Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
R_S_R_R_R_R_-R_R_S_R_RgRyoS_R_S_RyeR_R_RyiR_S_R...doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
950.27 Кб
Скачать

3. Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс (1837-1847).

Кеңесары Көкшетау облысында 1802 жылы дүниеге келді (Абылайдың немересі). Оларға тап болған екі үлкен мәселені шешу үшін тек қана ол қазақ халқын біріктіре алды:

1) орыстар қазақтарды жұтып кетпеуі үшін күрес .

2) Қоқанд және Хиуадан жеңілуі.

Негізгі мақсаты : жақын жердегі орда хандықтарын қалпына келтіру .

Көтеріліс Қазақстанның барлық жерлеріне таралған болатын. 80 аса сұлтан және билер қауымы Кеңесарыға қолдау берді. 1837 жылы қараша айында Кеңесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кеңесарыны қолдайды. Оның отрядының саны 20000 болатын.

1841 жылы тамыз айында Кеңесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кеңесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды.

1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кеңесарының қойған алғашқы талаптары:

1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.

2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.

3. Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кеңесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын.

1845 жылы қарашада Кеңесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кеңесарыға қарсы Бұқара мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кеңесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Құнанбай, Өскенбайұлы, Барақ Сұлтанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кеңесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті.

Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Ресей мен Қоқанд бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кеңесарының Қоқанд хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынасын қабылдамады.

1847 жылы сәуір айында Кеңесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кеңесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кеңесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті.

Кеңесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бішкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды.

1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кеңесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары Кеңесарыны қолдамады.

2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.

3. Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет құруға мүдделі болмауы.

4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кеңесары аса қатты жаза қолданды.

5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кеңесарыны қолдамады.

6. Бұқара, Қоқанд феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кеңесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы:

1. Кеңесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.

2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі болды.

3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.

4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.

5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.

6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]