Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

23. Қолда бар табыс неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым:

а) тұтыну шығыны азая береді; ә) жинақтауға деген шығын көбейеді; б) тұтыну шығыны көбейеді; в) жинақтауға деген шығын азая береді.

24. Жинақтауға деген шекті бейімділік – бұл:

а) максималды жинақтау; ә) минималды жинақтау; б) табыстың өзгеруі кезіндегі жинақтаудың өзгеруі; в) жинақтаудың табыстағы үлесі.

25. Автономды тұтыну – бұл:

а) тұтынудың тұрақты деңгейі; ә) табысқа байланысты емес тұтыну деңгейі; б) жинақтауға байланысты емес тұтыну деңгейі; в) табысқа байланысты тұтыну деңгейі.

26. Тұтыну мен жинақтаудың өмірлік цикл теорисының тұжырымдамасы:

а) мүгедектер өмірлерінің бірінші жартысында қор жинайды; ә) ал екінші жартысында өз жинақтарын жұмсайды; б) мүгедектер өз тұтынуларын өмір бойы ұтымды түрде жүзеге асырады; в) барлық жауаптар дұрыс.

27. Үй шаруашылықтарының тұтынушылық қарыздары өскен кезде, олар:

а) тұтынуды қысқартады; ә) тұтынуды арттырады; б) жинақтауды қысқартады;

в) тұтынуды бір қалыпта ұстайды.

28. Тұтынуға деген орташа бейімділік – бұл:

а) тұтынуға жұмсалатын табыстың үлесі; ә) тұтынудың өзгерісі; б) табыстың өзгерісі;

в) қолда бар табыстың өзгерісі.

29. Инвестиция қарқынын не анықтамайды?

а) атаулы ЖҰӨ деңгейі; ә) нақты пайыз мөлшерлемесі; б) салық салу деңгейі; в) экономикалық күтулер.

30. Инфляциялық үзіліс дегеніміз:

а) әлеуеттік ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-ге теңесуі; ә) жиынтық шығындардың жетіспеушілігі;

б) жиынтық шығындардың артықшылығы; в) әлеуеттік шығарылым деңгейіне жету.

  1. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

M

V

P

Y

а

100

10

400

ә

200

20

400

б

100

8

100

в

200

8

100

г

50

5

250

д

8

40

20

  1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, M2, M3 ақша агрегаттарының көлемін анықтаңыздар:

Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар

1630

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

645

Чектік салымдар

448

Чексіз жинақ салымдары

300

Қолда бар ақшалар

170

  1. Тест сұрақтарына жауап беру керек:

1. Ақшаға деген сұраныстың монетаристік функциясы:

а) инфляцияның әсерін есепке алады; ә) облигациялар бойынша нақты табысқа байланысты; б) жиынтық байлық мөлшеріне байланысты; в) аталғандардың барлығы дұрыс.

2. Ақшаның сандық теориясының теңдеуіне сәйкес, ақша саны 5 пайызға өссе және ақша айналымы 3 пайызға өссе, онда:

а) нақты табыс 2 пайызға өседі; ә) баға деңгейі 5 пайызға өседі; б) атаулы пайыз мөлшерлемесі 3 пайызға өседі ; в) атаулы табыс шамамен 8 пайызға өседі.

3. М2 ақша агрегаты 500 млрд. долларға тең. Жедел ақша салымдары 150 млрд. долларға тең. Жинақтау салымдары 60 млрд. долларға тең. М1 ақша агрегаты қаншаға тең?

а) 650 млрд. долларға; ә) 590 млрд. долларға; б) 350 млрд. долларға; в) 290 млрд. долларға.

4. Мына активтердің қайсысы жоғары өтімділікке ие болады?

а) «Запорожец» автомобилі; ә) қолма-қол ақшалар; б) алтын сақина; в) қысқа мерзімді мемлекеттік облигациялар.

5. Банктердің инвесторлардан айырмашылығы қалай көрінеді? Олар:

а) бағалы қағаздарды сатады және сатып алады; ә) капиталдың көзі болып табылады;

б) депозиттерді тарту арқылы ақша ресурстарын шоғырландырады; в) тартылған ресурстарға ақша төлейді.

6. Ақша ұсынысының өсуі жалпы өндіріс көлемін қай мерзімде өсіруі мүмкін?

а) қысқа мерзімде; ә) ұзақ мерзімде; б) қысқа мерзімде де және ұзақ мерзімде де; в) дұрыс жауабы жоқ.

7. Ақшаның сандық теориясына сәйкес ақша ұсынысының өзгерісі:

а) ақша айналысының жылдамдығын арттырады; ә) бағалар деңгейін өсіреді; б) нақты ЖІӨ-ді өсіреді; в) нақты ЖІӨ-ді төмендетеді.

8. Ақшаның мынадай қызметтері бар:

а) айналыс құралы және құн өлшеу құралы ретінде; ә) өндіріс құралы және айналыс құралы ретінде; б) құн өлшеу құралы ретінде; в) айналыс құралы, құн өлшеу құралы және төлем құралы ретінде.

9. Ақша айналыс құралы ретінде:

а) тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу үшін қолданылады; ә) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу үшін қолданылады; б) «а» және «ә» жауаптары дұрыс;

в) дұрыс жауабы жоқ.

10. Ақша ұсынысы 500 млрд. долларды құрайды. ЖҰӨ 3000 млрд. долларға тең, ақша айналымының жылдамдығы қандай? а) 8; ә) 10; б) 6; в) 60.

11. Милтон Фридмен және оны жақтаушылары қандай теорияға үлес қосты:

а) Кейнсиандық экономикалық теорияға; ә) Сандық ақша теориясының дамуына;

б) "Шығындар - өнім шығару" моделін талдау; в) ұсыныс экономикасының теориясына.

12. Мыналардың қайсысы Орталық банктің қызметіне жатпайды?

а) ақша эмиссиясы; ә) ақша айналысының тұрақтылығын ұстап тұру; б) ашық нарықтағы операциялар; в) тұрғындардың салымдарын қабылдау.

13. Ақшаның арзандауы – бұл:

а) дефляция; ә) деноминация; б) девальвация; в) ревальвация.

14. Қазақстандағы банк жүйесі:

а) екі деңгейлі банк жүйесі; ә) үш деңгейлі банк жүйесі; б) үш деңгейлі банк жүйесі және мемлекетаралық банк; в) төрт деңгейлі банк жүйесі.

15. Ақша ұсынысының қисығы қандай түрде болады:

а) көлденең кесінді түрінде; ә) тік кесінді түрінде; б) өрлеу кесіндісі түрінде; в) теріс бағытты.

16. Мыналардың қайсысы М1 ақша агрегатына кірмейді?

а) айналыстағы қолма-қол ақшалар; ә) депозиттер; б) банкте сақталған қолма-қол ақшалар;

в) саяхатшылардың чектері.

17. Үлкен жедел салымдар қандай ақша агрегатына кіреді:

а) Мо; ә) М1; б) М2; в) М3.

18. Ақша жүйесіне жатпайтын элементтер:

а) бағалар ауқымы; ә) коммерциялық банктер; б) ақша белгілерінің түрлері; в) ақша бірлігі.

19. Ақша массасы – бұл:

а) берілген елдегі евро және американ доллары және өндірістік дамыған елдердің басқа да валюталары; ә) қолма қол формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы;

б) айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы; в) тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

20. Ақша ұсынысына кіретіндер:

а) банктік емес жүйенің қолма-қол ақшалары және депозиттері; ә) банктік емес жүйенің қолма-қол ақшалары және резервтері; б) қолма-қолсыз шоттардағы ақша қорлары;

в) банктік емес жүйенің қолма-қол ақшасы және жинақтау шоттары.

21. Елдің ақша айналысын ұйымдастыру формасы – бұл:

а) ақша айналысы; ә) ақша жүйесі; б) банк жүйесі; в) несие қатынастары.

22. "Ашық нарықтағы операциялар" термині нені мазмұндайды?

а) халықты несиелеуге байланысты коммерциялық банктің қызметін; ә) орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін; б) орталық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сату-сатып алуға байланысты қызметін; в) орталық банктің есеп мөлшерлемесін өзгертуге байланысты қызметін.

23. Егер, Орталық банк халықтан мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып ала бастаса, онда бұл шара неге алып келеді?

а) халық қолындағы ақша массасы азаяды; ә) инвестиция көлемі азаяды; б) халық қолындағы ақша массасын арттырады; в) ақша массасына әсері болмайды.

24. Ақша-несие саясатының кейнсиандық үлгісінің негізгі құралы:

а) қор жинау нормасы; ә) есеп мөлшерлемесі; б) банктік пайыз мөлшерлемесі; в) ақша ұсынысы.

25. Ақша массасы – бұл:

а) қолма-қол формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы; ә) айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы; б) тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы; в) бағалы металдар мен бағалы тастар.

26. Ақша агрегаттарын М1, М2, М3 деп бөлудің ерекшелігі:

а) олардың өтімділік дәрежесі; ә) айналыс жылдамдығы; б) қор жинау функциясы; в) төлем қызметі.

27. Баумоль – Тобин үлгісі бойынша қолма-қол ақшаға деген сұраныс келесі факторларды көздемейді:

а) атаулы пайыз мөлшерлемесін; ә) банкке байланысты шығындар мөлшерін;

б) клиенттердің табыс денгейін; в) фирма табыстарының денгейін.

28. Ақша базасы 200, ақша ұсынысы 600, онда ақша мультипликаторы нешеге тең:

а) 800; ә) 1/3; б) 400; в) 3.

29. Ақша ұсынысы дегеніміз:

а) қолма-қол ақшалар мен депозиттер; ә) ақша базасы + қолма – қол ақшалар;

б) депозиттер мен резервтер сомасы; в) қолма-қол ақшалер + резервтер.

30. Ақша-несие саясатының құралдарына не жатпайды?

а) мемлекеттік шығындар өзгерісі; ә) есептік мөлшерлеменің өзгерісі; б) міндетті резервтер нормасының өзгерісі; в) ашық нарықтағы операциялар.

10. Студенттің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар

1 аралық бақылауға арналған сұрақтары

«Макроэкономика» пәніне арналған коллоквиум сұрақтары

  1. Макроэкономика ғылым ретінде қалай пайда болды?

  2. Кейнстің макроэкономикалық теориясы және кейнстік төңкеріс?

  3. Макроэкономикалық теорияның қазіргі заманғы теориялары мен бағыттарына сипаттама беріңіз?

  4. Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі неде?

  5. Неліктен микроэкономика ғылымы «Ұлы депрессиядан» шығуды түсіндіре алмады?

  6. Макроэкономика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуын тек «Ұлы депрессия» құбылысымен ғана байланыстырамыз ба?

  7. «Ұлы депрессия» тарихи тұрғыдан орын алмағанда және пайда болмағанда экономикалық теорияның екінші бөлімі – «макроэкономика» пайда болмас па еді немесе ғылым ретінде қалыптаспаған ба еді?

  8. Макроэкономика – бұл позитивті экономика ма, әлде нормативті экономика ма?

  9. Макроэкономикалық ғылымы макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру үшін керек пе?

  10. Макроэкономиканы экономиканы немесе нарықты мемлекеттік реттеу ғылымы деп түсінуімізге бола ма?

  11. Макроэкономика нарықтың шеше алмайтын мәселелерімен айналысу үшін арналған ба?

  12. Макроэкономика ғылымында мемлекет субьект ретінде басты рөл ойнай ма?

  13. Жабық экономиканың ерекшелігі мен тиімділігі неде?

  14. Қазіргі уақытта экономикалар қаншалықты ашық болуы тиіс немесе ашық экономикаға сипаттама беріңіз?

  15. Қазақстандағы негізгі макроэкономикалық мақсаттар мен проблемаларға қандай сипаттама беруге болады?

  16. Қазақстанның қазіргі жүргізіп отырған макроэкономикалық саясатына қандай баға беруге болады?

  17. Ұлттық экономиканың көлеңкелі жақтары және оның негізгі белгілері қандай?

  18. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеудің күрделілігі неде және олар халықтың тұрмыс жағдайларын қаншалықты бағалай алады?

  19. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканың дамуының нәтижесін қандай көрсеткіштер сипаттайды?

  20. «Храповик» әсерінің құбылысы қазақстандық экономикада орындала ма, егер орындалады десеңіз, онда себебін түсіндіріңіз?

  21. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тарапынан болатын сілкіністердің себебін түсіндіріңіз және осыған байланысты Қазақстандағы тұрақтандыру саясатының жүзеге асуына сипаттама беріңіз?

  22. Отандық экономикада мультипликатор әсері орындала ма?

  23. Экономикадағы жеке жинақтардың рөлі қандай?

  24. Еліміздің қандай салалары инвестицияны қажет етеді?

  25. Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының дамуы мен оны мемлекеттің реттеудің шаралары қандай?

  26. Еліміздегі қор биржаларының дамуына қандай механизмдер қажет?

  27. Отандық екінші деңгейлі банктердің даму жағдайы қандай?

  28. Ұлттық банктің шаралары қандай мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс?

  29. Банктер ұлттық экономиканың дамуына қаншалықты үлес қосып жатыр?

  30. Жемқорлық немесе коррупция – бұл ұлттық макроэкономикалық тұрақсыздықтың бір түрі ретінде деп қарастырсақ, онда ол мәселе қалай шешілуі керек?

  31. Жаңа салық Кодексі еліміздің экономикалық дамуы мен өркендеуіне қандай көмек немесе жеңілдіктер береді?

  32. Жаңа үш жылдық бюджет Кодексі алдағы уақытта қалай жүзеге асады және оның құрылымы қандай болады?

  33. Қазіргі уақыттағы ұлттық экономика жағдайында мемлекет пен жеке сектордың өзара байланысы мен тиімділігі қандай?

  34. Елбасының биылғы жылғы халыққа жолдаған Жолдауын түсіндіріңіз және оның алдыңғы жолдауларға қарағандағы ерекшелігін анықтаңыз?

  35. «Қазақстан - 2030» стратегиясының экономиканы дамытудағы рөлі мен маңызы қандай?

  36. Индустриалдық – инновациялық стратегияның жүзеге асырылу барысы қандай?

  37. Инновациялық экономиканы қалыптастырудың және дамытудың жолы қандай?

  38. «30 корпоративтік көшбасшылар» мемлекеттік бағдарламасының макроэкономикалық жақтарын қарастырыңыз?

  39. Өңірлік әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар, олар аймақтардың экономикалық даму мәселелерін қаншалықты шеше алады?

  40. Қазақстанның әлемдегі дамыған аса бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі – бұл еліміздің басты макроэкономикалық мақсаты ма?

  41. Ірі инвестициялық серпінді жобалардың іске асуының макроэкономикалық жақтарын сипаттаңыз?

  42. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселесін еліміздегі басты макроэкономикалық мәселе деп қарастырамыз ба?

  43. Инфляцияны төмендету шаралары қандай және бұған қарсы макроэкономикалық саясат қалай жүргізілуде?

  44. Еңбек рыногын қалай жетілдіруге болады?

  45. Кедейшілік мәселесін шешудің және әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуының тиімділігі қандай?

  46. Қазіргі уақытта елімізде ақша – несие және бюджет – салық саясаттары қалай жүргізілуде?

  47. Отандық экономиканың циклдік дамуына сипаттама бере аласыз ба?

  48. Қазіргі дағдарыстардың себебі неде?

  49. Әлемдегі қаржы дағдарысы және оның Қазақстан экономикасына әсері қандай?

  50. Қазіргі болып жатқан дағдарыстарға және оның шешілуіне кейнстік теория жауап бере ала ма?

  51. Осы әлемдегі қаржы дағдарысына байланысты үкіметтің жүргізіп отырған саясатына қандай баға аласыз?

  52. Шетелдік экономикалар әлемдегі дағдарысқа қалай төтеп беруде және олардың тәжірибелері қандай?

  53. Қазақстан экономикасына кластерлік жүйені енгізудің қажеттілігі неде?

  54. Кластерлік жүйе экономиканың шикізаттық бағытын өзгерте ала ма?

  55. Әлемдік аренада Қазақстан қазіргі уақытта қандай ойыншы және ол қандай мүддені көздейді?

  56. Қазақстанның әлемдегі басты стратегиялық әріптестері кімдер және олармен қандай байланыстар орнатады?

  57. Отандық экономиканың «голланд ауруына» шалдығуының қауіп – қатері бар ма?

  58. Алдағы уақытта қазақстандық экпорттық-импорттық бағытты өзгертеміз бе?

  59. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің қажеттілігі неде және кіргеннен кейінгі нәтижесі мен ерекшелігі қандай болмақ?

  60. Экономикалық өсу – бұл Қазақстанның басты ұлттық деңгейдегі макроэкономикалық мақсаты ма?