Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

7 Тақырып. Ашық экономика. Айырбас бағамы.

Мақсаты: Ашық экономиканың негізгі белгілерін анықтау.

Міндеттері: 1Төлем балансы мәні. .

2.Ағымдағы есепшот және ресми резервтер.

3.Сіңісу және сауда балансы.

4. Фискалдық экспансия мәні.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Ағымдағы есепшот және ресми резервтердің мәні.

2. Айырбас бағамы және ақшаның сатып алу паритетінің қабілеттілігі.

3. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі.

4. Фискалдық экспансия мен ақша бағамының ықпалы.

5. Сіңісу және сауда балансы.

6. Капиталды жұмылдыру дегеніміз не?

7. Тіркелген және құбылмалы айырбас бағамы.

8. Макроэкономикалық саясатты қолдану.

Әдістемелік нұсқау:

Ауызша жауап беруге дайындалу

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру

Тест сұрақтарына жауап беру

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ален Р. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963 .

2. Баумоль У. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963

3. Гальперин ВМ. «Микроэкономика».- «Экономическая школа»,1994.

4. Интрилигатор М. «Математические методы оптимизадш и экономическая теория». - М.:«Прогресс», 1975 .

5. Макконел К., Брю С., «Экономикс». - М., 1992.

8 Тақырып. Экономикалық өсу.

Мақсаты: Экономикалық өсу түсінігі мен оған әсер ететін факторлар.

Міндеттері: 1Экономикалық өсу.

2.Солау моделі.

3.Масштаб қайтарымы.

4. Экономикалық өсу үлгісінің графиктік бейнесі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар.

2. Капиталдың қорлануы.

3. Тиімді еңбек бірлігі.

4. Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамсызданудың тұрлаулы деңгейі.

5. Қорланудың «Алтын ережесі».

6. Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі.

7.Халық санының өсуі мен технологиялық прогрестің ықпалы.

Әдістемелік нұсқау:

Ауызша жауап беруге дайындалу

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру

Тест сұрақтарына жауап беру

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ален Р. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963 .

2. Баумоль У. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963

3. Гальперин ВМ. «Микроэкономика».- «Экономическая школа»,1994.

4. Интрилигатор М. «Математические методы оптимизадш и экономическая теория». - М.:«Прогресс», 1975 .

5. Макконел К., Брю С., «Экономикс». - М., 1992.

10. Студенттің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар

1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу.

2. Ақшаға деген сұраныс және ақша ұсынысы.

3. IS-LM үлгісі: тауарлар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдік.

4. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.

5. Ашық экономика.

6. Инфляция және жұмыссыздық. Филлипс қисығы.

Макроэкономика курсы бойынша студенттердің білімін тексеруге арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары:

1 Есеп.

Берілген мәліметтер бойынша анықтау керек:

  • М1

  • М2

  • М3

Чек салымдары –448 млрд.долл.

Чексіз жинақ

салымдары-300 млрд.долл.

Кіші жедел салыидары-1630 млрд.долл.

Ірі жедел салымдары-645 млрд.долл.

Қолма қол ақшалар-170 млрд.долл.

2 Есеп.

«ТұранӘлем» Банкінде 10000 мың долларға депозит салымы бар. Міндетті резерв мөлшері 25 % орнатылған . Бұл депозит ұсынылатын ссуда сомасын қандай көлемге ұлғайтуы мүмкін?

3 Есеп. Тепе-теңдік өндірістің классикалық моделіне сәйкесорташа бағаның деңгейін анықтаңыз?

  • Мемлекеттің жиынтық ұсынысы 500000 бірлік

  • Айналымдағы ақша саны 1000000 доллар

Айналым жылдамдығы 4-ке тең.

№4 Есеп.

Экономикада 10 жұмысшы әрекет етеді.Әрқайсысы бір жылда 3000 сағат жұмыс істейді.Еңбек өнімділігі 8 доллар сағатына.

Анықтау керек:

  • Өндірілген өнімнің жалпы көлемін

5 Есеп.

Егер неміс маркасының доллардағы бағасы 1 маркаға 50 –ден 45 центке төмендейтін болса, Германиядағы 150 маркаға сатылатын магнитофон бағасы (долларда) қалай өзгереді?

6 Есеп.

Экономика моделі келесі мәліметтермен сипатталады:

Cd=1000+0.9Yd

G=600

Id=390

T=400

Yd=GNP-T

B=T-G

X-M=0

Анықтау керек:

  • Тепе-теңдік GNP

  • Мемлекеттік шығындар мультипликаторын

  • Салықтың 1 доллрға өсімшесінің GNP көлеміне әсерін

  • Тепе-теңдік GNP кезіндегі жиналым көлемін

Тест сұрақтарына жауап беру қажет:

  1. Әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйелік сипаттама:

а) микроэкономикалық үлгі; ә) макроэкономикалық үлгі; б) макроэкономикалық жүйе; в) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Қазіргі макроэкономика ғылымының негізін қалаушы кім:

а) Д. Кейнс; ә) К. Макконел мен С. Брю; б) П. Самуэльсон; в) У. Нордхауз.

  1. Макроэкономика – бұл:

а) экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі; ә) ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым; б) экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым; в) экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

  1. Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне не жатады?

а) көрсеткіштерді комбинациялау; ә) берілгендерді агрегаттау; б) корреляциялық тәуелділікті құрастыру; в) графиктерді құрастыру.

  1. «Макроэкономика» терминінің авторы кім?

а) Дж. Кейнс; ә) М. Фридмен; б) Р. Фриш; в) И. Фишер.

  1. Мыналардың қайсысы макроэкономикалық мақсатқа жатады:

а) нақты ЖІӨ-нің деңгейін арттыру; ә) жұмыссыздық мәселесі; б) бюджет тапшылығы; в) инфляция деңгейі.

  1. «Макроэкономика» термині қай жылы ғылыми тұрғыдан алғаш қолданысқа енгізілді: а) 1936 жылы; ә) 1890 жылы; б) 1961 жылы; в) 1933 жылы.

  2. Статикалық күтімдер концепциясы бойынша:

а) экономикалық субъектілер өткен жағдайлар болашақта қайталанады деп күтеді;

ә) экономикалық субъектілер бұрын жіберілген қателіктерін ескере отырып болашақты күтуде түзетулер енгізеді; б) экономикалық субъектілердің болашақты болжауы өздерінде бар ақпараттың барлығын өңдеу арқылы оңтайлы нәтиже негізінде құрылады;

в) экономикалық субъектілер жүзеге асқан тәжірибелерді нақты бағалайды.

  1. Мыналардың қайсысы негізгі макроэкономикалық проблемаға жатпайды:

а) тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу; ә) экономикалық цикл және оның шығу себептері; б) инфляция мен жұмыссыздық мәселесі; в) ұлттық кәсіпорындардың пайдасын арттыру.

  1. Жабық жүйедегі макроэкономиканың негізгі субъектілері – олар:

а) үй шаруашылығы, фирма; ә) үй шаруашылығы, фирма және мемлекет; б) мемлекет және сыртқы орта; в) сыртқы орта мен ішкі орта.

  1. Мына экономистердің қайсысы неокейнстік бағыттың негізгі өкілі болып табылады: а) П. Самуэльсон; ә) М. Фридмен; б) Г. Мэнкью; в) Р. Лукас.

  2. Егер экономикалық субъектілер алдағы жылы инфляция деңгейі ағымдағы жылғы деңгейге тең болады десе, онда олардың болжамдары қандай күтімдер бойынша қалыптасады:

а) статистикалық; ә) адаптациялық; б) рационалды; в) статикалық.

  1. Мыналардың қайсысы ашық макроэкономикалық жүйедегі проблема болып табылады:

а) тиімді макроэкономикалық саясатты жүгізу; ә) төлем балансының жағдайы; б) пайыз мөлшерлемесінің деңгейі; в) жоғарғы жұмысбастылықты қамтамасыз ету.

  1. Мына макроэкономикалық мақсаттардың қайсысы ашық экономикаға тән болып табылады:

а) төлем балансының нөлдік сальдосы; ә) жоғарғы жұмысбастылық; б) ұлттық өндірістің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету; в) бағалар деңгейінің тұрақтылығы.

  1. Макрокономикалық модельді құруда зерттеліп отырған макроэкономикалық құбылыстың немесе үрдістің мазмұны мен құрылымын сипаттау үшін қандай функционалдық байланыс қолданылады:

а) технологиялық; ә) мінез-құлықтық; б) институционалдық; в) дефинициондық.

  1. Рационалды күтімдер теориясы – бұл қандай мектеп?

а) неокейнстік мектеп; ә) неоклассикалық мектеп; б) «жаңа кейнсшілдер» мектебі; в) жаңа классикалық макроэкономикалық мектеп.

  1. Жаңа классикалық макроэкономикалық мектептің негізгі өкілі:

а) Дж. Робинсон; ә) Р. Лукас; б) О. Бланчард; в) Э. Хансен.

  1. Макроэкономикалық субъект – «сыртқы ортаның» негізгі міндеті:

а) экспорт пен импортты қалыптастыру; ә) халық шаруашылығының тиімді әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасау; б) ең аз шығын жұмсай отырып максималды пайдалылыққа жету; в) пайданы максималдауға тырысу.

  1. Макроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл...:

а) экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдау; ә) ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері, қоғамның байлығы; б) салық салу, трансферттік төлемдер төлеу және ақша ұсынысын қалыптастыру; в) негізгі макроэкономикалық проблемаларды зерттеу.

  1. Макроэкономикалық саясат құралдары – бұл...:

а) мемлекеттің үнемі бақылауында болатын және бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуына мүмкіндік беретін экономикалық өзгермелілер; ә) макроэкономикалық теорияны дамыту үшін ескерілетін ғалым-экономистердің көзқарастары; б) экономикаға әсер ету мақсатында салық салу мен мемлекеттік шығындарды қолдану;

в) макроэкономикалық модельдерді құруа қажетті мәліметтер базасының жиынтығы.