Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

15. Қандай фактор as қисығын солға қарай жылжытады?

а) еңбек өнімділігінің өсуі; ә) ресурстарға деген бағаның өсуі; б) ресурстарға деген бағаның төмендеуі; в) фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің төмендеуі.

16. Жиынтық сұраныс – бұл:

а) барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары; ә) жоспарланған шығындар сомасы;

б) үй шаруашылықтарының және мемлекеттің жалпы сұраныстары; в) мемлекеттің жалпы сұраныстары.

17. Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы:

а) оң көлбеулі сызық; ә) көлденең сызық; б) теріс көлбеулі сызық; в) тік сызық.

18. Салықтар өскен кезде:

а) жиынтық сұраныс қысқарады; ә) жиынтық ұсыныс төмендейді; б) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та төмендейді; в) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та артады.

19. Жиынтық ұсыныс – бұл:

а) сатуға арналған барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің құны; ә) жиынтық қоғамдық өнімнің құны; б) жиынтық ішкі өнімнің құны; в) таза ұлттық ұлттық өнімнің құны.

20. Бағаның жалпы деңгейі мен жиынтық ұсыныстың көлемі арасында:

а) тікелей байланыс бар; ә) кері байланыс бар; б) ешқандай байланыс жоқ; в) «а» және «ә» жауаптары дұрыс.

21. «Храповик» әсері нені көрсетеді?

а) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің артуын; ә) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің тұрақтылығын; б) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін; в) жиынтық сұраныс артқан жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін.

22. Жиынтық ұсыныс қисығының аралық кесіндісінде:

а) баға өзгереді; ә) өндіріс көлемі өзгереді; б) баға мен өндіріс көлемі өзгереді; в) баға да, өндіріс көлемі де өзгермейді.

23. Жиынтық сұраныс қисығы қай уақытта оңға жылжиды:

а) инфляция деңгейі өскен кезде; ә) ақша ұсынысы артқанда; б) табыс салығы мөлшерлемесінің өсуі кезінде; в) ағымдағы инфляцияның өсуі кезінде.

24. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:

а) сұраныс инфляциясы; ә) ашық инфляция; б) жабық инфляция; в) шығындар инфляциясы.

25. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық үлгісін құрудың алғышарттары:

а) өндіріс факторларының жетілген бәсекелі нарығы; ә) бағалардың икемділігі;

б) субъектілердің ұтымды тәртіптері; в) аталғандардың барлығы дұрыс.

26. Жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі, ал барлық тең жағдайларда ақша ұсынысының өсуі: а) баға деңгейінің сақталуына және нақты өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді; ә) нақты өндіріс көлемін сақтауға және бағалардың өсуіне алып келеді; б) баға деңгейінің өсуіне және нақты өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді; в) баға деңгейінің өсуіне және өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді.

27. Сұраныс инфляциясы ненің әсерінен пайда болуы мүмкін:

а) шикізатқа деген бағаның өсуінен; ә) мемлекеттік шығындардың өсуінен; б) Орталық банктің заимдары көмегімен мемлекеттік бюджет тапшылығын жою нәтижесінде;

в) энергияға деген бағаның күрт артуынан.

. Келесі мәліметтер берілген:

S=0,25y-10

I=30

Анықтау керек:

А) ұлттық табыстың тепе-теңдік мағынасын;

Б) тепе-тең ҰТ және жинақ ақша көлемін, егер болашақта табыстың төмендеуі күтілетін болса, ағымды табыстың әрбір деңгеінде үй шаруашылықтары жинақ ақша қорын 10 бірлікке көбейтеді.

В) тепе-тең ҰТ және жинақ ақша көлемін, егер кәсіпкерлер болашақта сұраныстың төмендеуін күтетін болса инвестицияларды 20 бірлікке қысқартады.

2. Тұтыну шығындары 250 теңге деп жорамалдайық. Тұтыну өсімшесінің жылдық қарқыны 2 %. Мемлекет шығыстарының шамасы тұрақты – 40 теңгеге тең. Инвестициялық шығындар функциясы: I = 20 + 100 % / r, бұндағы r = 20 %. Осы деректерді пайдаланып, ЖҰӨ-ді есептеңіз.

3. Инвестициялар 220-ға тең, бюджет артықшылығы 10-ға тең, экспорт = 175, импорт = 185, қор жинауды анықтаңыз.

4. Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I

C=100+0,8Yd

I=50

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Жинақ ақша және тұтынудың тепе-тең деңгейін.

В) егер шығару көлемі 800-ге тең болса, онда жоспарланбаған өнімнің босалқы қорының өсімі қандай?

Г) егер автономды инвестициялар 100-ге дейін өссе? Онда тепе-тең шығару көлемі қалай өзгереді? Тепе-тең деңгейінің өзгеруін графиктік түрде көрсетіңіз.

5. Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I+G+Xn

C=300+0,8Yd

I=200+0,2Y

Xn=100-0,04Y

G=200

t=0,2

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.

6. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша табу керек: тұтыну, тұтынудың орташа бейімділігін, жинақтауға орташа бейімділігін, тұтынудың шекті бейімділігін, жинақтауға шекті бейімділігін, тұтыну және жинақтау графиктерін құрыңдар:

Өндіріс және табыс деңгейі (долл.)

240

260

280

300

320

340

360

380

400

Жинақ ақша (долл.)

-4

0

4

8

12

16

20

24

28

7. Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд. теңге. Ал автономды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға деген шекті бейімділік 0,05-ке өсті. Анықтау керек:

А) өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгереді;

Б) жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгереді;

В) тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мемлекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға көбеюі тиіс.

8. Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 а.б. және тұтынуға деген шекті бейімділік 0,8. Анықтау керек:

А) инвестициялар көлемін;

Б) мультипликатор көлемін;

В) тұтынуға деген шекті бейімділіктің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-тең ұлттық табысқа қалай әсер етеді?

9. Экономика келесі мәліметтермен берілген:

C=300+0.8d

I=200-1500r

Xn=100-0.4Y-500r

Md=(0.5Y-2000r)Р, мұндағы

М – атаулы ақша ұсынысы

Р=1 – бағаның шекті деңгейі

Т=0,2 (салық салу ставкасы)

G=200 (мемлекеттік шығындар)

Анықтау керек:

А) Пайыз мөлшерлемесінің және табыстың тепе-тең деңгейлерін;

Б) Жиынтық сұраныс қисығының теңдеуін.

10. Мемлекеттік сатып алу 500, салық функциясы Т=0,4Y, трансферт функциясы F=0.2Y,баға деңгейі: P=1.Пайыз мөлшерлемесі R=0.1 болғандағы қарыз D=1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлуеті өндіріскөлемі 2500-ге тең.

а) мемлекеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе?

б) мемлекеттік бюджеттік циклдік тапшылығы қанша?

11. Экономика келесідей мәліметтермен берілген:

C=20+0.8 (Y-N+F) (тұтыну)

I=60 (инвестиция)

T=40 (салықтар)

F=10 (трансферттер)

G=30 (мемлекеттік шығын).

а) тепе-теңдік кіріс деңгейін есептеңдер;

б) мемлекет салық деңгейін 40-тан 50-ге дейін жоғарылатты (мемлекеттік шығындар G=30).

12. Төмендегі мәліметтерді пайдаланып тұтынуды, тұтынуға деген орташа бейімділікті, тұтынуға деген шекті бейімділікті, жинақтауға деген орташа бейімділікті, жинақтауға деген шекті бейімділікті анықтап, тұтыну мен жинақтаудың сызбаларын құрыңыз.

Өнд. көлемі мен табыс деңгейі, долл.

240

260

280

300

320

340

360

380

400

Жинақтау

-4

0

4

8

12

16

20

24

28

  1. Тест сұрақтарына жауап беру керек: