Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank_isi_ma_1179_ysh_kitabi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.43 Mб
Скачать

6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар

Банктің электрондық қызметі – бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі – Банк пен клиент арасындағы төлем операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысын бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі.

Мұндағы есеп айырысу операцияларының жылдамдатылу қағаз формасындағы құжаттардың орнын, банкке электрондық байланыс жолдары арқылы жеткізілетін олардың электрондық үлгілерімен айырбастау және төлем құжаттарын автоматты түрде өңдеу нәтижесінде жүзеге асады.

Мұндай жүйлердің техникалық негізіне құжатты әр түрлі санкцияланбаған құбылыстардан қорғайтын арнайы технология немесе шифрлау жүйесі мен электрондық сандық қолтаңба жатады. Банк пен клиент арасындағы құжат алмасу “Банк клиенті” ішкі жүйесі арқылы жүзеге асады.

Электронды сандық қолтаңба - банк пен клиент арасында есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының тұпнұсқалығын және ондағы мәліметтердің шынайылығын растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілдік беретін және есеп айырысу процессінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді.

“Банк клиенті” ішкі жүйесі мынадай қызмет атқарады:

  • төлем құжаттарын даярлау;

  • қол қою және жіберу;

  • құжаттарды және банктен берілетін шоттың көшірмесін қабылдау;

  • құжаттарды қарау және мөр басу;

  • құжаттардың архивін жүргізу.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінде қолданылатын құжаттарға мыналар жатады:

  • клиентің төлем тапсырмасы;

  • Клиенттің ағымдағы шотына ақша қаражаты түскендігі туралы хабарлама;

  • Клиенттің шоттары бойынша көшірме.

Клиентің жіберген құжаттарын қабылдай отырып, банк төлем құжатындағы электрондық сандық қолтаңбаның сәйкестігін және құжаттың дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексереді.

Электрондық қызмет көрсету түрлеріне сондай-ақ Internet banking және Home-banking қызметтерін жатқызуға болады. Мұндай қызметтерді отандық банктеріміз клиенттерге ұсына бастады.

Интернет-банкинг - банкке келмей-ақ Интернет жүйесін пайдалану арқылы клиенттерге банктің операцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін банктің электрондық қызметі.

Интернет-банкинг жүйесі Интернет арқылы нақты уақыт режимінде (on-line) ыңғайлы уақытта әлемнің ірбір нүктесінен өзіңіздің банктік шотыңызды басқаруға арналған банк қызметі.

Интернет-банкинг жүйесінің қызметін пайдалану арқылы клиенттер мынадай операцияларды жүзеге асырады:

  • ағымдағы және алдағы күндермен төлемдер жасау;

  • валютаны сатып алу және сату;

  • карточкалық шотқа қаражат салу;

  • шоттың көшірмесін алу;

  • өзінің шотынындағы қалдықты бақылау;

  • Банкке берілген төлем құжаттарының архивін жасау;

  • Шот бойынша болжам жасау;

  • Зейнетақы төлемдерін жасау;

  • валюталық бағам туралы ақпарат алу;

  • Жедел түсім жүйесі бойынша жеке тұлғалардан төелемдер алу.

Интернет-банкинг жүйесінің артықшылықтары мынадай:

  • жасалтын операциялардың қолайылығы мен қарапайымдылығы, яғни тұратын қаладан кетіп қалсаңызда, кез келген шотыңыз арқылы операцияларды жасай аласыз;

  • үстеме шығыстарды азаюы, яғни сізге немесе сіздің бухгалтеріңізге банкке бару қажет емес, сондайақ уақыт жұмсаудың, бензинге шығын шығарудың, машинаны пайдаланудың қажетігі болмайды;

  • жұмыстың тиімділігін арттыру, жұмыс уақытыңызды үнемдеу арқылы, ол уақытты басқа ісіңізге пайдаланасыз;

  • қажетті ақпаратты алудың жеделдігі, банктің серверінде сақталған ақпартты жылдам алуға мүмкіндіктің болуы;

  • жүйені орнатудың және онымен жұмыс істеудің шығындарының төмендігі.

Интернет-банкинг жүйесіне қосылу үшін мынадай талаптар орындалуы қажет:

  • Интернетке қосылу;

  • Microsoft Explorer 4.0 немесе одан жоғары бағдарламаның болуы;

  • Интернет-банкинг жүйесі бойынша қызмет көрсету шартына қол қою;

  • Жүйеге тегін тіркелу және қосылу.

Интернет банкинг жүйесінің жүйесінің қауіпсіздігі мынадай құралдармен қамтамасыз етіледі:

  • қуатты шифрлеу алгоритмі;

  • электрондық сандық қолтаңба;

  • Х.509 стандарты бойынша сертификатталу;

  • Барлық жасалған іс-қимылдарғы аудиторлық бақылау жасау.

Интернет арқылы Банк пен клиенттің арасындаға қауіпсіз байланысты ортану сызбасы төменде берілген:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]