Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank_isi_ma_1179_ysh_kitabi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.43 Mб
Скачать

12.5 Банктік кепіл-хат

Халықаралық саудада мәмілеге қатысушы серіктестер үшін мынадай мәселе туындайтыны сөзсіз, олар:

  • сатушының сатып алушының төлем қабілетін бағалау қиындығы;

  • сатып алушының жабдықтаушының міндетемені орындауға дайындығын бағалау қиындығы.

Мұндай мәселені шешудің жолына мәмілеге қатысушы тараптардың бірінің банктің кепіл-хатын пайдалануы жатады.

Кепіл-хат – сатып алушының (принципалдың) тапсырмасы бойынша және оның атынан бенефициарға (жабдықтаушыға) жөнелткен тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді уақытында төлеу туралы кепілгер банктің міндеттемесін білдіреді.

Мәмілеге қатысушыларына қарай кепіл-хаттың екі түрі қолданылады:

- тікелей (үш жақты);

- жанама (төрт жақты).

Тікелей кепіл-хаттың қатысушыларына принципал (кепіл-хат алушы) кепілгер банк және бенефициар жатады. Мұндай кепіл-хатты пайдалану сызбасы 30-суретте берілген.

Бенефициар

Принципал

контракт

Принципал БАНКІ

кепіл-хат

30-сурет. Тікелей кепіл-хатты пайдалану сызбасы

Жанама кепіл-хаттың қатысушыларына жоғарыда айтылған тараптардан басқа төртінші қатысушы немесе бенефициардың еліндегі банк болуы мүмкін. Мұндай мәміледе принципал банкі бенфициардың еліндегі банкке контркепіл-хатын береді, ал ол оны растайды (31-сурет).

Бенефициар

Принципал

контракт

кепіл-хат

Бенефициар БАНКІ

Принципал

БАНКІ

қарсы кепіл-хат

31-сурет. Жанама кепіл-хатты пайдалану сызбасы

Принципал банктің контркепіл-хатының мерзімі бенефициар банктің кепіл-хатына қарағанда 7-15 күнге артық болып келеді. Бұл әрине принципал банктің беретін қарсы кепіл-хаттың пошта арқылы бенефициар банкке жету күндерін қосып ескереді.

Инкассо және аккредитив сияқты кепіл-хаттың да өзіндік ережелері бар. 1978 жылы тамыз айында Халықаралық сауда палатасы (ХСП) кепіл-хаттың негізгі ережесін, яғни «Келісілген кепіл-хат бойынша ортақ ережесін» жасап шығарды (ХСП №325 басылымы). 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Талап етілетін кепіл-хатқа арналған ортақ ереже» күшіне енді (ХСП №458 басылымы).

Кепіл-хаттың қозғалысына байланысты мынадай кодты сөздер қолданылады:

Мт 760 Кепіл-хатты шығару.

МТ 767 Кепіл-хатқа өзгеріс енгізу.

МТ 768 Кепіл-хатқа жасалған өзгерісті растау.

МТ 769 Міндеттеменің орындалғанын хабарлау

Отандық банктік тәжірибеде мынадай банктің кепіл-хаттар түрлері қолданылады:

  • «конкурстық кепіл-хат», яғни Бенефициар ұйымдастыратын тауарлар мен қызметтерді сатып алу және жабдықтауға байланысты конкурсқа қатысуға қажетті өтініш берушіге банктен берілетін кепіл-хаттың түрі;

  • «міндеттеменің орындалуына берілетін кепіл-хат», яғни келісім-шартқа сәйкес аванстық төлемдер жаслаған жағдайда Бенефициардың алдындағы Өтініш иесінің міндеттемесін қамтамасыз ететін банктік кепіл-хат;

  • «аванстық төлемнің қайтарылуына берілетін кепіл-хат», яғни Бенефициармен арада жасалған келісімшартқа сәйкес Өтініш иесінің белгілі міндеттемелерінің орындалуын қаматамасыз ететін кепіл-хат түрі.

Банктік кепіл-хат әдетте 5 жылға дейін беріледі. Банктік кепіл-хатты қамтамасыз ету құралдарына мыналар жатады:

  • банктік шоттағы ақшалай қаражаттар;

  • материалдық немесе материалдық емес активтер.

  • Банктік кепіл-хатты алу үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар тапсырылады:

  • өтініш беруші ұйымның кепіл-хатты алу және оған қамтамасыз ету мүлкін қою туралы хаттамасы;

  • бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туалы анықтама;

  • конкурсты өткізуге байланысты Нұсқаулықтың көшірмесі (тендерлік кепіл-хат жағдайында);

  • контрактінің көшірмесі.

Кепіл берші үшінші бір тұлға болса, мысалы заңды тұлға, онда

Жоғарыдағы көрсетілген бастапқы екі пункттегі құжаттарға қоса, құрылтайшылық құжаттар мен ноториалды түрде куәландырылған қол және мөр қою үлгілері бар құжат тапсырылуға тиіс.

Егер кепіл беруші жеке тұлға болса, онда оның жеке куәлігі мен СТТН-нің көшірмесі талап етіледі.

Өтініш берушіден барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін банк қызметкері немесе несие официері Операциялық бөлімге шартты салым шотын ашу туралы үкім және Шартты банктік салым туралы келісімшартты дайындайды. Оған қосымша төмендегідей құжаттар даярланады:

  • Ақшаны кепілге алу туралы шарт;

  • Кепіл-хат туралы шарт;

  • Кепіл-хат міндеттемесі.

Келісімшарттарға әуелі Өтініш иесі (қажет болса Кепіл беруші), содан соң банктің жетекшісі қолдарын қояды.

Банктік кепіл хат алу үшін берілетін өтініштің үлгісі төменде берілген.

Ұйымның фирмалық қағазынада толтырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]