- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды (менеджмент), табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын CAMEL жүйесі қолданылады.
анктің қаржылық жағдайын жан-жақты тексерулер барысында мынадай сұрақтар қамтылады:
а) Банктің қаржылық жағдайымен жүргізілетін операциялардың саласын анықтау.
Бұл активтер мен кассаны түгендеу, ішкі бақылау шараларын орындауын тексеру, белгіленген тәртіптерді сақтау мен құжаттардың дұрыс жүргізілуі;
ә) басқару сапасын бағалау, олар төмендегілерді қамтиды:
– операторлар жағынан басшылықтың бақылауын бағалау;
– банк басшылығына берілген құзыреттер мен олардың жүзеге асу тәртібін зерттеу;
– қызметкерлердің қызметке сәйкестігін және қайта дайындау тәртібі;
– иерархиялық құрылым мен екі жақты бақылау.
б) заңдар мен инструкцияларды сақтауына бақылау жасау. Құжаттар мен заңдардың және белгіленген әдістердің сақталуын тексеру;
в) бухгалтерлік есеп беруді жүргізудің дәлдігі.
Аудиторлық тексеру нәтижесінде алынған санкциялар мен рекомендацияларды сақтау, келісімдер бойынша құжаттарды жүргізудің дәлдігін және дұрыстығын бағалау.
г) Активтердің сапасын тексеру.
Операторлар кеңесімен жасалған несие саясатының толықтығы төмендегідей бағыттарды қамтиды:
– жеке тұлғалар мен компанияларға берілетін несиелердің қатынасы;
– банктер үшін қолайлы бағалы қағаздардың түрлері;
– бағалау тәртібі;
– ссудалардың шекті көлемі;
– несиені бағалау әдістемесі;
– несиенің қайтарылуы мен несиелік қабілеттілігін бақылау;
– несиенің "ескіруі", пайыздардың тоқтатылуы мен несие бойынша шығындарды жабу үшін резервтерді құру.
д) банктің төлем қабілеттілігін бағалау. Бұдан кейін банктің төлем қабілеттілігі мен банк балансы бағаланады. Бұл әдетте банктің жоғары менеджментімен және аудиторларымен жеке-жеке қарастыруды қамтиды.
Тексерушілер сондай-ақ банктің қызметін АҚШ-тың Федералды резервті жүйесімен жасалған "CAMEL" жүйесіне сәйкес бағалайды.
Банктің табыстылығын тексеруде СПРЭД-тің банк қызметкерлерінің еңбек өнімділігіне және активтер сомасынан пайда алу коэффициентіне қатынасына мән береді.
Басқа жағынан банктің қаржылық жағдайын тексеру банк басшылығымен немесе оның акционерлері мен салымшыларға қатысты алаяқтық жағдайлар мен заңға қарсы келетін іс-әрекеттерді айқындайды. Мұндай іс-әрекеттер, әсіресе қазіргі кезде банктік алаяқтардың өз құралдарын халықаралық байланыстарда пайдаланып, оларды заңсыз жолмен шығаруға барлық мүмкіндіктерін салуынан көрініп отыр. Банкті тексерушілер заңсыз қызметтер мен алаяқтықты болдырмау мақсатында басқа да органдармен ақпараттар алмасу саласында тығыз қарым-қатынас жасайды.
Инспекциялау банктің қызметтерінің толық немесе жеке бір сұрақтар бойынша зерттеу жолымен, оның нақты қаржылық және институционалды жағдайы туралы мәліметтерді анықтау үшін және банктің басшылары немесе жеке қызметкерлерінің қызметінің қазіргі заңдылыққа сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. Банктерді инспекциялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дербес түрде немесе басқа ұйымдардан мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Ұлттық банктен банктерге кешенді және ағымдық тексерулер жүргізілуі мүмкін.
Банкті тексеру бойынша комиссияның басшысы, қажет болған жағдайда, оның мүшелері арасында нақты міндеттердің болуы мен жұмыстың жоспарын анықтайды. Комиссия инспекциялауды жүргізу бойынша өзінің жұмысын өз бетінше ұйымдастырады және танысу үшін банктен барлық қажетті құжаттарды алуға құқылы. Банк талап етілген құжаттарды дайындауға және тексерушілерге беруге жауапты өз мамандарын анықтайды.
CAMEL рейтинг жүйесі - қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банкті қаржылық талдаудың әдісі.
Рейтинг жүйесінің CAMEL атауы талданатын компоненттердің алғашқы әріптерінен құрылған:
C – (capіtal adequacy) – капиталдың жеткіліктілігі, мұнда банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін капиталдың жеткіліктілігі, яғни меншікті капиталының көлемі бағаланады.
А – (asset qualіty) – активтердің сапасы, мұнда активтердің сапасы анықталады, сонымен бірге, несиені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға беріледі.
M – (management) менеджмент - банк қызметінің тиімділігіне, қалыптасқан жұмыс тәртібі мен заңды және нормативтік актілердің талаптарының орындалуына бақылау әдістерін ескере отырып, банкті басқару әдістері бағаланады.
E – (Earnіngs) – табыстылығы (пайдалылығы) - банктік қызметтерді кеңейту перспективалары үшін, оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабельділігі бағаланады.
"L" – (Lіquіdіty) – өтімділік, банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін орындау үшін өтімді активтерінің жеткіліктілігі, яғни өтімділік деңгейі анықталады.
CAMEL жүйесінің компоненттерін бағалау Ұлттық банкке берілетін қаржылық есеп берулердің мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бірақ та оларды нақтырақ бағалау үшін инспекциялық тексерулерді жүргізу қажет. Бұл жүйе бойынша банкті бағалау үзідіксіз процесс болып табылады. Дегенмен де бағалауды инспекциялық тексерудің соңында жүргізгенді дұрыс санайды.
CAMEL жүйесінің бес компонентінің әрқайсысын: капиталдың жеткіліктілігі, активтердің сапасын, басқару, табыстылығын және өтімділігін бағалауды жүргізгенде мынадай принциптер мен тәртіптерді ескеруі қажет:
1-рейтинг (тұрақты):
– өте жақсы нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық;
– бағалануы өте жоғары немесе басқа банктерге қарағанда жоғары.
2-рейтинг (қанағаттанарлық):
– қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық (күрделі мәселелер табылған жоқ);
– қызметінің нәтижелері орташадан жоғары немесе орташа деңгейде;
– қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған.
3-рейтинг (орташа):
– қызметінің нәтижелері қанағаттанарлықсыз;
– бағалануы орташа немесе қанағаттанарлықтан төмен;
– сапасы орташадан төмен.
4-рейтинг (шекті):
– орындалуы орташа деңгейден төмен;
– банктің қызметіндегі кемшіліктері болашақта банк қызметіне қауіп төндіретіні анық көрініп тұр.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз):
– қызметінің нәтижелері сөзсіз нашар;
– мәселелері асқынған және тез арада шаралар қолдануды талап етеді;
– егер кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолданбаса, банктің банкротқа ұшырау қаупі бар.
Капиталдың жеткіліктігі. Капитал салымшылардың қаражаттарын қорғайтын ең басты құрал болып табылады. Тұрақты капиталы бар банктің өзінің салымшыларына қауіп төндірмей үлкен шығындарды өз мойнына алу мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, банктердің халықаралық стандарттарға өтуі бойынша оларды бірінші немесе екінші топқа жатқызуға байланысты әрбір банк үшін белгіленетін жеке бақылау белгілері бар.
Меншікті капиталдың (МК) жеткіліктігіне қатысты сапалы көрсеткіштерді талдау үшін төмендегідей көрсеткіштерді есептеуге болады:
Берілген
жылғы
есепті
кезеңдегі
активтер
Өткен
жылғы
есепті
кезеңдегі
активтер
Активтердің
өсу қарқыны
–
=
Өткен
жылғы
есепті кезеңдегі
активтер
Берілген
жылғы
есепті
кезеңдегі
МК
Өткен
жылғы
есепті
кезеңдегі
МК
Меншікті
капиталдың
(МК)
өсу қарқыны
–
=
Өткен
жылғы есепті кезеңдегі
МК
Дивиденттердің пайдаға
қатынасы
Дивиденттер
Пайда
=
Пайданың
меншікті капиталға
қатынасы
Дивиденттер
МК
=
CAMEL жүйесі бойынша капиталдың рейтингісін жүргізудің жалпы принциптері мынадай:
1-рейтинг (тұрақты):
банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттері (k1, k2) белгіленген минималды белгілерден екі немесе одан көп есе жоғары болса, яғни 12 % және 24 %-ға тең немесе одан жоғары;
банктің меншікті капиталының көрсеткіштері басқа банктермен салыстырғанда жоғары болса.
Осы рейтингтегі банктер сәйкесінше капитализацияланған және болашақта жақсы капитализацияланған деп есептелінеді.
2-рейтинг (қанағаттанарлық):
k1, k2 коэффициентері 8 %-пен 14 % -ға тең;
банк капитал көрсеткіштері бойынша банктерді салыстыру тобында ең бір жақсы банктердің бірі болып табылады;
инспекциялаудың нәтижесі бойынша банктің активтерінің сапасы қанағаттандырылған немесе орташа.
Бұл деңгейдегі банктер қазіргі кездегі жеткілікті капиталдары және оны болашақта да сақтайды деп айтуға болады.
3-рейтинг (орташа):
k1, k2 коэффициенттерінің көрсеткіштері белгіленген нормативтерге сәйкес, яғни 6 % және 12 %-ге тең;
капитал көрсеткіштері бойынша банктерді салыстыру тобында ең аз дегенде орташа жағдайда орналасатын банктер;
инспекциялық тексерулер нәтижесінде анықталған активтердің сапасы орташа банктер.
4-рейтинг (шекті):
белгіленген нормативтердің (k1, k2) ең болмаса біреуін орындап жүрген немесе капитал жеткіліктілігі көрсеткіштері 6 % және 10 %-ға тең банктер;
банктерді капитал көрсеткіштер бойынша салыстыру тобында соңғы орындардың бірінде орналасқан банктер;
инспекциялық тексерудің нәтижелері бойынша әлсіз немесе активтердің сапасы жағынан проблемалары бар банктер.
Бұл рейтингтегі банктердің капиталы жеткіліксіз және оның жағдайы банктің өмір сүруі мен төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз):
капитал жеткіліктілігінің көрсеткіштері белгіленген нормативтерден төмен немесе теріс көлемді капиталы бар банктер;
банктерді капитал көрсеткіштері бойынша салыстыру тобында нашар банктердің қатарына жататын банктер;
инспекциялық тексерудің қорытындылары бойынша активтерінің сапасы шекті немесе қанағаттанарлықсыз болған банктер.
Бұл рейтингтегі банктерге акционерлер немесе басқа да қолдау көздері жағынан жедел жәрдем жасау талап етіледі. Қаржылық және басқа да әлсіз жақтары банктің төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.
Активтердің сапасы. Банктің активтерінің сапасын талдаудың мақсаты болып банктің есеп беруінде олардың өмір сүру қабілеттілігі мен құны дұрыс көрсетілгенін анықтау. Тәуекел деңгейін анықтауда активтердің әр деңгейдегі тәуекелінің бар екенін ескеру қажет. Белгілі бір активтердің түрлері тәуекелмен ешбір байланыссыз болады. Мысалға, кассадағы қолма қол ақша немесе Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қалдық. Бұл активтерге қарама-қарсы 100 % тәуекелі бар активтер бар. Мысалы, оларға банктен берілетін несиелер жатады.
Активтердің сапасын талдау барлық активтердің түрлерін сондай-ақ баланстан тыс активтер мен несие портфеліндегі проблемалы активтердің негізгі бөлігін қамтиды. Сондықтан несие портфелінің сапасын талдауға көп көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл талдаудың негізгі принципі несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуді талдау болып табылады. Біріншіден, инспектор келесі жақтарына көңіл аударуы керек:
1) несиені өтеу келісім-шартқа сәйкес жүргізіліп жатыр ма, әлде төлемдер кешіктірілген бе?
2) қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты ма, әлде қаржылық жағдайы нашарлап қалды ма?
3) қарыз алушы несиені қайтара алмаған жағдайда банктің несиенің орнын жабу үшін қосымша қамтамасыз ету қаражаттары немесе несиені қайтарудың басқа түрлері бар ма?
Егер банк несие бойынша шығындарды жабуға провизиялар құрған болса, онда құрылған провизиялардың сомасын активтердің жіктелінуіне дейінгі сомасынан алынып тасталынады.
Активтердің сапасын талдау жіктелінген активтердің орташа құны мен банк капиталының қатынасына негізделеді. CAМЕL жүйесі бойынша активтердің сапасын бағалаудың негізгі принциптері 8-кестеде келтірілген
8-кестеде.
Активтер сапасын бағалау принциптері
Жіктелген активтер құнының капиталға қатынасы |
САМЕL рейтингісі |
5%-дан кем емес 5% -дан 15%-ға дейін 15%-дан 30-ға дейін 30%-дан 50-ға дейін 50%-дан жоғары |
1. Тұрақты 2. Қанағаттанарлық 3. Орташа 4. Шекті 5. Қанағаттанарлықсыз |
1-рейтинг (тұрақты). Мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтердің саны аз, несиенің нашар орналастырылуына қарсы тұру үшін ішкі бақылау жүйесі мен басқару механизмдері жеткілікті банктер.
Бұл рейтингтегі банктердің диверсификацияланған несиелік портфелі болуы және бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптардың орындауы керек.
2-рейтинг – (қанағаттанарлық). 1-рейтингке жатқызылған банктерге қарағанда, бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтерінің мөлшері үлкен болады, бірақ проблемалы активтердің көлемі орташа ал, жалпы активтердің сапасы қанағаттандырарлық болады.
Несие саясаты мен ішкі бақылау жүйесінің саясаты жалпыға сәйкес деп бағаланады, сондай-ақ кез келген айқындалған шығындарды жұмыс тәртібінде түзеуге болады.
Бұл рейтингтегі банктердің де диверсификацияланған несиелік портфелі болуы және бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптарды орындауы керек.
3-рейтинг (орташа). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемінің жоғары болып келуі қауіп төндіреді. Жалпы жіктелінген активтердің деңгейі әзірше банктің капитализациялануын қажет етпейді, бірақ жағдайдың нашарлап кету мүмкіндігі бар. Мұндай банктер берілген несиелердің қайтарылуын талап етуді жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеген.
Банктің жағдайын жақсарту үшін ішкі бақылау әдістерін жетілдіру қажет.
4-рейтинг (шекті). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемі шығынды және активтердің сапасы нашар деп бағаланады. Жағдайды түзетуге байланысты жедел түрде шаралар қолданбаса, проблемалы активтердің деңгейі мен ауыртпалығы болашақта банктің төлем қабілетіне қауіп төндіруі мүмкін.
Мұндай банктердің несиелерді басқаруы нашар, несие саясаты мен ішкі бақылау механизмі әлсіз болады және басқару мен иемдену мәселелері бойынша заңсыз іс-әрекеттердің де болуы мүмкін. Бұл банктердің несиелік портфелі банкпен ерекше қатынастағы тұлғалардың белгілі бір санымен ғана шектеледі.
Банктер мен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптардың орындалмауын сипаттайды.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз). Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелген активтер көлемінің нашар жағдайы және банктің төлем қаблеттілігіне нақты қауіп туғызады.
Сауықтыру бойынша бірнеше механизмдерді іске қосып және ағымдағы шығындарды қысқартуға байланысты жақын арада шаралар қолданбаса банктің банкротқа ұшырау қауіпі бар.
Табыстылық. Табыстылық пен рентабельділік банктің жұмысының маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Табыстылықты талдауда ең алдымен мынадай факторларды ескеру қажет:
– банкте уақыт өткен сайын өзінің құнын жоғалтатын активтердің (құралдар, негізгі құралдар) амортизациялау тәжірибесі бар ма?
– салық бойынша қарыздың есептелуі дұрыс жүргізіле ме?
– салықты төлегеннен кейін акционерлерге дивидент түрінде төленген сомалардың есеп баптарында көрсетілуін тексеру.
Өйткені дивидент түрінде төленген таза пайданың жоғары болуы банктің пайдасының көп бөлігін өзінің капиталын көбейтуге жіберілетін бөлінбеген пайда түрінде сақтамағанын көрсетеді.
Берілген есеп беру мәліметтердің растығын тексерген соң, CAMEL жүйесі бойынша рейтингті анықтау үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі. Пайдалылықты талдау жылдың соңында жүргізіледі. Пайдалылықты талдау мынадай принциптерге сүйенеді (9-кесте).
9-кесте.
Пайдалылықты талдау мынадай принциптері
Активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық көрсеткіштері |
САМЕL жүйесі бойынша рейтингісі |
1%-дан жоғары 0,75% -дан 1%-ға дейін 0,50%-дан 0,75%-ға дейін 0,25%-дан 0,50%-ға дейін 0,25%-дан төмен немесе шығындар |
1. Тұрақты 2. Қанағаттанарлық 3. Орташа 4. Шекті 5. Қанағаттанарлықсыз |
Банктің пайдалылық көрсеткіші активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық коэффициенті болып табылады. Ол төмендегідей түрде есептеледі:
Дивиденттерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда
