
- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
Операциондық тәуекелдер
Ішкі
Сыртқы
Жүйелік
тәуекелдер
Қызметкерлер
тәуекелі
Үдеріс
тәуекелі
Технологиялық
тәуекелдер
Ұрлық,
алдау
Қызметкерлер
қателіктері
Қызметкерлер біліксіздігі
Кадрлардың
жеткіліксіздігі
Штаттардың Тұрақсыздығы
Еңбек
заңындағы қолайсыз өзгерістер және
т.б.
Мәміле
және операциялар жасау барысындағы
қателіктер
Бақылаудың
кемістігі
Ішкі
тәртіптің әлсіздігі
Регламенттің
жоқтығы
Құжат
рәсімдеудегі қателіктер
Есеп,
есептілік және баға белглеудегі
қателіктер
Пайдаланылатын
технологиялардың
ескілігі
Ақпараттық
жүйелерінің сыйымдылығының
аздығы
Өңдеу
әдістерінің
тұрпайлылығы;
Жүргізілген
операциялардың адекватсыздығы;
Копьютерлік
жүйедегі бұзылулар
Компьютерлік
жүйедегі олқылықтар
Табиғи
Аппатар
Серіктестердің
сенімсіздігі
Қоршаған
ортадағы тәуекелдер, о.і. салықтағы,
заңдардағы.
28-сурет. Операциондық тәуекелдердің пайда болу көздері
технологиялық тәуекел – банктің қызметіне қажетті ақпараттық жүйелердің, бағдарламалардың немесе мәліметтер базасының бұзылуынан туындайтын тәуекел.
Сыртқы тәуекелдер – банк қызметін байланыссыз, яғни сыртқы ұйымдардың, жеке тұлғалардың зұлымдық әрекеттерінен, сондай-ақ заңдардағы салық саясатындағы өзгерістерден туындайтын тәуекелдер.
Банктердің операциондық тәуекелдерді басқаруға аса мән беруі қажет. Банк қызметінде операциондық тәуекелдерді басқарумен айналысатын операциондық тәуекелді басқару жөніндегі тәуелсіз бөлім қызмет етуге тиіс. Операциондық тәуекел бөлімі мыналарға жауап береді:
банк ауқымындағы жеклеген операциялардың кодталуына және операциондық тәуекелді бақылауға;
- аталған банктің операциондық тәуекелін бағалау әдістемесін жасауға және оны іске асыруға;
операциондық тәуекел бойынша есеп беру жүйесін жасауға және іске асыруға;
операциондық тәуекелді айқындау, бағалау және бақылау стратегиясын жасауға.
Операциондық тәуекел мынадай объектілерде пайда болады:
ішкі үдерістерде немесе банк қызметінің түрлерінде;
банктің жекелеген активтерінде, мысалы мүлкінде.
Операциондық тәуекелдің пайда болуына қарай мынадай көздерге бөлуге болады:
Ішкі ұрлықтар, яғни тонау, құжатты қолдан жасау, құжаттарды немесе ақпарттарды ұрлау, ақпараттық жүйелерге бұзып кіру және өзге де үшінші бір тұлғаның ықпалымен болатын зияндар.
Ішкі тәтріпсіздіктер – банк қызметкелерінің қасақан жасаған іс-әрекетіне туындайтын зияндар, оның ішінде лауазымды қызметін асыра пайдалану, жасалған мәмілелердің құпиялығын сақтамау, ақпараттардың сыртқа шығару, материалдық құндылықтарды шығындау, банктің мүлкін заңсыз иемдену, банк мүлкіне қасақана шығын келтіру.
Еңбек қатынастары – банк қызметкерлерімен еңбек қатынастарына байланысты туындайтын даулар, еңбек заңының баптарының бұзылуы, оның ішінде техника қауіпсіздігі талаптарының және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы, кадрлардың банктен кетуі.
Клиенттер және іскерлік тәжірибе - өзге заңдылықтардың бұзылуы, оның ішінде банктің негізгі қызметіне байланысты клиенттер алдындағы келісімшарттардың орындалмауы, құпия ақпараттардың пайдаланылуы, қызметтерді мәжбүрлеп алғызу, бағаға келісім орнату.
Ақпараттық және техникалық жүйлердегі бұзылулар бұл жүйелердің және құрал жабдықтардың істен шығуы салдарынан уақтылы транзакциялардың жүргізілмеуі, қадағалаушы ұйымдарға есептік құжаттардың уақтылы берілмеуі және т.б.
Үдерістерді басқару тиімсіздігі – ішкі үдерістерді ұйымдастырудың тиімсіздігі, бекітілген лимиттердің бұзылуы, ақпарттардың қорғалу жүйелерінің және оларға қолжетімділік тәртібінің болмауы, банктің ішінде ақпарат ағымын дұрыс ұйымдастырмау, операциялар және мәмілелер бойынша мәліметтерді өңдеуде және енгізу барасында жіберілетін қателіктер.
Материалдық активтердің шығыны бұл банктің қызметіне байланыссыз техногендік, табиғи апаттардың салдарынан негізгі қорлардың және өзге материалдық активтердің бүлінуі.
Операциондық тәуекел туындаған жағдайларда банк қызметінде мынадай салдарлар орын алуы мүмкін:
жұмыс уақыты жоғалады;
клиенттер банктен кетеді, клиенттер тарапынан сотқа шағымданулар болады;
банктің кінәсінен болған банк қызметкерлерінің және клиенттердің зардаптарын ақшалай төлеу;
ҚР заңдарына сәйкес, соттардың қаулылары негізінде ақшалай төлемдер (пения және айыппұл) төлеу;
банк активтерінің құнын жоғалту;
әр түрлі апаттардың салдарына туындаған шығындарды қалпына келтірулер.
Операциондық тәуекелдер есеп айырысуларға қатынасатын банктің құрылымдық бөлімшелері арасында есеп айырысу технологияларының бұзылу мүмкіндігінен туындауы мүмкін.
Банктің есеп айырысу қызметін көрсетуде мынадай құрылымдық бөлімшелері қатынасады: операциондық басқарма; ішкі банкаралық есеп айрысулар мен корреспонденттік қатынас жасау бөлімі; бухгалтерия; ақпараттарды электрондық өңдеу басқармасы.
Банкаралық есеп айырысу технологиялары клиенттерге қызмет көрсетуге арналған немесе өзінің банкаралық операциялары, соның ішінде банкаралық несиелер беру, валюталар, бағалы қағаздар және т.б. сатып алу және сатумен байланысты технологияларын сипаттайды.
Операциондық тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелді анықтау, бағалау, мониторинг, бақылау, сондай-ақ операциондық тәуекелдердің салдарын азайтуға байланысты шараларды жасау және қолдану тәсілдері жатады.
Операциондық тәуекелді анықтау мақсатында банк қызметіне талдау жасалып, операциондық тәуекелдің пайда болуына ықпал етуші факторлар айқындалады. Талдау бірнеше сатыда жүреді:
банк қызметінің тиімділігіне ықпал етуі мүмкін банктегі жалпы өзгерістерді (жаңа технологияларды енгізу, операциялар көлемінің ұлғаюы, қызметкерлер санынынң өсуін) талдау;
банк қызметінің бағыттарының операциондық тәуекелге қатысын талдау;
жекелеген банктің операциялары мен мәмілелеріне талдау жүргізу;
банктің ішкі процедураларын, оның ішінде есеп беру жүйесі мен ақпарат алмасу жүйесін талдау.
Операциондық тәуекелді анықтау үшін банкте операциондық тәуекелдің көзі ретінде қызмет ететін талдаушылық базасы жасалуға тиіс.
Операциондық тәуекел көзі ретінде мәліметтер базасын толтыруға арналған «Операциондық тәуекелдермен байланысты оқиғаларды тіркеу журнал» болуға тиіс.
Операциондық тәуекелдермен байланысты оқиғаларды тіркеу журналының нысаны төмендегідей кесте түрінде берілген
Банк бөлімшесі
Пайда болу күні |
Бөлімше (филиал) |
Бұзушылықтар орын алған оқиғалар |
Түсіндірмелер* |
Мүмкін болатын салдарлар** |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* Түсіндірмелер бағанында оқиғалардың пайда болу себептері.
** Мүмкін болатын салдарлар бағанында банктің шегетін зиян сомасы немесе өзге салдарлар көрсетіледі.
Бұл журналды барлық бөлімшелер жүргузге тиіс. Журналда сол бөлімшеде операциондық тәуекелдің пайда болуына байланысты анықталған оқиғалар толтырылып, апта сайын банк бөлімшесі ондағы ақпараттарды Тәуекелдерді басқару басқармасына жіберуге тиіс.
Операциондық тәуекелдердің көрсеткіштері ретінде мынадай көрсеткіштер пайдаланылады:
- жасалмаған және аяқталмаған банктік операциялар саны;
- клиенттердің наразылықтарының саны;
- жіберілген қателіктер мен бұзушылықтарының жиілігі;
- лимиттерді және шектеулерді бұзулардың жиілігі;
- ақпарттарық бұзылушылықтар саны;
- ақпараттық-технологиялық жүйелердің жұмыс жасамай тұрып қалған уақттарының ұзақтығы;
- кадрлардың кетуі;
өзге көрсеткіштер.
Операциондық тәуекелдің салдарын азайту бұл операциондық зияндарға әкелетін оқиғалар немесе жағдайларды азайтуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.
Операциондық тәуекелдің салдарын азайтудың негізгі әдістеріне мыналар жатады: ұйымдастырушылық құрылымын ұйымдастыру, операциондық тәуекел факторларының пайда болу мүмкіндіктерін жоққа шығаруға арналған банктік операциялар мен өзге мәмілелерді жүзеге асырудың ішкі ережелері мен процедураларын жасау.
Операциондық тәуекелдерді төменду шараларына мынадай мысалдар келтіруге болады:
- тәуекелді үйлестіретін үдерістер мен қызметкерлерді бөлу;
- құжат айналымын, ақпарат ағымын қамтитын бизнес үдерістерін ықшамдау, қызметтерін, құзіреті мен жауапкершіліктерін бөлу;
- қызметкерлердің өзара бірін бірі ауыстыру тәртібін енгізу;
- еңбекті моралды және материалдық ынталандырудың қарапайым нысандары;
- банк тарапынан жасалатын келісімшарттарда міндетті түрде заңгерлердің қол таңбаларының болуы;
- лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану;
- ақпараттық жүйелерді пайдалануың техникалық шарттарын сақтау;
- ақпарттық-бағдарламалық өнімдерге арналған техникалық тапсырмалардың әдістемелерін жасау;
- бағдарламалық қамсыздандыруларды жасаушы-фирмалармен өзара оларды пайдалану барысында кеткен қателіктер мен олқылықтарды тез арада қалпына келтіру туралы келісімшарт жасасу;
- банк активтеріне жиі тугендеу жұмыстарын жүргізу.
Операциондық тәуекелдің салдарын әлсірету сақтандыру көмегімен жүзеге асырады. Бұл жерде банктер мыналарды сақтандыруға тиіс:
негізгі құралдарын (ғимараттарын, құрал жабдықтарын және өзге мүліктерін) әр түрлі табиғи апаттардан және басқа кездейсоқ оқиғалардан сақтандыру;
банк қызметкерлерін бақытсыздық жағдайлардан және денсаулыққа тиетін зияндардан және т.б. сақтандыру.
Банктер Базель келісіміне сәйкес, капиталға қатысты қоятын ең төменгі есебінің мақсатында операциондық тәуекелдің салдарларын әлсіретуге сақтандыру әдістерін қолдануға тиіс. Тәуекелдің салдарларын әлсіретуін сақтандыру көлемі капиталдық операциондық тәуекеліне аударылатын мөлшерінің 20% құрауы қажет.
Банктің тәуекелді әлсіретудің мұндай артықшылықтарын пайдалану қабілеті мынадай критерийлерге байланысты:
- Сақтандырушының ең төменгі рейтингі «А» деңгейінде болуы тиіс;
- Сақтандыру полисінің бастапқы мерзімі бір жылдан артық болмауы қажет;
- Сақтандыру полисінде сақтандыру келісімшарттын аяқталуы және оның мерзімінің ұзартылмауы туралы көрсетілуге тиіс;
- Сақтандыру шығындары банктің операциондық тәуекелінің нақты мөлшеріне жатқызылуға тиіс;
- Сақтандыру бөгде ұйыммен жасалуға тиіс.
- Сақтандыру шаралары құжатталуға тиіс;
- Банк сақтандырудың арқасында операциондық тәуекелге аударылатын капитал көлемінің азайтылғаны туралы ашық көрсетуі қажет.
Бақылау сұрақтары:
1.Банктік тәуекелдер дегеніміз не?
2. Ішкі тәуекелдерге нелер жатады?
3. Сыртқы тәуекелдерге не жатады?
4. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі қандай элементтерді қамтиды?
5. Өтімдік тәуекелін қалай басқаруға болады?
6.Пайыз тәуекелін қалай бағалайды?
7. Валюталық тәуекелді басқару әдістеріне не жатады?
8. Операциялндық тәуекелдері дегенім не?
9. Операцияондық тәуекелдердің пайда болу көздеріне нелер жатады?
1-қосымша
1993 жылы 15 қарашада айналымға шығарылған банкоталар сипаты
|
50 теңге. Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы мен сырт жағындағы басым түстер -ашық қоңыр. Банкноттың оң жағына Әбілқайыр ханның портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "50" саны көрсетілген. Банкноттың сол жағына Әбілқайыр ханның портреті су тамғы белгімен салынған. Банкноттың сырт жағы қоңыр. Орта тұсына Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін жартастағы суреттер бейнеленген. |
|
20 теңге. Көлемі 144х69 мм Банкноттың бет жағындағы басым түс - қара қоңыр. Банкноттың оң жағына Абайдың портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "20" саны көрсетілген, ал оның астына оюмен өрнектелген. Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр. Орта тұсына Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші бейнеленген. |
|
10 теңге Көлемі 144х69 мм. Бет жағындағы басым түс шымқай жасыл. Оң жағына қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналастырылып, тігінен оның аты және және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ою-өрнегі бар. Банкноттың сол жағына су тамғы белгімен Шоқан Уәлихановтың бейнесі салынған. Банкноттың сырт жағында жасыл түс басым. Банкноттың орта тұсына "Оқжетпес" тауының көрінісі бейнеленген |
|
5 теңге Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Оң жағына халық композиторы Құрманғазының портреті орналастырылған. Тігінен қоңыр бояумен композитордың аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың сырт жағы сарғыш-қызыл түсті. Орта тұсына кесененің кешені бейнеленген. |
|
3 теңге Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң жағына халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналастырылған. Тігінен шымқай жасыл бояумен ақынның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында Алатаудың көрінісі.
|
|
1 теңге. Көлемі 124х62 мм. Құны 1 тенгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағына Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті орналастырылған, тігінен көк бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағына жоғарыға қазақтың ұлттық өрнегі салынған. Номиналдың астында сол жақ бұрышында ою-өрнекті сурет бар. Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Орта тұсына Әл-Фарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары бейнеленген. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқауларына сәйкес: 2000 ж. 1 тамыздан бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 1 тенге, 3 тенге және 5 тенге банкноттар беруді тоқтатылды; 2000 г. 1 қарашадан бастап, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 10 тенге, 20 тенге және 50 тенге банкноттар беру тоқтатылды. |
1-қосымшаның жалғасы