Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank_isi_ma_1179_ysh_kitabi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.43 Mб
Скачать

6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бектілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуға тиіс:

  • кіріс-шығыс кассалары;

  • қайта санау кассасы;

  • кешкі касса;

  • сыртқа шығатын касса;

Банк кассасына клиенттерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:

  1. қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

  2. кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқа да құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы-бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.

Бақылаушы-бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда, банктегі бұйрыққа байланысты, оның міндеті кассирге жүктеледі.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып, одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдап алады.

Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаны тапсырушының ақшалары болуға тиіс.

Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке “Кіріс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді.

Егер қолма-қол ақшаны тапсырушының тапсырған сомасы мен кіріс кассалық құжатындағы сомасы арасында сәйкессіздік анықталса, сондай-ақ күмәнді ақша белгілерінің барлығы айқындалса, онда кассир бастапқы құжатты қайта сызып тастап, оның келесі бетіне ұсынылған соманы көрсетіп жазады да өзінің қолымен оны куәландырып, клиентке түбіртекті береді. Ал, кіріс кассалық құжаттар операциондық жұмыскерге қайтарылып, онда нақты өткізілген қолма-қол ақша сомасына қайта рәсімделініп, бақылаушы бухгалтерге қайтарылады, ол кассалық журналдағы көрсетілген соманы сызып тастап, қайтадан жаңа соманы жазады.

Күмәнді ақша белгілерін кассир, касса меңгерушісінің және клиенттің қатынасумен ақша белгілерін сараптамаға қабылдау туралы екі данада акті жасайды. Актіде: күні, сондай ақшаны анықтаған кассирдің аты-жөні, клиенттің аты-жөні, банкноталардың номиналдары, сериялары мен номерлері, сондай-ақ ақша белгілерінің жарамсыздық сипатының белгілері көрсетіледі және бұл актіге кассир, касса меңгерушісі және бас бухгалтер қолдарын қойып, банктің мөрі басылады. Актінің бірінші данасы банкте қалдырылып, екіншісі клиентке беріледі. Алынған күмәнді ақша белгілері Ұлттық банктің тиісті бөлімшелеріне сараптамаға жіберіліп, олардың жарамдылығы анықталған жағдайда, клиентке басқа ақша белгілері айырбасталып беріледі.

Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

  1. ақшалай чекпен;

  2. шығыс кассалық ордермен.

Басқа да құндылықтарды беруде баланстан тыс ордерлер рәсімделеді.

Банк клиенті қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге береді, ол құжаттарға сәйкесінше тексерулер жүргізіп, оларды бақылаушы-бухгалтерге береді, сөйтіп шығыс кассалық ордерінде көрсетілген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөніндегі кассалық журналда есепке алынып, қолма-қол ақшаны алушы клиентке ақшалай чектің бақылау маркасы немесе шығыс кассалық ордердің екінші данасы кассаға көрсету үшін беріледі.

Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер (кассир) мынадай жұмыстарды жүргізуге міндетті:

  1. қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктің жауапты тұлғалардың қолдарының барлығын тексеріп, оны қол қою үлгісімен салыстыруға.

  2. құжатта көрсетілген соманы саны мен жазба түрдегісін салыстыруға;

  3. клиенттің лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгіде қойылған қолдарымен өзара салыстыруға.

Содан соң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегі номері бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан соң ақшасын береді.

Қайта есептеу кассасы клиенттің инкассацияланған ақшалай түсімдерін қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирі, бақылаушы кассирдің қатысумен кешкі кассаның кассирінен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап, ақшаны оған тіркеме құжаттар негізінде қайта санаудан өткізіп, қабылдап алады.

Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелерді кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексереді:

  1. келіп түскен сөмкелердің тұтастығын (жыртығының жоқтығын, жамалмағандығын, пломбының бұзылмағандығын, жіптің үзілмегендігін және т.б.);

  2. сөмкедегі қойылған пломбының банктегі пломбының үлгісімен сәйкестігін;

  3. инкассаторлар тапсыратын сөмкелердің құжаттағы сөмкенің номерімен сай келуін;

  4. қабылдайтын соманың құжатта көрсетілген сомамен сәйкестігін.

Инкассаторлық сөмкені қабылдап алған соң бақылаушы-кассир және бригаданың әрбір мүшесі қабылдаған сөмкелерді есепке алу журналдарының екеуіне де қолдарын қояды. Журналдың екінші данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына береді.

Егер де қабылдаған сөмкелердің бір жері жыртылып немесе басқа да сәйкес келмейтін жағдайлар айқындалса, онда кассир бақылаушы кассирдің және инкассаторлардың қатысуымен, сөмкедегі қолма-қол ақшаларды құжаттағы сомамен салыстыра отырып, қайта санайды. Қайта санау немесе жыртылған сөмкеден ақшаны қабылдау барысында екі данада акті жасалып, біріншісі банктің кассалық құжаты ретінде қалдырылып, ал екіншісі инкассаторлар арқылы тиісті құжаттармен ақшаны тапсырушы клиенттің өзіне жіберіледі.

Кассалық операциялар негізінде банктің кассасына келіп түсетін және шығытын қолма-қол ақшалар арнайы символдар негізінде есепке алынады Олар 11-12 қосымшаларда берілген.

Бақылау сұрақтары:

  1. Есеп айырысу операциялары қалай жіктеледі?

  2. Қолма-қолсыз есеп айырысу формаларына нелер жатады?

  3. Пластикалық карточкалармен есеп айрысу ерекшеліктері неде?

  4. Ұлттық процессингтік орталық қызметуі туралы не білесіз?

  5. Отандық банктердің жаңа қызмет түрлері қандай?

  6. Электрондық қызмет дегеніміз не?

  7. Электрондық сандық қол таңба нені білідіреді?

  8. Интернет-банкинг қызметін қалай түсінесіз?

  9. Номе-банкинг қызметі нені білдіреді?

  10. Жедел аударымдардың қандай түрлері білесіз?

  11. Кассалық операциялар дегеніміз не?

  12. Банк кассасына түсетін қолма-қол ақша символдарына нелер жатады?

  13. Қолма-қол ақшалай шығыс символдарына не жатады?

7-тарау. Төлем жүйесі және банкаралық есеп айырысулар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]