Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Бағдарламаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер

200_/200_ Оқу жылы

Бағдарламаға келесідей өзгерістер енгізілді:

Бағдарлама «Экономика және менеджмент» кафедрасының «__» ­­­­_______ 2011ж. отырысында қайта қаралып, бекітілді (хаттама №__).

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент Омашева А.Б. ____________

Енгізілген өзгерістерді бекітемін __________________

Оқытушы туралы жалпы мәліметтер

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, коммерция магистрі Керімқұлова Д.Т.

Ғылыми қызығушылығы: Магистрлік диссертациясы «Темекі өнеркәсібіндегі маркетингтік қызметті жетілдіружолдары» тақырыбында қорғалды.

Тілдерді игеруі: орыс, қазақ, неміс тілін сөздік арқылы игерген

«Экономика және менеджмент» кафедрасы, Қорғалжын тас жолы,8. 417 ауд. Тел: 70-30-51

Курстың пререквизиттері– бұл пәндә игеруге септігін тигізетін пәндер:

  • экономикалық теория;

  • математика;

  • микроэкономика ;

  • нарықтық экономика негіздері.

Курстың постреквизиттері– бұл курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:

  • қаржы;

  • ақша несие банк

  • мемлекет және бизнес;

  • экономиканы мемлекеттік реттеу.

Пән туралы қысқаша сипаттама

Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп-қорытуга ұмтылады. Макроэкономика экономиканы біртүтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.

Ол экономиканың үй шаруашылықгары, жеке меншік, мемлекеттік жөне сыртқы секторлар сияқты ірі кұрамдас бөліктерін ажыратады. Макроэкономика өндіріс көлемінің, жүмысбастылықгың үзақ мерзімді өзгерістерімен катар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін (ауытқуларын) зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадағы өтпелі урдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мынадай мөселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа үшырайды, . жұмыссыздықтың өсу себебі неде жөне т.с.с.

Қазақстан Республикасы егемендік алып, нарықгық катынастарга бет бұрғалы бірнеше жыл өтті. Егер бүрын елімізге экономикалық дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық тән болып, қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуді талап етсе, бүгінде экономикалық өсу мен үлттық экономиканың түрлаулы дамуы басты мұратқа айналыл отыр. Осының бөрі болашақ маманның макроэкономикалық талдау қағидаларын меңгеруін талап етеді.

Пәнді зерттеп-білу міндеттері. Аталмыш пәнді зерттеп білудің негізгі міндеті — жалпы ішкі өнім, үлттық табыс, өндіріс факторлары, түтыну, жинақ, инвестициялар, тауар жөне ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңцік, бюджет және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық экономика модельдері сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану методологиясына айрықша назар аудара отырып, студенттерге казіргі заманғы макроэкономикалық талдаудың басты қағидаларын үйрету.

Дәрістің тақырыптық жоспары

Тақырыптар атауы және сағат саны

Бақылау сұрақтары

Сабақ мақсаты мен

міндеттері

Мәселелік

сұрақтар

1

Макроэкономика ға кіріспе

1. Макроэкономика пәні, негізгі ұғымы

2. Статистикалық ақпараттар

3. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы айналымы –3 сағат

Макроэкономика бойынша негізгі ұғымдарды игеру.

Эндогенді және экзогенді айнымалылар. Экономикадағы ағындар мен қорлар. Статистикалық ақпарат. Макроэкономикалық саясат.

Макроэкономика ұғымы, курс пәні, құрылымы, әдістері, қызметтері және макроэкономикалық үлгілер. Макроэкономикалық эндогенді және экзогенді үлгілер. Макроэкономикалық тепе-теңдік айналым үлгісі. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары.

2

Макроэкономикалық өлшемдер

1. Жалпы ішкі өнім және оны есептеу тәсілдері

2. Жалпы ұлттық өнім. Атаулы және нақты айнымалылар

3.Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік -3 сағат

Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістер бойынша есептеу. Жалпы ұлттық өнім. Атаулы және нақты айнымалылар. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

Жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ), Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және оларды өлшеу тәсілдері: шығындар бойынша және өндірістік тәсіл бойынша. ЖҰӨ, ТҚӨ, ҚТ, қолдағы табыс көрсеткіштерін салыстыру. Жан басына шаққандағы ЖІӨ және ұлттың байлығын бағалау. Номианлды және нақты ЖҰӨ. Бағалар индексі

3

Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция

1. Экономикалық циклдар, макроэкономикалық динамика

2.Инфляция және ұсыныс шоктары

3.Филлипс қисығы - 4 сағат

Экономикалық циклдар және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Әлеуетті ЖҰӨ. Жқмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу.

Шығындар инфляциясы. Күткен және күтпеген инфляция. Инфляция және ұсыныс тітіркенімдері. Бағалар динамикасы. Нақты жалақы және жқмыссыздық деңгейі. Эмперикалық байқаулар және Филлипс қисығы.

4

Ұлттық табыс (ҰТ): өндіру, бөлісу. Тұтыну

1.Ұлттық табыс. Икемді жалақы

2. Өндірістік және тұтыну функциялары

3.Жеке және қоғамдық тұтыну – 4 сағат.

Өндіріс факторлары. Өндірістік функция. Өндірістік функцияның қасиеттері. Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу мәселелері. Еңбек және капитал нарығы. Ұлттық табысты тұтыну. Тұтыну және жинақ ақша функциясы.

Тұтынуға және жинақ ақшаға деген орташа бейімділік пен шекті бейімділік. Кейнс тұтыну теориясы. Инвестиция және салым түрлері: іскерлік тұрақты инвестиция, тауарлы-материалдық қорлары инвестициясы, үй құрылысын инвестициялау. Пайыздың нақты мөлшерлемесі және инвестициялық функция. Мемлекеттік кірістері мен шығыстары. Мемлекеттік бюджет. Салықтар. Мемлекет бюджетіндегі тапшылық және мемлекеттік борыш. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік.

5

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. АD -AS үлгісі

1. Жиынтық сұраныс мәні және оны анықтаушы факторлар

2. Жиынтық ұсыныс. Кейнстік және классикалық үлгілер

3. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгілері – 4 сағат.

Жиынтық сұраныс (АD) және оны анықтаушы факторлары. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Жиынтық ұсыныстағы классикалық көзқарас. Икемді еңбек ақы. Жиынтық ұсыныс қисығын құру. Жиынтық ұсыныстағы кейнсиандық көзқарас.

Икемсіз еңбек ақы. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Қысқа уақыт мерзімінен ұзақ уақыт мерзімінен ұзақ уақыт мерзіміне өту. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы тітіркену. Тұрақтандыру саясаты.

6

Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

1. Игіліктер нарығы мәні.

2. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультипликаторы – 4 сағат.

Игіліктер нарығы. Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнсиандық крест. Табыстың тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультипликаторы мен салық мультипликаторы.

Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. Кейнс мультипликаторы. Инвестицияларды ығыстыру әсері. Кейнстік байланыстыру механизмі. Макроэкономикалық саясаттың тұйық экономикадағы жиынтық сұранысқа ықпалы. Ақша агрегаттары. АD-АS моделі, кейнсиандық крест және IS-LM моделі арасындағы байланыс. IS-LM моделіндегі тепе-теңдік. Салық-бюджет саясаты және оның IS-LM моделіне ықпалы.

7

Ашық экономика. Айырбас бағамы

1. Шағын ашық экономика. Төлем балансы.

2. Айырбас бағамы

3. IS-LM үлгісі – 4 сағат.

Шағын ашық экономика. Төлем балансы. Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер..

Айырбас бағамы. Сатып алу қабілеттілігінің паритеті. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі.

Сауда, халықаралық капитал ағындары. Валютаның номиналды айырбас бағамы. Төлем балансы. Ағымдағы шот, капитал қозғалысы шоты, ресми резервтер. Шағын ашық экономика. Нақты айырбас бағамы. Сатып алу қабылеттілігі паритеті. Бірыңғай баға заңы. Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен импорт тәуелділігі. Сіңісу және сауда балансы. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі. Капитал жеткіліктері. Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы..

8

Экономикалық өсу

1. Экономикалық өсу ұғымы

2. Экономикалық өсу үлгісінің графиктік үлгісі

3. Солоудың ұзақ мерзімді өсу моделі – 4 сағат.

Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар. Солоудың ұзақ мерзімді өсу моделі. Масштаб қайтарымы. Экономикалық өсу үлгісінің графиктік бейнесі. Қазіргі заманғы экономикалық өсудің алғышарттары мен өзіндік белгілерін анықтау. Экономикалық өсудің қайнар кқздерін анықтау.

Факторлық өсу үлгісі. Факторлардың жалпы өтімділігі. Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Масштаб қайтымы. Үлгінің графиктік талдауы. Жинақтар мен инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану мөлшері белгілі жағдайда капиталмен қорланудың деңгейі. Қорланудың «Алтын ережесі». Халық санының өсуі мен технологиялық прогрестің ықпалы.

Барлығы: 20 сағат.