- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
1 Жай акцияға төленетін дивидент
Дт х 100
1 Акцияға келетін пайда
Акциялар шығару формасына қарай: құжатты (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы) болып келеді.
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген корпоративтік облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:
Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Куподық облигация бойынша табысты (КТ) есептеу:
Купон
КТ х 100
Сатылу бағасы
Дисконттық облигация бойынша банктің табысын (ДТ) есептеу формуласы:
ДТ Номиналдық құн – Сатылу бағасы
2-есеп. Айталық, банк, 91 күнге шығарылған 1000 теңгелік номинал құны дисконттық облигацияны 750 теңгеге сатып алсын делік. Мұндағы банктің табысы былай есептеледі:
10000 теңге –750 теңге 250 теңге (дисконттық табыс мөлшері).
250 теңге : 750 теңге (басында салынған капитал) * 100 33,3 (салынған қаражаттан алатын табыс).
Банктің 91 күнге қаражат салғанын ескеріп, бір күндік табысты есептейтін болсақ, ол 33,3 : 91 күн 0,3659 тең. Енді жылдық табысты анықтайық: 0,3659 * 364 күн 133,19.
Депозиттік және жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады және оған инвестиция жұмсайды.
Банктік сертификаттар бағалы қағаз болып табылатындықтан, олар инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Шетел тәжірибесінде банктік сертификаттар мемлекеттің бағалы қағаздарынан кейін тұрақтылығы мен өтімділігі жағынан екінші орынды алады.
3-есеп. Коммерциялық банк номиналдық құны 1000 теңгелік, 6 айдан соң өтелетін және 10 дисконттық жылдық табысы бар депозиттік сертифкат сатып алған. 3 ай өткен соң банк, ол сертификатты сатады. Сату барысында 3 айлық депозиттік сертификаттың табысы 5 дисконттық жылдық мөлшерлемені құрайды. Депозиттік сертификатты сатып алу және сату бағасын есептеу керек:
1) Сатып алу бағасы:
1000 – (1000 х 10 х 6) / (100 х 12) 950 теңге.
Сату бағасы:
1000 - (1000 х 5 х 6) /(100 х 12) 987 теңге.
Ипотекалық куәліктер – бұл ипотекалық несиенің қамтамасыз беру барысында кепілге алынған жылжымайтын мүлік құнымен бағаланатын, яғни базалық активі жылжымайтын мүлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.
Қазақстанда мұндай бағалы қағаздарды Қазақстан Ипотекалық команиясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондайақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.
Депозитарлық қолхат – депозитар банкте сақталған шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.
Мұндай бағалы қағаз сертификат немес құжатсыз формада айналысқа шығарылады.
Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:
1. АДР – американдық депозитарлық қолқат, яғни тек америка қор нарығына айналысқа жіберілген.
2. ГДР - ғаламдық депозитарлық қолқат, онымен Еуропа қор нарығында және өзге елдерде операциялар жүзеге асыруға болады.
1927 жылы ағылшынның ұлттық компанияларының бағалы қағаздарын сыртқа шығаруға тиым салуымен байланысты, американдық инвесторлардың ондай бағалы қағаздарға деген сұранысының туындауының арқасында алғаш рет АДР пайда болды.
АДР – бұл АҚШ банктерінің бірінде қандай да бір шетелдік компаниялардың акцияларын иеленгендігін куәландыратын туынды бағалы қағаз. АДР арқылы шетелдік компаниялар американдық инвесторларға шыға алады. Ал американдық инвесторлар шетел қор нарықтарынан шетел компнаияларының акцияларын сатып алудың орнына АҚШ-та шығарылған АДР формасындағы субституттарға ие болады. АДР- дің базалық активіне тек акциялар жатады.
Шығару шартына қарай АДР екі түрге: демеушіленетін және демеушіленбейтін болып бөлінеді. Демеушіленбейтін АДР, компанияның акциясын көп бөлігін иеленетін ірі акционер немесе акционерлер тобының инициативасымен шығарылады. Демеушісіз АДР-дің артықшылғы – ол қарапайым, ал кемшілігі – онымен сауда тек биржадан тыс нарықта жасалады. Демеушіленетін АДРе эмитенттің инициативасы бойынша шығарылады. Демеушіленетін АДР-ге арналған төрт деңгейлі бағдарлама болады. Бірінші және екінші деңгейлік бағдарлама қайталама нарықта айналыста жүрген акцияларға қолқат шығаруды көздейді. Үшінші және төртінші деңгейлік бағдарламалар бастапқы шығарылатын акцияларға қолқат шығаруды сипаттайды.
2002 жылдың шілде айында ҚР қор нарығының кәсіби қатысушыларымен Қазақстандық депозитарлық қолқатының (ҚДҚ) шығарылу және айналыс ережесінің жобасы жасалған болатын. Осы ережеге сәйкес ҚДҚ-ның құжатсыз формада шығару көзделген. ҚДҚ-ның эмитенті ретінде кастодиан қызметіне арналаған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк бола алады. ҚДҚ-ның базалық активіне туынды немесе эмиссияланбайтын бағалы қағаздар жатады.
Қазіргі уақытта халықаралық қор нарығында 50 елдің, соның ішінде Қазақстанның барлығы шамамен 1100 депозитарлық қолқаттары айналыста жүр (16-кесте).
16-кесте.
2002 жылдың 30 маусымына берілген Германияның қор биржаларындағы Қазақстандық компаниялардың ГДР-нің бағасы мен котировкасы
код |
Ашы луы |
мах |
міn |
Жабылуы |
Өзгеріс
|
Көлемі |
ІSІN (ұлттық идентифика циялық номер) |
|
KKGBy,BE |
14,00 |
14,00 |
14,00 |
14,00 |
0,00 |
0 |
US4866E2028 |
|
KKGBy.F |
14,00 |
14,05 |
14,00 |
14,05 |
+0,36 |
1630 |
US4866E2028 |
|
KZT Ky. BE |
5,50 |
5,50 |
5,50 |
5,50 |
0,00 |
0 |
US4866D2045 |
|
SYRGq.BE |
5.00 |
5,00 |
5,00 |
5,00 |
0,00 |
0 |
US8257001078 |
|
SYRGq.F |
5,00 |
5,00 |
5,00 |
5,00 |
0,00 |
0 |
US8257001078 |
|
RKA |
|
|
|
87,78 |
+0,25 |
|
|
|
KKGBy,BE – ЖАҚ “Казкоммерцбанк”, 30 акция = 1 ГДР; |
|
|||||||
KZT Ky. BE – ЖАҚ “Қазақтелеком ”, 1 акция = 3 ГДР; |
|
|||||||
SYRGq - АҚ “ШНОС”, 5 акция = 1 ГДР; |
|
|||||||
RKA - Қазақстандық АДР бойынша REUTERS композиттік индексі; |
|
|||||||
BE - Берлин қор биржасы |
|
|||||||
F - Франктфурт қор биржасы |
|
|||||||
Көзі: REUTERS
Банктердің туынды бағалы қағаздармен операцияларына фьючерс және опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.
Фьючерс – мәмілеге қатысушы тараптардың келісім-шарт жасаған уақытта бекіткен бағасы бойынша алдағы уақытта немесе белгілі бір мерзімнен кейін биржалық активті сатып алу-сату туралы стандартты биржалық контрактіні білдіреді. Мұнда биржалық активке бағалы қағаздар, соның ішінде акциялар жатады.
Опцион – сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе сатып алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-шарт.
Опционның екі түрі болады: опцион “колл” және опцион “пут”. Опцион “колл” бағалы қағазды сатып алуға құқық берсе, ал, опцион “пут” оны сатуға құқық береді.
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларда банктер делдал ретінде бола отырып, клиенттердің тапсырмалары бойынша оларды сату, қайта сату, сақтау, есепке алу, басқару және табыстарын алу сияқты операцияларды орындайды.
ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады:
брокер қызметі
дилер қызметі;
депозитарий қызметі;
кастодиандық қызмет;
тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі;
бағалы қағаздарды басқару.
Брокер қызметі – кленттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.
Дилер қызметі - өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру.
Депозитарий қызметі – бағалы қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі.
Кастодиан қызметі – бағалы қағаздарды сақтаумен және олармен жасалатын мәмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.
Бұл аталған кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға банктердің арнайы лицензиясы болуы тиіс.
Қазақстанда брокер-дилер қызметіне кешенді лицензия беріледі. Оның екі түрі бар:
1-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шотын жүргізуге арналған;
2-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни клиенттердің шотын жүргізуге құқық бермейтін.
Сонымен қатар, банктер бағалы қағаздармен андеррайтинг қызметін жүзеге асырады. Андеррайтинг қызметі – эмитентпен келесім-шарт негізінде жаңа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты брокер-дилер қызметін сипаттайды Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді.
Бақылау сұрақтары
Банктік активтер деп нені түсінесіз
Банк активтерінің құрылымы неден тұрады
Банк несиелері қалай жіктеледі?
Банктің инвестициялық операциялары дегеніміз не
Мелекеттің бағалы қағаздарының инвестициялау тиімділігі неде
Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға не жатады
6-тарау. Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары
