- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде. болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.
“Капиталдың жеткіліктілігі” термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен анықтауға болады:
МК А М
мұндағы,
МК – банктің меншікті капиталы;
А банктің активтерінің жалпы сомасы
М – банктің міндеттемелері.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық нормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген ссудаларының тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме жоқ па - деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікір талас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен “Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім шарт” негізінде “Кук коэффициенті” деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті, банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған.
Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қаматамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: І деңгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал.
І деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.
ІІ деңгейлі (қосымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.
Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін белгілейді.
Бұл коэффициентті біздің тәжірибемізде есептеу үлгісі 2-тақырыпта пруденциялық нормативтер қатарында берілген.
2001-2007 жылдардағы статистикалық деректерге сүйеніп, банктердің меншікті капиталының серпінін 11-кестемен беруге болады.
5-кесте. ЕДБ-дің меншікті капиталының жеткіліктігінің серпіні,
кезеңнің соңына
Көрсеткіштер |
2000ж |
2001ж |
2002ж |
2003ж |
2004ж |
2005ж |
2006 ж |
2007 ж |
Жиынтық меншікті капитал, млрд тенге, о.і.: |
97,6 |
122,1 |
161,2 |
223,5 |
346,8 |
587,2 |
1168,6 |
1781,8 |
1- деңгейлі деңгейлі капитал, млрд теңге |
68,9 |
90,7 |
110,6 |
153,3 |
229,1 |
368,4 |
816,5 |
1 283,7 |
2- деңгейлі капитал, млрд теңге |
32,7 |
35,4 |
55,7 |
87,9 |
128,4 |
218,7 |
385,4 |
560,9 |
3-деңгейлі капитал, млрд теңге |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
1,5 |
1,5 |
І деңгейлі капиталдың барлық активтер сомасына қатынасы (к1) |
0,11 |
0,11 |
0,9 |
0,11 |
0,08 |
0,08 |
0,09 |
0,11 |
Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге және баланстан тыс міндеттемелерге қатынасы (к2) |
0,26 |
0,19 |
0,18 |
0,17 |
0,17 |
0,16 |
0,15 |
0,14 |
Ескертпе –ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі және №5 (150) 2007 жылғы мамырдағы статистикалық бюллетенінен және ҚҚА-нің 2007 жылғы есептік материалдарынан алынған сандық мәліметтер негізінде есептелген.
|
||||||||
Кестеден көріп отырғанымыздай банктеріміздің меншікті капиталы соңғы жылдары онша қатты өспеген. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.
Жалпы ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің есептік мәліметтеріне сүйенсек Қазақстандық банктердің меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициентінің нормативтерге сай орындалысы сақталған.
Ал енді, жарғылық капиталының көлеміне қарай қазақстандық банктерді бірнеше топқа топтастыруға болады. Ол туралы 12-кесте мәліметтері баяндайды.
12-кесте. ҚР-ғы ЕДБ-дің жарғылық капиталдарынның серпіні,
мерзімнің соңына, млрд.теңге
Барлық ЕДБ |
Белгіленген шектегі жарғылық капитал
|
Төленген жарғылық капитал |
|||||||
100 |
100 -500 |
500 -1000 |
1000- 1500 |
1500- 2000 |
2000 |
Барлы ғы |
о.і. шетел капиталы қатысқан |
||
2000 ж |
47 |
1 |
8 |
13 |
14 |
4 |
7 |
68,8 |
15,9 |
үлесі, |
100,0 |
2,1 |
17,0 |
27,7 |
29,8 |
8,5 |
14,9 |
|
23, |
2001 ж |
43 |
0 |
5 |
11 |
14 |
4 |
12 |
100,8 |
17,8 |
үлесі, |
100,0 |
0,0 |
11,6 |
25,6 |
32,6 |
2,3 |
27,9 |
|
17,7 |
2002 ж |
35 |
0 |
1 |
6 |
14 |
4 |
10 |
76,9 |
26,6 |
үлесі, |
100,00 |
0,00 |
2,86 |
17,14 |
40,00 |
11,43 |
28,57 |
|
34,6 |
2003 ж |
34 |
0 |
0 |
4 |
13, |
2 |
15 |
100,4 |
47,6 |
үлесі, |
100,00 |
0,00 |
0,00 |
11,76 |
38,24 |
5,88 |
44,12 |
|
47,4 |
2004 ж |
35 |
0 |
0 |
2 |
15 |
1 |
17 |
161,4 |
59,1 |
үлесі, |
100,00 |
0,00 |
0,00 |
5,71 |
42,86 |
2,86 |
48,57 |
|
36,6 |
2005ж |
34 |
0 |
0 |
1 |
10 |
2 |
21 |
244,7 |
25,4 |
үлесі, |
100,00 |
0,00 |
0,00 |
2,94 |
29,41 |
5,88 |
61,76 |
|
10,4 |
2006ж |
33 |
0 |
0 |
0 |
9 |
2 |
22 |
593,6 |
- |
үлесі, |
100,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
27,27 |
6,06 |
66,67 |
|
- |
2007ж |
33 |
0 |
0 |
0 |
7 |
5 |
21 |
713,9 |
- |
үлесі, |
100,00 |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
21,21 |
15,15 |
63,64 |
|
- |
Ескертпе – ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі және №5 (150) 2007 жылғы мамырдағы статистикалық бюллетенінен алынған сандық мәліметтер негізінде есептелген |
|||||||||
Кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылғы 1 маусымға тіркелген барлық 33 банктеріміздің 21-нің жарғылық капиталы ғана 2 млрд. теңгеден жоғары (немесе 63,64) болса, 5 банктікі – 1,5 – 2 млрд. теңге (немесе 15,15) аралығында, ал 7 банктікі – 1 – 1,5 млрд. (немесе 21,21) теңге аралығында қалуда. Әрине, соңғысы жеке меншік немесе ЖШС нысанында құрылған банктер болуы мүмкін. Бұл кестедегі мәліметтерде Мемлекеттік даму банкі мен Эксимбанктің жарғылық капиталының мөлшері есепке алынбаған.
Дегенмен де банк активтерінің жоғары қарқынмен өсуі банктік секторы үшін тәуекелдің ұлғаюына әкелетінін естен шығармаған дұрыс сияқты.
Сонымен бірге ЕБД-дің жиынтық меншікті капиталының құрамында шетелдің банктердің капиталының өсуін байқауға болады. ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтердің соңғы 2000-2007 жж қатынасын төмендегі 6-суреттен көруге болады.
6-сурет. ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтер серпіні, млрд теңге
6-суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2000 жылы 527,9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2007 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.
ЕДБ-дің капиталдары 2000 жылы 97,6 млрд теңгені құраса, 2007 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 781,8 млрд теңгені құрап отыр.
2007 жылғы көрсеткіш бойынша капиталдың банк активтерінің 13,7% ғана құрауы бұл тек пруденциальдық норматив деңгейін көрсетеді немесе оның норматив бойынша мәні 0,12.
Осындай жағдайларға байланысты кейбір банктеріміз капитал жеткіліктігін сақтап, тәуекелдің алдын алу мақсатында несиелеу көлемін шектеуде. Банктің табысы берген несиелердің сапасына тікелей байланысты десек, онда несие көлемін шектеу банк табыстылығын шектеуге, соның нәтижесінде банк капиталын ұлғайту көзінің қысқаруына әкелетінін білеміз. Ендеше бүгінгі банктеріміздің меншікті капиталын ұлғайту көзі ретінде тек қана акцияларды шығару амалы қалуда. Бір айта кететіні, кейбір ірі банктеріміз өздерінің акцияларын депозитарлық қолхат арқылы шетел нарығына орналастырып отырғаны да жасырын емес. Бұл шаралар аталған банкке қатысты ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан күмән туғызуы мүмкін. Себебі, мұндай жағдай отандық банк акциялары иелерінің жұмбақ болуын баяндайды.
