
- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
ҚР Ұлттық банкі еліміздің орталық банкі ретінде ақшаны эмиссиялау қызметін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында ақшаны эмиссиялау құқығы тек қана ҚР Ұлттық банкіне заңмен бекітіліп берілген.
ҚР Ұлттық банкі өзінің эмиссиялау қызметін 1993 жылдың қараша айының 15 жұлдызынан бастап жүзеге асыруды қолға алды. Себебі бұл күн біздің тәуелсіз ел болуымызбен байланысты 70 жылдан кейін қайта жаңғырған жаңа тарихымызда ерекше күнді білдіреді. Ол күн егеменді еліміздің төл валютасын айналысқа енгізген күн болып табылады.
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО-ның Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961-91жж шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның құрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1,3,5,10,20,50,100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
1993 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді ұсынған.
Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды.
Сол уақыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.
Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстанның өз төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылы 12 қарашада ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15-18 қарашада КСРО-ның 1961 – 91 жж шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.
Осы сәттен бастап ҚР Ұлттық банкі эмиссиялық банк болып табылады. ҚР Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан ҚР Банкота фабрикасының банкноталары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.
Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді.
1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді. (1-қосымша).
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып, тасталынып, олардың орнына монета формасындағы тиындар айналымға жіберілді.
ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:
1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңгң, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;
1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;
1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;
2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500 теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);
2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);
номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10-жылдық тәуелсіздігіне байланысты;
5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;
номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;
2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша
Қазақстан Ұлттық банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дыйындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін.
Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64х100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.
Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.
2006 жылы 15 қарашада ҚР Ұлттық банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды (1-қосымша). Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді.
Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.
2007 жылы Ұлттық Банктің резервтік қорынан айналысқа 1 322,9 млрд. теңге сомасында қолма-қол ақша шығарылды. Осы уақыт кезеңінде ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын айналыстан алу көлемі 1 150,1 млрд. теңге болды. Осылайша, эмиссиялық нəтиже 172,8 млрд. теңге мөлшерінде оң болып қалыптасты, бұл 2006 жылғы осы көрсеткіштен (228,8 млрд. теңге) 75,5% төмен.
Қаңтарда қолма-қол ақша алу 2006 жылғы қаңтармен салыстырғанда 24,5 млрд. теңгеге азайды жəне (-) 7,5 млрд. теңге болды. Наурыз – мамыр аралығындағы соңғы үш айда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда банкноталар мен монеталар эмиссиясының көрсеткіштері 1,5 есе ұлғайғанда, ақпанда эмиссиялық нəтиженің 6 млрд. теңгеге төмендеуі байқалды. Маусымда эмиссия 4,5 млрд. теңгеге төмендеді. Шілде-тамызда эмиссия 24,7 млрд. теңгеге қайта өсті. Эмиссиялық нəтиже (-) 56,1 млрд. теңге сомада теріс болып қалыптасқанда, эмиссиялық көрсеткіштің барынша едəуір төмендеуі қыркүйекте байқалды, бұл осы айлық көрсеткіш үшін тарихи ең аз шама болып табылады. Эмиссияның төмендеу үрдісі IV тоқсанда да сақталды, осы кезеңдегі эмиссиялық нəтиже (-) 22,2 млрд.теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 96,4 млрд. теңгеге төмен. Екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға заемдар беру көлемінің төмендеуі жəне халыққа шетел валютасын сату көлемінің өсуі осы кезеңде қолма-қол ақшаны айналыстан алудың ұлғаюына себепші болды.