- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
Активтердің орташа құны
Өтімділігі. Өтімділікті талдау үшін кез келген көрсеткішті қолдану мүмкін емес және CAMEL жүйесі бойынша өтімділік рейтингісін анықтау үшін инспекторға бірнеше факторларды ескере отырып, өзінің жеке ойын басшылыққа алуы қажет:
1) салымдардың көлемін, яғни банктің депозиттерінің қанша бөлігі негізгі депозиттерді (банктің қолында ұзақ мерзімге қалатын депозиттер), оның алдын ала ескертусіз шоттардан алынуы мүмкін салымдар бөлігімен салыстыруды (талап еткенге дейінгі депозиттер);
2) активтердің өтімді түрде болуы немесе өтімді түрдегі активтерге тез айналатын активтердің болуы (өтімді түрде активтер көп болған сайын өтімділік деңгейі жоғары болады);
3) банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілік деңгейі, яғни банкаралық нарықта несие желісін ашу келісімі бойынша алынған қаражаттар немесе Ұлттық банктен алынған қаражаттардың тартылған ресурстардың жалпы көлеміне қатынасы (бұл деңгейдің жоғары болуы банктің өтімділік позициясына мазасыздық туғызады);
4) банк басшылығының өтімділік деңгейін басқару қабілетін және банктің өтімділікті реттеудегі өзінің жеке ішкі саясаты мен принциптерін сақтауы.
Бұдан басқа әр түрлі төмендегідей қатынастарды қолдануға болады.
Берілген
несиелер
Депозиттік
салымдар
1 )
Өтімді
активтер
Салымдар
2
)
CAMEL жүйесі бойынша өтімділікті талдаудың жалпы критерийлері:
1-рейтинг (тұрақты). Бұл рейтингтегі банктердің өтімді активтерінің көлемі жеткілікті. Банктің ішкі бақылау әдістері мен ақпаратты өңдеу жүйесі банк басшыларына сәйкес мәліметтерді беріп отырады. Банкте депозит түрінде несиелеудің үлкен көлемді көздері бар. Өтімділік деңгейі бойынша банктерді салыстырғанда бұл банктің өтімділік коэффициенті жоғары.
2-рейтинг (қанағаттанарлық). Бұл рейтингтегі банктерде өтімділік деңгейінің төмендеуі мен қарыз қаражаттарына тәуелдігінің жоғары тенденциялары байқалады. Банкте депозит түрінде несиелеу көздерінің белгілі бір бөлігі ғана бар. Және тез арада қаржы қаражаттарын тартудың белгілі бір мүмкіндігі бар. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа деңгейден жоғары.
3-рейтинг (орташа). Бұл рейтингтегі банктерде өтімді активтер көлемі жеткіліксіз. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа.
4-рейтинг (шекті). Бұл рейтингтегі банктердің өтімді активтерінің көлемінің жеткіліксіздігінен өтімділік көрсеткіштері нашар. Яғни, өтімділік коэффициенті үнемі сақталмайды. Банк қарыз қаражаттарына тәуелді. Өтімділік көрсеткіштері басқа банктермен салыстырғанда орташадан төмен.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз). Банктің өтімділік көрсеткішінің өте нашар жағдайда болуы оның өмір сүруіне қауіп төндіреді. Өтімді активтердің жетіспеушілігі және өтімділік коэффиценттерінің үнемі сақталмауы байқалады. Мұндай банктерге тез арада реттеу шараларын қолдану керек.
Менеджмент. CAMEL аббревиатурасының жазылуында менеджмент үшінші компоненті болғанымен, менеджменттің талдауын басқа компоненттердің барлығын талдағаннан кейін жүргізеді. Өйткені менеджментті бағалау басқа 4 компонентке тікелей тәуелді болады және басқаруды бағалау CAMEL жүйесіндегі субъективті компонент болып табылады.
Капиталды активтердің сапасы, пайда мен өтімділікке қарағанда, басқару әдістерін бағалау үшін коэффициентті көрсеткіштерді қолдану мүмкін емес. Басқару әдістерін бағалау кезінде CAMEL жүйесі бойынша басқа 4 бағытының рейтингісін ескеру қажет.
Менеджментті талдау кезінде мынадай факторлар ескерілуге тиіс:
банктерге тексеру жүргізгенде, банк басшылығы өзінің техникалық біліктілігін, басқарушылық және әкімшілік қабілеттілігін көрсетуі керек;
банк басшылығының экономикалық жағдайдың өзгеруіне, сондай-ақ банктік жүйенің өзгеруіне бейімделу қабілеті болу керек және Ұлттық банк пен сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын орындауы керек;
банк басшылығы банк жұмысының ішкі тәртіптерін жасауға және оның орындалуына жауапты болуы керек;
банк басшылығы білікті басқаруды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді оқытып отыруы қажет;
банк басшылығының кез келген заңсыз іс-әрекеттері айқындалған жағдайда, әсіресе банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға жеңілдікпен несие бергені үшін сыналуы керек.
CAMEL рейтинг жүйесі бойынша барлығы 5 компоненттің бағалануы жүргізіліп болған соң, жалпы банктің бағасын сипаттайтын банктің жиынтық рейтингісін анықтайды.
Жиынтық рейтингісін есептеу үшін 5 компоненттің әрқайсысы бойынша балдарды қосып, шыққан соманы 5-ке бөлеміз.
Мысалы:
капитал жеткіліктілігі активтердің сапасы менеджмент табыстылық өтімділік |
= 2 = 2 = 3 = 3 = 1 |
Барлық компоненттердің сомасы 11-ге тең болса, оны 5-ке бөлеміз, нәтижесі 2,2 оны бүтін санға айналдырсақ (9-кесте), жиынтық рейтинг 2-ге тең немесе қанағаттанарлық болып табылады.
9-кесте.
Жиынтық рейтингтің мәндері
1-ден 1,4 дейін |
1-ге айналдырылады және рейтинг тұрақты |
1,5-тен 2,4 дейін |
2-ге айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлық |
2,5-тен 3,4 дейін |
3-ке айналдырылады және рейтинг орташа |
3,5-тен 4,4 дейін |
4-ке айналдырылады және рейтинг шекті |
4,5-тен 5,0 дейін |
5-ке айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлықсыз |
1-рейтинг немесе тұрақты рейтингісін алған банктерге келесі жағдайлар тән:
қаржы жағдайы барлық аспектілер бойынша сенімді;
табылған кемшіліктер айтарлықтай емес және оларды қызмет барысында түзетуге болады;
банктің қаржылық жағдайы экономикада немесе банктік секторда болып жатқан мәселелер мен өзгерістерге қарағанда тұрақты;
2-рейтинг немесе қанағаттанарлық рейтингісін алған банктерге мынадай жағдайлар тән:
табылған кемшіліктер айтарлықтай емес және олар банк басшылығымен түзелуі мүмкін;
банктің қаржылық жағдайы өз деңгейінде тұрақты саналғанымен, банктің, экономикалық конъюнктураның жағдайы мен банк секторының жұмысының өзгерістеріне бейімделу қабілеті болуы керек;
банктік қадағалау департаментін мазасыздандыратын тексеру немесе есеп беруді талдау барысында айқындалған мәселелер банк басшылығымен міндетті түрде шешілуі керек.
3-рейтинг немесе орташа рейтингісін алған банктерге тән жағдайлар:
банк әлсіз, егер экономикада немесе банктік сектордағы жағдайлар қолайсыз жақтарға өзгерсе, онда банктің қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін;
тез арада жіберілген қателіктерді түзету бойынша шаралар қолданбаса банктік қаржылық жағдайы нашарлайды.
банктің жағдайы банктік қадағалау департаментін ерекше мазасыздандырады.
4-рейтинг немесе шекті рейтингісін алған банктерге мына жағдайлар тән:
қаржы қызметінде айтарлықтай кемшіліктер болады;
жағдайының тұрақсыздық белгілері бар және ол қажетті түрде қалыпқа келтірілмеген;
егер жағдайды түзету бойынша шаралар қолданбаса, жағдайдың асқынып кетуі, банктің болашақта өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін;
банктің банкротқа ұшырау қаупі бар;
банкті қадағалау департаменті жағынан қатаң қадағалау мен бақылауды қажет етеді.
Сондай-ақ мәселелер мен кемшіліктерді жоюға байланысты толық жоспардың болуы талап етіледі.
5-рейтинг немесе қанағаттанарлықсыз рейтингісін алған банктерге келесі жағдайлар тән:
жақын арада банкротқа ұшыраудың жоғары деңгейдегі мүмкіндігі бар;
бірнеше қауіпті кемшіліктері бар, жағдайдың өте нашар болуы банктің акционерлері тарапынан немесе басқа да қаржы көздерінен жедел қаржылық көмекті қажет етеді;
жағдайды түзету бойынша жедел шараларды қолданбаса және қаржылық көмек көрсетілмесе күштеп таратуды қажет етеді.
Бақылау сұрақтары:
Банкті ашуға рұқсат және лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет
Қандай пруденциалдық нормативтерді білесіз
Қашықтан қадағалау механизмі неден тұрады
Инспекциялық қадағалау дегеніміз не
САМЕL жүйесі дегеніміз не
2-бөлім. Банктің пассивтері мен активтері
4-тарау. Банк ресурстары және капиталдық база
