Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Бақылау-өлшеу құралдары: емтихан тапсыруға арналған тест сұрақтар

1. Елдегі бағаның жалпы деңгейінің жоғарлауын қалай атайды?

А) стагнация

В) сеньораж

С) инфляция

Д) стагфляция

Е) құлдырау

2. Ағынды кезенде бекітілген игіліктер жиынтығымен есептелінетін тұтыну бағаларының индексі:

А) Пааше индексі

В) Экономикалық өсу дәрежесі

С) Ласпейрес индексі

Д) Өмір сүру индексі Е) Фишер индексі

3. ЖҰӨ дефляторын қалай есептейміз?

А) Номиналдық ЖҰӨ нақты ЖҰӨ қатынасына

В) Табыстың өзгерісіне бөлінген сұраныс көлемінің өзгерісіне

С) Нақты ЖҰӨ номиналды ЖҰӨ қатынасы

Д) Базалық жылдың тұтыну корзинасынын кұнына қатынас

Е) Берілген жылдың өндірілген өнімнің баға индексіне

4. Жұмыссыздық деңгейі ненің қатынасымен анықталады?

А) Жұмыссыздардың жиынтық жұмыс күшіне

В) Жұмыс күшінің жұмыссыздарға

С) Жұмыс орны барлардың жұмыс орны жоқтарға

Д) Жұмыс күшінің жұмыс

Е) Жұмыссыздардың жұмысшыларға

5. Ласпейрас индексі....

А) Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс

В) Тауарлардың бір-бірін ауыстыруын есепке алады

С) Қымбат тұратын тауарларды арзан тауарлармен алмастыру мүмкіндігін ескереді

Д) ЖҰӨ дефляторы болып табылады

Е) Ағымдық жылғы өнім көлеміне негізделеді

6. Дефляция-бұл:

А) Инфляция қарқынының өсуі

В) Экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі

С) Экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің өсуі

Д) Ұлттық валюта бағамының төмендеуі

Е) Ақшаның сатып алушылық қабілетініің төмендеуі

7. Ұсыныс инфляциясы дегеніміз-ол:

А) Толық жұмыс бастылыққа жақын жағдайда артық жиынтық шығындар нәтижесінде

В) Шығын көлемінің өзгеруі және нарықтық ұсыныстың нәтижесінде

С) Орташа баға деңгейінің төмендеуіне тұрақты тенденциясы

Д) Атаулы төлемақының өсуі

Е) Орташа баға деңгейінің төмендеуі салыстырмалы тенденциясы

8. Жұмыссыздық деңгейі - бұл:

А) Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздардың пайыздық үлесі.

В) Жұмыс күші құрамындағы тұлғалар саны мен жұмыспен камтылғандар арасындағы айырмашылық.

С) Жұмыс күші құрамындағы жұмыс істемейтін адамдар мен зейнеткерлердің пайыздық үлесі.

Д) Циклдық және кұрылымдық жұмыссыздық деңгейі.

Е) Елдегі тұрғындар саны минус жұмыспен қамтылғандар саны.

9. ТҰӨ калайесептеледі?

А) ЖҰӨ-нен жанамасалықтар алынады.

В) ЖҰӨ-ге жанамасалықтар қосылады.

С) ЖҰӨ-нен амортиациялық аударымдар алынады.

Д) ҰТ-қа амортизацияқосылады.

Е) ЖҰӨ-нен инвистициялар алынады.

10. Кейнс тұтыну деңгейі неге тәуелді деп есептейді?

А) Табыс деңгейіне

В) Тұтынушының талғамына

С) Жанұя мүшелерінің жасына

Д) Пайыздық мөлшерлемеге

Пайыздық мөлшерлемеге

Е) Тұтынушының мекен-жайына

11. Макроэкономика қандай мәселелерді зерттейді:

А) Экономикадағы нақты және ақша нарықтарының өзара байланысын

В) Ресурстардың тиімді бөлінуін

С) Кәсіпорындардың экономикасын

Д) Жеке тауарлар мен қызметтерге бағаның құрылуын

Е) Еңбек нарығында жалақының құрылуын

12. Ұлттық экономиканы, жұмыссыздықты, инфляцияны оқытатын экономиканың курсы:

А) микроэкономика

В) әлемдік экономика

С) мезаэкономика

Д) макроэкономика

Е) мегаэкономика

13. Ауыспалы ағындар:

А) мемлекеттік қарыз

В) елдің ішіндегі бір жылдағы тұтыну шығыстарының көлемі

С) ұлттық байлық көлемі

Д) жұмысшылардың жалпы саны

Е) экономикадағы капитал көлемі

14. Үй шаруашылығына төленетін төлемдер, бірақ төлемдер үшін үй шаруашылықтарына ешқандай тауарлар мен қызмет көрсету міндеті қойылмайтындығы:

А) трансферттік төлемдер

В) жеке салықтар

С) алымдар

Д) салымдар

Е) дотация

15. Жалпы ұлттық өнімді есептеу кезінде не қосылмайды?

А) тұтыну шығындары

В) тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

С) инвестициялық шығындар

Д) трансферттік төлемдер

Е) таза экспорт

16. Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) дегеніміз не?

А) барлық өндірілген өнімдер мен қызметтердің қосындысы

В) жалпы капитал қор салымының құнының қосындысы

С) кәсіпорындардағы өндірілген өніммен қоса сауда жүйесіндегі қорлардың қосындысы

Д) өткізілген өнімдер мен қызметтердің қосындысы

Е) бір жылда өндірілген соңғы тауар мен қызметтердің нарықтық құнының қосындысы

17. Қай құбылыс экономикаға сұраныс инфляциясын әкелмейді?

А) инвестициялық шығынның артуы

В) % мөлшерлемесінің қысқаруы

С) әскери шығынның артуы

Д) салықтың азаюы

Е) еңбек өнімділігінің азаюы

18. Ақшы ұсынысы көбейеді, егер де:

А) ақша базасы көбейсе

В) резервтеу нормасы өссе

С) ақша базасы азайса

Д) қолда бар ақша-депозиттік қатынас артса

Е) ақша мультипликаторы азайса

19. Экономикада 1 данасы 500 теңге бағамен 50дана көйлек және 1 кг 100 теңге болатын 20 кг қант өндіріледі. Бұл жағдайда елдің ЖҰӨ-і тең болады:

А) 27000

В) 25000

С) 20000

Д) 23000

Е) 2000

20. Тұрақты табыс жағдайындағы МРC және MPS көрсеткіштерінің соммасы неге тең?

А) 0

В) 1

С) 10

Д) 100

Е) 1000

21. Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторларға жатпайтыны:

А) үй шаруашылығының табысы

В) баға деңгейі

С) өндірістік инвестициялар

Д) үй шұаруашылығында жиналған байлық

Е) экономикалық күту

22. Жиынтық ұсыныс қисығындағы аралық кесінді:

А) тік сызық болады

В) биссектриса түрінде орналасады

С) көлденең сызық болады

Д) теріс көлбеулі болады

Е) оң көлбеулі болады

23. Жиынтық ұсыныс қисығы мынаны көрсетеді:

А) орташа баға деңгейі төмендегенде нақты өнім көлемі қысқарады

В) баға деңгейі көтерілгенде шығындар деңгейі төмендейді

С) орташа баға деңгейі өскенде нақты өнім көлемі қысқарады

Д) нақты өнім көлемі қысқарғанда орташа баға деңгейі өседі

Е) баға деңгейі өскенде нақты өнім көлемі өзгермейді

24. Егер жиынтық ұсыныс сұраныстан өсіп кетсе, мемлекеттік шығындар мен таза экспорт 0-ге тең мөлшерде болса, онда:

А) тұтыну мен инвестициялық шығындар соммасы жинақтарға тең

В) жинақтар жоспарланған инвестициялардан өсіп кетеді

С) жинақтар инвестицияларға тең

Д) номиналды сату көлемі өзгермейді

Е) нақты ЖҰӨ өседі

25. Филипс қисығы көрсетеді:

А) инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы тікелей байланыс

В) жалақы мен инфляция арасындағы тікелей байланысты

С) инфляция қарқыны мен жұмыссыздық даңгейі арасындағы байланысты

Д) жалақы мен жұмыссыздық арасындағы тікелей байланысты

Е) жалақы түрлері арасындағы байланысты

26. Мигранттар қай жұмыссыздық түріне жатады:

А) құрылымдық

В) жасырын

С) циклдық

Д) фрикциондық

Е) бөлшектік

27. Стагфляция кезінде:

А) жұмыссыздық та, инфляция да төмендейді

В) инфляция өседі, ал жұмыссыздық төмендейді

С) жұмыссыздық та, инфляция да өседі

Д) өнім шығару көлемі қысқарады

Е) жұмыссыздық өседі, ал инфляция төмендейді

28. Егер номиналды пайыздық мөлшерлеме 10 процент болса, ал бір жылдағы баға деңгейінің өсуі 3 процент болса, онда нақты проценттік мөлшерлеме қандай болады?

А) -3%

В) 7%

С) -7%

Д) 13%

Е) 3%

29. Ақшаның арзандауы – бұл:

А) нуллификация

В) деноминация

С) ревальвация

Д) девальвация

Е) дефляция

30. Жинақтауға шекті бейімділік – бұл:

А) жинақтау өсімінің табыс өсіміне қатынасы

В) табыс көлемінің жинақтау көлеміне қатынасы

С) табыс өсімі мен жинақтау өсімінің соммасы

Д) табыс өсімінің жинақтау өсіміне қатынасы

Е) жинақтау көлемінің табыс көлеміне қатынасы

31. IS қисығы қандай өзара байланысты көрсетеді:

А) атаулы ақша жиынына сәйкес келетін жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты

В) мемлекеттік шығындардың берілген деңгейіне сәйкес келетін жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты

С) нақты салықтардың берілген деңгейіне сәйкес келетін жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты

Д) мемлекеттік шығындар мен салықтар тұрақты болған жағдайдағы жиынтық табыс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты

Е) нақты ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты

32. Міндетті резервтер нормасы 20%. Орталық банк ашық нарықтағы операциялардың көмегімен ақша ұсынысы ең жоғары шегі 520 млрд теңгеге дейін өсіре алады. Бұл үшін Орталық банк:

А) 104 млрд теңгеге облигация сатуы керек

В) 2600 млрд теңгеге облигация сатуы керек

С) 104 млрд теңгеге облигация сатып алуы керек

Д) 520 млрд теңгеге облигация сатуы керек

Е) 2600 млрд теңгеге облигация сатып алуы керек

33. Егер АҚШ-та компьютер бағасы 1000 доллар болса, ал айырбас бағамы 1 долларға 150 теңгеге тең болса, онда компьютердің Қазақстандағы бағасы:

А) 1500 доллар

В) 150000 доллар теңге

С) 48000 теңге

Д) 15000 теңге

Е) 50000 теңге

34. Төлем балансының тапшылығын төмендету мақсатында Қазақстан сыртқы саудаға бақылау орнатуға шешім қабылдайды. Қысқа мерзімде кезеңде осындай саясаттың нәтижелері:

А) Қазақстандық экспортын төмендетеді

В) мемлекетке инфляция деңгейін төмендетеді

С) Қазақстанда тауар мен қызмет көрсету импортын төмендетеді

Е) мемлекетке жұмысбастылық деңгейін төмендетеді

35. Ресей 2 тонна астық немесе 8 тонна көмірді ресурстың бір бірлігін пайдаланып өндіре алады. Қазақстан 4 тонна астық немесе 10 тонна көмірді ресурстың бір бірлігін пайдаланып өндіре алады. Демек:

А) Қазақстан астықты экспорттайды

В) Ресей мемлекеті астықты экспорттамайды және импорттамайды

С) Ресей мемлекеті астықты, көмірді импорттайды

Д) Қазақстан мемлекеті көмірді экспорттамайды және импорттамайды

Е) Қазақстан мемлекеті астықты экспорттап, көмірді импорттайды