- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
4.4. Банктің тартылған қаражаттары
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаржаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
депозитік қаражаттар;
депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етілетін депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
бағалы қағаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификаттары) депозиттер.
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
мерзімдеріне қарай;
салым иелерінің категорияларына қарай;
қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
пайыз төлеу тәсіліне қарай;
банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
басқа.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
жеке тұлғалардың шоттарына;
кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
қаржылық мекемелердің шоттарына;
шетелдік азаматтарының шоттарына.
Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады :
мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
есеп айырысудағы қаражаттар;
жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Қазақстандық көптеген коммерциялық банктерде талап етілетін депозиттердің үлесі тартылған қаражаттар құрылымында өте жоғары болып келеді. Бұл өте арзан ресурс болғанымен банктерде оларды ұзақ мерзімге орналастыруға байланысты қиындықтар туындайды. Халықаралық банктік тәжірибеде оларды ұзақ мерзімді активтерге айналдыруда депозиттік базаны сандық талдау әдісі қолданылады. Мұнда депозиттік базаны сипаттайтын көрсеткіштер есептелінеді:
1. Талданатын мерзім ішінде ресурстық базаның өсімін көрсететін қаражаттардың (талап етілетін депозиттердің) шоғырлану деңгейі. Оны пайыздық қатынаста мынадай формуламен есептейді:
Шд (Қс – Қб) / Т
мұндағы, Шд - қаражаттың шоғырлану деңгейі;
Қс - мерзімнің соңындағы қаражат қалдығы;
Қб - мерзімнің басындағы қаражат қалдығы;
Т - мерзім ішіндегі қаражат түсімдері.
Орташа сақталу мерзімі. Талап етілетін депозиттерде сақталатын қаражаттардың орта күнінің санын көрсетін көрсеткіш, сол арқылы тартылған қаражаттарды мерзімді активтерге айналдыру мерзімін мынадай формуламен анықтауға болады:
М Қо К / А
мұндағы, М – орташа сақталу мерзімі;
Қо - мерзім ішіндегі орташа қаражат қалдығы;
К - қарастырылатын мерзім ішіндегі күндер саны.
А - мерзім ішіндегі алынатын немесе аударылатын қаражаттар сомасы.
Талап етілетін депозиттердің азаймайтын (тұрақты) қалдығы немесе олардың табысты активтерге оналастыруға болатын қаражаттарының бір бөлігі:
Ақ Қо / Т
мұндағы, Ақ – азаймайтын қаражат қалдығы;
Қо - мерзімі ішіндегі орташа қаражат қалдығы;
Т - мерзім ішіндегі қаражат түсімдері
Мынадай мысалды қарастырайық.
Кірген қалдық |
Айналым |
Шығатын қалдық |
|
Актив/Пассив |
Дебет |
Кредит |
Актив/Пассив |
50000 |
200000 |
400000 |
250000 |
Есептелу жолы:
Шд (Қс – Қб) / Т (250000 –50000)/ 400000 50;
М Қо К / А 150000 360 / 200000 270 күн;
Ақ Қо / Т 150000 / 400000 37,5.
Есептеу нәтижесінен, талап етілетін депозиттердің ұлғаю тенденциясы байқалады және банкке үнемі 100000 теңгеде талап етілетін депозит ретінде қаражат түсіп отыратын болса, онда оның 37 500 теңгедегі сомасын 9 ай мерзімге (270 күн) дейін мерзімді табыс әкелетін актвитерге орналастыру мүмкіндік туатыны көрсетіледі.
Соңғы көрсеткішті келесідей тәсілді пайдалана отырып, өзгертуге немесе жетлдіруге болады. Алдымен белгілі бір кезеңде (мысалы, бір айға) шоғырланатын депозиттердің тұрақты бөлігін анықтау қажет. Мысалы,
1 ай
қаражаттар түсімі – кетуі 300000 - 200000
Х1
0,1
Депозиттердің жалпы сомасы 1000000
2 ай Х2 (400000 –150000) / 1000000 0,25
3 ай Х3 (600000 – 450000) / 1000000 0,15
Бір тоқсандағы депозиттердің тұрақты бөлігінің үлесін (Т) мына формуламен есептейміз:
0,1 Х1 0,25 Х2 0,15 Х
Т
1 -
Хn
мұндағы Х1,Х2, Х3 - орташа есеппен алынған әр айдағы депозиттердің сомасы;
Хn - орташа есеппен алынған бір тоқсандағы депозиттердің сомасы.
Бұл көрсеткіштер банк қызметкерлеріне қандай да бір күнге немесе мерзімге қатысты депозиттік қоржынының жағдайын нақты бағалауға және соның негізінде депозиттік қоржынның сапасы туралы қорытынды жасауға және оны ықшамдау бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, депозиттік қоржынның сапасын бағалауда депозиттердің орташа мөлшері көрсеткішін пайдалану қажет. Оның формуласы мынадай:
О Жд / К
мұндағы О - депозиттің орташа мөлшері;
Жд - депозиттің жалпы сомасы;
К - жасалған депозиттік келісім-шарттардың саны.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
меншікті-мерзімді депозиттер;
алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
30 күнге дейінгі;
30-90 күнге дейінгі;
90-180 күнге дейінгі;
180 күннен 360 күнге дейінгі;
360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады: есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды; шоттағы қаражат баяу айналады; тұрақты пайыз төленеді; пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады; ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі; бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
мерзімді жинақ салымдары;
қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
ұтыс салымдары;
ақшалай-заттай ұтыс салымдары
мақсатты және ағымдық салымдар;
алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар негізінен жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік сертификат – заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куәландыратын және оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
атаулы сертификаттар;
мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
аударылатын;
аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді.
Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі.
Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
2007 жылдың 1 қаңтарына банктердің депозиттік ресурстарының құрылымында заңды тұлғалардың депозиттері үлесі – 78,1, ал жеке тұлғалардың салымдарының үлесі – 21,9 құрайды (7 -сурет).
7-сурет. Депозиттік ресурстар құрылымында заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесі,
Қай мерзімде бомасын заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі жеке тұлғалардың депозиттерінен артық. Бұл өз кезегінде халықтың әләуқатының әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қалуын сипаттайды.
Банктердің депозиттерінің құрылымын ішінара, оның түрлеріне байланысты талдауда келесі беттегі 13-кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
13-кесте. ЕДБ-дің депозиттік ресурстарының серпіні мен құрылымы.
кезеңнің басына
Банктің депозиттік ресурстарының құрылымы, млрд теңге |
2004ж |
2005ж |
2006ж |
2007ж |
2008ж |
Барлық депозиттер, о.і.:
|
972,0 |
1 607,8 |
2523,1 |
4714,9 |
6424,0 |
Заңды тұлғалардың депозиттері, о.і.: |
628,8 |
1 159,8 |
1926,2 |
3680,7 |
4 976,1 |
Клиенттердің ағымдағы және карт-шоттары |
406,2 |
756,7 |
1319,5 |
2 334,4 |
3 307,0 |
Талап етілетін депозиттер |
2,7 |
5,0 |
7,3 |
6,4 |
19,6 |
Мерзімді депозиттер |
218,7 |
396,5 |
597,0 |
1 336,6 |
1 643,7 |
Шартты салымдар |
1,2 |
1,6 |
2,4 |
3,3 |
5,8 |
Жеке тұлғалардың салымдары, о.і.; |
343,2 |
448,0 |
596,9 |
1 034,2 |
1 447,8 |
Клиенттердің ағымдағы және карт-шоттары |
45,3 |
60,3 |
83,7 |
132,6 |
165,1 |
Талап етілетін депозиттер |
14,5 |
16,7 |
19,7 |
30,6 |
28 |
Мерзімді депозиттер |
282,9 |
360,3 |
492,7 |
870,0 |
1253,6 |
Шартты салымдар |
0,5 |
10,7 |
0,8 |
1,0 |
1,1 |
Ескертпе – ҚҚА-нің есептік материалдарынан алынған
Соңғы 4 жыл ішінде банктің депозиттік ресурстарының көздері өскендігін көреміз. Барлық депозиттер 2004 жылдың 1 қаңтарына 972,0 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 6424,0 млрд теңгеге дейін 6,6 есеге көтерілген. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 2004 жылдың 1 қаңтарына 628,8 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 4 976,1 млрд дейін өскен. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында ағымдағы және карт-шоттары бойынша қаражат қалдықтары 2004 жылдың 1 қаңтарына 406,2 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 3 307,0 млрд теңге дейін өскен. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында талап етілетін депозиттер бойынша қаражат қалдықтарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 2,7 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 19,6 млрд теңгеге дейін немесе 7,2 есе өскен. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында мерзімді депозиттер мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 218,7 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1643,7 млрд теңгеге дейін немесе 7,5 есеге артқан. Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында шартты депозиттер мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 1,2 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 5,8 млрд теңгеге дейін ұлғайған.
Депозиттік ресурстар құрылымында жеке тұлғалардың салымдары 2004 жылдың 1 қаңтарына 343,2 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1447,8 млрд дейін немесе 4,2 есеге өскен.
Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында ағымдағы және карт-шоттары бойынша қаражат қалдықтары 2004 жылдың 1 қаңтарына 45,3 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 165,1 млрд теңге дейін өскен. Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында талап етілетін салымдары бойынша қаражат қалдықтарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 14,5 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 28 млрд теңгеге дейін немесе 2 есе өскен. Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында мерзімді салымдар мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 282,9 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1 253,6 млрд теңгеге дейін немесе 5 есеге артқан. Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында шартты салымдар мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 0,5 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1,1 млрд теңгеге дейін ұлғайған.
2008 жылдың 1 қаңтарына банктердің депозиттік ресурстарының құрылымында заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі – 77,5, ал жеке тұлғалардың салымдарының үлесі – 22,5 құрайды.
Екінші деңгейдегі банктер міндеттемелерінің жалпы сомасы 2007 жылдың басынан алғанда 2 255,1 млрд теңгеге (28,2%-ға) өсіп, 2008 жылдың 1 қаңтарына 10 256,7 млрд теңгені құрады.
Банк міндеттемелерінің артуына банктердің арнайы бағыттағы еншілес ұйымдарының салымдарының 971,9 млрд теңгеге немесе 62,4%, жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері 413,6 млрд. теңгеге немесе 40,0%, дейін өсуі елеулі ықпал етті.
Депозиттік нарықтың жалпы көлемінің өсуіне біріншіден, халықтың мерзімді салымдар бойынша Қазақстандық салымдарды сақтандыру қорының кепіл беру мөлшерінің талап етілетін салымдарға қарағанда жоғаруы болуы, екіншіден, заңды және жеке тұлғалар үшін мерзімді депозиттер бойынша банктердің ынталандыру құралдарын пайдалану, оның ішінде пайыз мөлшерлемесінің талап етілетін салымдармен салыстырғанда жоғары белгіленуі жатады.
Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарынын ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсу ықпал етуде.
Сонымен қатар, тұрақты депозиттік нарықтың қалыптасуына Қазақстан Ұлттық банкінің 1999 жылы 5 қарашада бекіткен “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)” ережесі негізінде құрылған “Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) Қазақстан қоры” АҚ-ның қызметі ықпал еткен десе болады. Ендеше осы қорға қысқаша тоқталайық.
Қордың жарғылық капиталы 1 млрд теңге. Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың банктік шоты Ұлттық банкте ашылған. Қордың қаражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта орналастырылады:
Қор активінің 80-ын кем емес қаражатын мемлекеттің бағалы қағаздарына;
Ұлттық банктегі салымға (депозиттерді).
Бұл Қордың мақсаты - “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.
Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады:
жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен;
жеке тұлғалардың шетел валютасындағы (доллар мен еуродағы) мерзімді салымдары сыйақсыз;
жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары сыйақысыз.
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады.
Қорға қатысушы банктер үшін олардың қаржылық жағдайыны байланысты жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі кепілдендірілетін салым (депозит) сомасы мен оған есептелетін сыйақы көлемінен 0,125 -дан 0,375 -ға дейін белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу үшін кепілдендірілетін салым (депозит) сомасына көбейту қажет.
Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның сыйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен қайтарылады.
Қор әрбір салымшыға (депозиторға) мынадай мөлшерде кепілдік береді:
теңгедегі мерзімді салымды - 700 мың теңгеден аспайтын сомада және банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алғанға дейінгі уақытқа есептелген сыйақы сомасын, Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің елу пайызы мөлшерінде;
АҚШ доллары және еуродағы салымды - салынған салымның (депозиттің) 90 теңгеге балама сомадан аспайтын мөлшерде сыйақысыз шетел валютасында, яғни Ұлттық банктің салық және кеден төлемдерін есептеу мақсатында белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты бағамы бойынша салым салынған валютада;
Теңгедегі талап ету салымын - 50 мың теңгеден аспайтын салынған салым көлемінде сыйақысыз.
