Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

5. Тест сұрақтарына жауап беру қажет:

  1. Компанияның қосылған құны мынаған тең:

а) сату көлеміне; ә) пайдаға; б) сату көлемін аралық өнім құнынан шегергенге; в) шикізат пен жалақы құнына.

  1. Мыналардың қайсысы «ағынға» жатпайды?

а) қолда бар табыс; ә) тұтыну шығындары; б) банк шотындағы ақша сомасы; в) ЖІӨ.

  1. ЖІӨ-ді есептеу кезінде инвестицияға не жатпайды?

а) корпорацияның акцияларын сатып алу; ә) фирманың өнім өндіруге қажетті компьютерлер сатып алуы; б) компанияның өнім өндіруге қажетті жаңа зауытты сатып алуы; в) жанұяның қайта салынған үйді сатып алуы.

  1. ЖІӨ мынаған тең:

а) фирмалардың жиынтық табыстарына; ә) факторлық табыстардың сомасына және капиталдың тозу құнына; б) соңғы табыстардың сомасына; в) осы аталғандың барлығына.

  1. Мыналардың қайсысы таза жеке инвестицияға жатады?

а) амортизация; ә) осы жылда өндірілген құрал-жабдықтарды сатып алу; б) қайтадан салынған кәсіпорындардың акцияларын иелену; в) жеке пайдалануға қажетті жаңа үйді сатып алу.

  1. Фирма 3,5 млн. долл. сомамен автомобильдер өндіреді. Оның 1 млн. доллары жартылай фабрикаттарды пайдалануға кетсе, ал 2 млн. доллар жұмысшыларға жалақы төлеуге кетті. Сондай-ақ фирма амортизациялық қорға 300 мың долл. аударды. Қосылған құн қаншаға тең? а) 3,2 млн. долл.; ә) 3 млн. долл.; б) 2,5 млн. долл.; в) 2 млн. долл.

  2. Мыналардың қайсысы ұлттық байлықтың құрамына жатқызылады?

а) жер және табиғи ресурстар; ә) айналым қорлары; б) патенттер мен авторлық құқықтар;

в) аталғандардың барлығы.

  1. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

а) ЖІӨ - қосылған құндар сомасы; ә) ЖІӨ резиденттердің ел сыртында өндірген тауарлары мен қызметтерінің құнын есепке алмайды; б) ЖІӨ - белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір елдің территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны; в) ЖҰӨ - нақты елдің ішінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі.

  1. Мемлекеттік сатып алымдар мен таза экспорт болмайтын үлгідегі соңғы өнімнің нарықтық құны:

а) жиынтық тұтыну мен таза инвестицияға тең; ә) жиынтық жинақ пен жиынтық тұтынуға тең; б) жиынтық тұтыну мен жиынтық инвестицияға тең; в) ешқайсысына тең емес.

  1. Жалпы ішкі өнім - бұл:

а) нақты бір елдің территориясында экономикалық субъектілердің өндірген соңғы тауарлары мен қызметтерінің құны; ә) нақты бір елдің резиденттерімен өндірілген аралық тауарлар мен қызметтердің құны; б) нақты бір елдің резиденттерінің ел ішінде және шет елдерде өндірген соңғы тауарлары мен қызметтерінің құны; в) ұлттық өндірушілердің өндірген тауарлары мен қызметтерінің құны.

  1. Әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйелік сипаттама:

а) микроэкономикалық үлгі; ә) макроэкономикалық үлгі; б) макроэкономикалық жүйе;

в) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Мына табыстардың қайсысы ЖІӨ-ге (ЖҰӨ-ге) кіреді?

а) медбикенің табысы (жалақысы); ә) ескі жиһазды сатудан түскен табыс; б) 1984 жылы салынған қала сыртындағы үйді сатып алу; в) жақын туысыңа ақша аудару.

  1. Жалпы ішкі өнімді (ЖҰӨ-ді) шығындар бойынша есептегенде мына элементтердің қайсысы қолданылады?

а) несиеге деген пайыз; ә) жалпы жеке инвестициялар; б) тауарлар мен қызметтердің таза импорты; в) мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру.

  1. Мыналардың қайсысы «қор» категориясына кіреді?

а) қазынадағы алтын қоры; ә) мемлекеттік қарыз мөлшері; б) жұмыссыздар саны; в) аталғандардың барлығы.

  1. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

а) жеке табыс пен ұлттық табыстың; ә) жеке табыс пен жеке салықтардың; б) жеке табыс пен трансферттік төлемдердің; в) ешқайсысының айырмасына тең емес.

  1. Егер атаулы ЖҰӨ 1200 млн. долл., ал нақты ЖҰӨ 1000 млн. долл. болса, онда ЖҰӨ дефляторы қаншаға тең? а) 0,12; ә) 1,2; б) 120; в) 200.

  2. Мыналардың қайсысы «қорға» жатпайды?

а) мемлекеттік бюджет тапшылығы; ә) елдегі жұмыссыздар саны; б) экономикадағы капитал құны; в) банк шотындағы салымдардың мөлшері.

  1. Мыналардың қайсысы мемлекеттік сатып алымдарға жатпайды?

а) зейнетақылар; ә) мемлекеттік автомобиль жолдарын салу; б) милицияға шағымдану;

в) «а» және «б» жауаптары.

  1. Ұлттық есеп-шот жүйесіндегі «жинақтау» термині:

а) жанұяның барлық активтерінің сомасы; ә) белгілі бір мезетте алынатын, бірақ тұтынылмайтын табыс; б) жанұяның барлық активтерінен міндеттілік сомасының айырмашылығы; в) белгілі бір мезетте алынатын табыс.

  1. Егер ұлттық табыстан корпорация пайдасына салынатын салықты, бөлінбеген пайданы, әлеуметтік сақтандыру нормасын айырып, сосын трансферттік төлемдерді қосса, не шығады?

а) жеке табыс; ә) амортизация; б) қолда бар табыс; в) ТҰӨ.

  1. Ұлттық табыс көрсеткіші таза ұлттық өнім мен:

а) трансферттік төлемдердің айырмасына тең; ә) корпорация пайдасына салынатын салықтардың айырмасына тең; б) жанама салықтардың айырмасына тең; в) амортизацияның айырмасына тең.

  1. Мыналардың қайсысы жеке табысқа жатпайды?

а) мемлекеттік трансферттер; ә) пайыздық табыс; б) жеке салықтар; в) жанама салықтар.

  1. Атаулы ЖҰӨ - бұл:

а) ағымдық бағалармен есептелетін жалпы өнім; ә) бір жылдың ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы; б) белгіленген бағалармен есептелетін жалпы өнім; в) өткен жылғы бағалармен есептелетін жалпы өнім.

  1. Жалпы ұлтық өнім – бұл:

а) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемі; ә) бір жылда елдің ішінде ғана емес, шет елде де ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны; б) бір жылда елдің ішінде ғана емес, шет ел тауар өндірушілері өндірген тауарлар мен қызметтердің құны; в) бір жылда шет елде ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

  1. Ұлттық экономикада табыстардың жалпы сомасы қалай құрылады?

а) өндіріс факторлары иелерінің табыстарынан; ә) амортизациялық аударымдардан; б) мемлекеттің табыстарынан; в) осы аталғандардың бәрі дұрыс.

  1. ЖҰӨ-ді өндірістік тәсілмен есептегенде ол қалай анықталады?

а) аралық тауарлар мен қызметтердің сомасы арқылы; ә) қосылған құндар мен жанама салықтардың сомасы арқылы; б) табыстар сомасы арқылы; в) шығындар сомасы арқылы.

  1. Таза экспорт қалай анықталады?

а) экспорт пен импорттың сомасы ретінде; ә) экспорт пен импорт мөлшерінің арасындағы айырма ретінде; б) бір жылдағы экспорт көлемі ретінде; в) бір жылдағы импорт көлемі ретінде.

  1. Орталықтан басқарылатын экономикалық жүйелерде ұлттық өндіріс көлемін бағалаудың негізгі көрсеткіші: а) қоғамдық жиынтық өнім; ә) ТҰӨ; б) ЖҰӨ; в) ЖІӨ.

Ұлттық есеп-шоттар жүйесінің әдістемесі мыналардың қайсысына сүйенеді?

а) қайталап есептеу принципе; ә) бухгалтерлік баланстарға; б) тепе-теңдік теориясына;

в) аталғандардың барлығына.

  1. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс: а) ҰЕЖ-ң негізінде шеңберлі ағын үлгісі жатыр; ә) орталықтан басқарылатын елдерде ҰЕЖ 1968 жылдан бастап қолданыла бастады; б) үй шаруашылықтарының салықты төлегенге дейінгі алатын табыстары-бұл қолда қалған табыс; в) компанияның акция сатып алуы ЖІӨ мен инвестицияны арттырады.

  2. Ұлттық экономикада табыстардың жалпы сомасы қалай құрылады?

а) жалақыдан; ә) ренталар мен пайыздардан; б) жанама салықтардан; в) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Егер сіз танысыңыздан үй сатып алсаңыз, онда ЖІӨ қалай өзгереді?

а) артады; ә) төмендейді; б) өзгеріссіз қалады; в) ЖІӨ-ге мүлдем әсер етпейді.

  1. ЖІӨ-ді анықтаудың негізінде не жатыр?

а) территориялық сипат; ә) ұлттық сипат; б) аймақтық сипат; в) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

а) ұлттық байлыққа пайдалы қазбалы мен ормандар жатады; ә) жеке табыс – бұл үй шаруашылықтарының жұмсауға арнайтын табыстары; б) қосылған құн – бұл өнімді өндіру сатып алынған және қолданылған бұйымдардың шығындарын шегергендегі сатылған өнімдердің құны; в) ЖІӨ-ге қымбат тұратын коттеджден гөрі арзан тұратын үйдің құрылысы маңызды түрде әсер етеді.

  1. Тұтыну бағаларының индексі - бұл:

а) тұтынушылардың сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш; ә) атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-ге қатынасы; б) нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-ге қатынасы; в) өткен жылғы тауарлар мен қызметтердің саны.

  1. ТҰӨ мыналардың қайсысының айырмасына тең?

а) ЖҰӨ мен жанама салықтардың; ә) ЖҰӨ мен амортизациялық аударымдардың; б) ЖҰӨ мен ұлттық табыстың; в) ЖҰӨ мен тікелей салықтардың.

  1. Мыналардың қайсысы жеке табыстың құрамына кіреді?

а) корпорацияның бөлінбеген пайдасы; ә) әлеуметтік сақтандыру жарналары;

б) трансферттік төлемдер; в) амортизация.

  1. Үй шаруашылықтарының үй сатып алуға жұмсаған шығындары мыналардың қайсысына кіреді?

а) тұтыну шығындарына; ә) инвестициялық құрал-жабдықтарға; б) мемлекеттік шығындарға; в) кәсіпкерлердің табыстарына.

  1. ЖҰӨ дефляторы – бұл:

а) атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-ге қатынасы; ә) нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-ге қатынасы;

б) инфляция деңгейі; в) дұрыс жауабы жоқ.

  1. ЖҰӨ дефляторы мәні жағынан нені сипаттайды?

а) инфляция қарқынын; ә) тұтыну бағаларының индексін; б) ЖҰӨ-ң өсу қарқынын;

в) ЖҰӨ-ң төмендеуін.

  1. Ұлттық табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

а) таза өнім мен жеке табыстардың; ә) таза өнім мен амортизациялық аударымдардың;

б) таза өнім мен жанама салықтардың; в) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Егер корпорация 1 млн. долларға акциясын сатса, онда ЖІӨ:

а) төмендейді; ә) артады; б) өзгеріссіз қалады; в) ЖІӨ-ге мүлдем әсер етпейді.

  1. Қоғамдық жиынтық өнім көрсеткішінің кемшілігі:

а) қайыра есептеуге алып келеді; ә) есептеу үрдісі тек материалдық өндіріс саласында ғана жүргізіледі; б) есептеу үрдісі тек материалдық емес өндіріс саласында ғана жүргізіледі;

в) «а» және «ә» жауаптары дұрыс.

  1. Ұлттық есеп-шот жүйесінің негізін қалаған кімдер?

а) меркантилистер; ә) физиократтар; б) классикалық мектеп өкілдері; в) кейнсшілдер.

  1. ЖҰӨ-ді анықтаудың негізінде не жатыр?

а) территориялық сипат; ә) ұлттық сипат; б) аймақтық сипат; в) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Ұлттық табыс - бұл:

а) таза ұлттық өнім + жанама салықтар; ә) ТҰӨ - жанама салықтар; б) ЖІӨ - амортизация;

в) жалпы табыс + трансферттік төлем.

  1. Жабық экономикада шеңберлі ағындар үлгісіне қандай ағындар кіреді:

а) табыстар және шығындар; ә) экспорт және импорт; б) инвестициялар; в) инвестиция және жинақтар.

  1. Ұлттық байлық – бұл:

а) тауарлар мен қызметтердің ағымдық құны; ә) қоғамның өмір бойы жинақтаған материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы; б) белгілі бір мемлекеттің резиденттерінің тапқан табыстарының жиынтығы; в) үй шаруашылықтарының жұмсайтын табыстары.

  1. Соңғы пайдалану әдісімен есептелген ЖҰӨ мыналардың қайсысынан құрылады?

а) тұтыну шығындары мен мемлекеттік сатып алымдардан; ә) жалпы ішкі инвестициялардан; б) таза экспорттан; в) осы аталғандардың барлығынан.

  1. ЖҰӨ-ді өндірістік әдіспен есептегенде өндірілген тауарлар мен қызметтердің құнынан қандай көрсеткіш шегеріледі:

а) амортизация; ә) қосылған құн; б) аралық тауарлар мен қызметтер; в) ешқандай көрсеткіш шегерілмейді.

  1. Мыналардың қайсысы «қорға» жатпайды?

а) мемлекеттік бюджет тапшылығы; ә) елдегі жұмыссыздар саны; б) экономикадағы капитал құны; в) банк шотындағы салымдардың мөлшері.

  1. Француз фирмасы Ресейде жұмыс істейді және ресей нарықтарының барлық субъектілеріне қызмет көрсетеді. Фирманың атқаратын қызметінің құны мыналардың қайсысына кіреді?

а) Францияның ЖҰӨ-не және Ресейдің ЖІӨ-не; ә) тек Францияның ЖҰӨ-не; б) тек Ресейдің ЖҰӨ-не; в) Францияның ЖІӨ-не және Ресейдің ЖҰӨ-не.

  1. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі – бұл:

а) ағымдық кезеңдегі ТБИ-ң пайыздық өзгерісі; ә) ЖҰӨ-ді есептейтін жалпы көрсеткіштер жүйесі; б) ұлттық өнімді және табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлуді және пайдалануды сипаттайтын өзара байланысқан көрсеткіштер жиынтығы; в) белгілі бір елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің қосылған құндарын есептейтін көрсеткіштер жиынтығы.

Кестеде жиынтық ұсынысты сипаттайтын мәліметтер берілген:

Баға деңгейі

250

225

200

175

150

125

125

125

Өндірілген нақты ЖҰӨ

2000

2000

1900

1700

1400

1000

500

0

а) Жиынтық ұсыныстың кейнстік кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді?

б) Жиынтық ұсыныстың классикалық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді?

в) Жиынтық ұсыныстың аралық кесіндісіне сәйкес баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі қандай деңгейде өзгереді?

г) Жиынтық ұсыныстың графигін салыңыз.

2. Кестеде экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың параметрлері берілген:

Сұранысы бар ұлттық өнімнің нақты көлемі (млрд. тг.)

Баға деңгейі

(бағалар индексі)

Сатуға ұсынылған ұлттық өнімнің нақты көлемі (млрд. тг.)

100

200

300

400

400

300

250

200

150

150

400

400

300

200

100

Кестенің мәліметтері негізінде «АD - АS» үлгісін құрыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

а) бағаның қандай деңгейінде тепе-теңдік орнайды?

б) өндірудің немесе тұтынудың қандай өзгерістері бағаның 150 және 250 деңгейінде тепе-теңдікке алып келеді? Графиктік сипаттама беріңіз.

3. Берілгендер:

C = 10-5P; I = 20; G = 15; AS = 5+P.

Табу керек:

а) экономикадағы бағаның тепе-теңдік деңгейін және өндірістің тепе-теңдік деңгейін;

б) егер мемлекеттік шығындар 25-ке дейін өссе, онда мұндай жағдайда өндіріс көлемі мен баға деңгейі қалай өзгереді?

в) егер жиынтық ұсыныс AS = 10 тең болса, онда сіздің жауабыңыз а) және б) пункттеріне қалай өзгереді?

4. Кестеде жиынтық ұсынысты және жиынтық сұраныс функциясының үш нұсқасын сипаттайтын мәліметтер берілген. Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қисықтарын салыңыз. Әрбір үш нұсқа үшін ЖҰӨ-нің тепе-теңдік көлемін және бағаның тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.

Бағалар деңгейі

Нақты сипаттағы өндірілген ЖҰӨ

ЖҰӨ-нің нақты көлемі (шығындар әдісімен есептелген)

(1)

(2)

(3)

250

225

200

175

150

125

125

125

100

2000

2000

1900

1700

1400

1000

500

0

-

1400

1500

1600

1700

1800

1900

-

-

2000

1900

2000

2100

2200

2300

2400

-

-

2500

400

500

600

700

800

900

-

-

1000

  1. Тест сұрақтарына жауап беру керек: