- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
1.4. Банктік реформалар
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы төмендегідей үш банктік реформаға тікелей байланысты:
1) 1987-88жж банктік реформалар;
2) 1995 ж банктік реформа.
3) 1996-1998 жж банктік реформалар.
1987-88жж банктік реформалар. Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұысындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде – КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде - КСРО Сыртқы экономикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады.
КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.
Сыртқы экономикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.
Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашады. Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті.
Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік банкінің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай әсер ете алмады.
Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:
вексель айналысының болмауы;
кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты;
шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының байқалуы;
банк мамандандырылуының жойылуы;
кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;
пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;
экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының әлсіздігі;
бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шығарылуы.
1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын бірнеше банктер монополиялары ауыстырды.
1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:
банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;
кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында “банктік соғыc” шыға бастады;
қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.
Социалистік эксперимент жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерц банк және т.б. жатады.
1995 жылғы банк реформасы. 1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;
екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
макроэкономикалық процесстерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы.
ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министрлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың нақты төлем қабілеттілігін ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банкінің балансынан Қаржы Министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 35% құрады. Бұл бір жағынан, ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамтыды:
Бірінші кезеңде (1995 жылдың 1-ші жартысын) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100 % мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992 ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
Екінші кезеңде (1995 ж. екінші жартысында және 1996 ж.), Халық банкіне пластикалық дебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.
Үшінші кезеңде (1997 ж. ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сәйкес 01.01.1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекшелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Төртінші кезеңде әмбебап банк - Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (61%, 1994 жылдың сәуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.
Бесінші кезеңде әмбебап банк - Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі - 40,3% мөлшерінде (1994 жылдың сәуіріне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды.
Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атайды, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып саналады.
Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк), Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.
Мемлекеттік даму банкі – бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.
Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) – бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк.
Тұрғын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медетші банк (траст) – бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен “Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь” ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сәйкес, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды.
Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.
Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық, 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9%-дан, қыркүйек айында - 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210 % -дан 45% -ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
1996 -1998 жж. банктік реформалар. Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағадарламасына сәйкес жүргізілді.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсады:
ақша-несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
валюталық реттеуді дамыту және алтын валюта резервін басқару;
банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принциптерін түбірімен өзгерту;
бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;
Ұлттық банктің басқа елдердің орталық банктерімен және басқа да қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;
Ұлттық банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық әл-ауқатын нығайту;
екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;
төлем жүйесін дамыту;
елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру.
Сол уақыттары Республикамызда берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24 %-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттық банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық банк 1996-1998 жж. орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, “репо” операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырды.
Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап, Қаржы министрілігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан, Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты. Оған дейін бюджеттің тапшылығының 80%-ға жуық бөлігі Ұлттық банк несиелері есебінен жабылып келген. Мұны да осы реформаның бірден-бір нәтижесі деп санауға толық болады.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкноталарын шығаруда меншікті өндірісті іске қосу республикамыздағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгерістерге әкелді. Осыған байланысты қолма-қол ақша айналымын басқаруда 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығынан енгізілген директивтік саясаттың орнына экономикалық реттеу әдістерін пайдаланудың алғышарттары жасалды.
Сонымен осы реформа нәтижесінде кәсіпорындарды және екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшамен жасалатын кассалық операцияларының лимиті алынып тасталды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтап отыру мақсатында Ұлттық банк шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, теңгенің жүйелі валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отырды. Алтын-валюта резервін басқаруда Ұлттық банк мынадай екі портфелді құру қажет деп таныды: стратегиялық инвестициялық портфель және тактикалық өтімділік портфелі.
Мұндағы, тактикалық өтімділік портфелі валюталық бағамды реттеу саясатын жүргізу және қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін қажет. Өтімділік портфелінің негізгі құралдарына ақша нарығының құралдары жатты.
Стратегиялық инвестициялық портфель құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі) міндеттемелерінен тұрды.
Аталған портфельдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары, орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капиталдар нарығының басқа да құралдары жатқызылды.
Банктік қадағалау жүйесін реформалаудың басты мақсаты - банктік қадағалау әдістері мен процедураларын халықаралық стандартқа жақындату болып табылды. Осыған сәйкес, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге капиталдану талабын қойды. Мұндағы мақсат - бәсекелік ортада қызмет көрсететін банктерді тәрбиелеу және біршама тұрақты банктерді анықтау болып табылды. Осындай талаптың негізінде Ұлттық банк капиталы жеткіліксіз банктердің өзара бірігуін немесе жойылу шараларын ұйымдастырды. Реформа нәтижесінде көптеген банктер таратылды немесе бірігу процесін басынан кешті. Осындай шараларды ең бастысы, мамандандырылған банктер басынан кешті. Өйткені олардың барлығы дерлік бастапқыда бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналады. Сөйтіп, кейбіреуі өзара бірігіп жұмыс жасауға мәжбүр болды. Айталық, Мемлекеттік даму банкі Эксимбанкпен, Тұрғын үй құрылыс банкі Центркредитбанкпен қосылып, ал, Медетші банк - Медетші қор ретінде қайта түрлендірілді. Мұндай түрлендіруге Ұлттық банк тарапынан банк жүйесіне жүргізген кейінгі реформалар себеп болды.
Ұлттық банктің 1995 жылы бастаған банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау 1996-1998 жж. әрі қарай жалғасып, нәтижесінде Ұлттық банктің халықаралық стандартқа сәйкес жасалған жаңа шоттар жоспары екінші деңгейдегі банктер қызметіне толығымен енгізілді.
Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау - нарықтық экономика талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық принциптер мен стандарттарды банктердің тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін білдіреді.
Бухгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай мерзімдерді қамтыды:
- Ұлттық банк бойынша:
1996 жылы қосымша және бас бухгалтерия бойынша нұсқаулық материалдар дайындап, оларды баспадан шығару. 1997 жылы 1996 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жаңа шоттар жоспары мен нұсқаулық материалдарға өзгерістер енгізу, Ұлттық банктің қызметіне байланысты халықаралық аудит жүргізу, банк мекемелерінде ескі шоттар жоспарынан жаңаға өтуді аяқтау шаралары жүзеге асырылды. 1998 жылдың бірінші жартысында қосымша есеп бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа пакетін әзірлеу және екінші жартысында Ұлттық банктің бюджетін жоспарлау әдісін жасау.
- Екінші деңгейдегі банктер бойынша:
1996 жылы екінші деңгейдегі он банктер бойынша жаңа шоттар жоспарын енгізіп, ай сайын осы жоспарға сәйкес жиынтық балансын алу.
1997 жылы екінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есептің стандартын жасау, барлық екінші деңгейдегі банктер бойынша үшінші тоқсанда жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты.
Сонымен қатар, бұл банктік реформаның басты нәтижесі - бұл банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000 жылдың қаңтарынан бастады.
Елімізде қабылданған “ҚР банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңына сәйкес қазіргі ҚР-ғы банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
- ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейдегі банк.
- өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер.
Бақылау сұрақтары
Алғашы банктер қайда және қалай пайда болды
Қазақстанға банк капиталының келуінің нендей себептері болған
КСРО-ғы банктің реформаның ерекшелігі мен кемшілігі неде
ҚР тәуелсіздігі тұсындағы банктік реформалардың мақсаты не
1995 ж банктік реформалардың нәтижелері қандай?
1996-1998 жж банк жүйесін реформалар нендей өзгерістер әкелді?
Банк қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін қалай түсінесіз?
2-тарау. Қазақстан Ұлттық банкі – мемлекеттің орталық банкі
