- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
Банк қызметіне қатысты, стратегия сөзі бұл бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған банктің ресурстарының орналасу аясы мен қызметінің нысанын анықтайтын ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасы. Ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасының негізіне банктің мақсаты жатады. Кез келген коммерциялық ұйымның басты мақсаты пайда табу болса, коммерциялық банктерде сондай мақсатты көздейді.
Басқару теориясы менеджменттің мынадай қызметтерін атқарады:
мақсатын белгілеу;
болжау және жоспарлау;
ұйымдастыру;
иелену;
координациялау;
мониторинг және бақылау.
Мұндағы жоспарлау қызметінің ерекшелігі банк менеджментінің қалған барлық процесстерінің әдістемесін және технологиясын жасайтындығымен сипатталады.
Кең мағынасында жоспарлау өткен жылдарға жасалған жоспардың орындалуының нәтижелерін талдау және мониторинг жасау негізінде банк қызметінің алдағы жағдайлармен байланысты басқару шешемдерін қабылдау және олардың орындалуын ұйымдастыруды процессін, үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайларына баға беруді, банктің нақты және әлуетті клиенттерінің қажетттіліктерін зерттеуді, сондай-ақ құрылтайшылардың банк ұйымының алдына қоятын стратегиялық міндеттерін білдіреді.
Тар мағынасында жоспарлау банк ұйымының болашағымен байланысты шешімдерді жүйелі түрде дайындауды сипаттайды. Бұл жоспарлау шешім қабылдау саласы мен оның орындалуын ұйымдастыруды қарастырмайды.
Банк қызметін жоспарлау мынадай қағидаттарды ұстанады:
жоспарлаудың икемділігі және индикативтігі, яғни нарықтық жағдайлардың дамуының жаңа ағымдары пайда болған жағдайларда жоспарды қайта қарау мүмкіндігінің болуы;
жоспарлаудың баламалылығы, яғни сыртқы жағдайлардағы түбегейлі өзгерістерге (әсіресе дағдарысты) жедел түрде ескеретін жоспарлардың бірнеше нұсқада жасалуы;
жоспардағы көрсеткіштердің орындалуына міндетті түрде бақылаудың болуы, яғни жоспарланған көрсеткіштердің нақты орындалмау жағдайларын тіркеу және оның орынадалмау себептерін анықтау, пайдалынылмаған әлуетті мүмкіндіктерді анықтау, кемшіліктерді қалпына келтіруге бағытталған жаңа жоспарлы міндеттерді бекіту;
жоспарлаудың жарияланымдығы, яғни жоспардың жасалуы мен орындалуына міндетті түрде басқарудың барлық деңгейінің менеджерлерінің қатысуы, банк тің алдына қойған мақсаты мен міндеттері жайлы, оларды шешу жолындағы әрбір банк қызметкерінің белгілі бір орындары туралы барлық банк қызметкерлерін хабардар ету;
жоспарлаудың оңтайлылығы, яғни банктің пайдасын арттыруды қамтамасыз ететін банктің даму стратегиясы мен барлық тактикалық жоспарларын таңдау.
Енді банктік менеджменттің теориясында қарастырылатын мынадай жоспарлау түрлеріне тоқталайық:
стратегиялық жоспарлау, яғни банктің болашақтағы даму басымдықтарын және банктің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын жоспарлау түрі;
маркетингтік жоспарлау, яғни нарықта сұранысқа ие болатын банктік өнімдерді жасауды көздейтін жоспар түрі;
бизнес-жоспарлау, яғни статегиялық міндеттерді шешудің нақты жолдарын және болашағы бар банктік қызмет түрлерін енгізу жолдарын қамтамасыз ететін жоспарлау түрі;
жедел (оперативті) жоспарлау, бизнес-жоспардың орындалуын қамтамасыз ететін нақты жобалардың тізімін және іске асырылу мерзімін анықтау, сондай-ақ оған қажетті ресурстар көлемі мен құрылымын, шығындардың қайтарылу мерзімін қамтитын жоспар түрі;
қаржылық жоспарлау, бизнес-жоспардың немесе ағымдағы жоспардың кез келген нұсқаларының орындалуынан күтілетін қаржылық нәтижелерді бағалауды және банктің болжамдық балансын құруды көздейтін жоспар түрі;
бюджеттік жоспарлау, банктің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің негізгі және жоспарлы көрсеткіштерін анықтайтын жоспар;
ағымдағы жоспарлау, ағымдағы банктің өтімділігін, төлем қабілеттігін қолдау және банктің лимиттер жүйесін сақтау мақсатында банктің нақты жүргізілітін операцияларын дайындау және оны ағымдағы қызметпен келістіру міндеттерін қамтитын жоспар.
Жоспарлаудың барлық түрлерін бір бірімен тығыз байланысты, олардың кейбіреуі банктің даму стратегиясының жекелеген кезеңдерімен бірқатар жүзеге асуы мүмкін.
Банктің стратегиясы - банкті өзге бәсекелес банктерден ерекшелендіретін және банк қызметінің басымдық мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тұжырымдамасы.
Банк стратегиясы банк менеджментінің барлық жүйесінің негізі болып табылады. Банк стратегиясын жасау негізіне нарықтағы бәсекелестерге талдау жасау нәтижесінде бәскелестермен салыстырғандаға банктің нарықтағы ұстанымын, күшті және әлсіз жақтарын айқындау, сондай-ақ әлуиетті мүмкіндіктерін анықтау жатады.
Стратегиялық жоспарлау - нарықтың талаптары мен банктің ішкі мүмкіндіктерімен келісілген банктің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін банкті басқаруды (маркетинг, ресурстар мен тәуекелді басқару және банк қызметкерлерін ұйымдастыру саласында) ұйымдастырудың баламалы стратегиясын жасау процессін білдіреді.
Стратегиялық басқарудың мақсаты – нарықтағы банктің үлесін және табысын арттыруды қамтамасыз ететін, банк қызметін жаңа бағыттарын және жаңа банктік өнімдерді жасау, енгізу және дамыту болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау мынадай кезеңдерді қамтиды:
1-кезең. Ситуациялық талдау кезеңі. Бұл кезеңде біріншіден, банк қызмет ететін оның қоршаған ортасын талдау (сыртқы талдау) және банктің ішкі әлуетіне сипаттама беру үшін ішкі талдау жұмыстары жүзеге асырылады. Сыртқы талдау процессі мыналарды қамтиды:
- қоғамның әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси, заңи, технологиялық даму сипатына талдау жасап, экономикадағы жағдайлардың өзгеру ықтималдығы анықтау;
- банктік қызмет көрсету нарығы сегменттеледі және олардағы қызмет түрлеріне деген сұраныс пен ұсыныстың негізгі ағымын талдау;
- банктік қызмет көрсету нарығындағы банктің ағымдағы бәсекелестік ұстанымын анықтау.
Содан кейін барып, банк қызметіне ықпал ететін негізгі факторлар таңдап алынады. Бұл факторлар банктің күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау барысында пайдаланылады.
Негізгі факторларға макроэкономикалық көрсеткіштер, заң және нормативтік актілер, саяси ағымдар және аймақтық экономкалық жағдайлар жатады.
Ішкі талдау жүргізу процессі мыналарды ескереді:
банктің қаржылық жағдайы;
бәскелестерінің көрсететін қызметтері мен өнімдерімен салыстарғанда банктің көрсететін қызметтері мен өнімдерінің сапалық және сандық сипаты;
банктің клиенттік базасы мен оның өзгеру үрдісі;
банк алдындағы міндеттерді шешудегі ұйымдастырушылық құрылымдардың адекваттылығы;
банк қызметкерлерінің білікітілік деңгейлерінің жеткіліктігі.
Ішкі талдау нәтижесінде жасалаған қорытындыларды әрі қарай жүйелік талдаудың қорытынды кезеңі болып табылатын SWOT талдауына пайдалану мақсатында банктің күшті және әлсіз жақтары тізіміне қосу керек.
SWOT талдауының басты мақсаты – жоспарлы кезең ішіндегі банктің күшті және әлсіз жақтарын банк қызметін қатты ықпал ететін қауіпті жақтары мен мүмкіндіктерін анықтау.
SWOT талдауын жүргізу үшін мынадай матрица пайдаланылады (36-кесте).
36-кесте – Банктің күшті және әлсіз жақтары мен қауіпті жақтары және мүмкіндіктерінің ықпал ету матрицасы
|
Мүмкіндіктері |
|
Қауіпті жақтары |
Барлығы |
||||
1 |
2 |
3 |
Нәтижесі |
1 |
2 |
Нәтиже сі |
||
Күшті жақтары
|
3 3
3 |
3 3
2 |
3 2
2 |
9 8
7 |
3 2
0 |
3 3
2 |
6 5
2 |
15 13
9 |
Әлсіз жақтары
|
-2
-3 |
-2
0 |
-1
-1 |
-5
-4 |
0
0 |
-3
-2 |
-3
-2 |
-8
-6 |
Нәтижесі |
4 |
+6 |
+5 |
+15 |
+5 |
+3 |
+8 |
+23 |
Мүкіндіктер:
Банк автоматтарын пайдалану мүмкіндіктері
Жағдайы бар клиенттерге қызмет көрсетуді кеңейту
Корпорацияны несиелеу саласын кеңейту.
Қауіпті жақтары:
Қаржы нарығының өтімді құралдарының жоқтығы;
Активтік және пассивтік құралдарға байланысты спрэдтің төмендеуі.
Ситуациялық талдау процесінде жасалаған қорытындылар негізінде банктің болашақ даму стратегиясы жасалады.
Стратегиялық жоспарлаудың екінші кезеңі банктің бас міндеттерін немесе миссиясын анықтау кезеңі. Банк міндеттерінің немесе миссиясы анықталуы Банктің директорлар Кеңесі деңгейінде іске асырады. Банк миссиясын анықтау банк қызметіне ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар ескеріледі. Банк миссиясының құрамына мынадай ішкі факторлар ықпал етеді:
жетекшілердің құнды бағдарлары;
банктің тарихы мен жинақталған экономикалық әлуеті;
ішкі корпоративтік мәдениеті;
банктің ұйымның құрылымы;
Ал сыртқы факторлар ретінде мыналар ескеріледі:
ұлттық экономиканың жағдайы,
мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясаты;
қызмет ететін заңдар мен нормативтік актілер.
Банк миссиясының негізінде банктің несиелік, инвестициялық саясаты туралы меморандум, банк өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеу мәселелері жөніндегі меморандум, банк қызметкерлерін басқару ережесі және т.с.с. банк құжаттары жасалады.
Банк стретегиясын жасаудың үшінші кезеңінде банктің міндеттерінен туындайтын банктің страттегиялық мақсаттары жасалады. Стратегияның мақсаттары банктің миссияларын нақтылай отырып, олардың мынадай шарттарды қанағаттандырылуын айқындайды: нақтылығы, өлшемділігі, уақытқа бағдарлануы, қолжетімділігі, қайшылықсыздығы, бірін бір толықтыратындығы.
Банктің даму стратегиясы мынадай стратегияларды қамтиды:
маркетингтік старегиясы;
тәуекелді басқару стратегиясы;
қызметкерлерді басқару стратегиясы.
Маркетингтік стратегия жасауда банктің өзінің өнімдерін мен қызметтерін нарыққа шығару, тұрақты клиенттерді тартуға мүмкіндік беретін жолдары таңдалады.
Маркетингтік стратегияны жасау барысында банк жетекшілер мыналарды ескереді:
бұрынғы клиенттерге банкте бар қызметтерді көрсету;
белгілі бір нарық сегментінде қызмет көрсетуді қысқарту немесе тоқтату;
жаңадан жаулап алған нарықтың сегменттерінде жаңа клиенттерге ескі банктік өнімдерді ұсыну;
енді игерген қызмет түрлерін жаңа нарықта ұсыну;
жаңа қызмет пен өнім түрлерін бұрынғы нарықтарды ұсыну;
жаңа нарыққа жаңа қызмет түрлерін енгізу;
Тәуекелді басқару стратегиясы – банк өнімдерін сатуға байланысты туындайтын зияндарды азайтуға бағытталған банк қызметін басқару бағдарламасы.
Банк тәуекелдерін басқару стратегиясын жасау ситуациялық талдау нәтижелеріндегі банк қызметінің қауіпті жақтарын ескеруге негізделеді. Банк тәуекелдерін басқау стратегиясын жасау барысында мыналарды ескеру қажет:
әрбір тәуекелдің жоғары шекті дейгейін анықтау;
өткен жоспарлау мерзімінде болған тәуекелдердің шамасын бағалай отырып, жоспарлау мерзімінде болатын тәуекелдердіі ықималдығын болжау;
банктің тәуекелдердің ағымдағы деңгейііне бақылау жсауды қамтамасыз ететін банкті басқару механизмін жасау;
форс-можорлық жағдайларды туындайтын әр түрлі тәукелдерді бейтараптандыру ға арналған шаралардың жоспарын жасау.
Банк қызметкерлерін басқару стратегиясын жасауды ситуациялық талдау нәтижесінде анықталған банктің ұйымдастырушылық құрылымының міндеттерді шешуге сәйкес келуі сияқты көрсеткіштер ескеріледі.
