көрсеткіштер

Жүктемеге дейін

Жүктемеден соң дереу

Жүктемеден соң әрбір минөтте

1

2

3

4

5

1.Жүректің соғу жиілігі

2.АҚ:

систолалық

диастолалық

пульстік

Сынауды бағалау критериі:

- жүректің соғу жиілігінің сараптамасы:

1. Жүктемеден соң тамыр соғысының қалпына келу уақыты 3 – 4 минөт.

2. Жүктемеден соң тамыр соғысының жиілігі 50 – 70%-ға өседі, мына формула бойынша есептеледі:

(жүктемеден кейінгі тамыр соғысы – бастапқы тамыр соғысы) х 100

Бастапқы тамыр соғысы

- АҚ өзгерістерінің сараптамасы

1. Физикалық жүктемеден соң систолалық қысым 10 –20 мм с.б. артады, диастолалық қысым 10 – 20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20 –40 мм с.б. артады.

2. АҚ жүктемеден соң 4 – 5 минөттен соң қалпына келеді.

Көрсетілген қалыптылық жүрек-тамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байкалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті.

Б. Жүрек-қан тамыры жүйесінің функционалдық жағдайын орто-статикалық сынама көмегімен бағалау керек. Жүргізу әдістемесі: шалқасынан 3 минут жатқаннан соң жүрек соғуының жиілігі (бұдан әрі – ЖСЖ) (10 секундтық мерзім бойынша) және артериялық қысымы (бұдан әрі – АҚ) анықталады. Содан кейін тексерілетін адам тез тұрады және тұрған қалпында өлшемдер қайталанады. Бұл ретте тамыр соғуының минутына 4 соғудан көп болмауы, ал АҚ ең үлкен өсімі сынап бағанының 10 миллиметрінен аспауы қалыпты реакция болып саналады және 100-ге тең индекс ретінде қабылданады. 1-кестеде ортостатикалық сынама индекстерін бағалау келтірілген.

 

Ортостатикалық сынама индекстерін бағалау

 1-кесте

Тамыр соғуының бір минутта жиілеуі

Ең жоғары артериялық қысымның өзгеруі

артуы

төмендеуі

 +10

 +8

 +6

 +4

 +2

 0 

 -2

 -4

 -6

 -8

 -10 

  0-4    100   95   90    85   80   75   70    65    50    55    55 

   5-8     95   90   85   80   75   70   65   60   55   50    45 

  9-12     90    85    80   75    70   65    60   55  50   45    40 

13-16       85   80    75   70   65   60   55   50   45   40    35 

17-20       80   75   70   65   60   55   50   45   40   35    30  

21-24       75   70   65   60   55   50  45   40   35   30    25 

25-28        70   65   60    55   50   45   40   35   30   25    20 

29-32       65    60   55   50   45   40   35   30   25   20    15 

33-36      60   55   50    45   40   35   30   25   20   15    10 

37-40       55    50   45   40   35   30   25    20   15   10     5 

41-44      50   45   40   35   30   25   20   15   10    5     0 

Қолайлы индекс 100-85, рұқсат етілетін 84-75 және ең нашар 74-60 болып саналады. Динамикалық бақылау үдерісінде индекстің өсуі сауықтыру ұйымдарындағы қозғалыс режимінің жаттықтыру әсері туралы куәландырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]