Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank_isi_ma_1179_ysh_kitabi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.43 Mб
Скачать

Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры

21-сурет. Қазақстандық ипотекалық несиелеу сызбасы

Ипотекалық несиелерді сатып алуға және оларға қызмет көрсетуге байланысты компания мен серіктес банктер арасындағы қатынас өзара жасалған Бас келісімшартқа және ипотекалық куәліктерді сатып алу және қайта сату келісім-шарты, компанияның мүлкін сенімді басқару туралы келісімшарты немесе қызмет көрсету туралы келісімшарты негізінде жүзеге асады.

ҚИК тұрғын үй ипотекалық несиесін беретін және оған қызмет көрсететін серіктес банктерге мынадай талаптар қояды:

  1. Компанияның талаптарына серіктес банктердің сай келуі;

  2. Серіктес банктердің қаржылық тұрақтылық сипаты;

  3. Компанияның сатып алатын ипотекалық несиелеріне қызмет көрсетуге жұмылдырылатын серіктес банктер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары;

  4. Компанияның сатып алатын ипотекалық несиелерін беру және қызмет көрсетуге байланысты серіктес банктердің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар.

Компания серіктес банктерге қайта қаржыландыруды мынадай шарттар орындалғанда ғана жүзеге асырады:

1. Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар:

а) банктердің ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет көрсетуге және өзге де банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы болуы керек;

ә) банк екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіне мүше болуға тиіс;

б) банк өтініш бергенге дейін 3 ай ішінде Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтерін және орындалуға міндетті өзге нормаларды орындауға тиіс;

в) “ Тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдар тізіміне” енген тәуелсіз аудиторлық ұйымдардың біреуімен өткен қаржылық жылдағы 1 жылдық қаржылық есебін тапсыруға тиіс.

  1. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдарға қойылатын талаптар:

а) ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет көрсетуге және өзге де банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы болуы керек;

ә) Ұлттық банктің ең төменгі жарғылық капиталға қоятын талаптарын орындауы тиіс.

3. Серіктес банктер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары:

а) Серіктес банктердің құрылымдық бөлімшелерінде компания ұсынған ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша оқу курсынан өткен кемінде екі маман болуға тиіс;

ә) ипотекалық несиелер беру және оларға қызмет көрсетуді жүргізуші серіктес банктер қызметкерлерінің банк жүйесінде кемінде 2 жылдық тәжірибесі немесе ипотекалық несиелер беру және оларға қызмет көрсетуге байланысты 1 жылдық тәжірибесі болуы қажет.

4. Серіктес банктердің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар:

а) ипотекалық несиелерді рәсімдеу, беру және қызмет көрсету тәртібін реттейтін іштей құжаттары болуға тиіс;

ә) ипотекалық несиелердің қайтарылмау тәуекелін бағалау әдістемесі болуы тиіс;

б) ипотекалық несиелерді беру және қызмет көрсету үрдісінде тәуекелдерді басқару әдістемесі болуы керек.

Бүгінгі күні ипотекалық несиелеудің үлесі (тұтыну несиесімен қоса алғанда) банк несиелері құрылымында біршама жоғары болып отыр. Экономикадағы өсу тұсында банктеріміз өзінің активтерін осындай несие түріне бағыттауды дұрыс санайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]