Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank_isi_ma_1179_ysh_kitabi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.43 Mб
Скачать

Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:

Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ)  2 176000 теңге : 60 ай  36267 теңге

Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (СМАТ)  2 176000 теңге * 0,18 : 12 ай  32640 доллары

Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері  36267 32640  68907 теңге

Таза табыс (ТТ)  560 мың теңге - 300 мың теңге  200 мың теңге

Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) 68907 теңге : 200000 теңге  0,34 немесе 34%

Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілеттігі жеткіліксіз, бірақ оған кепілге қоятын мүлкін ескере отырып, несие беруге болады.

Несиелік сарапшы жоғарыдағы есептеулердің нәтижелері негізінде Несиелік комитеттің қарауына арналған несиелік сараптама қорытындысын жасайды.

Несиелік құжаттарға заңи сараптаулар кезінде қарыз алушының азаматтығы, оның құжаттарының заңдылығы және кепіл затына құқық беретін құжаттардың шынайылығы мен қарыз алушының меншікі құқығын тексереді.

Осы кезеңдегі келесі бір маңызды қадам кепілге қоятын затын бағалау. Кепіл затын бағалауды тәуелсіз бағалау немесе банктің өзінің бағалаушылары жүзеге асыруы мүмкін. Айталық, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсыналады. Бағалаушы бағалау нәтижесі бойынша төмендегідей нысанда Несиелік комитетке есеп беру құжатын даярлауды.

Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру

«СарыАрқа»ЖШС директоры

Өмірбай А.С.

____________________

«___»___________ 2006ж.

Алматы қ. 15.11.2006ж.

Объекті қаралғаннан кейін, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетімен 14.02.2002ж. берілген № ЗТ – 0001 (23270 – 1910 - ЖШС) мемлекеттік лицензия негізінде, тәуелсіз бағалаушы «СарыАрқа» ЖШС нің директоры А.С.Өмірбайдың жауапкершілігімен мекен-жайы Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 23 үй, 25 пәтер болып табылатын үш бөлмелі пәтердің сараптамасы жүргізілді.

Қарыз алушы: Тасмаганбетегі Б.Ж.

Көрсетілген құжаттар:

Сату-сатып алу келісім-шарт № р.8 – 7041, 21.04.2001ж.

Алматы қаласындағы пәтердің жоспары 03.10.2006ж.

Объектінің сипаттамасы

Объектінің орналасу жері:

Үш бөлмелі пәтер Алматы қаласында, Бостандық ауданында, мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 23 үй, 25 пәтерде орналасқан.

Бағалау мақсаты:

Пәтердің нарықтық және кепілдік құнын анықтау. Жалпы көлемі 68,2 шаршы метр, оның ішінде: 45,10 ш.м. – тұрмысты, 17,70 ш.м. – көмекші.

Бағалау объектісінің қысқаша сипаттамасы

Үш бөлмелі пәтер бес қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан.

Пәтердің меншік иесі:

Тасмагамбеттегі Б.Ж.

Меншік құқығы расталған:

Сату-сатып алу туралы келісім шартымен № р.8 – 7041, 21.04.2001ж

Пәтер 2006 жылдың 10 қазан айына жақсы жағдайда тұр. Пәтерде: зал, екі ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, коридор, дәретхана және жуынатын бөлме бар.

Пәтерде санитарлық техникасы қойылған (жуынатын бөлмеде және ас бөлмесінде раковиналар бар).

Терезелері ағаштан жасалған және әйнектері қойылған.

Пәтерді зерттеу кезінде пәтердің жоспарының Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының жоспарымен қарама-қайшылықтар болған жоқ..

Қысқаша сипаттама (кесте түрінде)

Аты

Ішкі құрылысының сипаттамасы

Қабат

4 (5)

Ауданы

68,2 ш.м. (45,10 ш.м. – тұрмысты, 17,7 ш.м. – көмекші)

Ғимараттың қабырғалары

Панель

Фундамент

Темір бетон

Төбесінің жабылуы

Темір бетонды плиталар

Едені:

Ас үй

Линолеум

Коридор

Линолеум

Кіре беріс бөлме

Линолеум

Зал

Ковралан

Ұйықтайтын бөлме

Линолеум

Жуынатын бөлме

Кафель

Дәретхана

Кафель

Терезелердің рамасы

Ағаш

Есіктері ( ішкі)

Ақ түске боялған фанерден

Кіре беріс есік

Металл есік

Қабырғаларының өнделуі:

Ас үй

Кафель, левкас

Зал

Левкас

Ұйықтайтын бөлме

Левкас

Коридор

Левкас

Дәретхана

Кафель

Жуынатын бөлме

Кафель

Төбесі:

(барлық бөлмелерде)

Левкас

Пәтердің кепілдік құнын анықтау үшін салыстырмалы сату әдісін қолданамыз.

Банк тарапынан бағалаушы-мамандар көмегімен осы пәтердің кепіл құны анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының 70-нан аспауға тиіс. Ол үшін мынадай есептеулер жасалады:

САЛЫСТЫРМАЛЫ САТУ ӘДІСІ

Бұл әдіске бағаланып отырған ғимаратқа ұқсас жылжымайтын мүлік ғимараттары бойынша нарықтағы сату және ұсыну туралы мәліметтердің жиынтығы кіреді. Пәтердің нарықтық құнын анықтауда «Крыша» газеті пайданылды. Салыстыру үшін бағаланып отырған ғимараттың орналасу жеріне және техникалық сипаттамаларына жақын сатылуға арналған үш бөлмелі пәтерді мысалға келтірейік.

Сонымен, түзетулерді есепке алумен орташа құны:

1 шаршы метрі - 135350 теңгені құрайды .

ПӘТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫ:

62,8 шаршы метр. * 135350 теңге ≈ 8 500000 теңге

Сонымен бірге бағалау кезінде есепке алыну қажет:

Алдағы пайдалану кезеңі үшін тозу коэффициенті – 3%

Пәтердің тозу коэффициенті  Пәтердің нарықтық құны * 3 (тозу коэффициенті)  8500000 * 0,03  255000 теңге.

Тәуекелді төмендету коэффициенті (берілген аудандағы ұқсас пәтерлерге сұраныстың төмендеуі -15%.

Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі  Пәтердің нарықтық құны * 15  (төмендеу коэффициенті)  8500000 * 0,15  1275000 теңге.

БАҒАЛАУ КҮНІНЕ ПӘТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫ:

  1. Пәтердің бағалау құны  Пәтердің нарықтық құны - Пәтердің тозу коэффициенті - Пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі  8500000 – 255000- 1275000  6970000 теңге.

ТАРАПТАРДЫҢ КЕЛІСІМІ БОЙЫНША КЕПІЛДІК ҚҰНЫ:

Пәтердің кепіл құны  Пәтердің бағалау құны * 60   6970000 * 0,6  4182000 теңге. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қатмамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Тараптардың келісімі бойынша Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан, мекен-жайы: Сәтбаев көшесі, 4 үй, 52 үш бөлмелі пәтердің кепілдік құны құрайды: 4182000 (төрт миллион жүз он сегіз мың) теңге.

Бағалаушы: Бағалаушының аты-жөні

Кепіл беруші: Кепіл берушінің аты-жөні

(бағалаумен келісемін)

3-кезеңде несиелік комитеттің оң шешімінің шығаруына байланысты қарыз алушы мен банк арасында несиелік және кепіл туралы келісім-шарттар жасалады. Несиелік және кепіл туралы келісімшарттарды банктің заңгерлері даярлайды. Онда қарыз беруші мен қарыз алушылардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері және өзге мәселелер қамтылады. Қарыз алушы несиелік және кепіл туралы келісімшарттың шартымен келіскен жағдайда оған қолын қояды. Мұндағы несиелік келісім шарт 2 данада, егер жылжымайтын мүлік кепілге алынған жағдайда кепіл туралы келісімшарт үш данада жасалады. Несиелік келісімшарттың бір данасы қарыз алушыға беріліп, бір данасы банктегі клиенттің іс-құжатында тіркеледі. Кепіл туралы келісімшарттың бір данасы Жылжмайтын мүлікті тіркеу мекемесіне кепіл затына арест қою үшін тапсырылады.

4-кезеңде қарыз алушының атына ағымдық шот ашылып, ең басты оған бастапқы жарна мөлшері салынғаннан кейін барып, банктің беретін несие сомасы аударылады. Қарыз алушыға несиелік қызмет көрсеткені үшін банк белгілі мөлшерде комиссия алады. Қарыз алушы шоттағы соманы қолма-қол ақшаға айналдырған үшін банкке тиісті мөлшерде комиссия төлейді. Сонымен қатар, банк кепілге алынған мүлікті сақтандыруды талап етеді, және егер сақтандыру қызметі банк тарапынан көрсетілсе қарыз алушы тарапынан оған қосымша сақтандыру жарнасы төленеді.

5-кезеңде несиенің қайтарылуына мониторинг жасалады. Несиелік мониторинг несиені қайтару кестесі негізінде жүргізіледі. Несиені қайтару кестесі қарыз алушыға берілетін несиелік келісімшартқа қосымша бет ретінде тіркеліп беріледі. Несиелік мониторингті несиелік сарапшы жүргізеді. Несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып келеді (ол туралы несиелік мониторингке арналған алдыңғы тақырыптан танысуға болады).

Тұтыну несиесін бір түріне жалақы несиесін жатқызуға болады.

Жалақы несиесі – карточкамен банктен жалақы алатын клиенттерге арналған ай сайын жаңартылып отыратын қысқа мерзімді несие.

Жалақы несиесін банкке бармай-ақ банкомат арқылы алуға болады. Жалақы несиесі сіздің карточкамен алатын жалақыңыздың 70%-ға дейін мөлшерде (әр банкте әр қалай) бекітілген лимит сомасында беріледі. Жалақы несиесін пайдаланбасаңыз онда ешқандай пайыз төлемейсіз. Ал егер жалақы алғанға дейінгі мерзім ішінде пайдалансаңыз сол пайдаланған сомаға және күнге банкке пайыз төлеуге тиістісіз.

Мысал. Сіздің жалақыңыз 30000 теңгені құрасын. Сізге карточкаңызға 70% несиелік лимит қойылған және ол 21000 теңгені құрайды. Егер сіз оның 15000 бір апта пайдалансаңыз, ал жылдық мөлшерлеме 25%-ды құраса, пайдаланған мерзім ішінде банкке төлейтін сомасын төмендегідей түрде анықтаймыз:

15000 * 25* 7 / 360*100 = 72 теңге 91 тиын

Банкоматтан сіздің карточкалық шоттағы қалдығы туралы мындай мәлімет беріледі:

Меншікті қаражат - 30000 теңге

Несиелік лимит – 21000 теңге

Қолжетімді қаражат – 51000 теңге.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]