Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank_isi_ma_1179_ysh_kitabi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.43 Mб
Скачать

1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар

1994 жылы айналысқа шығарылған

Монеталар сары түсті Л-80 қоспасынан жасалған.

Бет жағының (аверс) ортасында монета номиналын көмкерген сегіз қырлы өрнекті рәміз бейнеленген. Номиналдың астында "ТИЫН" деген жазу бар. Төменгі жақ бөлігінде монетаның соғылған жылы жазылған. Сегіз бүйірлі розетканың алты қыры ұлттық ою-өрнектің декоративті элементтерімен өрнектелген.

Монеталардың сыртқы бетінің (реверсінің) орта бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған. Айналдыра кант жүргізілген.Монеталардың беті мен сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

1-қосымшаның жалғасы

Монеталардың параметрлері.

Номинал (тиын)

Диаметрі (мм)

Қалыңдығы (мм)

Массасы (гр)

Қыры

2 5 10 20 50

17.27 17.27 19.56 21.87 25.00

1.3 1.3 1.6 1.7 2.0

2.26 2.26 3.48 4.71 7.43

тегіс тегіс тегіс тегіс тегіс

Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу олардың ақша айналымынан толық шығарылады дейін жүргізіледі. Барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету және тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тәртібі өзгеріссіз қалады.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы №57 қаулысымен бекітілген, қолма-қол ақша белгілерін-тиындары ақша айналымынан алу ережесіне сәйкес ақша белгілері - тиындар айналымнан алынды.

2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне  – тігінен. Орталық бөлігінде  «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген.  «Бәйтерек» монументінің сол жағында күлгін көк түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта  номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменгі оң жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда  резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]