- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
берілген несиелер;
бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
жоғары өтімді активтер;
өтімді активтер;
ұзақ мерзімді өтімді активтер.
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
қолма-қол ақшалар;
мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
құйма қымбат бағалы металдар;
Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген “овернайт” займдары.
Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.
Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50 кепіл-хат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Үкіметтің кепіл-хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
Касса;
Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.
4-топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.
2004 жылдың 1 қаңтарына берілген мәліметтер бойынша Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің активтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай 13-кестеде топтастырылған.
13-кесте.
Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен шамасына топтастырылуы*
млн.теңге
Банктердің аттары |
Ақша
|
Коршот |
Бағалы қағаз |
Клиенттерге талаптар |
Өзге активтер |
Барлық активтер |
банкі АҚ |
9 961 235 |
9 461 136 |
72 465 212 |
262 159 778 |
6 876 923 |
422 624 284 |
13-кестенің жалғасы |
||||||
2. ТуранӘлем банкі АҚ |
9 706 315 |
6 960 352 |
84 791 610 |
236 440 507 |
32 079 896 |
369 978 680 |
3. Қазақстан Халық Жинақ банкі АҚ |
7 519 773 |
3 725 582 |
48 040 339 |
160 118 016 |
34 151 411 |
253 555 121 |
4. Алматы сауда қаржы банкі АҚ |
2 054 827 |
3 471 485 |
22 937 817 |
60 498 397 |
6 790 176 |
95 752 702 |
5. БанкЦентр кредит АҚ |
2 953 006 |
8 906 261 |
9 915 329 |
52 642 058 |
8 322 946 |
82 739 600 |
6. Нұрбанк АҚ |
2 054 827 |
4 807 864 |
10 434 652 |
36 504 227 |
4 609 480 |
58 411 050 |
7. Каспийский Банкі АҚ |
1 268 401 |
5 627 738 |
7 746 716 |
34 743 321 |
6 688 234 |
54 934 410 |
8. Альянс Банкі АҚ |
1 424 323 |
2 577 525 |
13 201 569 |
30 698 040 |
2 503 625 |
50 675 082 |
9. Еуразия банкі АҚ |
668 722 |
3 360 371 |
20 302 328 |
15 957 191 |
10 126 988 |
50 415 600 |
10. Ситибанк Казахстан АҚ |
411 378 |
5 360 068 |
2 814 318 |
20 685 728 |
5 896 763 |
35 168 255 |
11. Валют-Транзит банкі АҚ |
417 724 |
1 290 635 |
2 683 261 |
17 668 080 |
9 502 796 |
31 562 496 |
12. АБН АМРО Казахстан банкі АҚ |
1 123 166 |
1 582 630 |
8 575 788 |
11 549 034 |
7 738 751 |
30 657 369 |
13. Темірбанк АҚ |
813 240 |
2 597 503 |
2 651 683 |
15 119 114 |
7 480 974 |
28 662 514 |
14. HSBC Казахстан банкі ЕБ |
106 859 |
873 584 |
4 019 436 |
9 784 796 |
5 489 184 |
20 273 859 |
15. Қазақстан Наурыз банкі АҚ |
401 867 |
800 213 |
3 127 415 |
11 400 562 |
2 295 720 |
18 025 777 |
16. ТЕХАКАBANK АҚ |
523 183 |
357 885 |
1 120 733 |
7 940 370 |
2 551 346 |
12 493 517 |
17. Цеснабанкі АҚ |
501 902 |
715 553 |
2 454 053 |
7 564 338 |
1 005 257 |
12 241 103 |
18. Альфа-банк ЕБ |
286 380 |
894 342 |
718 492 |
6 897 344 |
908 398 |
9 704 956 |
19. Қазақстандағы Кытай банкі ЕБ АҚ |
200 519 |
1 387 070 |
2 098 089 |
640 713 |
2 309 656 |
6 636 047 |
20. Демір Қазақстан банкі АҚ |
208 194 |
1 123 993 |
840 374 |
839 298 |
1 002 143 |
4 014 002 |
21. Нефтебанк АҚ |
141 83 |
880 681 |
14 583 |
1 793 685 |
704 793 |
3 535 625 |
22. КЗИ банкі АҚ |
173 953 |
215 884 |
1 920 599 |
180 539 |
609 582 |
3 100 557 |
23. Алма-Ата МБ АҚ |
214 750 |
306 888 |
- |
1 922 942 |
543 622 |
2 988 202 |
24. Данабанк АҚ |
36 078 |
69 018 |
- |
1 579 934 |
254 150 |
2 240 577 |
25. Лариба-Банкі ББ АҚ |
107 332 |
299 161 |
1 157 416 |
285 067 |
193 524 |
2 219 606 |
26. ТПБК АҚ |
4 734 |
578 865 |
1 157 416 |
285 067 |
193 524 |
1 219 606 |
27. ТАИБ Казахстан банкі ЕБ АҚ |
38 235 |
95 467 |
562 845 |
987 240 |
216 630 |
1 900 417 |
28. Қазақстан индустриалды банкі АҚ |
29 368 |
42 178 |
- |
1 722 864 |
- |
1 767 464 |
29. Қазақстан Тұрғынүйжинақ банкі АҚ |
3 405 |
4 930 |
312 756 |
1 148 016 |
55 004 |
1 524 111 |
30. КИБ АҚ |
- |
96 019 |
- |
955 858 |
151 433 |
1203 310 |
31. Сенімбанкі АҚ |
25 910 |
30 966 |
70 083 |
1 032817 |
40 034 |
1 199 810 |
32. Алаш-банкі АҚ |
26 363 |
171 179 |
162 592 |
503 101 |
322 099 |
1 185 334 |
33. Пакістан ұлттық банкі ЕБ АҚ |
35 475 |
66 871 |
862 176 |
- |
195 769 |
1 160 291 |
34. Заман-банкі АҚ |
5 645 |
24 717 |
24 940 |
957 706 |
119 754 |
1 132 762 |
* Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметтерін қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР агентігінің есептік материалдарынан
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2003 жыл бойына екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сомасы 531 млрд. теңге немесе 46,4 өсіп, 2004 жылдың 1 қаңтарына 1 676 млрд теңгені құрады. Банктер актитерінің құрылымындағы ең көп бөлігі займдарға - 60,6, одан кейін, бағалы қағаздар портфеліне – 19,6, ең аз үлес банкаралық салымдар -9,1 тиеді. Банк активтерінің өсуі займдардың артуымен қамтамасыз етілген. Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелердің жалпы активтердегі үлесі 14,9 артты.
2004-2007 жж Қазақстандық банктік сектордың активтерінің серпіні мен құрылымы 14-кестеде берілген
14-кесте Банктік сектордың активтерінің серпіні мен құрылымы
мерзімнің басына
Банк активтерінің құрылымы, млрд теңге |
2004ж |
2005ж |
2006ж |
2007ж |
2008ж |
Қолма-қол ақшалар, тазартылған бағалы металл және корреспонденттік шоттары |
113,8 |
205,1 |
331,2 |
986,9 |
1 013,9 |
үлесі, |
6,8 |
7,6 |
7,5 |
11,1 |
8,7 |
Бағалы қағаздары |
328,3 |
468,0 |
651,7 |
1240,4 |
787,8 |
үлесі, |
19,6 |
17,4 |
14,4 |
14,0 |
6,7 |
Өзге банктерде орналастырған депозиттері |
84,6 |
85,0 |
345,6 |
520,6 |
639,6 |
үлесі, |
5,0 |
3,2 |
7,7 |
5,9 |
5,5 |
Банктік займдары мен кері РЕПО операциялары |
1086,6 |
1813,4 |
3062,1 |
5991,8 |
8868,3 |
үлесі, |
64,9 |
67,4 |
67,8 |
67,5 |
75,9 |
Капиталға жұмсалған инвестициялары мен субординирленген қарыздары |
43,6 |
58,4 |
83,0 |
97,1 |
222,5 |
үлесі, |
2,6 |
2,2 |
1,8 |
1,1 |
1,9 |
Өзге активтері |
19,1 |
59,8 |
41,5 |
35,2 |
151,3 |
үлесі, |
1,1 |
2,2 |
1,0 |
0,4 |
1,3 |
Барлық активтері
|
1 677,9 |
2687,5 |
4 515,1 |
8 872,0 |
11 683,4 |
Ескертпе –ҚҚА-нің және ЕДБ-дің есептік материалдары негізінде автор есептеген
Соңғы 4 жыл ішінде банктің активтері баптары бойынша өскендігін көреміз. Қолма-қол ақшалар мен корреспонденттік шоттарындағы қаражаттың мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 113,8 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1 013,9 млрд теңгеге дейін көтерілген. Бағалы қағаздарға салған қаражаттары 2004 жылдың 1 қаңтарына 328,3 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 784,8 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Өзге банктерде орналастырған депозиттер көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 84,6 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 639,6 млрд теңгеге дейін өскен. Банктердің клиенттерге берген займдары мен кері РЕПО операцияларының мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 1086,6 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 8868,3 млрд теңгеге дейін немесе 8 есеге артқан. Капиталға салынған инвестициялар мен субординирленген қарыз мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 43,6 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 222,5 млрд теңгеге дейін немесе 5 есеге артқан.
Банктердің өзге активтерінде де өсу байқалады, яғни 2004 жылдың 1 қаңтарына 19,1 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 151,3 млрд теңгеге дейін немесе 7,9 есеге артқан.
