Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

1. Тұтынудың кейнстік функциясына сәйкес:

а) тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді емес; ә) тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді;

б) тұтыну ағымдық табысқа тәуелді емес; в) тұтыну перманентті табысқа тәуелді.

2. Ұзақ мерзімде жалпы өндіріс көлемінің потенциалды өндіріс көлемімен сәйкес келген кездегі тұтыну шығындарының өсуі нені тудырады?

а) жалпы өндіріс көлемінің өсуін; ә) баға деңгейінің өсуін; б) жалпы өндіріс көлемінің және баға деңгейінің өсуін; в) жалпы өндіріс көлемінің төмендеуін және баға деңгейінің өсуін.

3. Тұтынушының қарыздары ағымдағы тұтынуды қысқартады, сол себепті:

а) жиынтық сұраныс көлемі қысқарады; ә) жиынтық сұраныс қысқарады; б) жиынтық сұраныс көлемі қысқармайды; в) жиынтық сұраныс қысқармайды.

4. Тұтыну функциясы мына түрде жазылады:

а) С=C (Y-T); ә) C=C (r); б) C=C (W/P); в) C = (K)→F(K).

5. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

а) жеке табыс пен ұлттық табыстың; ә) жеке табыс пен жеке салықтардың; б) жеке табыс пен трансферттік төлемдердің; в) ешқайсысының айырмасына тең емес.

6. Инвестиция мөлшері мен пайыз мөлшерлемесі арасында:

а) кері байланыс бар; ә) тікелей байланыс бар; б) ешқандай байланыс жоқ; в) аса маңызды байланыс жоқ.

7. Кейнсиандық теорияда ең маңызды назар неге аударылады?

а) экономикадағы жиынтық шығындарға және олардың факторларына; ә) жиынтық ұсынысқа және оның факторларына; б) пайыз мөлшерлемесіне; в) бағалар мен жалақыға.

8. Тұтыну функциясы белгілі бір бұрышқа сәйкес орналасады, ол бұрыш:

а) автономды тұтыну мөлшерімен анықталады; ә) тұтыну мен табыстың арасындағы байланысты анықтайтын коэффициентпен анықталады; б) тұтынуға деген шекті бейімділікпен анықталады; в) тұтынуға деген орташа бейімділікпен анықталады.

9. Тұрақты табыс жағдайындағы МРС және MPS көрсеткіштерінің соммасы неге тең:

а) 100; ә) 1000; б) 0; в) 1.

10. Мультипликатор нені көрсетеді:

а) сұраныстың ұсынысқа тәуелділігін; ә) ЖҰӨ өсіміне инвестиция өсімінің тәуелділігін;

б) инвестиция өсіміне ЖҰӨ өсімінің тәуелділігін; в) ұсыныс өзгерісі мен баға өзгерісі арасындағы тәуелділікті.

11. Жинақтау қисығы паралельді түрде төменге қарай жылжиды, егер:

а) көтеріңкі (тұтас) салықтар өссе; ә) көтеріңкі (тұтас) салықтар төмендесе; б) табыс салықтары өссе; в) табыс салықтары төмендесе.

12. Тұтыну қисығы паралельді түрде жоғарыға қарай жылжиды, егер:

а) қоғамның байлығы өссе; ә) бағалар деңгейі артса; б) тұтынушылар бағалардың өсуін күтсе; в) «а» және «б» жауаптары дұрыс.

13. Табыс өскен сайын: а) MPC пен MPS бірге өседі; ә) MPS өседі, MPC азаяды; б) MPC өседі, MPS азаяды; в) MPS мен MPC бірге қысқарады.

14. Инвестиция көлеміне әсер етпейтін факторлар: а) пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;

ә) кәсіпкерлердің күтімі; б) табыс деңгейі; в) тұтынуға шекті бейімділік.

15. Рецессиялық үзіліс – бұл:

а) Жиынтық ұсыныстың табиғи жұмыстылық деңгейіне дейін өсуі; ә) Жиынтық ұсыныстың экономиканы тұрақтандыру деңгейіне дейін төмендеуі; б) Жиынтық сұраныстың инфляциялық емес жұмыспен қамту деңгейіне дейін қысқаруы; в) Жиынтық сұраныстың инфляциялық емес жұмыспен қамту деңгейіне дейін өсуі.

16. Кейнстің қарапайым мультипликатор үлгісі мынаны көрсетеді:

а) табыс өсімінің мемлекеттік шығын өсіміне қатынасын; ә) табыс өсімінің инвестиция өсіміне қатынасын; б) инвестиция өсімінің жинақ өсіміне қатынасын; в) салық өсімінің жинақ өсіміне қатынасын.

17. Тұтыну қисығының жоғарыға қарай жылжуы, ереже бойынша:

а) жинақтау қисығының бір уақытта төменге қарай жылжуын білдіреді; ә) жинақтау қисығының бір уақытта жоғарыға қарай жылжуын білдіреді; б) жинақтау қисығының бір уақытта төменге немесе жоғарыға қарай жылжуын білдіреді; в) жинақтау қисығын мүлдем жылжытпайды.

18. Кейнсиандық теорияға сәйкес жинақ пен инвестиция динамикасының негізгі факторы болып табылатындар:

а) қолда бар табыс деңгейі; ә) нақты процент ставкасы; б) нақты кассадағы қалдық;

в) инвестициялық шығын деңгейі.

19. Жинақтауға деген орташа бейімділік мынаған тең:

а) жинақ өзгерісінің табысқа қатынасы; ә) жинақтың табыс өзгерісінің қатынасына;

б) жинақтың табысқа қатынасына; в) жинақтың инвестицияға қатынасына.

20. Тұрақты табыс теориясының тұжырымдамасы келесідей:

а) тұтыну тәртібі ұзақ мерзімді тәртіптің мүмкіндіктерімен анықталады; ә) тұтыну тәртібі ағымдағы табыс деңгейімен анықталады; б) тұтыну тұрақты табысқа пропорционалды; в) «а» және «б» жауаптары дұрыс.

21. Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі: а) тұтыну мен инвестицияны арттырады; ә) тұтыну мен инвестицияны төмендетеді; б) жинақтың өсуіне алып келеді; в) тұтыну мен жинақты өсіреді.

22. Тұтынуға деген шекті бейімділік – бұл: а) максималды тұтыну; ә) тұтынудың табыстағы үлесі; б) табыс өзгерген кездегі тұтынудың өзгеруі; в) минималды тұтыну.