Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Ж.Ұ.Ө.

Қызмет көрсету сферасының кірістері

Амортизация

Ұлттық кіріс

Жалпы ұлттық өнім Таза экспорт

Жалпы ішкі өнім Амортизация

Таза ұлттық өнім Қосымша

салықтар

Ұлттық кіріс

Макроэкономикалық көрсеткіштердің арақатнастары.

Ж.Ұ.Ө. – номиналды өлшемі сол жылғы бағамен есептеледі. Бірақ баға өзгеруі мүмкін. Сондықтан, Ж.Ұ.Ө. салыстыру үшін баға индексі қолданылады.

Ағымдағы баға индексі = Ағымдағы жылдағы тауарлардың бағасы/Базалық жылдағы таур бағасы*100%

Тек тұтыну тауарлардың баға индексі тұтыну бағалар индексі деп аталады.

Баға индексі тек тұтыну тауарларының бағасының өзгеруін мінездемейді, инвестициялық және басқа да тауарлар да бағасының өзгеруін анықтайды, бұны Ж.Ұ.Ө.- ң дефляторы деп атайды.

Ж.Ұ.Ө. – нің екі түрлі есептеу әдісі бар: елде жасалған өнімдерге кеткен шығындардың қосындысы (шығындар ағыны); өндірілген өнімдерден түскен табыстардың қосындысы (табыстар ағыны).

Ол Ж.Ұ.Ө. – ң ақшалай (номиналды) шамасы бойынша Ж.Ұ.Ө. – ң реалды шамасын өзара байланысты (корреляция) өлшеу үшін пайдаланады.

Реалды ВНП = номиналды Ж.Ұ.Ө./Ж.Ұ.Ө.- дефляторы*100%

Жалпы ішкі өнім деп, тек қана ел ішінде өздерінің жекеменшік өндіріс факторларын пайдаланумен өндірген өнімдерін, жасаған қызметтерін айтамыз.

Халықтың өмір сүру деңгейнің сипаттамасын беру үшін екі түрлі көрсеткішпен анықтаймыз: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс жағдайы.Жеке пайда салық төлегенге дейін жеке адамдардың немесе семьяларымен тапқан пайдасы. Ол мыналардан тұрады: тапқан табысынан және тронедерттік төлемдерден, мемлекеттен алатын жәрдем ақы, зейнет ақы, стипендия, жұмыссыздық үшін алатын көмек т.б.Ол пайданы (табысты) жұмсайды, сақтайды, салықтарын төлейді т.б.Қолда бар пайда (табыс) – төлегеннен кейін қалған пайда. Жалпы ұлттық өнім көп болса, тұрмыста жақсы болады.Бірақ, жалпы ұттық өнім молшылықтың барлық компаненттерін толық есептей алмайды. Сондықтан П.Самуэльсон таза экономикалық молшылықты жақсартуды ұсынды.Таза экономикалық молшылық- қоғамның экономикалық әл-ауқатын жақсату тек қана қолдағы пайдамен емес өмір сүру сапасымен өлшенетін көрсеткіш.Бұл көрсеткіштің есептеу әдісі мынандай: жалпы ұлттық өнімнен, ортаның ластауынан, қылмыс жасаушылардан т.б. көрілген зиян алынып тасталады.Осы факторлар өмір сүру сапасын не жақсартады, не төмендетеді, ол жалпы ұлттық өнімге кірмейді.Мысалы ауның ластануы, көшенің түтіндеуі ауқаттылықты жақсартпайды. Керісінше, жеке сабақтар, саяжай үйлерінің маңындағы істелген жұмыстар, тұрмыс үйлерді жөндеу өмір сүру сапасын арттырады, бірақ, жалпы ұлттық өнімге кімейді.Таза экономикалық ауқаттылықты сандық факторлармен есептеу қиын.

3.Кірістер мен шығыстардың ауыспалы айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-тендік. Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторлары. Тұтыну, қор жинақтар мен инвестициялар.

Макроэкономикалық құрылымның басқару объектілері – жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық өндіріс.

    1. Бұндай сұраныс – қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің ақша суммасы. Жиынтық сұраныс көлемі бір қатар факторларға тәуелді: 1. баға деңгейі, 2. халық кірісі көлемі, тұтынуға кірісті болу (ағымдағы сұраныс) және жинақтау (болашаққа белгіленген сұраныс), салықтардан (мемлекетке берілген кіріс бөлігі), несиелік мекемелер жағынан ақша ұсынысы.

Жалпы халықтық басқарудың екінші объектісі – жиынтық ұсыныс. Өндірішілердің барлық сатып алушыларға өткізген таурлары мен қызметтерінің бағаларының сомасын білдіреді. Жиынтық ұсыныс көлемі мына факторлармен анықталады: рыноктық баға деңгейімен, елдегі потенциялды мүмкін өндіріс көлемімен, өнім өндіру шығындарының деңгейімен, өнімді өндіру коммерциялық пайдасымен.Реттеудің макроэкономикалық үшінші абъектісі жиынтық өндіріс. Бұл тауар мен қызмет шығарушы халық шаруашылығының барлық түрі.Басқарудың барлық объектілері іштей бір-бірімен өзара байланысты. Олардың арасында тікелей байланыстар қалыптасқан:

  1. Жиынтық сұраныспен жиынтық сұраныс олардың бірлігінде ұлттық рынокты құрайды

  2. өндіріс тікелей қосылуы ұсынысты анықтайды. Сонымен қатар жанама байланыстар болады: жиынтық сұраныс қосынды сұранысқа әсер етеді, ол арқылы – барлық өндіріске.

Макроэкономиканың қалыпты дамуының басты шарты халық шаруашылығының пропорционалдығын сақтау, атап айтқанда: бірішіден ұлттық сұраныс, ұсыныс, өндірісінің қосынды көлемінің тепе-теңдігі, және, екішіден, осы макроэкономикалық объектілерінің құрылымдарының бір-біріне сәйкестігі. Сөз макроэкономиканың пропорционалды дамуының объективті экономикалық заңы жайында. Бұл заң адамдардың еркімен тілегіне тәуелсіз халық шаруашылығы жүйесінің қалыпты даму шартын сұраныс, ұсыныс, өндірістің жиынтық шамасының көлемі мен құрылымының тұрақты сәйкестігін қолдау қажеттігін білдіреді. Макроэкономиканың пропорционалды даму заңын бұзу бізге белгілі макроэкономикалық теңсіздіктің түрлерінен:

  1. құрылымдық дағдарыстардын

  2. экономикалық артық өндіру дағдарыстарынан

  3. жаппай жұмыссыздықтан

  4. инфляциядан көрінеді

Макроэкономикалық реттеуші – бұл қоғамдық халлық шаруашылығын реттеу мен ұйымдастырудың тәсілі.Ол келесі қызметтерді атқарады: ұлттың барлық шаруашылығын бір жүйеге біріктіреді, экономиканың барлық төменгі буындарын өндірістік қызметке бағыттайды. Қоғамдық қажеттілікке сәйкес еңбек пен өндіріс құрал жабдықтарын салалары мен өндіріс түрлері бойынша бөледі, шаруашылықты жоғары тиімділікке ынталандырады. Макроэкономиканы реттеуші белгілі объективті алғы шарттарда ғана әрекет етеді, атап айтқанда ұлттық шаруашылық жағдайында. Біріншірет бұндай жағдайды дамыған тауар шаруашылығреттеуші – бұл қоғамдық халлық шаруашылығын реттеу мен ұйымдастырудың тәсілі

Тауарлық рыноктық шаруашылық жағдайында шаруашылық пропорциясын үйлестірудің арнаулы формасы болып өнімнің айрбас құны қызмет етеді. Сондықтан рыноктық экономикада халық шаруашылығының пропорцияналды даму заңы макроэкономикалық сұраныс пен макроэкономикалық ұсыныс тепе-теңдік заңы ретінде көрінеді. Бұл заң классикалық капитализм жағдайында толық мөлшерде әрекет етті. Бұндай жағдайлар Англияда XVIII-XIX ғ. болды. А. Смиттің алғашқы болып зерттеуі кездейсоқтық емес. Ол атақты “халық байлығы себептері мен табиғат жағдайындағы зерттеулер” кітабында рыноктық реттеу механизмі жайындағы үш негізгі ережесін негіздеді.

Бірінші ереже – рынктық экономиканы реттеуде мемлекеттің араласпауы жайында.

Екіші ереже – барлық жеке тауар мен қызмет өндірушілерді қоғамдық игілігі үшін қызмет етуге “итеретін”, “көрінбейтін қол” жайында. Әрине “көрінбейтін қол” болып рынок табылады.

Үшінші ереже – рыноктың өзін-өзі реттеуі механизмі жайында. Бұл механизм тауарлы өндіріспен рыноктық сұраныстың арасындағы тікелей және кері экономикалық байланыстардан тұрады. Сонымен қатар А. Смит бүкіл ел ауқымында сұраныс пен ұсыныс көлемінің тепе-теңдігін қалай қамтамассыз ету керек деген маңызды сұраққа жауап бермеді. Бұл мәселені шешіуге өзін ағылшын классикалық саяси экономикалық жалғастырушымын деп есептейтін француз Ж.Б.Сей әрекет етті. Ол ”рынок заңын “ қалыптасыруды, оған сәйкес рыноктық тауар айырбасы сұраныс епнұсыныс тепе-теңдігін орнатады. ұсыныс өз сұранысын туғызады. Бірақ Сей заңы тек бартер саудасы үшін ғана сөзсіз ақаиқат. Тауар – ақша тауар айналымында, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің тепе-теңдігі автаматты түрде қалыптаспайды. Мысалға, сатушы өткізген өніміне алған ақшаны жинаққа айналдыру мүмкін. Сақтық сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін бұзады. (Кірісті бөлуге байланысты рынок қоғамның әлеументік тұрақтылығын қамтамассыз ете алма?)

Қоғамдық жиынтық кірісі (Ж.Ұ.Ө., ұлттық кіріс) қандай қағидаларға байланысты бөлінеді? Бұл мәселеге байланысты қоғамда екі қарама-қарсы көзқарас бар.

1. Тепе-теңдік және әділеттік принцпті 100

100

Барлық жанұя арасындағы

80 кірісті тепе-тең бөлу.

60

40

20

20 40 60 80 100

Классикалық және неоклассикалық либералды рыноктық экономикалық либералды рыноктық экономика үлгісінде кірісті бөлу қандай қағидаға негізделеді?

  1. Байлықты бөлу адамдар қабілетінің теңсіздігін ескеруі керек.

  2. Өндірістің қандайда бір факторына ие әр бір адам өз факторын салғанға тең кіріс алуы керек. Бұл принципті Дж. Б. Кларк американ “Байлықты бөлу” кітабында негізделген.

  3. Еркін рыноктық экономика кіріс теңсіздігінің жоғары деңгейін туғызатын бөлінбейтін жеке меншік билігіне негізделеді. Еркін рыноктық экономикада әлеументтік және экономикалық еркіндік жеке меншікке тәуелді. Француз экономисті Нобель силығының лауераты М. Алленнің айтуы бойынша жеке меншік көлемі мен еркіндік көлемі арасында өте күшті корреляция (өзаратәуелділік) бар.

  4. Кірісті бөлу өндіріс пен оның тиімділігінің өсуін ынталандыру керек.

  5. Еркін бәсекелестік жағдайында алынған көріністің теңсіздігі табиғи болып табылады

100

80 Лоренц қисығы

60

40

20

20 40 60 80 100 Жанұя қисығы

Сонымен, еркін рыноктық экономика концепциясының жақтаушылары кірісті бөлудегі теңдік (“әділеттік”) рыноктық жүйемен сыймсыз және оны бұзуы мүмкін.

Кірісті бөлудегі теңсіздік графиктік Лоренц қисығы көмегінен көрсетіледі.