Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

1.Негізгі әдебиет

1. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. М.: МГУ

баспасы , 1998.

  1. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. — М.: МГУ

баспасы, 1997.

  1. В. М. Гальперин, П. И. Гребников, А.'И. Леусский, Л. С. Макроэкономика.

  2. Тарасевич. Макроэкономика. - Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов. -1997.-720 бет.

2. Қосымша әдебиет

1. Ален Р. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963 .

2. Баумоль У. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963

3. Гальперин ВМ. «Микроэкономика».- «Экономическая школа»,1994.

4. Интрилигатор М. «Математические методы оптимизадш и экономическая теория». - М.:«Прогресс», 1975 .

5. Макконел К., Брю С., «Экономикс». - М., 1992.

2 Тақырып. Макроэкономикалық өлшемдер

1. Жалпы ішкі өнім және оны есептеу тәсілдері

2. Жалпы ұлттық өнім. Атаулы жіне нақты айнымалылар

3. ЖҰӨ дефляторы және баға индексі

4. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік

Жалпы ішкі өнімді қосылган құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістер бойынша есептеу. Жалпы ұлттык өнім. Дефляторлар және баға индекстері. Ұлттық есеп жүйесінің басқа көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс.

Ұлттық экономия жұмысы БҰҰ –ның ұсынған агрегаттары арқылы жинақталған жұмыстарының нәтижесіде іске асып отыр.1988ж. Ресейде халықаралық есептеу жүйесіне көшті. Негізгі және жалпылама ұлттық байлық болады.Ұлттық байлық – дегеніміз қоғамның барлық тарихында жинақталған барлық тұтыну құнының жиынтығы.Бірінші рет ұлттық байлықты 1664ж. Англяда У. Петти есептеді. Жүз жыл кейін бұны А.Смит қайталады. Ұлттық байлық мыналарды қамтиды: Мүлікті (негізгі және айналымды қорларды, үй мүліктері), табиғи байлықтарды (жер, минералды және орман қорлары), заттай емес байлықты (ұлт денсаулығының потенциялдық оның рухани байлығын, білім беру және ғылыми потенциялды).

Бұны бірнеше анықтамалармен көрсетеді: Жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, таза ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім. Жалпы ұлттық өнім – бір жылда елімізде шығарылған барлық дайын тауарладың және көрсетілген қызметтердің нарықтық құнының қосындысымен анықтайды.Келесі көрсеткіш ұлттық табыс болады.

Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа құралған құнның өндірістік қорытындысы.

Ұлттық пайда – жалпы ұлттық өнімнен және жыл ішінде оларды шығаруға кеткен материялдар шығынды алын тастаған (амортизациялау шикі зат материялдар және т.б.) айырмашылықтан тұрады.

Шет мемлекеттердің есептеулерінде оның барлық пайданың қосындысы деп анықтайды:

  1. Жұмысшы қызметкерлердің еңбек ақысы.

  2. Жеке шаруашылықтың, серіктестіктердің копиративтердің корпорациялардың пайдасы.

  3. Үй шаруашылықтардың жерді, бөлмелерді, үйлерді арендаға беру арқылы пайда немесе рента.

  4. Ақшалай капиталынан алынған проценті (кредит, банктегі сақталынған ақшаның түсімдері).

Таза ұлттық өнім ол еңбек ақысының, пайданың, рента проценттің жанама салықтары болып есептеледі.Таза ұлттық өнім – ұлттық пайдамен жанама салықтың қосындысы. Олардың қосылатын себебі, ұлттық пайданы нарықтық бағамен анықтау үшін. Тағы бір көрсеткіш – Ж.Ұ.Ө.Шығындардың қосындысы – Ж.Ұ.Ө. – ң шамасы болады.Шығындар мыналардан құралады:

  1. Үй шаруашылығының тауар алуына қызмет көрсетуіне жұмсаған шығындар

  2. Құрал – жабдықтар, станоктар, үйлер, тұрғын үйлер т.б.

  3. Тауарларды өндіруге, қызмер көрсетуге мемлекеттің шығындары (мектептер, ауруханалар, э/энергия, жәрдем ақы, зейнет ақы,степендия және т.б.)

  4. таза экспорт (экспорт пен импорттың айырмасы)

Ұлттық өндіріс көлеміне тек елде шығарылғандардың шығы есептеледі, басқа елдің шығыны кірмейді.Табыстардан құралған Ж.Ұ.Ө. – ге кіретіндер еңбек ақы, рента, процент, пайда, жанама салықтар және амартизациялық жарна.Екірет есептеуден сақтану үшін Ж.Ұ.Ө -ге кірмейтіндер:

  1. аралық тауарлар: шикізаттар, отындар, қосымша материалдар.

Мысалы, Ж.Ұ.Ө. ге астық.ұн, ашытқының құны кірмейді. Себебі. Ең ақаырғы тауарлар тек наубайханадан шыққанда ғана алынады. Егер оларды бірден Ж.Ұ.Ө. ге қосып жіберсек, наның құны артық болып екі рет есептелініп кетер еді

  1. өндірілетін өнімдердің санын өсірмейтін келісім жасаушылардың табысы.

Бұларға:

  1. тррансферттік төлемдер (қамсыздандыру, жәрдем ақы, зейнет ақы, жұмыссыздық үшін алатын ақы)

  2. бағалы қағаз сату, саьып алу келісімі

  3. ұсталған заттарды сату, сатып алу.

Кестеде Ж.Ұ.Ө. –ді әдісінің шарты мысалы жәнеде басқа да көрсеткішрері қалыптастырылады.

Ж.Ұ.Ө. – ң номиналды және реалды сонымен бірге іс жүзіндегі және мүмкіндігінше өлшемдері болады.