- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
11.1. Лизинг
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы 22-23 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.
2
4 1 3
1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;
2) құрал-жабдық үшін төлем;
3) құрал-жабдықты жеткізу;
4) лизингтік төлемдер.
221-сурет. Лизинг сызбасы
1 7
2
3
4 6
5
23-сурет
Банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісім шарт жасалып, несие беріледі;
Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;
Жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім шарт жасалады;
Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді;
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:
ЛТ АА НТ КТ ҚТ ҚҚС
мұндағы,
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ - лизингтік келісім шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
БҚ х На
АА ,
100
мұндағы,
БҚ - мүліктің баланстық құны;
На - амортизациялау нормасы, (%).
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:
НР х НС
НТ ,
100
мұндағы,
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.
Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:
Қб - Қа
НР ,
2
мұндағы,
Қб – мүліктің жыл басындағы құны;
Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.
Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:
НР х Кс
КТ ,
100
мұндағы,
Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:
ҚТ Ші Шқ Шж Шб,
мұндағы,
Ші - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб - басқа да шығыстар.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;
Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
ұйымдастырудың күрделілігі;
лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнынының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:
Объектісі.
Жабдықтау мерзімі.
Лизингке алу мерзімі.
Лизингке берушінің меншіктік құқы.
Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
Құрал-жабдықты пайдалану.
Күту, жөндеу және жаңарту.
Зиян, қолайсыз жағдайлар.
Сақтандыру.
Лизингтік төлемдер, комиссиялар
Төлемді кешіктіргені үшін пеня.
Сатып алу мүмкіндігі.
Келісім-шартты бұзу шарты.
Құрал-жабдықты қайтару.
Салықтар, баждар.
Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
Тараптардың қосымша құқықтары.
Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді және т.б.)
Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).
Тараптардың қолдары.
Тараптардың орналасқан жері.
Қосымша (материалдардың және т.б. сипаты).
Қалдық құнын кепілдеу.
Банктердің кепілдемесі.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және “Қазконтракт” корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
лизингтің халықаралық формалары - экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (5.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылуға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
