- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
15.3 Пайыз тәуекелін басқару
Пайыз тәуекелін басқару банктің активтері мен пассивтерін басқарудың негізгі саласының біріне жатады. Банктің қаражаттарын тарту және орналастыру пайыз мөлшерлемесімен тікелей байланысты екенін ескеретін болсақ, банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау қиынға соғады.
Пайыз тәуекелі - бұл нарықтағы пайыз мөлшерлемелерінің болжамсыз өзгерісінен банктің пайыздық маржасының төмендеуін білдіреді.
Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне мыналар жатады:
пайыздық тәуекелді айқындау (идентифакциялау), яғни пайыздық мөлшерлемені өзгерутуге және сол арқылы банктің таза пайдасы мен экономикалық құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау;
пайыздық тәуекелді бағалау, пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған пайыздық тәуекелді бағалау әдістерін пайдалану;
пайыздық тәуекелдің алдын алу, яғни аквивтер мен пассиверді басқаруға бағытталған заладың алдын алуға арналған ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы;
бақылау, яғни пайыздық тәуекелді басқару процессіне жиі бақылау жасау.
Пайыз тәуекелі мынадай себептерге байланысты пайда болады:
пайыз мөлшерлемесінің түрлерін (тіркемелі, өзгермелі және т.б.) дұрыс таңдамау;
Орталық банктің пайыз саясатындағы өзгерістер;
банкте жасалған пайыз саясатының болмауы;
депозиттер мен несиелерге баға белгілеудегі жіберілген қателіктер;
өзге де себептер.
Пайыз тәуекелін бақарудың басты мақсаты пайыз маржасының деңгейіне бақылау жасау болып табылады. Себебі, пайыз маржасы банк пайдасының негізгі көзі болып табылады.
Пайыз тәуекелін басқарудың бір әдісіне пайыз маржасын басқару жатады. Пайыз маржасын басқаруда банк:
нақты пайыз маржасын базалық пайызбен салыстыру қажет, себебі ол пайыздық табыстың төмендеу немесе өсу ағымын уақтылы айқындауға мүмкіндік береді;
пайыз маржасын банктік стандартқа сәйкес келуін бақылауға тиіс;
пайыз маржасының құрамының өзгерісін талдауы қажет, сол арқылы жалпы өзгерістерге деген банк табыстары мен шығыстарының жекелеген баптарының ықпал етуін анықтайды;
пайыз маржасының өзгерісінің шектерін анықтауы қажет, сол арқылы басқару шешімдерін қабылдауға болады.
Банктік тәжірибеде пайыз тәуекелінің мынадай екі түрі болады:
базалық пайыз тәуекелі;
уақыт алшақтығының тәуекелі.
Базалық пайыз тәуекелі – банктің қаражатты бір пайыз мөлшерлемесімен тарта отырып, оны басқа пайыз мөлшерлемесімен орналастыру нәтижесінде туындайтын тәуекел.
Базалық пайыз тәуекелінің банктің таза пайдасына ықпал етуіне мыал келтірейік. Айталық банк 100 млн теңгені үш айға ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне 5 қосып қарызға берсін. Ол уақыттағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 13-ды құраған делік. Банк қарызға берген 100 млн теңгені үш ай мерзімге 15-бен депозитке тартқан. Нарықта пайыз мөлшерлемесінеде ешқандай өзгеріс болмаған жағдайдағы банктің пайыздық маржасын есептейік.
Пайыздық маржа пайыздық табыстар – пайыздық шығыстар
Пайыздық маржа (100 млн теңге х 0,18 х 90 : 365) – (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) 4438,4 мың теңге - 3698,6 мың теңге 739,8 мың теңге.
Бірақ екінші күні қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 10-ға дейін төмендесін делік. Мұндай жағдайда банктің жоспарлаған пайыздық маржасы нөлге дейін төмендейді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі енді өзгермейді деп ойлап, пайыздық маржаны есептейік. Пайыздық маржа (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) – (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) 3698,6 мың теңге - 3698,6 мың теңге 0 мың теңге.
Банк қосымша табыс алар еді, егер орналастырған қаражаты бойынша пайыз мөлшерлеремесі бастапқы деңгейінен жоғары өссе. Басқа айтқанда банктің таза табысы нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің ауытқуы салдарынан өзгеріске ұшырайды. Базалық тәуекел тұсында мұндай ауытқулар пайыз мөлшерлемесін анықтау шартына тәуелді болып келеді. Базалық тәуекелдің пайда болуы банктің тартытын қаражаттардың нақты құнын ескермеуінен, әсіресе Орталық банктегі міндетті резерв нормасының қорын құру шығындарына көңіл бөлмеуіне байланысты.
Жоғарыдағы мысалда бұл шығындар ескерілмеген. Айталық міндетті резерв нормасының қорына аударымдар мөлшерлемесі 10 болғандағы банктің тартқан ресурстарының нақты құнынын есптейік.
Ресурстарының нақты құны 0,15: (100-10)-100 16,6.
Сонымен пайыз мөлшерлемесінің өзгерісінен кейінге банктің пайыздық маржасы (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) – (100 млн теңге х 0,166 х 90 : 365) 3698,6 мың теңге - 4093,2 мың теңге - 394,6 мың теңге.
Ресустардың нақты құнын ескерсек, онда банк ресурстарды орналастырудан 394,6 мың теңге мөлшерінде зиян шегеді.
Базалық тәуекел, сондай-ақ валюта бағамының өзгісіне де байланысты туындайды. Айталық банк ұлттық валютада 120 млн теңгені 10-бен депозитке тартқан делік. Сол уақытта VIP клиенттердің бірінен 1 млн доллармен қарыз сұраған өтініші түскен. Конвертациялау уақытында доллар мен теңгенің арасындағы бағам 1 доллар 120 теңген құраған. Клиент банктен 1 млн долларды 6 -бен үш ай мерзімге қарызға алады. Ұлттық ақша бірлігі мен АҚШ долларының арасындағы бағамдағы мүмкін болар өзгерісті ескермей-ақ, жоспар бойынша банктің пайыздық маржасын есептейік.
Пайыздық маржа (1 млн доллар х 0,06 х 90 : 365) х 120 теңге – (120 млн теңге х 0,1 х 90 : 365) 1775,3 мың теңге - 2958,9 мың теңге - 1183,6 мың теңге.
Бірақ та қарызды қайтару мерзімінің соңына қарай теңге мен АҚШ долларының арасындағы бағам өзгерді делік, айталық 1 доллар 125 теңге. Онда пайыздық маржасы (1 млн доллар х 0,06 х 90 : 365) х 125 теңге – (120 млн теңге х 0,1 х 90 : 365) 1849,3 мың теңге - 2958,9 мың теңге - 1109,6 мың теңге.
Банктің бұл жерде зиян шегіп отырғандығын көруге болады, бірақ зиянның мөлшері өте көп емес.
Пайыздық тәуекелдің екінші бір түрі – уақыт алшақтығының тәуекелі. Уақыт алшақтығының тәуекелі негізінен банк қаражатты бір базалық мөлшерлемеде тартып және оны сол мөлшерлемеде, бірақ уақыт алшақтығымен орналастырған жағдайда туындайды.
Мысалы, банк 100 млн теңгені қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне 5 қосып алты айға қарызға берсін. Банк ол қарызға берген 100 млн теңгені үш ай мерзімге қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен 3 артық мөлшерлемеде депозитке тартқан. Бұл жерде банк үш ай өткеннен кейін қосымша қаражатты басқа пайыздық мөлшерлемеде тартуға тура келеді, бірақ оның мөлшерлемесі бүгін күнге белгісіз. Егер үш ай өткен соң банкаралық нарықтағы пайыз мөлшерлемесі өсетін болса, ал орналастырған қаржат бойынша пайыз мөлшерлемесі өзгеріссіз қалса, онда банктің таза пайдасының төмендеуіне байланысты мәселе туындайды.
Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады:
пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау;
Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау;
GAP талдауы;
Дюрация;
Имитациялық моделдеу.
Пайыздық маржаның деңгейін бағалау тәжірибесі туралы жоғарыда мысалдар келтірілген.
Spread – бұл банктің активтері мен пассивтері пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырма.
Spread = iа - іп
мұндағы, iа – табыс әкелетін активтер бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі;
іп - банктің міндеттемелері бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі.
Пайыз тәуекелін азайту үшін банк активтер мен пассивтер бойынша пайыз саясатын өзара байланысту қажет. Ондай келісілген саясат спрэд коэффиицентін К Spread (таза спрэд) анықтауға мүмкіндік береді:
Займдар үшін
Депозиттер үшін
алынған пайыздар төленген пайыздар
К Spread = х 100
Берілген займдардың Мерзімді және талап
орташа мөлшері етілетін депозиттерінің
орташа мөлшері
Бұл көрсеткіш орналастырылған және тартылған ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырманы бағалауға мүмкіндік береді. Теріс айырма банктің тиімсіз пайыздық саясат жүргізуін көрсетеді. Спрэд коэффициентінің нормативтік мәні 1,25 тең болуға тиіс. Бірақ бұл нормативтің мәні инфляцияның деңгейін ескермейді.
Сонымен қатар спрэд арқылы бас банктен қарыз алған филиалдар мен бөлімшелерідің қызметінің пайдалылығын бағалауға болады.
Пайыздық тәуекелді бағалаудың келесі тәсіліне GAP талдауы жатады.
GAP – үлгісінің формуласы төмендегідей:
GAP = RSA – RSL
мұндағы, GAP - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма.
RSA - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері.
RSL - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтері.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтеріне мыналар жатады:
қысқа мерзімді бағалы қағаздар;
банкаралық несиелер;
өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен берілген қарыздар;
пайыз мөлшерлересін қайта қарастыру көделген келісімшартқа сай берілген қарыздар.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтерге мыналар жатады:
өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен тартылған депозиттер;
өзгермелі пайыз мөлшерлермесі белгіленген бағалы қағаздар;
банкаралық несиелер;
пайыз мөлшерлемесін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай тартылған депозиттер.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтерді өзара салыстырғанда оң және теріс GAP пайда болады.
Демек оң GAP тұсында пайыздық тәуекел егерде нарықта пайыз мөлшерлемесі төмендесе ғана пайда болады. Мұндай жағдайда менеджерлер тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін ұлғайтуға және сонымен бірге қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді көбейтуге тиіс. Бұл шаралар активтер мен пассивтер арасындағы дисбалансты қалыпқа келтіріп, таза пайданың төмендеуін туындайтын шығынды азайтады.
Теріс GAP тұсында пайыздық тәуекел, егер нарықта пайыз мөлшерлемесі жоғарлаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда банк менеджерлері пайданың пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығын өлшеуге тиіс. Сонымен қатар мынадай шараларды қолдану қажет:
тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін қысқарту және сонымен бірге өзгермелі пайыз мөлшерлемедегі қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді азайту;
активтер мен пассивтердің орташа қайтарылу мерзімдерін теңестіру;
ешқандай да шара қолданбау.
GAP-тік басқару стратегиясын мынадай формуламен беруге болады:
N = GAP * і,
Мұндағы, N - түріндегі таза табыстың күтілетін өзгерісі;
GAP - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма;
і - Пайыз мөлшерлемесінің күтілетін өзгерісі.
Банктің пайыздық тәуекелге тәуелділігін мынадай GAP-тік көрсеткіштерді пайдалану арқылы бағалауға болады:
1) RSA / RSL
Егер осы көрсеткіш мәні RSA / RSL 1 болса, онда GAP оң болады;
Егер осы көрсеткіш мәні RSA / RSL 1 болса, онда GAP теріс болады;
Егер осы көрсеткіш мәні RSA / RSL = 1 болса, онда GAP нолге тең болады;
График түрінде оларды төмендегідей 36-суретте көрсетуге болады.
Нөлдік
GAP
Теріс GAP
RSA / RSL = 1 RSA / RSL 1
Пайыздық мөлшерлеме Пайыздық мөлшерлеме
Оң
GAP
RSA / RSL 1
Пайыздық мөлшерлеме
36-сурет. GAP-тік көрсеткіштер
2) GAP/Активтер
GAP/Активтер 10 - қалыпты ұстаным;
GAP/Активтер 10-12 - қысқа мерзімді ұстаным немес тактикалық ұстаным.
GAP/Активтер 12-15 - ұзақ мерзімді ұстаным немес стратегиялық ұстаным.
GAP/Активтер 15 - алыпсатарлық ұстаным.
Қаншалықты, GAP талдауы пайыздық маржаға ықпал ететін пайыз мөлшерлемесін сандық жағынан өлшеуге мүмкіндік беретіндіктен, банктің пайыздық табысына ықпал ететін мынадай факторларды бөліп қарауға болады:
пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
тартылған және орналастырылған қаражаттардың арасындағы пайыздық мөлшерлемелерінің немесе спрэдтің өзгеруі;
банк балансының активі мен пассиві бойынша операциялар көлемі;
банк балансының активі мен пассивінің құрылымы.
GAP-тік талдаудың басты артықшылығы оның көмегімен банктегі пайыздық тәуекелді жылдам және оңай бағалауға болады.
Ал оның кемшілігіне мыналар жатады:
тек қана нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтері тұрғысынан пайыз мөлшерлемесінің пайыздық маржаға және банк пайдасына ықпал етуін бағалауға мүмкіндік беруі;
оның көмегімен банк капиталының шығынын бағалау мүмкін еместігі.
Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілмен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.
Имитациялық моделдеу көмегімен пайыз мөлшерлемелерінің болашақтағы өзгерісіне болжам жасау арқылы, олардың ақша қаражаттар ағымына, сондай-ақ банктің табысы мен экономикалық құнына ықпал ету дәрежесін бағалауға болады.
Өкінішке орай, пайыздық тәуекелді бағалаудың екі тәсілі де отандық банктік тәжірибемізде қолданылмай отырғаны, бірақ алдағы уақыттарда қолданылуы маңызды тәсілдердің біріне жатады.
Пайыздық тәуекелді бағалауда аквтитер мен пассивтер мерзімдеріндегі алшақтыққа шек қою қолданылады. Шек қою активтер мен пассивтердің жекелеген топтары бойынша жүзеге асады. Мысалы пайыз мөлшерлемесі төмендеуі күтілген жағдайда, банк қысқа мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады, себебі пассивтердің бағасының төмендеуінен банк пайда көреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі күтілген жағдайда, банк ұзақ мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады.
Активтер мен пассивтердің арасындағы мерзіміне байланысты алшақтықты жеңілдету бағытында мынадай трансформациялау коэффициенті (Кт) қолданылады:
Активтердің орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері
Кт = ________________________________________________________
Пассивтердің орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері
Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы мәні 1,75, ал ықшамды мәні – 1,25 болуға тиіс. Активтердің мерзімі пассивтердің мерзімінен барлық операциялар бойынша 1,5 аспауы тиіс. Егер бұл нормативттік мән орындалмаса, онда банк өз қызметінде тек қана пайыздық тәуекелге ұшырап қоймай, сондай-ақ өтімділік тәуекеліне ұшарауы мүмкін. Яғни өтімділіктің бұзылуы, өз кезегінде банкті қымбат ресурстарды тартуына мәжбүр етеді және ол ең ақырында банктің шығынға батуына себеп болады.
