- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі - Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж.), Қызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады.
Ірі коммерциялық банктер қатарында саналатын Сібір сауда-банкісінің (1872ж. құрылған) 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аудандарында, яғни Омбыда (1894 ж.), Семейде (1898 ж.), Қызылжарда (1905 ж.), Верныйда (1908 ж.) Ақмолада (1909 ж.) Қостанайда (1911 ж.) және Керекуде (1916ж.) орналасты.
Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп банкісінің (1916 ж.) бөлімшелері Қызылжарда (1904 ж.), Қостанайда (1908 ж.), Оралда (1909 ж.) және Омскіде (1916 ж.) ашылды.
Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия банкісінің (1910 ж.) филиалдары Омбыда (1898 ж.), Верныйда (1903 ж.) және 1907 ж. – Семейде құрылды.
Екіден филиалдары бар Қазақстанда сыртқы сауда үшін Орыс банкі мен Волжекамский коммерциялық банкі жұмыс істеді. Осылардың біріншісі Омбы (1909 ж.) мен Керекуде (1909 ж.), ал екіншісі Омбыда (1905 ж.) және Семейде (1907 ж.) өз бөлімшелерін ашты.
Қызылжарда, Семейде және Оралда Ярослав-Костромскі жер банкісінің агенттіктері ашылып, қызмет көрсетті .
Жалпы, бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің - 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің -18 филиалдары, 12 - өзара несие беру қоғамдары, 8 - қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 - несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда, қарапайым операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері тікелей қазыналық палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдам өсе түсті, мысалға жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу жәй және шартты ағымдық шоттарды ашу мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға Омбы, Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды
вексельдерді есепке алу
тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру
тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру
ауыл шаруашылыққа ссуда беру
бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру
қайта есепке алу операцияларын жүргізу
вексельдер үшін арнайы шоттар ашу
бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу
ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру
барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу
меншікті бағалы қағаздар шығару
салымдық және ағымдағы шоттар ашу.
Вексельдерді есепке алу операцияларымен айналысу мемлекеттік банктің 1960 ж. жарғысына сай көзделген. Вексельдерді есепке алу төлеу уақытынан 6 ай бұрын мерзімде жүргізіледі. Әрбір несие алушыға несие беру кезінде оларды вексельді есепке алу немесе вексель бойынша арнайы шоттардағы қарызы есепке алына отырып, берілетін несиенің сомасын азайту немесе арттыру жайлы сұрақтарды банк мекемелерінде болатын есептік және ссудалық комитеттер өзара талқыға салып шешті. Сонымен қатар, олар клиенттердің несиелік қабілетіне қарай жіктей отырып, оларға берілетін несиенің шекті көлемін бекітті. Мысалға ІІІ разряд – 10 мыңға дейін, ІІ разряд – 20 мыңға дейін, ал І разряд – 30 мың сомға дейінгі несие алуға мүмкіндік берілді.
Вексельдік несиелердің ең көп мөлшері сауданың үлесіне тиді. Сол кездері сауданың үш түрі болған айырбас, жәрмеңке және стационарлық. Бұлар шаруашылықтың үш типіне көшпелі, жартылай көшпелі, және отырықшылыққа сай қалыптасты.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің филиалдарының қызметі активтік операциялары бойынша вексельдерді есепке алу тауарларға және тауарлық құжаттарды есепке ала отырып, ссуда беру бағалы қағаздармен жасалатын операциялар қамтылды.
Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру екі формада жүзеге асты
1.) Заттай, яғни кепілдікке берілген тауарлар банк мөрімен басыла отырып сақталынды, немесе оларды жауапты адамдардың сақтауында қалдырды.
2.) Жеке-заттай, яғни бұл жағдайда тауарлар кепіл берушінің жауапты сақтауында болды. Қаншалықты Мемлекеттік банктің өзіндік сақтау қоймалары болмағандықтан да, тауарларды ескере отырып, ссуда беру көбіне осы екінші формасында жүзеге асырылды.
Сонымен коммерциялық банк активтеріндегі вексельдерді есепке алу 30-36%, ал тауарларды есепке ала отырып, ссуда беру 23-28% үлеске ие болды.
Жергілікті коммерциялық банктер. 1909 –1913 жж.. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында Мемлекеттік және акционерлі-коммерциялық банктермен қатар сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер өзара несие беру қоғамдары және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып отырды. Олар несие жүйесіндегі ортаңғы буын ретінде орта және ұсақ буржуазияларға тікелей қызмет еткен.
Қазақстанда, Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда, өзара несие беру қоғамы кеш пайда болды.
Өзара несие беру қоғамының қаражаттары мүшелік жарна қосудан, ағымдық шоттардағы қаражаттар мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды. Бұл қоғамның басты мақсаты өз мүшелеріне несие берумен шектелді. Осы қоғамның жарғысына сай, әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының он есе көлемінде несие алуға құқылы болды. Бұл қоғамның мүшелерін саудагер, үй иеленушілер, шенеуліктер т.б., сол сияқты ұсақ және орта буржуазиялар жатты.
Қызметінің сипаты жағынан өзара несиелеу қоғамдарының коммерциялық банктерден айырмашылықтары болмады. Олар да салымдар қабылдап, ағымдық шоттар ашты, вексельдерді есепке ала отырып, ссуда берді және тауарлармен байланысты операциялармен айналысты. Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарын несиелеу барысында, олар мемлекеттік және акционерлік-коммерциялық банктердің қаражаттарын пайдаланды.
Жарғысына сәйкес, өзара несие қоғамдарының капиталы мынадай үш көзден құралды:
1. Айналым капиталынан (мүшелердің қосқан жарнасынан);
2. Босалқы капиталдан (түскен пайдадан 10% мөлшерінде аудару негізінде);
3. Арнайы капиталдардан.
Меншікті капитал басқа банктедегідей екінші дәрежелік рөлді ойнайды, яғни ол банк қаражаттарының басты көзі – салымдарға жол берді. Бірақ та олардың акционерлік банктерден айырмашылығы, оларда салымдар басқа адамдар қаражаттары болып табылса, мұндай қоғамдарда салымдар екі топқа бөлінді:
1.) қоғам мүшелерінің салымдары;
2.) сырттан келушілердің салымдары.
Вексельдік несиелеудің ашылу сомасының:
55.8% - сауда және өнеркәсіп клиенттері;
15.9% - ауыл шаруашылық клиенттері;
13.7% - үй иеленушілерге;
9.7% - шенеуліктердің үлесіне тиселі болды.
Мұндай қоғамдардан несие алу қарыз алушыларға біршама арзанға түсті. Орташа есеппен ссудалық пайыз мөлшері – 9-10 %, ал салымдар бойынша төленетін пайыз мөлшері – 4-5 % құрады.
Қалалық қоғамдық банктер. Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдары сияқты, тауар өндірісінің өсуі және сауда-өнеркәсіп буржуазияларының арзан банк иелігіне деген сұранысынан туындады.
Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдарынан айырмашылығы, олардың ұйымдастырылу құрылымына байланысты қалыптасты. Олар негізінен қалалық басқарманың негізінде жүргізіліп және олардың қадағалауында бола отырып, олардың алдында есеп берді. Қалалық қоғамдық банктерге негізінен сауда және өнеркәсіп буржуазиялары мен үй иеленушілер қожалық етті. Бұл банктердің жарғылық қорының ең төменгі мөлшері 10 мың сом шамасында, ал міндеттемесі негізгі және қосымша капиталдан бес мәрте мөлшерінде қалыптасуға тиіс болған.
Осындай банктердің бірі болып ең алғаш 40 мың сандық жарғылық капиталы бар 1871 жылы Қызылжар қалалық қоғамдық банкі құрылды. Оның басты операцияларына салымдар қабылдау; вексельді есепке алу; бағалы қағаздар, тауарлар, бағалы заттар және жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып ссуда беру жатты. Банктің негізгі клиенттер қатарының 78,6%- саудагерлермен мен өнеркәсіпшілер, 25,1%- үй иеленушілер, сол сияқты, 21,4%- ауыл шаруашылығы клиенттерінің үлесіне тиді.
Ұсақ несие беру мекемелері және жинақ кассалары. Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға өтуі барысында көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы несиелік кооперациялар пайда болды.
Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі кезеңге бөліп қарауға болады
Бірінші кезең ХІХ ғ. соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.
Екінші кезең 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.
Несиелік кооперативтердің ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды және олардың құрамы таза қазақтардан құралды. Несиелік кооперация негізінен шаруа шаруашылығынан, ауыл адамдарына тікелей қызмет көрсетті. Несиелік кооперативтердің капиталы айналым қаражаттарынан (негізгі, қосымша, арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.
Сонымен қатар, Қазақстанда ұсақ несиелік мекемелерінің бір түрі ретінде “қырғыздың ссудалық кассалары” қызмет көрсетті. Олар негізінен жазық дала төңірегінде ХІХ ғасырдың 70 жылдарында пайда болып, олардың айналым капиталдары ішкі істер министрлері қаражаттарынан алым-салықтардан және пайдадан құралды.
“Қырғыздың ссудалық кассаларының” жарғысына сай ссуданың берілуі екі жақты:
а) қысқа мерзімді – 12 айдан аспайтын мерзімге, яғни ”ұсақ шаруашылық қажеттерін қанағатандыруға” арналған;
ә) ұзақ мерзімді – 5 жылдан аспайтын уақытқа, халықтың басынан кешкен зияншылық жағдайларына берілген.
Қысқа мерзімді ссуда (3 сомнан 30 сомға дейінгі мөлшерде) уездің бастықтарының рұқсатымен берілсе, ал ұзақ мерзімді ссудалар (200 сомға дейін) облыстық басқарманың шешімімен берілді.
ХХ ғасырдың басында, Қазақстан аумағында жинақ кассалар кеңінен дамыды. Жинақ кассалары ақшалай қаражаттарды тартумен қатар, салым иелері үшін тартылған қаражаттар есебінен мемлекеттік пайыздық қағаздарды сатып ала отырып, оларды сақтауға қабылдаған. ”Жинақ кассаларында жинақталған ақшалар, қайтадан ұлттық банктер арқылы ссудаға берілген”.
Салым иелерінің біршама бөлігі (13.4 %) – жағдайы бар бай клиенттер, қалғанының бәрі ең төменгі топтағыларды құрайтындар, яғни олардың кітапшаларында не бары – 6, 5 сом болса, ең жоғарғы топтағылардың салымдарында – 122 есе жоғары мөлшерде болған.
Жинақ кассаларына жинақталған едәуір ақша қаражаттарды мемлекеттік облигацияларға және теміржолшылардың зайымдарына, сол сияқты жер банктерінің закладты қағаздарына патшалық өкіметпен бақылаусыз жағдайларда ауыстыра отырып пайдаланылды.
